Қазақша газет-журналдар неге дамымайды?

Қазақша қағаз БАҚ-та Қазақ Интернеті неге дамымайды? деген жауыр тақырып бар. Бұл қақырықты тақырыпты анау-мынау газеттер жаза алмайды, көзі ашық журналистері бар газеттер жазады. Өзіңіз ойлаңыз, Интернеттен мақала ұрлап, газетінде жариялап жатқан ұсақ-түйек газеттер үшін Қазақ Интернетінен асқан дамыған Интернет бар ма?

Енді Қазақ Интернетінде жүргендер Көптеген* қазақша газет-журналдар неге дамымайды? деген сауалға жауап беріп көрсе. Мен былай жауап беремін:
Әрі қарай

Жалған қайыршы

Жұмыстан қайтып бара жатқан жолда қаладағы көп бағдаршамдардың бірінде тоқтап күтіп тұрғам. Алдымыздан мүгедек арбасына мінген бір адам өтіп барады. Ол жолдың шетіне жеткенде жасыл түс жанды.
Әрі қарай

Джоркаефф

1998 жылы 12-шілдеде Франция құрамасы футболдан чемпион болды. Бұл жеңіске Франция жанкүйерлерімен қатар Армения жанкүйерлері де қатты қуанған болатын. Себебі, Франция ұлттық құрамасында тегі Армениялық — Юрий Джоркаефф пен Ален Погосян бар болатын.

Футбол, тек қана футбол!: Джоркаефф
Әрі қарай

Құс тұмауының алдын алу

Соңғы кезде бұрын тек адамдарға тән деп жүрген тұмауымыздың түрі көбейіп кетті.«Шошқа тұмауы», "Құс тұмауы" деп тізе беруімізге болады. Осы ретте еліміздегі үш ірі құс фабрикасының бірі «Тауық қазына» құс фабрикасының жәй-күйімен таныстыра кетуді жөн санап отырмыз.

"Құстарымызды күніне бір рет тексерістен өткіземіз десем асылық болар, дегенмен аптасына бір рет медициналық тексерістен өткізіп тұрамыз.Әзірге бұл тұмауды жұқтырған құсымыз жоқ. егер, құстар адам секілді болғанда біз оларға тұмылдырық кигізсекте бірдеңе қылар едік, амал не, оны істей алмаймыз.Біздің құстарға келетін басты қауіп жабайы құстардан.Былай-былай ұшып бара жатқан жабайы құстар қонбасын деп біз айналамыздағы ағаштардың бұтағын кесіп тастадық" дейді құс фабрикасының директорының орынбасары Боник Қоразбаев

Суреттің алынған жері
Әрі қарай

Жаңалықтар - Мазари Шариф қаласында 22 жасар Сара Гүл дүниеге 6 бала әкелді!

2012 жылдың 25 қаңтары, Ауғанстан.Ру хабарлайды.


(Сурет копирайты: Photographer: Alejandro Acosta Copyright/Source: AFP/Getty Images. An Afghan woman has given birth to sextuplets. Publish Date: Tue, 2012-01-24 12:57)

Осы аптада Ауғанстанның Балқы аймағының әкімшілік орталығы Мазари Шариф қаласының госпиталінде 22 жасар Сара Гүл есімді келіншек үш ұл, үш қыз дүниеге әкелді («алтам»???). Бұл оның үстіне — алғашқы босануы екен.
Балалардың халі бірқалыпты, бірақ салмақ қалыпты деуден аз, әрқайсысы орташа есеппен — 700
Әрі қарай

Лифчикті сиыр

Биылғы қатты аяздардың беті қайтатын түрі жоқ. «Түкірсең түкірігің жерге түспейтін аяз» деген осы шығар.Бұл аяздар тек бізде ғана емес Якутскіде де жалғасуда десем күлкілі болып кетер.Себебі, біздегі -30-35 градус(Целсия) оларға қауіпті емес. Бірақта, биылғы аяздар ол жақта -47, тіпті кей жерлерінде -55 ке дейін барыпты деседі.Жылы үйде отырып алып,«малға обал болатын болды» деп етті шетінен жеп отыра беретін қазекемдер бұндай аяздарда не істейтінін білмеймін.
Әрі қарай

Ей, маңғаздар, ұсынысым бар!

Маңғаз деген не? деп отырсыз ба? Маңғаз деген ИшАК-тың тілінде тұлға деген мағынаны беретін сөз. Сөз құрып қалғандай, солай жазыпты.

Сайттың админі әрі маңғаз Аршат Оразов айтқан қазақтілді Интернеттің жеке сыйлығын ұйымдастыруға қатысты бірнеше ұсынысым бар еді. Олар:

1) Сыйлықтың/бәйгенің ұсақ-түйегіне дейін сипаттамасы жасалса (ережесі, мерзімі, сыйлық түрі);

2) Әсіре оптимизм мен фантастикадан алшақ болса (былтырғы «Бәйге» сияқты быт-шыт болып кетпеуі үшін);
Әрі қарай