Жоға, ешқандай лесби ойындары емес. Қар қалың жауып, Алматы көшелері кептеліске батып жатқан кез еді. Түскі үзілісте үйге баруға ерініп, жұмыста қалғанмын. Кабинетті іштен кілттеп алып, ермек болсын деп пөрнефильм қарауға көштім.
Кеңсе іші тып-тыныш, барлығы шығып кеткен сияқты еді. Кенет асығыс басылған туфлидің дауысын естідім. «Кім болды екен екен?» терезенің жалюзін жартылай ашып, білдірмей қарап едім, ап-арық сирақтары дір-дір етіп, жан-жағына ұрлана қарап есепші Гүлайым бастықтың кабинетіне кіріп бара жатыр екен. Түкпірдегі бір бөлмеде ешкіммен ісі жоқ, қағаздарға көміліп отыратын Гүлайымның түс уақытында бастықтың кабинетінде не жұмысы болуы мүмкін? Аяқ киімімді шешіп, мысық табандап кабинеттен мен де шықтым. Бастық Жәрменнің кабинетінің алдына бардым. Жартылай жабылмай қалған есікке құлағымды тостым.
Соғыс бізден тым қашық сияқты. Бірақ соғыс дәл қасымызда. Сіздің көшеде, сіздің үйде, тіпті сіздің пәтеріңізде де жүріп жатыр. Бұл – ақпараттық соғыс. Оңтайландырылған ақпаратпен адам арасына от тастауға, мемлекеттерді құлатуға, әлемдік соғыс бастауға болатыны бұған дейін де талай айтылды. Бірақ тақырыптың ауқымы мен өзектілігін ескерсек, айтылмақ әңгіме әлі көп. Бұл жолы журналистік қызмет барысында кездескен сарапшылар мен олардың қызықты пікірлері арқылы экстремизм мен терроризмнің насихаты қалай жүріп жатқанына тоқталып көрейін.
Осыдан тұп-тура екі ай бұрын бір кездері елімізде салтанатты түрде Ресеймен бірлесе ашылған «Силициум-Казахстан» кремний зауытының қайта жандануы мүмкін деген сыбыс шығып, ол туралы мен де бірдеңе деген едім. Зауыт ашылғанда басшы ретінде тағайындалып, кейін істі болған Михаил Сутягинский «Ведомости» газетіндегі сұхбатында қазақстандық компаниялармен альянсқа қайта дайын екендігін айтқан болатын.
Сол кездегі пікірлерге қарап мәселе дегенмен оңынан шешілетіндей көрінген. Дегенмен іс әлі де бір орыннан жылжымай тұрған секілді. Ғаламтордағы материалдарды шолсақ, «Силициум-Казахстан» кремний зауытына иелік еткісі келетіндер (Титан және БРК) әлі соттасып жатыр.
Ал бір кездері Сутягинскийге үкім шығарған қазақстандық сот өкілі енді өз шешімінен өзі айнып отырған сыңайы бар. Ресей болса өз кезегінде Сутягиннің Қазақстанда іске аспай қалған басқа да жобаларын мемлекеттік деңгейде қаржыландыруды жоспарлап отыр. Бұл дегенің «Титанның» кремнийсіз де тұралап қалмайтынының бір мысалы.
Істің ақ-қарасы әлі де бұлыңғыр. Дегенмен бір ойым былай дейді: ақыры көршілес әрі экономикалық тәуелді елдер екенбіз. Неге шынында зауытты қайта іске қоспасқа? Девальвациялы дағдарыс кезінде ең болмаса халыққа жұмыс болар еді. Кремнийдің шикізат ретіндегі зор пайдасын қайталамай-ақ қояйын…
Конструктор ойыншығы.
Ойынның барысы көрсетілген альбом-кітапшасы бар. Әр бетінде бір немесе екі, кейде үш-төрт қадамнан тұратын графикалық нұсқа берілген.
Төрт жастағы балам альбом бетіндегі нұсқаға сай ойыннын бастады. Басында бір төбе болып үйілген бөлшектің әрқайсының автомобиль моделіне деген қандай қатысы барын нұсқаға қарап анықтап, жарты сағатта әр бөлшек өз орнын тапты. Автомобиль моделі құрастырылды. Оның өзіде жеке ойыншық. Неге конструктормен ойнаған қызық?
Конструктордың баланы қызықтыратын бірнеше қасиеті бар. Негізгісі механикалық бекініс. Балаларға арналған конструкторларда бірнеше бекініс түрі қолданады. Меніңше балаға деген алғашқы конструкторды таңдағанда бөлшектерді қосуға пазды бекініс қолданатынын таңдаған жөн.
Пазды бекіністі конструкторларда қарапайым бөлшек ретінде пішімі тікбұрышты параллелепипедті кездестірміз. Осындай бөлшектер бір-бірімен пазды бекініс арқылы қосылады. Пазды бекіністер қолдануда ыңғайлы. Бекіту әдісі.
Көз алдымызға конструктордың қарпайым бөлшегін елестетіп көрелік. Үш өлшемді кеңістіте тік бұрышты параллелепипед. Үстіңгі жағын өз ара тең бөлген екі түйме бар бұл кертік, астыңғы жағында үстіңгі түйме тұстарынан сәйкес ойық, яғни ұя орналасқан. Осындай екі бөлшекті бір-бірімен бекіту үшін біреуін екінші астына қойып беттерін түйістіреміз. Осы кезде астыңғы бөлшектің екі немесе бір түймесі ұяға нығыз кіріп механикалық бекініс жасайды.
Ойша осы бөлшекпен кірпіш қабырғаның фрагментін дәстүрлі әдісіпен қалап көрелік. Екі кірпішті үшінші кірпіш көмегімен жалғаймыз. Яғни, екі бөлшекті түйістіріп қоямыз, сосын орта тұсынан үстінен үшінші бөлшекті қойып бастырамыз. Сол кезде астыңғы бөлшектердің біреуінің оң және екіншісінің сол жақ түймесі үстіңгі бөлшектің ұясына кіріп бекиді.
Конструкторда бөлшектердің түр-түрі көп болғандықтан ойын барысында құрылған модельдің бекіністері берік болады. Ойын барысы.
Автомобиль тематикалық модельдердің ішінен ең танымалы (меніңше және үйдегі балақайды қалауы бойынша).
Конструкторды және жинауға ұсынылған тематикалық моделін таңдап алып сатып алдым. Одан кейін конструкторды өзім жинап көрдім. Сосын баланың көзіне құрастырып шыққан автомобиль моделін дайын ойыншық ретіндке ұстата бердім.
Балам болса жаңа ойыншықты сынауға кірісті. Оның ерекшелігін әлі білмейді.
Біраздан соң балақай:
-Сынып қалды?, -қолында кабина шатыры.
-Сынған жоқ. Шатырын алып және салуға болады.
Бір-екі рет кабина шатырын ажыратып қосып көрсеттік. Әрине, бұдан кейін конструктордан құрылған модель балақай қолында бөлшектенуге ұшырады.
Дөңгелегі жұлынды. Оп-оңай орнына салынып жөнделеді.
Бала біраз уақыт ішінде қолындағы ойыншықты қиратып істен шығаруға болмайтына көзін жеткізді. Қандайда бір бөлшек ажыратылса орнына қайтадан бекітіледі.
Бірінші күн ойыншықты қайта-қайта қалыпқа келтіріп жинап берумен өтті. Өз бетінше конструкторды жинап үйренбейтінін білдім. Жасы кішкене оның үстіне құрастыру үшін саусақтардың күші де жетпеуі мүмкін, оныда ескердім.
Ойыншықты бөлшектеп, ойыншықты бөлшектерден қайта қалыпына келтіріп құрастырғаным нұсқаға сәйкес істегеп отырғанымды балама түсіндіргім келді және балам конструкторды өз бетімен нұсқасына сәйкес құрастырып үйренгенін қаладым.
Конструктормен ойнатқызып үйретпес бұрын пазл ойынын ойнатқызып үйреткенмін. Онда балам үш жас алты айда болатын. Пазл ойнағанда бөлшектерінің орналасуын жаттап алу ойынның негізі болған. Сондықтан пазл құрғанда бөлшектердің орналасұанын жаттап алуына көңіл бөлгенмін. Балам бір жұма ішінде пазлды өзбетімен жинап үйренген болатын. Жалпы конструктор ойнап үйренгеннен пазлды ойнап үйренген қиынға соқты. Үш жас алты айдағы және төрт жастағы бала арасында айырмашылық бар екен.
Конструкторды да өз бетінше жинап үйрену үшін бір жұмадан аз уақыт кетті. Пазлды құрастырғандағы жаттау тактикасы жарамсыздығын білдім. Бөлшектер орналасуын жаттатқызбай құрастыру нұсқасына жүгінуіне үйреттім. Әрине, кейбір бөлшектердің орналасып алуын жаттап алу деген бар. Ондай кезді байқап қалсам қолындағы жинап жатқан моделін нұсқадағы көрінісімен салыстыруын сұраймын.
Бір жұмадан кейін балам автомобилін нұсқаға сәйкес құрап жатып, құрастырудағы кейбір қадамдарды өзгертіп алды және енгізілген өзгерістер оң нәтиже берді. Яғни автомобилі автомобиль болып қалды.
Жалпы конструктор және пазл ойыны сәтті бұйырды (іздегенде табылмайтын). Бізге тиген сәтті пазлымыз мынандай болған.
Пазл бөлшектері ірі, яғни, балақайдың алақанынан үлкен, иілгіш. Бөлшектердің паздары қайталанбады. Жиналғанда бір тұтас болып бірігетін (құрастырылған күйде бір ұшынан ұстап жылжытқанда бұзылмайтын). Пазлда құрастырып шыққандағы сурет элементтері ірі болды. Балам суретегі бейнені танып жақсы қабылдады. Оның үстіне пазлдың сыртқы пішіміде оны жинап құрастыруды жеңілдетті.
Пазлды жинауды үшін бала нені білу қажет (3 жас 6 ай):
-Заттың бес-алты түсін ажыратуы тиіс;
-Заттарды ұқсас пішіміне қарап топтастырып немесе бір-бірінен ажыратуы тиіс;
-Қарапайым таңдау жасағанда онымен келіссе ұнайтынын, келіспесе ұнатпайтынын білдіруі тиіс.
Жалпы айтқанда пазлды жинап шығу үшін балақайға өз жасына сай айналаны танып, талдай білуі көмектеседі.
Конструкторды жинау үшін бала нені білу қажет (4 жас 0 ай):
-Ең жоқ дегенде бір автомобиль ойыншының бр дөңгелегін жұлып алуы тиіс (әзіл-шыны аралас);
-Көшедегі көліктерді танып, ажыратуы тиіс. Автобусты жүк авомобилінен. Жүк автомобилін жеңіл автомобильден;
-Автомобильдің кейбір құрама бөліктерін ажыратуы тиіс. Ең жоқ дегенде дөңгелекті;
-Іс-қимылдың бағытын өзгертетуін түсіну қажет, теріс қарату дегенді;
-Заттың алдын және артын, үстіңгі және төменгі жағын қабылдай білуі тиіс, бір-біріне қарама-қарсы мағынада;
-Суреттегі алманы, орындықты, қуыршақты т с. с. бейнені нақты өмірдегі нұсқамен байланыстыра білуі тиіс;
-Қолының қимылының ыңғайы қаламсап немесе қылқалам ұстағанға келуі тиіс. Мағынасы жазып, сурет салуды білуде емес түзу немесе доға тәрізді біркелкі сызып, жолақты бояй білгенінде.
-Алғашқы екі-үш күнде дөңлектен басқа автомобильге қатысты сөздігін кеңейтуі тиіс фар, алдыңғы терезе, капот, шатыр, қанат, руль, орындық (жүргізуші орыны, рульге қарсы бекиді).
-Құрастыру барысында нұсқадағы суретке қарап дұрыс бағытта модельді орналастыра білуі тиіс (өзіңіз үйретесіз құрастыру барысында);
-Құрастырылып болмаған модельде қайсы бөлшектің бар жоғын анықтай білуі тиіс суретке қарап (өзіңіз үйретесіз құрастыру барысында).
P.S: Конструктор құрап үйренген соң конструктор болып өседі, үлкейгенде инженер болады дегеннен аулақпын. Болса бола жатар. Дегенмен, ұл балаға техникаға жақын болғаны дұрыс.
Елдерге блогиада азық болып, пост қаптапты ғой. Мен де бірінші постымды жазып көріп отырмын. Пост болғанда сауалнама. Бірінші турдың қорытындысы бойынша ең үздік жазба қайсы? Дауыс беріңіз.
Жаз бойы өзге балалармен таласа жүріп біз жинаған тезектерді қапқа салып алып келді де, қазандықтың оттығын ашып, солайымен төңкере салды. Отқа салынған әр тезек таныс маған, әр бұдырына дейін, көлеміне дейін көз алдымда. Әр түйірінің бір тарихы бар керек десеңіз. Оттық тұтату үшін соляркаға малынған әнебір жұқалау ақшыл тартқан тезек көрші Қамбар шалдың сынық мүйіз сиырынан шыққан өнім. Өзіміздің сиырларға деп салынып қойылған шөпке түсіп кеткен сынық мүйіз сиырды «Қарасан келгір, шошала тигір» деп әлемдегі бар қарғысты жаудырып қуалап бара жатқанымда, қорамыздың алдына қалдырып кеткен сұйықтау тезегін күннің көзіне әбден қураған кезде қораның іргесіне қарай сүйей салғанмын. Міне, осыған ұқсас әр тезектің өз тарихы бар. Жазғы аптап ыстыққа әбден қурап, кепкен тезектер от тиісімен гүр етіп жана бастады. Сазбен сыланған қоңыр пешке жан бітті. Бойы қыз-қыз қайнап, үйге жылуын тарата бастады. Бірнеше жылдың куәсі болған қара қазан қойылды отқа. Әжем қазан ішін ыстық сумен шайып жіберіп, ешқашан ұмыт қалмайтын «Біссімілләсын» айтты да, ет салды. Көзін сығырайта қабырғада ілулі тұрған сағатқа қарады. Тамақтың дайын болар уақытын жобалау үшін. Қоңыр пешке арқасын сүйей отырды да, көрпенің астына бетін қайырып тастап кеткен сарғыш кітабын алды. Мен де әжеме қарай жылжыдым. Үйреншікті әдет, ешкім тіл қатып сөйлеспесе де, іс-әрекет жасала береді.
Қоңыр пеш пен әжем қатты ұқсайды бірі-біріне: екеуі де жып-жылы, тоңсақ екеуін паналаймыз, екеуі де бір-бірімен үнсіз ұғысатындай. Қоңыр пеш әжем жоқ болса жетімсіреп қалатындай, пеш жағылмаса әжем көңілсіз болатындай. Далада ысқырып тұрған боранның қаһары да түк емес: әжем мен қоңыр пештен қаймығады. Долдана айналасын астаң-кестең еткен ақ боранның ызғары үйге ене алмай, бар жігері құм болып басылатын. Ал, біз қоңыр пешке арқамызды сүйеп қойып мамыражай күйге көшеміз. Көзәйнегін киіп алған әжем сыбырлап кітап оқи бастады. Мен алдына басымды қойып тыңдауға көштім. Негізі, әжем кітапты маған оқып, түсіндіру үшін оқымайды, өзі үшін оқиды. Оқығаны да қызық, іштей көз жүгіртіп оқуға әдеттенбеген, сыбырлаған дауысын анық есту үшін мен әжеме одан сайын жақындай түсемін. Кешегі бастаған «Елім-ай» кітабының бүгін ортасына келдік. Өз заманының адам төзгісіз халін оқып, жүрегі ауыратын болса керек: «Алда, қасқа-ай» деп терең күрсініп алады. Кімді аяғанын білмедім, мүмкін кітап кейіпкерін, мүмкін есіне түскен өз замандастарын.
Сыбыр-сыбыр дауыс. Шырт-шырт етіп жанған от. Қыж-қыж етіп қайнаған қазан. Сарт-сұрт еткен даладағы боран. Пыс-пыс етіп демалған мен. Тыңдап жатырмын. Бір кезде бетіме тамшы тамып кетті. Әжем жылап отыр. Бір-бір көзі шөлмектің түбіндей қап-қалың көзілдірігінің астынан жылжи аққан көз жасы бетіндегі әр әжімнің ізін қуалай жүріп, менің бетіме тамып жатыр. Сонда да оқуын тоқтатпады. «Алда, қасқа-ай» деген бұл жолғы дауысына діріл қоса шықты.
Тыңдап жатып ұйықтап кетіппін. Мұрынды қытықтаған сүр еттің тәтті иісінен ояндым. Әжем кітабының бетін қайырып, көрпесінің үстіне қойыпты да, дастархан жаюға кірісіпті. Кірпігіне қырау қатып, құлақшынын бастыра киген атам қой кезектен келіп жатыр екен. Біздің үйдегі іс-әрекеттің бәрі бірі-бірімен үнсіз байланыста. Атам қай уақытта келетінін алдын ала айтпайды, бірақ атам кіріп келе жатқанда тамақ та пісіп үлгеріп, дастархан жайыла бастайды. Әжем де кітабының бір тарауын аяқтайды. Арада жылдар өтті. Атам қайтыс болды, әжем үлкен ұлының қолына аудан орталығына көшіп кетті. Ортасында жалғыз пеші бар тоқал там бұзылды, орыны күреліп басқа ғимарат салынды. Ауылға газ келді де, бұрынғыдай таласа тезек жинайтын балалардың қолы босап, ерігіп жүрді. Ауыл маңы сиырдың тезегінен қоқып кетті, оны жинайтын, керек ететін адам табылмады. Ал мен үнемі тоңып, бір жылу іздеп жүретін күйге түстім.
Сонау Нарынқолдың Қарасаз ауылынан ары 10 шақырым жерде «Тұзкөл» аталатын шағын көл бар.
Жағрафиялық немесе «саяхатшылар» тілімен айтсақ, ол Алматының оңтүстік -шығысында шамамен 310 шақырым қашықтықта орналасқан.
Бұл еліміздегі құрамында тұзы ең мол көл. Оның тұздылығы Израильдегі "Өлі көлдің" тұзымен шамалас.
Ғалымдар тіпті бұл көлді: "Әлемдік топан судың болғандығын дәлелдейтін бірден-бір айғақ" деп отыр. Мүмкін, болса-болар!
Сонымен, көлдің ерекшелігі неде?
Біріншіден: ол суға шомылсаңыз батпайсыз, тіпті сүңгу де қиын, өйткені судың құрамы тым тығыз. Көлге шілде, тамыз айларында ғана шомылуға болады. Өйткені су салқын.
Екіншіден — емдік қасиеті. Денеңіздегі түрлі жарақаттардан тез айығасыз.
Үшіншіден — "Өлі көлдің" құрамымен шамалас бұл көлден Израильге барғандай әсер алмасаңыз да, "Өлі көлге шомылғандай" қуат аласыз!
Төртіншіден- батпағы. Алматы маңындағы санаторийлердің барлығы да осы көлдің батпағын емделушілеріне ұсынады.
Жарнамасын асырдым деп айта алмаймын, дегенмен жазғы демалыста салқын әрі тыныш жерде бір-екі күн жүргіңіз келсе таптырмас орын!
Айтпақша, күн ашық күндері, сонадайдан «Хан Тәңірі» мен мұндалап анық көрініп тұрады!
Барғыңыз келсе, жекеге хабарласыңыз! Жатын орын, тамақ, қымызбен қамтамасыз етуге көмектесем, әрине қосымша ақыға)))