Тарақанмен төбелес

Кеше түнде ауылдан Алматыға келдім. Екі аптаға созылған демалысым аяқталып, әдеттегідей «Атырау-Алматы» бағытындағы поездға міндім. Бұл поезд «Ақжайық» деп те аталады. 2007 жылдан бері қолданыста жүрген "қытайский" поездар бұрын жақсы сияқты еді, қазір шаршап қалыпты. Жолсерік мен отырған екі жарым күнде вагонды бір де бір рет тазалаған жоқ. Дәретханаға кірудің өзі қорқынышты. Бірақ, мұның бәрі тарақканмен салыстырғанда түк те емес. Ес білгелі поезға отырдым, алайда поездан тарақан көрмеген көзімде кінә жоқ. Вагонда тарақан қаптап жүр!!! Түнге қарай тамақ ішетін столдың маңын торуылдаған тарақандардан қорқып,ұйықтамай, тамақ ішпей, қақшиып келген жайым бар. Жолсерікке айтсам, Атырауда вахтада істейтін жігіттердің сөмкесінен түскен деп ақталады. Сонда да, тазалау керек қой… Жүрегім айныды…
Әрі қарай

Кездесейік қәне, достар!!!!

«Мыңбаланы» күтіп үзіліп кететін жағдайымыз бар, ол фильм ақпан айының соңында шығады деген қанқу сөздер бар. тақ шо Астаналық керекшілер, осы аптаның соңында бас қосып, Жаңа және Ескі жаңа жылды қарсы алайық. Ақылдасайық қай жерге баратынымызды…
Әрі қарай

Аперис адам

Ол кезде ойын баласымыз. Ауылдың жайпақ (шатырсыз) үйінде тұрамыз.Шатырлы үйлерге қызығатынмын.Себебі, олардың шатырында кептер (көгаршындар) бар. Көгаршындардың уілдегені қызық еді. Сабаққа бармаған кезім.Мүмкін «Нөлебайға» барған шығармын қырсам. Шамасы жазғы каникулға келген болуы керек көршіміз Мәдина апаның (ауылдың бәрі мәдинаапа деп атап кеткен) үйіне біздерден екі-үш жас үлкендігі бар бала келді. Мәдина апа күніге бір рет келіп біздің үйден шай ішіп кететін.Қонақ бала апасымен еріп келді. Көзі жылт-жылт етіп тұратын қара бала екен.Есімі -Нурик. Жезқазғаннан келіпті. Қаланың баласы ғой ақыры, лып-лып етіп тұр. Білмейтіні жоқ. Екеуміз аз күнде достасып алдық. Ойынның түр-түрін ойнаймыз.Мендегі неше жыл сынбай келе жатқан ойыншықтарды сындырдық.
Әрі қарай

Өртпен төбелес. Жолболды (Арманжанның жазбаларынан)

Түскі обед кезі болатын. Анамның дайындап қойған мантысының екеуін жіберіп, үшіншісін шанышқымен шанши бергенде көршіміздің сегіз жасар ұлы Санжар ентігіп кіріп келді. Өрт! Өрт! дейді. Біздің үй өртеніп жатыр! Қолымда шанышқы, ұшында манты, екеуімізде сыртқа ата жөнелдік. Санжардың төрт жарым жасар інісі Нұрісләм үй ішінде қалып қойды ма деген ой бірден тепті басқа.
Әрі қарай

Қазақ футболының жаңа бұрылысы

Чемпионатқа қатысатын командалардың саны 14-ке артты. Сонымен бірге, біріншілік бұрынғы формуласына қайта оралып, тек екі айналыммен бітетін болды. Федерацияның атқарушы комитетінің шешімі бойынша, Премьер-лига командаларындағы легионерлер саны бестен жетіге арттырылды. Және олардың бесеуін матч протоколына қосуға рұхсат.
Әрі қарай

Сайттан келетін ескертпелер туралы


Сайттан қолданушыларға неше түрлі ескертпе хаттар келеді. Мысалы тақырыбыңызға жазылған пікірлер туралы, пікіріңізге жазылған жауап пікір туралы, жаңа жеке хабарлама келсе немесе сіз қосылған қауымдастықта жаңа тақырып ашылса.

Біраз адамдар осы ескертпе хаттарға жауап жазады екен. Жазбаңдар  Ол жауаптар сайтқа шықпайды.
Әрі қарай