Дағдарыс дауасы - «Силициум-Казахстан»
Осыдан тұп-тура екі ай бұрын бір кездері елімізде салтанатты түрде Ресеймен бірлесе ашылған «Силициум-Казахстан» кремний зауытының қайта жандануы мүмкін деген сыбыс шығып, ол туралы мен де бірдеңе деген едім. Зауыт ашылғанда басшы ретінде тағайындалып, кейін істі болған Михаил Сутягинский «Ведомости» газетіндегі сұхбатында қазақстандық компаниялармен альянсқа қайта дайын екендігін айтқан болатын.
Сол кездегі пікірлерге қарап мәселе дегенмен оңынан шешілетіндей көрінген. Дегенмен іс әлі де бір орыннан жылжымай тұрған секілді. Ғаламтордағы материалдарды шолсақ, «Силициум-Казахстан» кремний зауытына иелік еткісі келетіндер (Титан және БРК) әлі соттасып жатыр.
Ал бір кездері Сутягинскийге үкім шығарған қазақстандық сот өкілі енді өз шешімінен өзі айнып отырған сыңайы бар. Ресей болса өз кезегінде Сутягиннің Қазақстанда іске аспай қалған басқа да жобаларын мемлекеттік деңгейде қаржыландыруды жоспарлап отыр. Бұл дегенің «Титанның» кремнийсіз де тұралап қалмайтынының бір мысалы.
Істің ақ-қарасы әлі де бұлыңғыр. Дегенмен бір ойым былай дейді: ақыры көршілес әрі экономикалық тәуелді елдер екенбіз. Неге шынында зауытты қайта іске қоспасқа? Девальвациялы дағдарыс кезінде ең болмаса халыққа жұмыс болар еді. Кремнийдің шикізат ретіндегі зор пайдасын қайталамай-ақ қояйын…

Шығарсын, құрсын, не зат?!)
Шикізат біздің елден, ал шығарушы Ресейден. Неге соны өз пайдамызға жаратпасқа? Ресейдің өзі-ақ жақсы нарық. Өйткені қазір шетелден кремний ала алмай отыр санкцияларға байланысты.
Мысалы тек Ресейдің өзінде 18 млн км ұзындықтағы электр сымдарын жаңарту керек. Кремнийсіз бұл сымдарды жаңарту мүмкін емес екен, электр шығындарын біразға азайтатын бірден бір элемент.
Ал электр энергиясын және жылуды үнемдеу үшін күн энергиясын пайдалану үшін де поликремний қажет екен. Қазір осы поликремнийге үлкен сұраныс бар екен.
Жұртқа желіне бермей, қолдағы мүмкіндіктерді пайдаланып көршілерді экономикалық тұрғыда қанауды бастау керек ау қазақтарға? :)