Мәжіліс депутатының өтемақысы 600 мың


Санайғақ: “Мәжіліс тарады. 119 депутат жұмыссыздар қатарын толықтырды. Экс-депутаттар ай сайын үш ай бойы жұмыссыз ретінде мемлекеттен 600 мың теңге өтемақы алып отырады. 3 айда 119 депутатқа бюджеттен 214 млн. 200 мың теңге жұмсалады екен”,

— деп аймандай қып жазып қойыпты “Абай.кз” сайтының маңдайшасына.

Бұны көргендер “Білә, бұл ақшаны мен пәлен ай істеп жүріп әрең алсам, бұлар бір-ақ айда алады екен ғой. Өтемақысының өзі 600 мың. Бәсе, жұрттың неге депутат болғысы келеді десем ақшасы көп екен…” деп неше түрлі негатив ойларға кетуі мүмкін. Кетіп жатқан да шығар уже. Бұл бұл ма, оларға пәлен айлықтың үстіне қосымша қызметтік пәтер, көлік беріледі. Олар осы ақша мен баспанаға лайық елдіктің бүгінін де, ертеңін де көркейтіп жіберетін әділ заңдар шығарып, қазақтың мұң-мұқтажын қорғап, ләкин халқын шырылдатпайтын әділ заңдар шығара алды ма? “Судың да сұрауы бар” демекші, кейде осыншама қыруар қаржының қайда не мақсатта жұмсалғанын Құдай о дүниеде депутаттардың бәрін алдына тізіп қойып сұраса не дер екен? “Мен ана “Тіл туралы” заңға өзгеріс енгізуге атсалысу үшін микрофоннан бір рет сөйледім, мынанша депутаттық сауал жолдадым демекші ме? Я сайлаушыларыммен кездесіп, қап-қап уәде беріп келдім, арыз-тілек, талаптарыңды жоғары жаққа қалайда жеткізем деп айттым” демек пе? Болмаса тірісінде жасаған сауапты істерін санамалаумен әбігерге түсер ме екен? Жә, қойшы, депутат осы дүниедегі қылған ісіне құдай алдында өзі жауап береді ғой, оған сіз бен біздің не басымызды ауыртқанымыз бар?

Біз ше? Уа, жамағат тұрғындар, біз не дейміз құдекеңе? Біздің де айлығымыз 600 мың болса не істер едік? Шүкіршілік етіп күн көрер алар ма екенбіз, жоқ көп ақшаның буымен есіріп кетер ме екенбіз? Жоқ әлде “бұл сұрақты қойып басты қатырма, халықтың айлығы ешуақытта 600 мыңға жетпейді, армандамай-ақ та қой. Одан да тып-тыныш өміріңді сүре берсейші” дегіңіз кеп, монитордың ар шетінде маған жыныңыз кеп тұр ма?

Жарайды, нервіңізге тимей-ақ қояйын, онсыз да позитившіл пенде болуға бәріміз ұмтылып жүр емеспіз бе? Лайым солай болсын.

24.11. 2011 жыл. Сағат:14:55
Әрі қарай

Орташа есеппен ұры журналисттер

Қазақы ұры журналист дегеніміз Интернет-ресурстардағы тұщымды деген контентті жымқырып, оның авторы мен құқықтық ережелеріне пысқырмастан газеттерінде (кейде "Қазақстан" арнасында) жариялайтын, сүтқоректілер класына жататын саналы тіршілік иелері. Ондай ұры журналистермен айтысып-тартысып жүріп, төмендегіше сипаттамаларды беріп отырмын. Сонымен, орташа есеппен ұры журналистер қандай?
  • олардың басым бөлігі Шымкенттің тұрғындары;
  • газеттері екінші немесе үшінші сортты газеттер тобына жатады;
  • газет шығаруды табысы көп болмаса да күнкөріс құралы етіп алған;
  • Интернет сайттарды материал ұрлау нысанына айналдырып алған;
  • Интернеттен ұрлауға тұратын нәрсенің бәрін ұрлайды: мақала, әзіл, сурет, өсек,
Әрі қарай

Телефоныңызды көтергенде не дейсіз?

Очм, телефонымызға жауап бергенде не деп айтады екенбіз? Мен мысалы, "әлеу" деп қазақы тонмен айтады екенмін. Оны жақында бір досым айтып мазақтағасын бір ақ сездім. Кей кездері "Алло" деп те айтатын секілдімін. Мүмкін, басқаша айтатындар да бар шығар, жаза отырыңыздар.
Әрі қарай

Мессидің "Барса" үшін ойнағанына сегіз жыл

2003 жылғы 16 қарашада, демек, бұдан тура сегіз жыл бүрын Франк Райкаард алаңға жаңа ойыншыны шығарады. Қарсылас — атақты Жозе Моуриньоның «Порту» командасы.

Екінші таймда алаңға шыққан 14 нөмірлі (айтпақшы, бұл Йохан Кройффтың нөмірі ғой, ә?) жап-жас кішкене бойлы жігіт бірнеше жылдан кейін клуб легендасына айналады. Барсаның «визитная карточкасы» деп айтуға келе ме екен?



Әрі қарай

"Cи, Сый пишется через И?"

Уа, ізгі ниеті дағуатшы кришнаит жама'ат, мына орфография не болды өзі? Очм, ертеректе Дәруішөлген Қазақстанның боданы болған уақыттарда үш кластық білім алып қалған едік, енесстің. Содан есімде қалғаны — «сидыру»,«сиғызу» деген сөздерді «И» арқылы жазушы едік.Осы күні бір
Әрі қарай

11.11.11 11:11


Бүгін қасиетті үш он бірдің күні: он бірінші жылдың он бірінші айы және он бірінші күні. Бүгін сағат таңғы он бірден он бір минут өткенде тілеген тілектеріңізді аспан әміршілері құп көреді. Ұрымтал сәтті жіберіп алмаңыз! Енді келесі үш он бір мың жылдан кейін ғана қайталанады…
Әрі қарай

Ыңғайлы нәрсе екен өзі...

YB-642 екі USB порты мобильдік қондырғыларды қуаттауға арналған. Әртүрлі қуаттағыштардан осы бір кішкене ғана өзі ыңғайлы құралда сыйымдылық жағы жақсы ойластырылған екен. Lithium-polymer аккумуляторы өзінің 11200 мАс сыйымдылығымен қолданушысына үздіксіз телефонды қолдануға, мәтін теруге және ойнауға мүмкіндік береді.
Әрі қарай