Джоркаефф
1998 жылы 12-шілдеде Франция құрамасы футболдан чемпион болды. Бұл жеңіске Франция жанкүйерлерімен қатар Армения жанкүйерлері де қатты қуанған болатын. Себебі, Франция ұлттық құрамасында тегі Армениялық — Юрий Джоркаефф пен Ален Погосян бар болатын.
Юрий Джоркаефф France football-ға берген сұхбатында: «Армения футбол федерациясымен таныс емеспін, бірақ бапкерлік туралы ұсыныс түсіп жатса ойланып көрем» — деген. Оның шешесі — армян, әкесі — қалмақ. Бір кездері әкесі Жанн Джоркаефқа Армения құрамасын басқару туралы ұсыныс түскен болатын. Ол қабыл алмады.
Юрийдің әкесі де Франция құрамасында ойнаған болатын. Өзі жете алмаған жетістікке ұлым жетсін деп бала Юрийді футбол үйірмесіне берді. Жылдам қозғалатын, жойқын соққысы бар Юрий 16 жасында Гренобль сапына қабылданады. Онда өткізген 5 маусымда 82 рет алаңға шығып, 23 гол соғады.
1989-1991 жылдар аралығында Страсбур командасында тер төгеді. 1991 жылы Монака командасына ауысада. Сол жылы Монако сапында Франция кубогін ұтып алады. 1993-94 жылғы маусымда 20 гол соғып Франция чемпионатынын бас мергені болады.
1995-1996 жылдары Пари Сен-Жерменде ойнайды. 1996 жылы Интерге ауысады. Келе сала оған жанкүйерлер «Салтанатты» ("Қымбат") деген лақаб ат береді. Ал атақты италян тренері Чезаре Мальдини ол туралы: «Армяндық рух және француздық төзімділік (закалка) Юрийдан әлемнің мықты жартылай қорғаушысын жасады» — деген болатын.
Джоркаефф 1993 жылы Франция ұлттық құрамасының сапында алғашқы ойынын Израиль құрамасына қарсы өткізеді. Франция ұлттық құрамасымен 1998 жылы — Әлем чемпионатын, 2000 жылы — Еуропа чемпионатын, 2001 жылы — Конфедерация кубогін ұтып алды.
Суретті мына жерден алдым fannet.org/data/photos/player/player_1203_65245.jpg

қандай команда еді?! қақпада Бартез, қорғаныста Блан, Лоран. ортада Джоркаефф, Зидан, Пети. алда Анри, Трезегелер. бәрін айдап еді сол кездегілер. жаңа ұрпақтың ойыны жүрмей қойды.