Мопассан

Жаңа твиттерде Марат Шакен Мопассанды оқыдым деп жазыпты. Есіме түсіп кетті.

Мопассан Эйфель мұнарасын жек көреді екен. Бірақ, сөйте тұра, өзі көп уақытын сол мұнараның үстінде өткізетін көрінеді. «Неге?» деп сұрағандарға, «Бүкіл Парижде эйфель мұнарасы көрінбейтін жалғыз орын осы» деп жауап береді екен.
Жалпы, Мопассанды «Мың бір түн» қатарында, эротикалық әдебиет деп санап, для взрослых кітаптар санатына қосатын. Бірақ, қанша шығармасын оқыдым, ешқандай әбестігі жоқ. «ағытшы бешпетіңнің түймелерін» дегеннен аспайды. Алайда, адамдар арасындағы қым қиғаш қатынастарды суреттеуде одан асқан шебер жоқ шығар деп ойлайтынмын.
Мопассан романнан көрі, новелла шебері дер едім. Новелла — менің сүйікті жанрым. Соңғы сөйлеммен осыған дейінгі қанша беттегі оқиғаның бәрін бірақ сызып жоқ қыла салу тек мықты новеллистердің қолынан келеді. Ол жағынан Мопассанның қатарына ОГенриді ғана қоюға болады.
Мопассанның новеллаларның ішінде «Ожерелье» дегені қатты ұнайды өзіме. Адам тіршілігінің боққоңыздық сипатын суреттеу үшін одан артық сюжет табыла қоймас, сірә.
bk
Бөлісу:

11 пікір

e_zhalgas
мопассанның өз заманында эротикалық саналған болуы керек, қазіргі биіктен олай айтуға болмас :)
VKM
«Милый друг» жақсы)
meirzhan
«Милый друг, не скучай» деген бе? иә, маған да ұнайды
Altygradus
Ожерельесі есімде жоқ, Милый другын оқығам. О Генри менің сүйікті жазушыларымнан, Таккер супер, ағылшынша жинағын алғам жақында, уақытым болғанда оқып қоямын, хотя қазір кітап деген дүниеден шығып кеткем:))
aktobe88
Айтпаңызззз, дәл соңына келгенде ішіңді ашытады. «Ожерельесінде».
ken
Мопассанның новеллаларның ішінде «Ожерелье» дегені қатты ұнайды өзіме
Пышка ше?
dark_nazgul
«Пышка» есімде жоқ…
әпкесінің күйеу жігітін қызғаныштан өлтіріп қоятын әйел туралы бар тағы… сондай аянышты…
patick
Мопассан төсек гиганты болды деп еді әлгі жері қарақты адамдар. Аңыз бойынша, бір түнде алты келіншектің құмарын қандырып, түк болмағандай кете беретін көрінеді таңертең.
VKM
Пышка-патриоттық сезім туралы)))
Gastarbaiter
Адам тіршілігінің боққоңыздық сипатын суреттеу үшін одан артық сюжет табыла қоймас, сірә.

Айтпа нақ. Гиекең боққоңыздықпен қатар новеллаларында болмашы бір дүниенің адамды бақытты қылып, болмашы дүниеге тағдырына балта шабылатынын, әсіресе әлеуметтік жағынан әлсіз таптар өмірінің сондай дүниелерге морт сынатынын керемет әспеттеген.