Өртпен төбелес. Жолболды (Арманжанның жазбаларынан)

Түскі обед кезі болатын. Анамның дайындап қойған мантысының екеуін жіберіп, үшіншісін шанышқымен шанши бергенде көршіміздің сегіз жасар ұлы Санжар ентігіп кіріп келді. Өрт! Өрт! дейді. Біздің үй өртеніп жатыр! Қолымда шанышқы, ұшында манты, екеуімізде сыртқа ата жөнелдік. Санжардың төрт жарым жасар інісі Нұрісләм үй ішінде қалып қойды ма деген ой бірден тепті басқа. Келсек ол аман-есен, аулада еңірегенде етегі жасқа толып тұр. Ал веранданың есігі лапылдап жанып жатыр, күрекпен бірнеше мәрте қар лақтырып едім, нәтиже болмады, бәрібір одан басқа амал жоқтай тырбаңдап жатырмын, бұл кезде көршілер де келіп қапты, біреуі өрт сөндірушілерді шақыруға жүгірді, тағы бір айғайлав атыр мына жақта, ең негізгісі балар аман екен шүкір-шүкір деп. (өрттің шығу себебін кейін білдік, ата-аналары жаңа жылға деп алып қойған от шашулардың бір-екеуін шыдамдары жетпеген ағалы-інілі екеуі байқап көрмекші болып атқан ғой, Санжардың сөзіне сенсек інісі қауіпсіздік ережесін дұрыс сақтамаған)))))), ) Ал Нұрісләмнің бақырған дауысы одан сайын үдеп барад, байқасақ веранданың ішінде туғанына бір апта ғана болған асырап отырған күшігі бар екен. Көрші апай тағы айғайлады, терезеден кіріп көрші, есік ғана жанып жатыр ғой мүмкін алып шығарсың деп. Жатын бөлменің терезесін сындыруға тура келді, ішке өтіп верандаға шығар есіктен ақырын басымды қылтитсам, о құдайым-ау, сырттан баланың бақырған дауысы ғана естілед, ал іште ештене болмағандай тып-тыныш, коробканың ішінде ұйықтап жатқан күшікті алып кері шықтым. Сонымен өрт сөндірушілер де жетіп отты ауыздықтап тастады. Бәріміз де есімізді жиып қуанып жатырмыз. Нұрекең күшігін құшақтап, аймалап өзімен-өзі мәз. Күшігіңнің аты қалай десем, иығын қиқаң еткізді. Давай онда бүгін сенің күшігіңнің жолы болып аман қалды ғой, атын Жолболды қояйық дедім, ол түсінді ма, түсінбеді ма білеймін, әйтеуір басын изей салды.
Бөлісу:

14 пікір

madlen
Прям киносюжет
Armanjan
можыт қысқа метражды бірдене түсіріп жібереміз а
VKM
маладес!
Armanjan
негізінде айтып жатады ғой, «адамның басы, Алланың добы» деп, сол добымыз бір күні домалап қалған кезде, неше түрлі куәгерлер келіп куәлік жасайды-мыс. Сонда осы Жолболды қасымнан табылып, поддержка беріп жібереме деген есек дәме де жоқ емес.
Abilakim
Шығынсыз болғаны жақсы болған екен. Итке ат қою демекші бір кластасымның үйінде аты жоқ ит бартын.Әлгі үйдің балаларының аттары Жантас, Байтас, Нұртас еді.Иттеріне Иттас деп ат қойып кетіп ем
Gulistan
Мадлен — Арманжанның агенті?
Erke
бұ бала тек комет жазама дим
Maya
Әбеке, атқойғыш екенсіңғой
MickThatsMyNick
суреттегі күшік күштяқ…
satibaldi
Түскі обед кезі болатын.
Таңғы обедке тоймайтын ашқарақтар ойлап тапқан рәсім болса керек…
balzaminka
Алла сақтаған екен

Біздің үйде де өрт болған еді. Таңертеңгілік шайды қоюға газды қосқанда баллон жанған. Тұруға ерініп, Антошкаммен ойнап жатқам, ол кезде бірге де толмаған еді. Сестрамның жан дауысы шықты. Залдан ағам, спальніден мен жүгіріп шықтық не болды деп. Ана жанып жатқан баллонды көргенде, біткен жеріміз осы екен деп, аяқ-қолым қалтырап кеткен еді. Сол кезде өрт сөндірушілерге звондайм деп милицияға звондап, олар еш саспай, «в 01 звони, дура!» деп трубканы қоя салған. Сестрамнын кірпік-қастары күйіп кеткен. Баллонды подъезге сүйреп әуреміз, көршілер шығармаңдар деп ұрсып, әйтеуір пожарныйлар келіп үлгерді. Енді шамалы болғанда, баллон атылар еді деп одан сайын қорқытып. Пресса жетіп келіп, у-шу болдық солай. Жүрегімізді енді басып жатқанда мама келді, жағдайды көрді де талып қалды. Құран оқытып аман қалғанымызға…