Жалған қайыршы

Жұмыстан қайтып бара жатқан жолда қаладағы көп бағдаршамдардың бірінде тоқтап күтіп тұрғам. Алдымыздан мүгедек арбасына мінген бір адам өтіп барады. Ол жолдың шетіне жеткенде жасыл түс жанды. Енді қозғала бергенімде арбасының алдыңғы доңғалағы бір нәрсені қағып кетті ма, артқа қарай шегініп кетті да көліктің алдына шалқасынан құлады. Кілт тоқтай қалып, атып шықтым. Қатты сасқаным сондай иесінен бұрын арбасына жүгіріппін. Ештеңе етпейді әуре болма дегеніне қоймай қолтығынан демеп көлігіме отырғызып, арбасын жүк салғышқа салып алдым. Баратын жері бір-ақ аялдама екен. Енді қоштасар сәтте ол, бауыреееееем мен де аман, сен де аман, осыны жуып жібермейміз ба дейд. Бұл кісіні базар маңынан қайыр сұрап отқанын бір-екі рет байқағаным бар еді. Бір чекушкі мен тіске басарын алып бердім де қош айтыстым.
… Арада бір аптадай уақыт өткесін жергілікті бір газетті қолыма алсам менің “қайыршы досымның” суреті баттиып бірінші бетте тұр. Ол туралы көлемді мақала жазылыпты. Құқық қорғаушылардың қолына түсіпті. Сөйтсем ол қол-аяғы сау, ақыл-есі дұрыс екен. Нағыз алаяқтың өзі боп шықты. Көкшетау қаласында қылмыс жасап жауапкершіліктен қашқан ол біздің қалада мүгедек қайыршы боп күн көріп жүріпті. Алғашында балдақпен қайыр сұрап отқан оны біреулер аяп, арба әкеп беріпті. Сөйтіп арбаға мінген сабазың күндіз қайыр сұрап, кешке кафеде отырады екен. Тіпті базарда самса сататын келіншек оны аяп күнде тегін тамақтандыратын көрінеді.
Бөлісу:

2 пікір

Armanjan
Былтыр Павлодарда сақшылар кісі өлтіріп іздеуде жүрген адамды ұстаған. ол сонда БОМЖ боп күн көріп жүріпті. қалтасынан тапанша шыққан еще.
Abilakim
көп қой ондайлар.Негізі мен қайыр -садақаны осындай адамдарға беретінмін басында.Кейін сол ақшаға ішіп отыратындардын көрдім де бермей кеттім.коляскада отыратын бір бала бартын.Әкесі дворник бір магазинде.Баласының алдына қорап қойып қоятын.Сол балаға беретінмін.Кейіндері көрінбей кетті.Қайтыс болды ма кім білсін.Менің іштей қынжылатыным, жаңағы баласының алдына қорап қойып қоюға әкесінің қалай дәті барды екен?