Кішігірім эволюция. Техника эрасына көштік

Конструктор ойыншығы.
Ойынның барысы көрсетілген альбом-кітапшасы бар. Әр бетінде бір немесе екі, кейде үш-төрт қадамнан тұратын графикалық нұсқа берілген.
Төрт жастағы балам альбом бетіндегі нұсқаға сай ойыннын бастады. Басында бір төбе болып үйілген бөлшектің әрқайсының автомобиль моделіне деген қандай қатысы барын нұсқаға қарап анықтап, жарты сағатта әр бөлшек өз орнын тапты. Автомобиль моделі құрастырылды. Оның өзіде жеке ойыншық.
Неге конструктормен ойнаған қызық?
Конструктордың баланы қызықтыратын бірнеше қасиеті бар. Негізгісі механикалық бекініс. Балаларға арналған конструкторларда бірнеше бекініс түрі қолданады. Меніңше балаға деген алғашқы конструкторды таңдағанда бөлшектерді қосуға пазды бекініс қолданатынын таңдаған жөн.
Пазды бекіністі конструкторларда қарапайым бөлшек ретінде пішімі тікбұрышты параллелепипедті кездестірміз. Осындай бөлшектер бір-бірімен пазды бекініс арқылы қосылады. Пазды бекіністер қолдануда ыңғайлы.
Бекіту әдісі.
Көз алдымызға конструктордың қарпайым бөлшегін елестетіп көрелік. Үш өлшемді кеңістіте тік бұрышты параллелепипед. Үстіңгі жағын өз ара тең бөлген екі түйме бар бұл кертік, астыңғы жағында үстіңгі түйме тұстарынан сәйкес ойық, яғни ұя орналасқан. Осындай екі бөлшекті бір-бірімен бекіту үшін біреуін екінші астына қойып беттерін түйістіреміз. Осы кезде астыңғы бөлшектің екі немесе бір түймесі ұяға нығыз кіріп механикалық бекініс жасайды.
Ойша осы бөлшекпен кірпіш қабырғаның фрагментін дәстүрлі әдісіпен қалап көрелік. Екі кірпішті үшінші кірпіш көмегімен жалғаймыз. Яғни, екі бөлшекті түйістіріп қоямыз, сосын орта тұсынан үстінен үшінші бөлшекті қойып бастырамыз. Сол кезде астыңғы бөлшектердің біреуінің оң және екіншісінің сол жақ түймесі үстіңгі бөлшектің ұясына кіріп бекиді.
Конструкторда бөлшектердің түр-түрі көп болғандықтан ойын барысында құрылған модельдің бекіністері берік болады.
Ойын барысы.
Автомобиль тематикалық модельдердің ішінен ең танымалы (меніңше және үйдегі балақайды қалауы бойынша).
Конструкторды және жинауға ұсынылған тематикалық моделін таңдап алып сатып алдым. Одан кейін конструкторды өзім жинап көрдім. Сосын баланың көзіне құрастырып шыққан автомобиль моделін дайын ойыншық ретіндке ұстата бердім.
Балам болса жаңа ойыншықты сынауға кірісті. Оның ерекшелігін әлі білмейді.
Біраздан соң балақай:
-Сынып қалды?, -қолында кабина шатыры.
-Сынған жоқ. Шатырын алып және салуға болады.
Бір-екі рет кабина шатырын ажыратып қосып көрсеттік. Әрине, бұдан кейін конструктордан құрылған модель балақай қолында бөлшектенуге ұшырады.
Дөңгелегі жұлынды. Оп-оңай орнына салынып жөнделеді.
Бала біраз уақыт ішінде қолындағы ойыншықты қиратып істен шығаруға болмайтына көзін жеткізді. Қандайда бір бөлшек ажыратылса орнына қайтадан бекітіледі.
Бірінші күн ойыншықты қайта-қайта қалыпқа келтіріп жинап берумен өтті. Өз бетінше конструкторды жинап үйренбейтінін білдім. Жасы кішкене оның үстіне құрастыру үшін саусақтардың күші де жетпеуі мүмкін, оныда ескердім.
Ойыншықты бөлшектеп, ойыншықты бөлшектерден қайта қалыпына келтіріп құрастырғаным нұсқаға сәйкес істегеп отырғанымды балама түсіндіргім келді және балам конструкторды өз бетімен нұсқасына сәйкес құрастырып үйренгенін қаладым.
Конструктормен ойнатқызып үйретпес бұрын пазл ойынын ойнатқызып үйреткенмін. Онда балам үш жас алты айда болатын. Пазл ойнағанда бөлшектерінің орналасуын жаттап алу ойынның негізі болған. Сондықтан пазл құрғанда бөлшектердің орналасұанын жаттап алуына көңіл бөлгенмін. Балам бір жұма ішінде пазлды өзбетімен жинап үйренген болатын. Жалпы конструктор ойнап үйренгеннен пазлды ойнап үйренген қиынға соқты. Үш жас алты айдағы және төрт жастағы бала арасында айырмашылық бар екен.
Конструкторды да өз бетінше жинап үйрену үшін бір жұмадан аз уақыт кетті. Пазлды құрастырғандағы жаттау тактикасы жарамсыздығын білдім. Бөлшектер орналасуын жаттатқызбай құрастыру нұсқасына жүгінуіне үйреттім. Әрине, кейбір бөлшектердің орналасып алуын жаттап алу деген бар. Ондай кезді байқап қалсам қолындағы жинап жатқан моделін нұсқадағы көрінісімен салыстыруын сұраймын.
Бір жұмадан кейін балам автомобилін нұсқаға сәйкес құрап жатып, құрастырудағы кейбір қадамдарды өзгертіп алды және енгізілген өзгерістер оң нәтиже берді. Яғни автомобилі автомобиль болып қалды.
Жалпы конструктор және пазл ойыны сәтті бұйырды (іздегенде табылмайтын).
Бізге тиген сәтті пазлымыз мынандай болған.
Пазл бөлшектері ірі, яғни, балақайдың алақанынан үлкен, иілгіш. Бөлшектердің паздары қайталанбады. Жиналғанда бір тұтас болып бірігетін (құрастырылған күйде бір ұшынан ұстап жылжытқанда бұзылмайтын). Пазлда құрастырып шыққандағы сурет элементтері ірі болды. Балам суретегі бейнені танып жақсы қабылдады. Оның үстіне пазлдың сыртқы пішіміде оны жинап құрастыруды жеңілдетті.

Пазлды жинауды үшін бала нені білу қажет (3 жас 6 ай):
-Заттың бес-алты түсін ажыратуы тиіс;
-Заттарды ұқсас пішіміне қарап топтастырып немесе бір-бірінен ажыратуы тиіс;
-Қарапайым таңдау жасағанда онымен келіссе ұнайтынын, келіспесе ұнатпайтынын білдіруі тиіс.
Жалпы айтқанда пазлды жинап шығу үшін балақайға өз жасына сай айналаны танып, талдай білуі көмектеседі.

Конструкторды жинау үшін бала нені білу қажет (4 жас 0 ай):
-Ең жоқ дегенде бір автомобиль ойыншының бр дөңгелегін жұлып алуы тиіс (әзіл-шыны аралас);
-Көшедегі көліктерді танып, ажыратуы тиіс. Автобусты жүк авомобилінен. Жүк автомобилін жеңіл автомобильден;
-Автомобильдің кейбір құрама бөліктерін ажыратуы тиіс. Ең жоқ дегенде дөңгелекті;
-Іс-қимылдың бағытын өзгертетуін түсіну қажет, теріс қарату дегенді;
-Заттың алдын және артын, үстіңгі және төменгі жағын қабылдай білуі тиіс, бір-біріне қарама-қарсы мағынада;
-Суреттегі алманы, орындықты, қуыршақты т с. с. бейнені нақты өмірдегі нұсқамен байланыстыра білуі тиіс;
-Қолының қимылының ыңғайы қаламсап немесе қылқалам ұстағанға келуі тиіс. Мағынасы жазып, сурет салуды білуде емес түзу немесе доға тәрізді біркелкі сызып, жолақты бояй білгенінде.
-Алғашқы екі-үш күнде дөңлектен басқа автомобильге қатысты сөздігін кеңейтуі тиіс фар, алдыңғы терезе, капот, шатыр, қанат, руль, орындық (жүргізуші орыны, рульге қарсы бекиді).
-Құрастыру барысында нұсқадағы суретке қарап дұрыс бағытта модельді орналастыра білуі тиіс (өзіңіз үйретесіз құрастыру барысында);
-Құрастырылып болмаған модельде қайсы бөлшектің бар жоғын анықтай білуі тиіс суретке қарап (өзіңіз үйретесіз құрастыру барысында).

P.S: Конструктор құрап үйренген соң конструктор болып өседі, үлкейгенде инженер болады дегеннен аулақпын. Болса бола жатар. Дегенмен, ұл балаға техникаға жақын болғаны дұрыс.

Превьюге www.amic.ru/images/news/news/277631_320.jpg суреті қойылды.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше