Лифчикті сиыр
Биылғы қатты аяздардың беті қайтатын түрі жоқ. «Түкірсең түкірігің жерге түспейтін аяз» деген осы шығар.Бұл аяздар тек бізде ғана емес Якутскіде де жалғасуда десем күлкілі болып кетер.Себебі, біздегі -30-35 градус(Целсия) оларға қауіпті емес. Бірақта, биылғы аяздар ол жақта -47, тіпті кей жерлерінде -55 ке дейін барыпты деседі.Жылы үйде отырып алып,«малға обал болатын болды» деп етті шетінен жеп отыра беретін қазекемдер бұндай аяздарда не істейтінін білмеймін. Дегенмен якутиялық тұрғындар бұл мәселеге бей-жай қарамапты.
Сиырлардың желініне арнап, үшбұрыштап кесілген матадан(ішкі жағы қоян терісімен қапталған)төстартқыштар әзірлеген екен. Төстартқыштың адамдардікінен бір ерекшелігі (елестетуді оңайлату үшін айтып жатырмын) арқаға байланатын жіптің екі ұшымен қатар, аттың құйысқаны тәрізді сиырдың құйрық тұсына, яғни құйымшағына киілетін бір бауы болында. Жаңалық па, ескілік пе білмеймін.күннің суық екені рас қой, енді.Ақпарат мына жақтан алынды.

10 пікір