"Қазақтелекоммен" өткен үш күн: Кереку

Блог - Daniar-Alan: Қазақтелекоммен өткен үш күн: Кереку

Астанадан қазақтілді блогшылардан Көкбөрі екеуміз баратын болдық. Мен 10 шақты рет блогтурларға шыққам, Көкбөрі бірінші рет :) Содан қобалжыған ба, әлде басқа да себептері бар ма түні бойы ұйықтамапты ол сабазың :)
Таңғы 7.10-да ұшқан ұшақ 8.30-дарда барып қонды. Қалған блогшылармен сол жерде таныстық. Аттарын сырттарынан ғана естігеніміз болмаса, жүзбе-жүз бірінші рет көрдік.
9-дар шамасында «Чайка» деген қонақүйге жайғастырды. Мұны көрген Көкбөрі «чайкуеемм» деп ыңылдап қойды. Ішімнен мырс еттім әлбетте :) Бірінші рет келіп тұр ғой. Мұның өзі үлкен жұмыс екенін қайдан білсін сабазың :)

Блог - Daniar-Alan: Қазақтелекоммен өткен үш күн: Кереку

Кереку


11.30-дарда шығамыз деген соң, қаланы сәл де болса көріп шығайық деген оймен көшеге шықтық. Астанаға қарағанда салқындау. Жаңбыр тамшылап тұрды. Біз аралап үлгерген жерлер қала шеті ғана болды. Көшелерінің бәрі орысша жазылған. Бірақ, 2-3 адамнан жөн сұрағанда қазақша жауап алдық. Қас қылғандай сол күндері музейлердің ешқайсысы істемейді екен. 2 музейді тек сыртынан суретке түсіріп кеттік. Қала адамы аз, кептелісі жоқ тыныш қала болып көрінді. Көп аралай алған жоқпыз…

Блог - Daniar-Alan: Қазақтелекоммен өткен үш күн: Кереку

Деректер өңдеу орталығы

«Святая из святых» дейтін ба еді орыстар? :) ТМД-дағы ең үлкен деректер өңдеу орталығы Керекуде 2012 жылы ашылыпты. TIER III стандарты бойынша соғылған нысанда профилактикалық жұмыстарды нысан жұмысын тоқтатпай ақ істей беруге болады. Нысан 2,5 м қабырғамен, тікенек сымдармен қоршалған. Күзеті мықты. Қызметкерлер тек арнайы рұқсатпен ғана белгілі бөлмелерге кіре алады. Тек техникалық қызметкерлер мен программашыларға ғана барлық бөлмеге кіруге рұқсат етілген. Режимдік нысан болғандықтан іште суретке түсіруге рұқсат етілмейді.
"Қазақтелекомның" республика бойынша осындай 16 дата орталығы бар екен. Ең үлкені және ауқымдысы осы Керекуде орналасқан.

Блог - Daniar-Alan: Қазақтелекоммен өткен үш күн: Кереку

«Ромат»

… бұл Қазақстандағы туберкулезге қарсы дәрі шығаратын фармацевтикалық компания аты :) Дəрі бүкіл Қазақстандағы туберкулезге қарсы ауруханаларды қамтамасыз етіп отыр. Дəрі — ПИРЭФ-4 деп аталады. Зертханаға халат, маска киіп… тіпті гаджеттерімізді стерильдеп кіргізді. Компанияда тек бұл дəрі емес, бəріміз күнделікті қолданатын аспирин, ацетилин қышқылы секілді дəрілер де жасалады екен. Айтпақшы, осы жерден 60,100 градустық таза спирттерді көрдім ;) ішіп көруге рұқсат бермеді :(

Блог - Daniar-Alan: Қазақтелекоммен өткен үш күн: Кереку

Филиалда 1500 қызметкер жұмыс істейді. 408 ауылдың 405-і телефонмен қамтамасыз етіліп, 372 ауылға интернет кабельдері барып тұр. Қалада оптикалық желімен 676 көпқабатты үй, 923 жеке үйлер, 58 заңды тұлға мен 75 оқу орталықтары қамтылған. Жыл соңына дейін Кереку, Екібастұз және Ақсу қалаларында FTTH желілері іске қосылады. Бұл дегеніміз — аталған үш қаладағы адамдар көп шоғырланатын жерлерде 37 wifi нүктесі болады деген сөз.

Блог - Daniar-Alan: Қазақтелекоммен өткен үш күн: Кереку
Қарағандыда болған кезімде де осындай id-орталықтар көргенмін. Әр қалада бар секілді ;) Бұл орталықта "Қазақтелекомның" барлық қызметтерін «көзбен көріп, қолмен ұстап» көруге болады. Пайдалануыңыз ықтимал қызметіңіздің жылдамдығын тексересіз. Бірнәрсе түсініксіз болса, үнемі жымиып жүретін менеджерлер бәрін түсіндіріп береді.
Негізгі офиста қаптап жатқан кабинеттерден бөлек, тек id-орталық қана емес, қазақ тілі кабинеті де ұнады. Шатаспасам, әр сәрсенбі, жұма күндері қазақ тілі күні. Яғни осы күндері арнайы жасақталған қазақ тілі кабинетінде оқулар жүргізіледі.
Ал ол қызметкерлерге не үшін керек?! Хехе, ең қызығы осында. Жыл сайын қызметкерлер тест тапсырып отырады. Тіл білімі белгілі бір балмен өлшенеді. Жетпейді ма? Фью :) Маған ұнағаны, қазақ тілін жалпы емес, топтарға бөліп оқытатындығы болды. Яғни, орыс немесе басқа ұлт өкілдеріне бөлек, орыстілді қазақтарға (яғни түсінетін, бірақ сөйлей алмайтындар) бөлек оқытады.

Керекуде көргеніміз осы болды :) Кешкі 7-8 дер шамасында бөлмемізге оралдық. Ал ертеңіне… ертеңіне 5.30-да ұйқыдан тұрып, Семейге бару керек еді :)
Әрі қарай

Қазақтардың PRы

Пиар туралы жаз деп қолқа салған ел, не туралы айтайын нақты?
Нешетүрлі секреттер жазайын ба? Инсайд инфалар айтсам, пазорымды шашып, жайып салмайсыңдар ма дүйім жұртқа?
Жайып салғанда не ғой… деректерін әбден өзгертіп, мама родная танымастай етіп жазам. Өздерің қуып жетіңдер кім туралы екенін, жарай ма? Даже личкада айтпайм кімнің нақты кім/қай компания/қай орган туралы жазғанымды.

Сұра.кз-те Димаш "Қазақша PR туралы бес пікір айта аласыз ба?" деген сұрақ тастаған еді.
Содан бастайтын болсам, былай:
— Қазақша пиар деген ұғымды өзім қабылдамаймын. Түсінетінім — қазақ пиаршыларының қалпы бөлек, нағыз маман жоқ. Қазақ бөлімінде пиар мамандығын алғандар орысшаға кетіп қалады-ау дейм, Ерболдан басқа ешкімді, өліп кет, танымайды екем.
— Астана мен Алматының пиар дәстүрін екі бөлек дүние деп қарастыру керек. Аймақтардағыны зерттеу керек.
— Біздегі пиар шаралар қазақтардың түсінетініндей етіп жасалмайды.
— Пиар төленген мақала жариялаудан асып ешқайда кетпеген. Пиар туралы түсінік сонымен ғана шектелген.
— Мемлекеттік органдардың пиарын сараптаумен айналысатын адам жоқ. Шенеуніктерді медиаперсона етіп тәрбиелейтіндей құрал да, амал да жоқ.
— Бизнестегі пиарда қазақ аудиториясы стейкхолдерлер ішінде бөлек категория ретінде қарастырылмайды — сол дұрыс емес деп ойлаймын. Белгілі бір уақыт (5 жылдай) солай бөліп қарастыру керек сияқты.
— Қазақ баспасөз-хатшылары тупо аудармашы. Оның өзінде баяу, сылбыр жұмыскерлер (мамандар емес ниразу), тақырыптың, деректің байыбына барып бермейді ақпаратын, кейде не жазып, не қойғандарын өздері ұқпайды, қай санның қайдан шыққанын айта алмайды. Негізі қазақшаны еркін меңгерген пресссектер өзіне нереальный мүмкіндік берілгенін түсінбейді — орыс және ағылшыншаны меңгеріп алу қолынан келетін дүние ғой. Нарықта орыстілділердің пысықтығы ғана сұранысқа ие, бірақ олар қазақша білмейді, ал қазақша білетіндері аудармадан асып ешқайда бармайды, қандай да бір бастама жасауға құлқы жоқ. Сол жаман.

Ой, жетеу боп кетіпті пікірлерімнің саны.

Жалпы, осы бастап отырған блогымда нақты кейстерді талқылағым келеді. Өйткені мен теоретик емеспін, теориядан бар хабарымды нақты жағдайға сәйкестендіріп талдағанды жаратамын. Сосын талдаулардағы практикалық түйіндерді нақты пайдалансақ жұмысымызда — ващпе щикарне болып кетер еді.
Сол.

Чмоки, лафки. Көріскенше в коментах.
Если вообще кто-то собирается писать мне что-то в коментах.
"Қыртпаш" деп қоя салсаңдар да, жалғастыра беретін шығармын — мне руку набивать надо.
Әрі қарай

Өзім көрген USB-модемдер: Шолу

Алғаш рет «андай»… ну енді кеңселік трафикті санамайтын Интернетке алғаш рет осы USB-модем көмегімен қол жеткізген болатынмын. Асхат «aka Urimtal» Еркімбай ағай берген құрылғының көмегімен көзім ашылған-ды. Айтпақшы, әлі жатыр үйде:)
Әрі қарай

Дильназ Ахмадиева мен Мақпал Исабекова "Қимадың" әніне бейнебаян түсірді

Ресейлік клипмейкер Егор Лымарев қазақстандық орындаушылармен жұмысқа кірісті. Осыған дейін Buhar Jerreau тобының атышулы «Мост» атты жұмысымен белгілі.

«Қимадың» әні Zaho атты француз әншінің «Dima» әнінің қазақша нұсқасы. Ән жас жігітке өз сезімін білдіргені туралы. Бұл ән 2008 жылы танымал болған.

Әннің қазақстандық нұсқасында махаббат үшбұрышы туралы сөз қозғалған. Бейнебаянда қыздар жарады, бәзбіреулер бұл клипті шетелдік Beyonce және Jennifer Lopez сияқты әншілердің еңбегімен салыстырып үлгерді. Қалай болғанда да, құрбылардың керемет туындысы қазақстандық эстраданың дәрежесін бір көтеріп тастады.

Клиптің қазақстандық нұсқасының продюсері жақында ғана Алматыда тұсаукесері өткен Gakku телеарнасының бас продюсері Тимур Балымбетов болатын. Айтпақшы, дәл осы Gakku телеарнасы осы клиптің эксклюзив нұсқасын көрсету құқығын өз қолдарына алды.

Мақпал мен Дильназдың премьерасын қолдап, құттықтап оның әріптестері мен достары Нұрлан Абдуллин, «Ringo» тобы, Алуа Қонарбаева, Луина, Айқын және т.б.келді.
Әрі қарай

1 миллионға бір бөлмелі пәтер алудың амалы

patick тәң постынан кейін туған пост.

Блог - FaraOn1: 1 миллионға бір бөлмелі пәтер алудың амалы

Бір лимонға бір бөлмелі пәтер ала аламыз ба? Әрине, мүмкін емес сияқты. Мен бір әдісін білемін. Бірақ қаншалықты реалды екенін айта алмаймын. Дегенмен айтып берейін, өздерің саралап көріңдер.

Сонымен, Петропавл нарығында бір бөлмелі пәтердің бағасы 7 000 000 тг шамасында. Крышаның ақпарына сенсек солай.

Қазком бізге ипотека беріп жатыр(Бірінші жолыққаным осы болды). Максимум 20 жыл, яғни 240 айға. Ставкасы 13 пайыз делік. Және 10 пайыз алғашқы жарнасы бар.

Енді есептейік, жалпы сомманы он пайызға шаққанда 700 000 тг шығады. Оны салып қойдық.
Қалған сомма — 6 300 000 тг. Оны 240 айға бөлеміз, сонда айына 26 250 шығады.

Мен банк қызметкері болмағасын, 13 пайыз ставкамен қанша переплата шығатынын білмеймін.

Алайда Патик айтқандай екі еседей қайтаратын болсақ, ай сайынғы төлемді 2-ге көбейте саламыз. Сонда шамамен 52 000 тг шығады(Оданда аз болуы мүмкін).

Басында 700 000 тг бір жұмсадық қой, енді үстіне 300 000 тг қосамыз(сонда миллион болат) да пәтерге евро ремонт жасап, жиғазбен толықтырамыз.

Енді ең бастысы, осы пәтерге бір отбасыны квартирант қып жібереміз. Пәтер ақысын ипотеканікімен бірдей қыламыз(пәтер центрда, әрі іші жайлы болса әбден заңды деп ойлаймын, а так бізде бір бөлмелі пәтерлер 35 мың маңайы).

Айта кететін жағдай, өз пәтеріңе өзің кіру үшін 20 жыл күту керек. Зато миллион(енді бір-екі жүз мыңға артық шығуы мүмкін) теңгеге ғана шығынданасың)))
ПыСы: Осындайды істеп жүрген адамдарды білемін. Өзімнің де ойымда болған, бірақ оған 20 жыл күтетін баспанамның жоқтығы кедергі. Ал Патик сияқты пәтері барларға осылай балаларына пәтер істеп алуына болады)))
Әрі қарай

Пәрөл ұмытпау амалдары

Бұл күнде интернетте тіркелген қолданушының үштен жартысы, бестен қыртысы өзінің құлаққа салынған енін ұмытқандай, жеке кәбінетіне кіретін пәрөлін де ұмытып қалған. Facebook-тың көмегімен кіре салуға саусақ еті үйреніп кеткен. Десек те, қазақтың жеріне жер жетеді, қазақтың тілінен асқан тіл бар, ал жеке кәбінетіңе өзіңнің админ бере салған пәрөліңмен кіргенге не жетсін, шіркін!

Менде бір керемет сюжет бар...: Пәрөл ұмытпау амалдары

Шығу тарихы

Білесіз бе, білмейтін де шығарсыз… Білерсің-дағы жыларсың, кірерсің-дағы тығарсың демекші, пәрөлдің шығу тарихын мен білмейді екенмін. Білетін академиктер болса, пікір алаңында ғылыми-зерттеу жұмыстарын бөліске сала жатар. Жалпы, пәрөлдің шығу тарихы сіздің акаунтыңызға кедергі келтіре ме? Ендеше, мына сенімді серіктесім Сергейдің кеңестеріне қүләқ* түріңіз.
* Орал казактарының сөзі
Менде бір керемет сюжет бар...: Пәрөл ұмытпау амалдары

1. Қызыл дәптерімді көрмедің бе? Шошқаның суреті бар...

VKontakte-дегі акаунтыңыздың пәрөлін ұмыттыңыз ба? Поштаңыздың мекенжайын жіберіп, жаңа пәрөлді енгізудің амалын жасадыңыз ба? Сөйтіп, жеке парақшаңыз ашылған да болар. Мейлің! Амал бар, тақырыпты тырдай етпес үшін мәтінін жазуды әрі қарай жалғастырайын. Келесіде қандай да үш-төрт сайтқа тіркелетін болсаңыз, қолыңызда қалам, алдыңызда дәптеріңіз/блакнотыңыз болсын. Бастысы, тіркелген логиныңыз бен пәрөліңізді сол мезетте жазып алыңыз. Дәптеріңіз көзкөрінді жерде қолжетімді болатын болса, айыпқа бұйырыңыз. Дәптерім жоғалып кетеді, кола төгіліп кетуі мүмкін, жаңбырдың астында қалсам зонт ретінде пайдаланам, әжетханада қағаз болмай қалса… тағы да айыпқа бұйырыңыз. Себебі дәптерге пәрөл жазудың бұл жолы сізге ешбір пайдасы тимейді, 45 теңгеңіз де сатушы Светаның төс тартқыш қалтасына кетеді.

2. Кәмпитерім бұзылып қалды. Айгүл мен Серіктің тойы бар еді...

Жалпы, қазіргі күзде кәмпитермен жазылған/жасалған дүниежалғандарыңызды кәмпитердің D: дискісінде сақтаған дұрыс. Алайда кейбір постмодераторлық шығармалар жазған жазушылар, өлең ұрлаған ақындар кәмпитерінің істен шығуына байланысты қуындыларын жойып алғандықтан, апталап ішіп кеткен. Әлбетте, логин мен пәрөлді максимум Microsoft Word-та, әрі кетсе минимум WordPad-та сақтаған тиімдірек. Дегенмен, сол файлдың Facebook-ке жарияланып кету, форумдарда флудталу, қас досыңыздың немесе жан жауыңыздың флешкіге тігіп әкету қаупі де жоқ емес. Сондықтан бұл әдістің де сізге айтарлықтай берер пайдасы нөл бүтін жүзден бір. Кім біледі, ноутбукыңызбен оңашада қыдырып жүрген кезде орындықта күзгі жапырақтардың арасында қалып қоюы да мүмкін. Ақыры, ғұн деп мақтанасыз ғой, сондықтан сақ болыңыз. Алты жыл бойы жинаған дүниелеріңіз бір сәтте наққа кетуі мүмкін.

3. Миғұла неме, миыңның бәрі су боп кеткен ғой...

Негізі, ең дұрысы ақпаратты мида сақтау. Бұл заманда ешкім миыңызға құрылғы тігіп қойып, кинодағыдай барлық ақпаратты суырып алмас. Егер ішкіш болсаңыз, ойда жоқта пибілете отырып шер тарқатып, пәрөліңізді бомждарға айтып қоюыңыз мүмкін. Тіпті, мұндай келеңді жағдайда Ішкіштер Департаментінің нақ өзі сізге жағымсыз жаңалықты естіртуі әбден мүмкін. Дегенмен, миыңызды басқару қолыңыздан келсе… Іһэқ-іһэқ… Іһһуұүммь… Миыңыз сізді басқарады екен ғой. Миыңыз сізді басқаратын болса, басшылыққа сенім артыңыз. Тек болатын нәрселерге бола миыңызды ашытып, пәрөлдердің бұзылуына жағдай жасап жүрмеңіз.

4. «Неверный пароль»… «Я забыл пароль»...

Менде бір керемет сюжет бар...: Пәрөл ұмытпау амалдарыМінеки, жоғарыдағы осы сөздерді келесіде тіркелуде пәрөл етіп жазыңыз. «Ваш пароль неверный» деген жазу шығарып, пәрөліңізді есіңізге түсіреді.  Дегенмен, A1abkhazia= деген сарындағы пәрөлдер мықты деп жатады осы. Әлбетте, пәрөл сақтаудың әдісін таңдау өз мәжбүрлігіңізде.
P.S. Пәрөл сақтаудың тағы қандай қитұрқы әдісін білесіз? Қазіргі күзде қолданбайтын немесе күзінде өшіріп тастаған акаунт/логиныңыздың пәрөлі қандай еді, есіңізде бар ма? Міне, осы сұрақтарға пікірлер georgia-сында ерініп болса да жауап жазсаңыз еken .
Әрі қарай

ДӘРЕТХАНАҒА "ЖІБЕРМЕГЕН" ФИЛЬМ...

Арнайы „Үздік кино сыншысы“ байқауы үшін!
Бұл жәй комедия емес, әзіл-шыны аралас, лирикалық комедия!
Блог - ErnarAlmabekov: ДӘРЕТХАНАҒА ЖІБЕРМЕГЕН ФИЛЬМ...
Неге бұл жанрды таңдағанын Ермек аға: "Қазақ өн бойында әзілге жақын, оны түсіне алатын халық. Өзіне-өзі күле алатын ұлттың ғана болашағы жарқын болмақ" — деп түсіндірді. Әр түрлі әлеу­мет­тік, саяси-экономикалық, рухани жағ­дай­лардағы келеңсіздіктерге іштей күйіне оты­рып, соны сыртқа әзіл арқылы шығаруға болады. Аталмыш фильм де соның дәлелі. Егер үстірт қарасаң, қарапайым комедия, ал сәл, сәл ғана тереңірек үңілсең, қарапайым комедияның айтары бар екенін түсінесің.
Көрсетілім өтетін жерге 2 сағат ерте келіп алыппын, содан күтуге тура келді, күтемін деп бірнеше кесе шайды қалай ішіп тастағанымды да байқамай қалдым. Сонымен, бәрі жиналып, режиссер мен актерларды ортаға алып сұрақты жаудыратын баспасөз конференциясы да басталып кетті. Фильмнің бас кейіпкері Күлпаш апа: «Шай көп ішсем, жиірек барамын...» дегендей, мен де осы кезде түсіндім, шынымен шайды көп ішіп қойыппын. Не керек, шыдауға тура келді. Маңызды нәрселерді жіберіп алсам, 2 сағат күткенім зая болмақ. Конференция біте салысымен заттарымды жинап, залға асықтым. Ойымда бір нәрсе: «Орын алып, қайта шығу...» Жол жөнекей су сатып алғаным тағы бар. Кезекте ұзақтау тұрып қалған сияқтымын, залға кірсем орын аз екен, ал фильм басталып кетіпті. "Қой, басын көрейін, ортасында шығып келемін ғой..." — деп ойладым да, бос орынға отыра кеттім. Ал, басынан баураған фильм мені жіберсейші сыртқа. Жібермеді, мен шығуға талпынбадым. Енді неге олай болғанына тоқталайын.
Фильмнің айтары көп. Ел телеарналары түсіретін ток-шоуларда шулап талқылайтын мәселелер бұл жерде жеңіл әзіл арқылы жеткізілген. Басты тақырып «Жетпісбайлар мен Сексенбайлар», одан кейін Ермек аға өзі көп жазған, алдыңғы фильмдерінде де көрсеткен ұрпақтар сабақтастығы мен жаңаның ескінің орнын басуы, атасының ісіне ғана мақтана алатын, бірақ өзі сол атасымен салыстыруға да келмейтін ұсақталған ұрпақ, уақыттың зулап өтіп бара жатқандығы жайындағы тақырыптарды қозғаған. Тіпті «Солай боп қалды...»-ларға да бір әзілімен тиіп өтті. Ермек ағаның сұрауы бойынша ары қарай жазбай-ақ қояйын, жазсам қызықсыз болып қалар. Жақсы әзілдерге күліп, күле отырып жылауыңыз мүмкін, бірақ ол соған тұрарлық. Сеніңіз!
Суымды ішіп отырып, бірде жымиып, бірде ішек-сілем қатып күліп, бір кадрға бола көзіме жас үйіріліп 96 минутқа созылатын фильмнің қалай аяқталғанын байқамай да қалдым. Фильм біте сала Ғазиза апа мен Қадірбек атаны кинодағы алғашқы басты рөлдерін жақсы сомдап шыққандарымен құттықтап, сыртқа асықтым…

Авторы: Ернар Алмабеков
Әрі қарай

}{0ТТ@БЬ)Ч интеркомы немесе қазақ актері Владимир Алексеевичтің тағы бір тамаша ролі

«Хоттабыч» (2006) жаңа үлгідегі Ресейдің итерком жанрындағы фильмі. Интерком дегендері интернет комедия. Режиссері Петр Точилов.
Қазіргі кезде интернетпен әуестенбейтін жанды табу қиын. Интернет қолданушыларының арасында жиналған қылықты қызықтар, әзілдер және қалжынбас программалаушылардың программаларыңдағы «әзілдері», «интернет субмәдинетінің» элементтері кинокомедияға негіз болды.

Киноның сәтті шығуы оның сценарийіне де байланысты. Сценарий Сергей Кладоның «Хоттабыч шалдың жез құмырасы» романның негізінде жазылды. Киноның қысқаша мазмұны келесідей. Москва қаласы, 2000 жылдардың басы.
Жас жігіт, Гена программист, хаккер. Ол өз білімін пайдаланып Microsoft сайтына шабуыл жасайды. Сосынмен қатар жеке өмірінде күтпеген өзгерістер болады. Сүйіктісі, бойжеткен қыз, Лена, оны тастап кетте береді. Гена қарақшылар көздеріне түседі. Қарақшылар болса оның көмегімен интернеттен арқылы көп ақша ұрламақшы. Microsoft сайтына шабуыл жасап, бұзақылық әрекет жасаған үшін оны арнаулы қызмет іздеп-тауып, соңына түседі.
Блог - bake: }{0ТТ@БЬ)Ч  интеркомы немесе қазақ актері Владимир Алексеевичтің тағы бір тамаша ролі
Генаның қолында интернет аукционда саудаланған жез құмыра. Оны Ленаның туған күніне сыйламақшы болған. Бірақ қазір Лена қасында жоқ.
Оның басына төнген қиындықтар бір-біріне қосыла, шиеленісіп, шешімі жоқ мәселеге айналып барады. Осындай қалыптасқан жағдайдан Генаны тек сиқырдың құдыреті ғана құтқару мүмкін.
Блог - bake: }{0ТТ@БЬ)Ч  интеркомы немесе қазақ актері Владимир Алексеевичтің тағы бір тамаша ролі
–Не істедім?, Қалайша шешуін таптым?, -деген тілеуіне сай жез құмырада қамалған сиқыршы жынды бостандыққа байқаусыздан шығарып алады. Жын болса адам кейпіне яғни қарт (қария адамның) кейіпіне еніп Генаның көзіне көрінеді. Қарттың кейіпіндегі жынды Гена Хоттабыч деп атайды. Жын болса оны олай атағанына қарсылық білдірмейді. Жез құмыраның ішіндегі қамаудан босатып шығарған үшін Жын Генаның үш тілегін орындап беретінін айтады. Үш тілегін орындаған соң жез құмырасын өзінің иелігіне қайтарып, өз жөнімен кететінін ескертеді. Осылайша Хоттабычпен Гена табысып бірге көп қызықты сәттерді өткізеді. Генаның басындағы жағдайлар оң шешіліп өзі секілді хаккер қызға ғашық болып сонымен табысады. Хоттабычке үй болған жез құмыраның орнына Гена оған жаңа үй табады.
Блог - bake: }{0ТТ@БЬ)Ч  интеркомы немесе қазақ актері Владимир Алексеевичтің тағы бір тамаша ролі
Хоттабыч кинода мистикалық мүмкіншілігі бар жағымды кейіпкер. Жағымды кейіпкедің мистикалық мүмкіншілігі бар болса оған қарама-қарсы жағымсыз мистикалық мүмкіншілігі бар кейіпкердің кинода пайда болуы орынды. Шайтаныч (атын атту қорқынышты). Оның мистикалық мүмкіншілігінің бірі көлеңкесімен байланысты. Шайтанычтың көлеңкесі карикатура (суретпен берілетін сықақ, әзіл). Шайтанычтың тапсырмасы бойынша көлеңкесі одан ажырап тыңшы ролін атқарады. Анимациялық персонаж «карикатура» киноға жақсы кірістірілген.

Киноға түскен актерлер ішінен Хотабычты сомдайтын Толоконников Владимир Алексеевич жеке дара тұр. Қазақ ССР еңбек сіңірген артисі. Алматының Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрының актері.
Актердің орта азиялық колориті Хоттабыч ролін ойнағанда көрініп-ақ тұр.
Оның сәтті сомдаған ролі 2007-ғы MTV киномарапаттауында «Ең жақсы комедиялық роль» номинациясы бойынша аталып марапатталды.

Кино тартымды болу үшін компьютерлік визуальді әдістер қолданған.
Жанрға сәйкес күлкілі сәттердің жинағы ойластырылған. Мысалы, цифрлы фотоаппаратпен.
Көрерменге оң істі кейіпкердің сәтсіздігіне жанын ашытқызып, қуанса қуаныштарына ортақ болуына мүмкіншілік жасап режиссер көрермендердің адами қасиеттерін оятады. Жалпы кино көрерменіне жақсы эмоцияны көптеп сыйлайды. Сәтті шыққан кинокомедиялар қатарынан табылады.

Кинокомедияның жағымсыз жағы. Киноның кем дегенде екі эпизодында сыраға деген құштарлық насихатталады.

Меніңше жағымды, оң істі жақтаушы Хоттабычтың сыра ішкенен кейін лаулаған отпен атып дәрет сындырғанын көрсеткенін артықтау. Киноның осы бір эпизодысыз да кинокомедия шығар еді.

Осы бір жағымсыз жағын ескермесек жанұямен көретін кинокомедия дер едім.

Кинокомедияға пікір жазушы ретінде қорытыны ойым: Ересектерге көруге тұрарлық заманауи комедия.

Блог - bake: }{0ТТ@БЬ)Ч  интеркомы немесе қазақ актері Владимир Алексеевичтің тағы бір тамаша ролі
Толоконников Владимир Алексеевич. Өткен жылы 70 жасқа толды.
Әрі қарай

Ақсәуле Әлжан: "Балаға әкенің қатты қаталдығы керек те емес сияқты"

7 арна ұжымы 7 қыркүйек күні Астана мен Алматы қаласының тұрғындарына 7 сағаттық керемет концерт ұйымдастырып жатыр. Алматы қаласында өтетін «Аналар күні» шарасы аясында ең көп мөлшерде бауырсақ пісіруден рекорд жасалады. Рекорд орнату рәсімі енелер мен келіндер арасындағы аспаздық жарыс түрінде өтеді. Нұртас Адамбаев келіндер тобына болысса, Аша Матай енелер тобына жанкүйер болады. «Аналар күні» мейрамын бірге тойлайық, отбасыңызды ерте келіңіз!


Ақсәуле Әлжан, 7 арна журналисті, жаңалықтар жүргізушісі

— Ақсәуле, қызметіңіз сол, күнделікті 7 арнаның жаңалықтарын халыққа жеткізіп отыру керексіз. Бала мен қызметті қалай ұштастырасыз, қалай үлгересіз?
— Мен бұрынғының аналарына таң қалам, Эльвира. Біздің әжелерімізге. Мысалға, менің туған әжем, Мырзағұлова Жәми Мырзағұлқызы мен нағашы әжем Басығарина Маржан Бозайқызы екеуі де дүниеге он-оннан бала әкелген, соларды бағып-қаққан, балаларын білімді, тәрбиелі азамат қылып өсіріп, орын-орнына қондырған алтын құрсақ аналар. Солар сияқты баланы да туып, жұмысты да жасап, шалын да бағып-қағып үлгерген аналарым тұрғанда, 1 баламен жұмысқа да үлгеріп, үйді де игеріп жатырмын деп мақтанғаным дұрыс болмас

Блог - aikarakoz: Ақсәуле Әлжан: Балаға әкенің қатты қаталдығы керек те емес сияқты

— Қыз баласы үшін қай жаста ана атанған қолайлы деп ойлайсыз? Өзіңіз неше жасыңызда ана болдыңыз?
— Мен кішкентайымнан еркелеу, еркекшоралау болып өстім. Үйдегілерге де, қасымдағы құрбы-құрдастарыма да «мен ешқашан тұрмыс құрмаймын, біреудің киімін жуып отырамын ба» дейтінмін. Өсе келе, әрине, оның әбестік екенін, отау құру, ана болу – әйел адамның негізгі «жұмысы» екенін түсіндім. Өзім 26 жасымда тұрмыс құрып, 27 жасымда ана атандым. Тұңғышымыздың аты – Әлиасқар, жасы қазір 3-те. Балалы болғаннан кейін барып, баланың қызығы не екенін түсіне бастағандай болдым. Баланың басты қызығы – оның өсіп-өнгеніне куә болып, оның баласын қызықтау. Былайша айтқанда, әже болуға асығып жүрмін  Сол тұрғыдан алғанда, мүмкіндік болса, қыздарға тұрмысқа ертерек шығып, ертерек ана атануға кеңес берем. Өйткені, сонда немереңнің ғана емес, шөбереңнің де қызығын көру бұйыруы мүмкін.

— Баланы дүниеге әкелгенде анада түрлі сезім болады дейді ғой: бірі алғашында баласын жатырқайды, бірі, керісінше, елжіреп тұрады. Сізде қандай сезім болды?
— Эльвира, сұрақтарың тереңнен кетіп жатыр ғой. Бұл әр адамның жеке, жақын адамына ғана ашатын сыры ғой, сондықтан бұл сұрақты жауапсыз қалдырайын. Бір ғана сөз айта алам: Ұлымның анасы болғаныма БАҚЫТТЫМЫН.

— Түн ұйқыңызды бөліп, бөбек ауырып қалып, оны жұбата алмаған сияқты қиындықтардан қалай өттіңіз?
— Ия, баланы дүниеге әкелу – одан кейінгі қиындықтардың ең оңайы сияқты көрінеді маған. «Сенің табаныңа қадалған тікен менің маңдайыма қадалсын» деген мәтел осы жағдайды жақсы сипаттайды. Әр ана үшін солай деп айта аламын. Әсіресе, бала дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы 3 ай аса қиын болады, меніңше. Сол уақытта да, содан кейінгі уақытта да маған көмектесіп жүрген енем мен анама үлкен алғысымды айтам, сол кісілердің көмегінсіз қиын болар еді.

— «Балаға қанша тәрбие берсең де, өзіңе ұқсайтын болады. Одан да өзіңді тәрбиеле,» деген бар. Сіз балаңызға қандай тәрбие беріп жатырмын деп ойлайсыз?

— Ол да дұрыс. Бала бізге қарап бой түзейді. Бірақ ауызша айтқан ақылдың да артықтығы болмайды. Кішкентайымыздан «үлкенге сәлем бер», «қартқа ізет жаса», «кішіге қамқор бол» деп, үлкендер құлағымызға құйып отыратын, солардың ақылын алғаннан кем болғанымыз жоқ. Қазақтың тәрбие беру дәстүрі баланы имандылыққа, сыпайылыққа, әдептіліккке баулиды. Осы қасиеттермен қатар үлымыздың бойына өжеттілік, ердің мінезін, өз шешімін негіздеп, өз таңдауын өзі жасай алу сияқты қасиеттерді бергіміз келеді жолдасым екеуміз.

Блог - aikarakoz: Ақсәуле Әлжан: Балаға әкенің қатты қаталдығы керек те емес сияқты

— Баланы қол көтеріп, қорқытып, ұрысып өсірген дұрыс па, сіздіңше?

Еркелеу болдым деп айтып кеттім жоғарыда, шыны керек, анамнан таяқ жеген күндерім болды. Әкем марқұм бізге, қыздарға да, інімізге де қол көтермек түгілі даусын көтеріп көрмеген адам еді. Өте сирек жағдайда, егер шынымен, еркелік бастан асып жатса, «Ш» дәруменімен «укол» жасап жіберуге қарсы емеспін  Бірақ, негізгі тәрбие, күнделікті бағыт-бағдар баламен түсіністік, сенімділік, махаббат жағдайында өту керек. Қатты қорқытқан, көп ұрысқан бала жасық болып өсуі мүмкін, оның несі жақсы?

— Әке балаға қатал болу керек пе?

— Өзге отбасыларды білмеймін, өз әкем балаға өте жұмсақ, өте мейірімді адам еді. Қазір де Әлиасқар үшін мамасы мен папасын салыстырса, «хороший коп» папасы да, «плохой коп» — мен. Өзіміз сөйтіп бөліп алғанбыз рөлімізді. Сондықтан, егер балаға «әй» деп отыратын адам болса, әкенің қатты қаталдығы керек те емес сияқты.

Қазіртанымалтұлғалардыңқайсысыналмасақ та, бәрікөпбалалы. Сіздіңжоспарда алтын, күмісалқағаталпынужоқ па?))
Алла берсе, бәрі де болады.

— Балаңыз үшін әлденеден бас тартқан, құрбан қылған жаңдай болды ма?
— Жоқ, керісінше. Балам дүниеге келмей тұрып, декреттік демалыстан бастап өз-өзімді жетілдіруге, түрлі кітаптар оқуға ұмтылдым. Қазір де ұлымның мақтанышына айналайыншы деп, өзімді жан-жақты дамытуға тырысып жүрем. Сондықтан, балам үшін ештеңені құрбан қылмағаным былай тұрсын, ол маған, керісінше, орасан зор, үлкен «сыйлықтар» жасады.

Блог - aikarakoz: Ақсәуле Әлжан: Балаға әкенің қатты қаталдығы керек те емес сияқты

— Балаңыздың күтушісі бар ма? Ол балаңызға ойдағыдай тәрбие береді деп сенесіз бе?
— Астанада қазір жақсы күтушіге сұраныск өп. Менің құрбыларымның бәрінде дерлік күтуші бар, күнде күтуші іздеп, аласұрып жатқан бір келіншек хабарласады  Соған қарағанда, жақсы күтуші табу – қиынның қиыны секілді. Сондықтан, егер, мүмкіндік болса, анаңыз немесе енеңіз келіссе, әжелерден асқан «күтуші» жоқ-ау өмірде. Құдайға шүкір, әзірге күтуші көмегіне жүгініп көрген емеспіз.

— Баласының болашағына алаңдамайтын ана жоқ. Ұлыңыздың болашақтағы таңдауы қандай болмасын қолдаймын деп ойлайсыз ба? Әлде өзіңіздің көздегеніңізді осы бастан үйретіп жатырсыз ба?
— «Қарға баласын аппағым дейді». Мен үшін де ұлымыз – асқан ақылды, талантты бала болып өсіп келе жатқан секілді, осы үмітімізді Алла бере көрсін. Болашақта немен айналысам десе де, өз еркі болады. Қазір байқасаңыз, бастауыш сыныптардағы балалар 3 тілде еркін сөйлейді, компьютер, техниканың құлағында ойнайды, спортта, өнерде жан-жақты дамыған бүлдіршіндер. Жыл өткен сайын Қазақстанда «сапалы» балалар саны көбейіп келеді. Сондай балаларға біз не ақыл айта алармыз дейсіз? Аман болсын, әйтеуір

— Сұхбаттасқаныңызға рахмет!

Алматы қаласы Горький атындағы Мәдениет және демалыс паркінде, ал, Астана қаласын Мега ОСО-да өтетін аналар күніне арналған концертке келіңіздер! Концертке Турал, Altygirls триосы, Роза Мұқатаева, Турал Рахимберлин және басқа да әншілер қатысады. Сіздерді сағат 10:00-17:00 аралығында күтеміз!
Әрі қарай

usynys

Salem Kerekinfo. Kirip jurgenime 2 jil bolsada munda algaw jazuim ia ia munkinwlik bolmadi. Nege ekenin kaidam magan osyportal jakin. Barlygyna raxmet. Aitain degenim saitka adamdy koptep tartyp jarnana kilip aityp jureik. Aldagy uakitta kiZikty blogtarmen kuantuga uade berem
Әрі қарай