Орташа есеппен ұры журналисттер
Қазақы ұры журналист дегеніміз Интернет-ресурстардағы тұщымды деген контентті жымқырып, оның авторы мен құқықтық ережелеріне пысқырмастан газеттерінде (кейде "Қазақстан" арнасында) жариялайтын, сүтқоректілер класына жататын саналы тіршілік иелері. Ондай ұры журналистермен айтысып-тартысып жүріп, төмендегіше сипаттамаларды беріп отырмын. Сонымен, орташа есеппен ұры журналистер қандай?
Аршаттың қазақ журналистеріне берген сипаттамасынан кейін ұры журналистер туралы жазбасам, олар маған ренжіп қалар деп, клавиатура тербедім :)
- олардың басым бөлігі Шымкенттің тұрғындары;
- газеттері екінші немесе үшінші сортты газеттер тобына жатады;
- газет шығаруды табысы көп болмаса да күнкөріс құралы етіп алған;
- Интернет сайттарды материал ұрлау нысанына айналдырып алған;
- Интернеттен ұрлауға тұратын нәрсенің бәрін ұрлайды: мақала, әзіл, сурет, өсек, жаңалық..
- кей оқырмандарынан «Сіздер керемет мақала жазасыздар!» деген комплимент естиді. Әрине, егер қазақ блогшылары мен Интернет белсенділерінің жазған үздік мақалаларын ұрлап жазса, жақсы болмағанда жаман мақала шығара ма?!
- ұрлықтарын әшкерелесең, кешірім сұрайды. Бірақ ұрлықтарын тоқтатпайды. БҰЛ ДӘЛЕЛДЕНГЕН! Басқа бір блогшының жазбасын ұрлап, газеттерін шығара береді;
- бір редакцияда бірнеше ұрлықы немесе сапасыз газеттер шығарылады;
- беделі бар БАҚта істейтін ұры журналистердің ұрлықтарын әшкерелесең, өзіңе қарай: «Не болды сонша? Қайта сенің мақалаңды халыққа жеткізгеніміз үшін рақмет айтпайсың ба?!» деген мағынадағы дөрекі жауап қайтарады;
- ұры журналистердің көбісінің айлықтары 50 мың теңгеден аспайды. Одан асуы мүмкін емес. Өйткені, басымен жұмыс істейтін журналистердің еңбектері ондай аз ақшамен бағаланбайды;
Аршаттың қазақ журналистеріне берген сипаттамасынан кейін ұры журналистер туралы жазбасам, олар маған ренжіп қалар деп, клавиатура тербедім :)
«Тәрбиесіз берілген білім адамзатқа қауіпті» деп Әл-Фараби ескеркенмен.
— Қазақша жазбалар бар болса ұрлайды жоқ болса қайдан ұрлайды
Ұрдай берсінші… Енді қайтіп жан сақтайды)))