"Мың бала" фильмінің үзіндісі жарияланды


Ақан Сатаевтың "Мың бала" тарихи фильмінің үзіндісін «Меломан» мультимедиялық порталы жария етті. 8 минуттық роликте Шарын шатқалындағы бір көріністің куәсі боламыз.

Естеріңізге сала кетелік, фильм Жоңғар шапқыншылығына қарсы Отанын қорғауға бел буған қазақ бозбалаларының ерлігін бейнелейді. Сюжет желісі бойынша, басты кейіпкер — Сартай, өзінің тым жас болғанына қарамастан, ержүректілігі мен қайсарлығының арқасында мыңдаған қатарластарынан әскерді жасақтайды. Өз жақындарынан айырылып, алғашқы махаббаттың лүпілі мен шынайы достықтың сырын ашып үлгерген Сартайдың жан-жүрегі оттай лаулап, жанып тұрған шақта өз елінің һас батыры атанады.

«Мың бала»-ның премьерасы биылғы 16-шы желтоқсанға жоспарланған.

Фильмнің үзіндісі:


ПыСы: Ютуб видеоны жүктегеннен кейін дыбысты өшіріп тастады. Фильмнің дыбысталуы авторлық құқыққа қатысты заңмен қорғалады екен. Сондықтан бұл әрекетімді заңсыз деп тапты.
Бөлісу:

15 пікір

janarbek
Қазақтың тарихын 1 кітап 1 киноға сыйдыра алмайсың осылай тариқты жан жақты там дұмдап жарыққа шығара берген жақсы.
Енді көруге асығамызда))
asaubota
17-сі күні Астанада бірге барайық?
Aldeken
қолдаймын!
asaubota
Әулие patick те сол күні еңселі Елордамызды зиярат етпекші. Мұндай ғазиз жанды зайыбымен бірге Ханшатыр немесе Керуенге алып кетіп, бірге қарамауымызға не кедергі болуы мүмкін Алдан құрдас?
Aldeken
Кедергі боларлық ештеңе көріп тұрғаным жоқ, Аршат құрдас! Қалған керекшілер не дер екен?
Marco
Бүгіннен бастап керекші болып жатырмын! Мені де ұмытпаңдар!
asaubota
қош келдің!

осы киноға бәріміз жиналып бірге барсақ күшті болар еді. сосын шыққасын бір сыралатып, киноны талдап дегендей.
Aldeken
коласы арзандау жер болсын баратын жеріміз…
Marco
мен де осыны меңзеп отырмын ғой)
Marco
Мынау, Аршатқа берілген жауап болатын…
Aldeken
Ұмытпаймыз ғо, киноға соңғы рет қашан барып едің?
Marco
Жампозым жетектеп «Сумеркиге» алып барган… Значить, көп бола қойған жоқ)
zhandarm
басты кейіпкерді сомдаған Төлепов Асылхан (Сартай)Қараой жерінің тумасы.Ақтөбе обл. Ойыл ауд.
asaubota
өткенде естіп едім. бірақ біздің ауыл жақтың (Сарбие) жиені деп.