Әлеуметтік желідегі ақпараттық соғыс
Қазір әлеуметтік желілер күннен күнге қоғамның пікірін анықтайтын үлкен күшке айналып келеді. Ал қоғамға белгілі бір ықпал ететін жерде міндетті түрде ақпараттық соғыс жүреді. Ол бұрын да болған. Газет беттерінде, телевидениеде т.б. бұқаралық ақпарат құралдары белгілі мәселе бойынша нақты саясат ұстанатыны мәлім. Ірілі-ұсақты төңкеріс кездерінде де алдымен телеграф, телевидениені басып алуға ұмтылу да ақпаратты бағындыруға деген талпыныстан шыққан. Қазір ол ақпараттық соғыс ақырындап ғаламтор желісіне ауысты.
Алдымен бұл соғыстың жауынгерлерін анықтап алайық. Олар:
1. «Генералдар» — ақпарат майданында стратегиялық жоспар құрып, шахматтық әдіспен күтпеген соққы жасауға тактикалық әдістерді ойлап тауып, пісіріп, жетілідіріп отыратын топ.
2. «Мерзімдік жауынгер» («солдат срочник») — ерікті, кейде еркінен тыс (қызметкер, қол астындағы адам, әріптес т.б.) ақпарттық соғысқа араласуға мәжбүр адам. Олар бастықтарының (таныстарының, әріптестерінің) алдында беті ашық болу үшін бірнеше жазба, пікір қалдыруы мүмкін, бірақ жекелеген түрде ақпарттық соғысқа көп әсер ете алмайды, пікір алмасып, дауласуға да құлықсыз. Бірақ олар көп екенін ескерсек біраз күш болып табылатыны даусыз.
3. «Жалдамалы жауынгер» («солдат наемник») — бұлар үлкен күш. Бірақ қымбат. Әдетте желіде танымал адамдар періште болып көрінгенімен әрқайсының өз бағасы бар екені ешкімге құпия емес. Бірақ азаматтық позициясын ақшаға айырбастай салатын жауынгерлер соғыстың ең қатігез қатысушылары екенін анық.
4. «Еріктілер» — өздері білмей ақпарттық соғыстың бел ортасында жүретін осылар. Белгілі бір оқиғаға қатысты өз пікірін жұртқа таңып, қарсы шыққанарды жақтырмай, дәйексіз, дәлелсіз, көзсіз шайқасатын олар соғыс өртін жая түсетін дауыл сияқты. Жайпап өтеді.
Әдетте ақпарттық соғыс генералдары еріктілерді өз қатарына қосып алуға күш салады. Қай жақтың әскерінде еріктілер көп, басымдық сол жаққа беріледі. Қарсы жақ конструктивті ойлары еріктілердің сансыз пікірілерінің арасынан естілмей қалады. Ал қарсы әскер ішінде басқаша бағыттағы пікір таратып, позициясының дұрыстығына күмән енгізе алсаң сенің әскерің еріктілермен толыға бастайды. Бұл екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Германиядағы керемет өмір жайлы самолеттен лақтыратын листовкалар сияқты әсер етеді. Адам күдіктенеді. Сарбаздар шебі толқиды. Ақпараттық соғыс күшейе түседі.
Ал қандай тактикалық әдістер бар? Қалай жеңіске жетуге болады? Келесі кеңестер ақпараттық соғыстың жалдамалы жауынгерлері болмаса қалғандары үшін қызық емес ау. Генералдар стратегиямен айналысады, мерзімдік пен ерікті жауынгерлерге тактика қажет емес, өтінішті орындап немесе өзінің эгосын қанағаттандырса қалғанын қысқа мерзімде ұмытып кете береді. Сонымен жалдамалы жауынгергерге арналған ақпараттық соғыстың тактикалық нұсқаулар:
1. «Күш пен шаманы бақылау». Соғыс жеке жауынгердің тәжірибесіне тікелей байланысты емес. Тіпті ашық алаңда Рэмбоға қарсы бір рота сарыауыз сарбаздарды шығарып қойсаң олардың орынды-орынсыз жаңбырша жауған оқтарынан Рэмбо басын көтере алмай қалады. Сондықтан ақпараттық соғыс алаңында өзіңді Рэмбо сезінбе. Ия, еріктілер тобыры саған қарағанда ақымақ болар, бірақ жауған оқ, қарша бораған пікір бәрібір саған бас көтертпейді. Сондықтан қалдырған жазбаның астындағы барлық пікірге жауап берме. Сараптама арқылы халықтың басты назары ауған, басқалары көбірек лайк басқан пікірді таңдап алып, соның астында пікірталас жүргізсең біріншіден сенің қарсыласың көзсіз тобыр емес бір ғана адам болады, екіншіден басқалар да өздеріне жауап берген сияқты жалған әсер алады. Және де жауап беруге асықпа. Пікірталас қызуы басылып бара жатқан кезде жауап берсең жазба қайтадан ортақ лентада көтеріліп, басқалардың назарына қайта-қайта ілігетін болады. Осы әдіс арқылы негізгі адекват қарсыластарыңды жеңе білсең соңында сөз түсінбейтін тым ақымақтар ғана қалады. Оларды өздерінің дөрекі, дәйексіз сөздерімен сені емес, жақтасып отырғаны үшін сенің қарсыласыңа қарсы жұмыс істейді.
2. "Қапылыстағы шабуыл". Баррикаданың арғы жағындағы қарсыластарыңды алдап әкеліп арнайы дайындалған қақпанға түсіру әдісі. Немесе олардың қай бағыттан қанша күшпен шабуыл жасайтынын дөп болжай білу. Бұл әдісті пайдалану үшін алдын-ала құрылған жоспар бойынша шабуылды сен бастайсың. Еріктілер армиясына ақпараттық жемтік тастайсың. Сосын тек алдыға ұмтылған көзсіз батырларды ақырындап отырып түбіне істік қадап қойған апанға әкеліп аунатып жібересің. Осы арқылы олардың қандай ақымақ екенін көрсетіп еріктілердің бір тобын өз жағыңа тартып аласың да, қарсы жақтың жалдамалы әскерлері әлем еститін шу көтеріп жатқанда келесі әдіске көшіп кете қоясың. Бұл тактикалық әдіс біздегі «ойбайшыл сайттармен» күрес кезінде өте жемісті, себебі «ақымақ адамның ең қауіпті жауы-өзі мен сөзі».
3. Сонымен ақпараттық соғыс кезіндегі тағы бір әдіс "қара тізім". "Қара тізім" әдісі сенің әскерің аз кезде өте тиімді. Жәңгір сұлтан сияқты 600 сарбазбен жоңғардың 10 мың қолына қарсы тұру керек болған кезде қолданылады. Бұл кезде пікір жазу құқығын алып тастайсың немесе пікірлерді тазалайтын модератор болуы керек. Себебі маңыздысы пікір емес, маңыздысы сенің көзқарасыңды қолдайтын жазбалардың жиілігі. Тіпті өте жиі болып лентаны толтырып тастауы керек. Қарсы жауынгергерлер өз жазбасының астындағы пікірлерге жауап беріп, сенің еріктілеріңмен әуре болып жатқанда желі лентасын басып аласың. Бірақ бұл қысқасмерзімдік әдіс. Ұзақ уақыт пайдалансаң пікір жазу құқығынан айыру немесе тез позитив пікір қалдыру ерікті сарбаздардың ашу ызасын тудырады. Оларға да эгосын қанағаттандыратын пікірталас керек екенін ұмытпау керек.
Қорыта келгенде. Әлеуметтік желідегі «айтып сөз, ұрып таяқ өтпейтін» пайдаланушылар, яғни еріктілер армиясының басым бөлігінің интеллект көрсеткіші төмен, бірақ белсенділігі өте жоғары болады. Егер жазбаңа келіп "өткір сын, жедел ұсыныс" айтып отыратындардың жеке парақшасына кіріп қарасаң өз жазбалары өте аз, көп жағдайда мүлдем жоқ екенін байқайсың. Тек перепост. Есесіне пікір саны мыңдап, миллиондап саналады. Оларды жазбаңды үнемі лентада ұстап тұру үшін пайдалануға болады, бірақ соғыстың компромисс кезінде амал жоқ "қара тізімге" жібересің, себебі еріктілер бар жерде адекватты келісім шарт болуы мүмкін емес. Әрине, олар барлық жерде "Қалай мені бандап тастады?!", «Кім ол соншама?!» деп аттандауы мүмкін, бірақ уақыт өте келе барлығы ұмытылады, ал сәл уақыт өткен соң "қара тізімнен" шығарсаң олардың өздері барлық өкпесін ұмытып кетеді де, сенің артыңнан басқа баррикадаға барып қолына қару алуға дайын тұрады.
Іске сәт!
Жеңісті күндерде жолыққанша ©

1 пікір