Қазақстандағы спорт мектептерінің жағдайы қандай?

Қазақстанның қазіргі мақсаты әлемдік аренада имиджін қалыптастыру. Осы орайда аламан спорттық жарыстардағы спортшыларымыздың жеңісі елімізді танытудың тиімді жолы деп тапты билік. Сол себепті де Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлеріне берілетін сыйдың, қаражаттың сомасы жылдан-жылға ұлғаюда. Ал, меніңше, спортшылардың мотивациясын жеңістен кейінгі қаражатпен арттырып емес, о бастан жағдайын жасағаны жөн сияқты. Еліміздегі спорт мектептері қажетті құрылғылармен жабдықталған, жақсы қаржыландырылады деп айта алмаймыз.
Қарағанды облысы, Абай қаласында орналасқан «Абай аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекетіміздегі үздік спорт мектебінің бірі. Мектеп ғимарат ретінде 1966 жылы ашылғанымен, негізі одан ертерек қаланған. Алдыңғы постта мектептің негізін салған Андрей Богданович Райш мектеп тарихы мен шәкірттері жайлы толыққанды әңгімелеп берген болатын.

Блог - IShyrak: Қазақстандағы спорт мектептерінің жағдайы қандай?

Мектептің мықтылығын оның даңқты спортшыларынан байқауға болады. Еуропа чемпионы Серік Нұрқазов, Сидней олимпиадасына қатысқан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Данияр Мұңайтпасов, екі дүркін әлем чемпионы, Лондон Олимпиадасының алтын медаль жүлдегері, Вэл Баркер кубогының иегері Серік Сәпиев, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Александр және Виктор Зарочинцевтер осы мектептің тәрбиеленушілері. Сондай-ақ, бұл спорт мектебінің қабырғасынан Республикамыздың еңбек сіңрген бес бапкері шыққан. Ал қаншамасы Ресейдің үздік бапкерлері мен спортшылары атанды. Солардың бірі Наталья Рагозина, Олег Маскаев. Төрт жыл сайын ұйымдастырылатын Жазғы Олимпиада ойындарына да Абай спорт мектебінің түлектері жолдама жеңіп алады. Риода өткен Олимпиадада он тоғыз жасар боксшы Абылайхан Жүсіпов пен жеңіл атлет Флорида Миниянова өнер көрсетті.

Елу жылдан артық тарихы бар мектептің жағдайы қандай?

Блог - IShyrak: Қазақстандағы спорт мектептерінің жағдайы қандай?

Бүгінде Абай спорт мектебінде 9 секция белсенді жұмыс жасайды. 722 тәрбиеленуші спортпен шұғылданады.

Блог - IShyrak: Қазақстандағы спорт мектептерінің жағдайы қандай?

Ғимараттың алдыңғы бөлігі керамогранитпен қапталып, терезелері пластикке ауыстырылған демесеңіз, ішкі жағдайы мүлдем басқаша.

Блог - IShyrak: Қазақстандағы спорт мектептерінің жағдайы қандай?

Блог - IShyrak: Қазақстандағы спорт мектептерінің жағдайы қандай?

Блог - IShyrak: Қазақстандағы спорт мектептерінің жағдайы қандай?

Блог - IShyrak: Қазақстандағы спорт мектептерінің жағдайы қандай?

Боялған ескі едендер, тозығы жеткен грушалар, аядай киім шешетін бөлме, кеңес үкіметі кезінен қалған стендтер. Жалғыз бір залдан ғана жаңа құрылғылар көрдік.

Блог - IShyrak: Қазақстандағы спорт мектептерінің жағдайы қандай?

Бұл тренажер залын Болат Алтынбеков есімді жеке кәсіпкер сыйға тартқан. Сондай-ақ Руслан Тушиев атты мектеп түлегі де талай мәрте қаржылай көмек көрсеткен екен. Серік Сәпиевтің Пекинде өткен Олимпиадаға қатысуына осы азамат демеушілік еткен. Тек Қарағанды облысы бойынша ғана емес, Республика деңгейіндегі ең мықты спорт мектебі болғанымен, ең аз қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме. Мектеп тек жаттықтырушылардың ынтасымен ілгері жылжып келеді. Басшылық қолдан келгенше жөндеу жұмыстарын жүргізіп тұруға тырысады.

Блог - IShyrak: Қазақстандағы спорт мектептерінің жағдайы қандай?

Тағы бір деректі назарларыңызға ұсынғым келеді. 2009 жылы Қарағанды облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының жарылғысымен «Абай қаласының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» «Абай ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып ауыстырылыпты. Осы мектептің негізін салып, талай жаттықтырушы мен спортшыны баптаған Андей Богданович Райштың аты неге берілмейді деген ой туындайды.

(Мектеп туралы қысқаша ақпарат 2 минут 22 секундтық видеода)



Қажетті ақпаратты ұсынғаны үшін жетекші қызметін атқарушы Зейнешев Камараддин Рашидовичке алғысымызды білдіреміз.

Менің шындығым немесе Шалқар қандай қала?

Сіздерге ақысыз гид болмақпын бұл жазбада) Білмейтіндерге өзім туып-өскен аймақты таныстырып өткім келеді.
Блог - mazhitova: Менің шындығым немесе Шалқар қандай қала?Мұнда жер бедері сан қилы. Бізге келсеңіз аласа тауларды да, қыратты-белесті даланы да, құмды алқаптарды да, тіпті сорды да көре аласыз. Климатымыз тым континентті. Табиғат-Анадан тиген үлесіміз қуаң, шөлейт белдем болғандықтан – амал жоқ, боранды, қытымыр қыс пен аңызақ, аптап жазға төзуге бейімделіп алғанбыз. Сол үшін көктемде ағын түзеп, арнасы толған өзен-көлдеріміз жазда кеуіп, тартылып қалатыны құпия емес. Күн мен желден энергия өндірер болса (ЭКСПО) біздің жақтың біраз индустриясы мен инновациясы көтеріліп қала ма деп қоям) Жануардан – қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян, ақбөкендер мен жеңіл көлікпен жүрсеңіз жол бойында шоқиып тұрған сарышұнақтарды да көптеп кездестіруге болады. Көбінесе шөлді аймақтарға бейімделген өсімдіктер мен құс атаулысынан да кенде емеспіз.
Блог - mazhitova: Менің шындығым немесе Шалқар қандай қала?Санаулы, негізгі көшелердің басқасымен түнделетіп жүрсеңіз Шалқарды қараңғы қала екен деп немесе асты төмен көлігіме обал болды деп көңіліңіз қалуы ықтимал. Яғни, қараңғыда жалғыз жүруге фобиясы бар адамдар үшін, тәжірибесіз жеңіл көлік жүргізушілері үшін сәл қиындау. Алайда, сеніңіз – біздің тұрғындар батыл әрі автомобильдің құлағында ойнайтын шумахерлер өңкей) Жаздың күндері келсеңіз қонақжай масаларымыз бар – адамды жасы мен жынысына, бойы мен келбетіне қарап бағаламайды, бәрін түгел жақсы көреді. Ыстықтадыңыз ба? Уайымдамаңыз, көліміз бар. «Жазда күнге күйген – қыста ауырмайды» дегенді басты қағида санаймыз. Сол үшін күнге еш кедергісіз күйіп, абсолютті нәтижеге жету үшін жағажайға ешбір көлеңке қоймаған ғой, шіркін! Бәрі табиғи. Кешке серуендегенді ұнатасыз ба? Әрине, болады! Бірақ үйге жақын болсын әрі босқа шаршамасын деп саябақтар салмаған. Есесіне әр үй өз алдымызға өзіндік үстел орнатып алғанбыз. Шағылған шемішке (пісте) қалдығын үзіліссіз есіп тұратын «самал» желіміз ертеңіне жоқ қылады. (қысқасы – бізде бәрі «чики, чики») Бәлкім, ауылдың қызығы да осында шығар… Енді мәдениет жағына ойысайық…
Кинотеатр бізде кеңес үкіметі кезінде болған. Үлкендердің сөзіне қарағанда, кіру тұрмақ, билет алудың өзі қиямет қайым болған екен. Бірақ оның орнында қазір сауда үйі. Ішінде кішігірім кинотеатрша ашылыпты. Бірақ, әлі шикі. Театр жоқ. Есесіне мәдениет үйі бар. Бұрын үздіксіз болып жататын концерттер қазір өз ізін жоғалтып алғандай…
Бірақ, кітапханасына ризамын. Менің сүйікті жерім. Оқимын дегенге мүмкіндіктер алаңы дерсің құдды. Біздің өлке 99% таза қазақтардан құралған. Басқа ұлт өкілдерін кездестіруге болады, ілуде біреу, алайда, олардың өзі қазақшаға судай. Сол себептен, тіл меңгеріп, деңгейін көтерем десеңіз бізге қонаққа келіңіз. Кеңпейілді, бауырмал тұрғындар келген қонағын құт көретін, «су сұрасаң, сүт пен айран беретін» ақкөңіл жандар.
Біздің өлкеден шыққан, елге сыйлы аға-апаларымызды мақтамаймын, ол кісілермен мақтанамын. Әріден бастар болсақ, өз заманында «ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен сұңғыла би» — Мөңке, ұлы музыкант, күйші Қазанғап Тілепбергенұлы, әнші Жанар Айжанова, әнші-термеші Айгүл Елшібаева, қазақ әдебиетіне небір керемет туындылар сыйлаған Тахауи Ахтанов (Шетырғыз), қазақ әзілінің деңгейін көтеріп, «Жайдарманды» жарқыратып шығарған Есен аға Елеукен (Шетырғыз), қазіргі таңда халықтың сүйіктісіне айналған «Ұлы дала баласының» жұлдыз болып жарқырауына үлестерін қосқан Аян Сейітов пен Қайнар Алагөзов сынды жігіттер Шалқардан шыққан. Бұл қатар мұнымен шектелмек емес.
Блог - mazhitova: Менің шындығым немесе Шалқар қандай қала?Қандай болса да, әркімнің өз туған жері – Мысыр шаһары ғой! Қазірде көк тіреген зәулім-зәулім ғимараттардың арасында жүрсем де, Шалқарымның көшелеріне жетпейді. Себебі, бұл аспан – менің балалық шағымның аспаны, бұл өлке – менің небір қуанышым мен қайғыма куә болған өлке. Осында менің бойым өсті, ойым өсті. Махаббат пен мейірімді, шынайылық пен қамқорлықты сезіндірген де осы жақтың адамдары. Шыны керек, кейде қаланың шуынан шаршағанда ауылыңның тыныштығын аңсайтының болады. Бір-екі күнге барып келсе ғой деп) Әттең, 2000 шақырым кедергі. (Оның үстіне екі поезбен қатынайтының тағы бар. Тура поезд болса деп жүрміз ғой… тағы да жанайқайға салып кеттім ба?)
Сонымен екі бөлім етіп жариялаған бұл постты бәріне болмаса да, біреуге ой салар деген ниетпен жаздым. Сонымен қатар, айтылған әңгіме мен естіген сөздерге сеніп, Шалқар турасында біржақты ой қалмаса екен деймін ғой… Бәріне бірдей топырақ шашуға болмайтыны дұрыс тұжырым екендігіне сүйенер болсақ. «Криминал» деп қалыптасып қалған стереотипті бұзайық) Уәде беремін, жақсы ниетпен келсеңіз, Шалқарды жақсы көріп кетесіз!..
Суреттер: Шалқар Береке Күнділданың көзімен
Әрі қарай

Желікпеңдер немесе "ФБ это не сила!"

Қазір Фейсбук соғыс алаңы. Ия, ақпараттық соғыс. Біреуді біреу ғайбаттап, ұрысып, болмайтын мәселені көтеріп, біржақты шешім шығып жатса «ФБ это сила!» деген желпіністерді жиі көреміз. Тіпті #клоут хештегін орынсыз пихать тықпалап, сол көрсеткішті елдің тағдырына шешуге балап жүргендер де жетеді. Жә, ол бөлек әңгіме, ал Фейсбук әлеуметтік желісі расымен біз ойлағандай шынымен мықты ма?

Блог - kozildirik: Желікпеңдер немесе ФБ это не сила!
Әрі қарай

Керек-Ринг ойынына сұрақтар қабылданады

Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг ойынына сұрақтар қабылданады

Керек-Ринг ойынына және жақында басталатын жаңа жобамыз IQas (Айқас) үшін сұрақтар қабылдаймыз. Яғни, сіздер жолдаған сұрақтарды ойыншыларға қоямыз. Сұрақтарыңызды iqas@kerekinfo.kz адресіне жібере аласыздар. Ол үшін аты-жөніңізді, қалаңызды, сұрақ мәтінін, жауабын, түсініктемесін және қайдан алынғанына сілтеме немесе ақпарат көзін (кітап/газет т.б) көрсетсеңіз болғаны. (Егер баспа өнімінен алынған сұрақ болса, кітап авторы, атауы, баспа, жыл, беті. газет-журнал: атауы, жылы, нөмірі, беті.)

Мысалы, былай:

Аршат Ораз (Астана)
Сұрақ: 20-ғасыр басындағы темекі фабрикасындағы жұмысшылар бейнеленген. Ортадағы мінберде Лектор деп аталатын қызметкер отыр. Лектор жұмысшылар монотон жұмыстан жалықпасын деп күнделікті жаңалықтарды оқиды. Алайда фабрика басшыларына лекторлардың солшыл бағыттағы саяси мәтіндерді жиі оқуы ұнамайтын. Сондықтан лектор мамандығы біржолата жойылды. Осылайша 20-жылдары лекторлардың орнына не келді?

Жауап: Радио
Түсініктеме: Радионың кеңінен тарала бастауына және ресми ақпарат таратуына байланысты фабрика басшылары жұмысшылар жалықпасын деп радио қоса бастады.
Сілтеме: www.lookatme.ru/mag/live/inspiration-lists/211631-jobs-obsolete

Керекрингке Астанада қатысып көрген адамдар сұрақ жолдамауы тиіс.
Сұрақтар білетін-білмейтін нәрседен емес, ойын барысында талқыланып жететін логикаға қүралған болуы тиіс, жалпы эрудиция тек ортадағы құрал ғана болып қалуы керек.
Сұрақтарды ойынға таңдау-таңдамау — редакторлардың құқығындағы нәрсе.
Әрі қарай

Тақтар ойынындағы Торғайлар

Блог - asaubota: Тақтар ойынындағы Торғайлар

Танымал «Тақтар ойыны» сериалының 5-маусымынан бастап Торғайлар деп аталатын радикал діни жамағат туралы айтыла бастады. Торғайлар деген кім?

Торғайлар — Бес Патша Соғысының аяқ жағында Өзенді жерлерде қарапайым халықтың арасында пайда бола бастаған діни ағым. Фанатик Торғайлардың пайымдауынша Жеті Патшалықтағы барлық қасіреттің басты себебі — қасиетті сенімнің қағидаларының сақталмауы деп санайды және бұның бәрін қатаң орындалуын талап етеді. Бастапқыда қарапайым талаптары болған бұл жамағат уақыт өте келе үлкен күшке айнала бастады да Жоғарғы Септон сайлауына өз көсемдерін тыға бастады. Одан кейін әскер қатарына да кіре бастады.

Кіші Кеңестің жиналысында патшайым Серсея Ланнистерге астанада Торғайлардың саны 2000-нан асқаны туралы, оларға қарсы бір әрекет жасау керектігі айтылады. Серсея Торғайларды қауіп ретінде қабылдамай, олармен Тақуалар айналыссын, біздің олармен ешқандай ісіміз жоқ дейді. Торғайлар халық арасында өздерінің үгіт-насихаттарын жүргізе береді, қатарлары одан сайын көбейе түседі. Ал, Серсеяға көпестерден және басқалардан арыздар түсе бастайды Торғайлар туралы. Серсея бұл қаңғыбастарды қуып шығу туралы ойланғанымен, бұл ойын жүзеге асыруға асықпайды. Торғайлар болса бұрынғыдан да күшейе түседі, киімдері де, қарулары да түзеле бастайды. Басты діни басшылықтан үміткер Оллидорды бордельде ұстап алып, масқарасын шығарады. Кейін өздерінің көсемдерін көтеріп, Тақуаларды сайлауда оны таңдауға мәжбүр қылады.

Торғайлардың негізгі ұстанымдары дін тазалығы болғанымен, осы арқылы алдымен әскерге, сосын билікке жетеді. Бастапқы кезеңде базарларды қолға алады, арақ-шарап және басқа діни артибуттар сатушыларды жояды, биліктегі адамдардың күнәлі істерін әшекерелеп, оларды өздері басқара бастайды.

Осылайша Торғайлар билікке келеді. Қасиетті Әскерлер деген атпен әскери бір бөлім ретінде де қалыптасады. Торғайлардың құрамында патша тұқымынан Лансель Ланнистер көзге түседі.
Әрі қарай

Еуро-2016 матчтарының ТВ көрсетілім кестесі

Еуро-2016 матчтарының ТВ көрсетілім кестесі

«Қазақстан» Ұлттық арнасы мен «Kazsport» телеарнасы жарыс аясындағы барлық 51 матчты тікелей эфирде көрсетеді.

(Астана уақытымен)

10 маусым, жұма
00:40 Франция — Румыния («Қазақстан»)

11 маусым, сенбі
18:50 Албания — Швейцария (Kazsport)
21:50 Уэльс — Словакия («Қазақстан»)
00:50 Англия — Ресей («Қазақстан»)

12 маусым, жексенбі
18:50 Түркия — Хорватия (Kazsport)
21:50 Польша – Солтүстік Ирландия («Қазақстан»)
00:50 Германия — Украина («Қазақстан»)

13 маусым, дүйсенбі
18:50 Испания — Чехия (Kazsport)
21:50 Ирландия — Швеция («Қазақстан»)
00:50 Бельгия — Италия («Қазақстан»)

14 маусым, сейсенбі
21:50 Австрия — Венгрия («Қазақстан»)
00:50 Португалия — Исландия («Қазақстан»)

15 маусым, сәрсенбі
18:50 Ресей — Словакия (Kazsport)
21:50 Румыния — Швейцария («Қазақстан»)
00:50 Франция — Албания («Қазақстан»)

16 маусым, бейсенбі
18:50 Англия — Уэльс (Kazsport)
21:50 Украина — Солтүстік Ирландия («Қазақстан»)
00:50 Германия — Польша («Қазақстан»)

17 маусым, жұма
18:50 Италия — Швеция (Kazsport)
21:50 Чехия — Хорватия («Қазақстан»)
00:50 Испания — Түркия («Қазақстан»)

18 маусым, сенбі
18:50 Бельгия — Ирландия (Kazsport)
21:50 Исландия — Венгрия («Қазақстан»)
00:50 Португалия — Австрия («Қазақстан»)

19 маусым, жексенбі
00:50 Швейцария — Франция («Қазақстан»)
00:50 Румыния — Албания (Kazsport)

20 маусым, дүйсенбі
00:50 Ресей — Уэльс (Kazsport)
00:50 Словакия — Англия («Қазақстан»)

21 маусым, сейсенбі
21:50 Украина — Польша (Kazsport)
21:50 Солтүстік Ирландия — Германия («Қазақстан»)
00:50 Хорватия — Испания («Қазақстан»)
00:50 Чехия — Түркия (Kazsport)

22 маусым, сәрсенбі
21:50 Венгрия — Португалия («Қазақстан»)
21:50 Исландия — Австрия (Kazsport)
00:50 Италия — Ирландия (Kazsport)
00:50 Швеция — Бельгия («Қазақстан»)

25 маусым, сенбі
18:50 1/8 финал – 1-ші матч (Kazsport)
21:50 1/8 финал – 2-ші матч («Қазақстан»)
00:50 1/8 финал – 3-ші матч («Қазақстан»)

26 маусым, жексенбі
18:50 1/8 финал – 4-ші матч (Kazsport)
21:50 1/8 финал – 5-ші матч («Қазақстан»)
00:50 1/8 финал – 6-шы матч («Қазақстан»)

27 маусым, дүйсенбі
21:50 1/8 финал – 7-ші матч («Қазақстан»)
00:50 1/8 финал – 8-ші матч («Қазақстан»)

30 маусым, бейсенбі
00:50 1/4 финал – 1-ші матч («Қазақстан»)

1 шілде, жұма
00:50 1/4 финал – 2-ші матч («Қазақстан»)

2 шілде, сенбі
00:50 1/4 финал – 3-ші матч («Қазақстан»)

3 шілде, жексенбі
00:50 1/4 финал – 4-ші матч («Қазақстан»)

6 шілде, сәрсенбі
00:50 1/2 финал – 1-ші матч («Қазақстан»)

7 шілде, бейсенбі
00:50 1/2 финал – 2-ші матч («Қазақстан»)

10 шілде, жексенбі
00:50 Финал («Қазақстан»).

Ақпарат kaztrk.kz сайтынан алынды.
Әрі қарай

Келесі тоқсаннан бастап оқимын

Соңғы қоңырау! Балалардың мұғалімдерден құтылып, мұғалімдердің балалардан құтылып мәәз болып жататын кезі ғой. Неге екенін білмеймін "қызыл күн" болмаса да 25 мамырды жақсы көремін. Мектеп бітіргеніме 7 жыл болса да осы күні оқушы кездегі қызықты сәттерді бір еске түсіріп қоямын. ҰБТ-ның әлегі, апта сайын болатын сынақ тесттер, оның жауабын күту, дым сатып алып жемесең де асхананың жанында тұру, дене шынықтыруда «футбол ойнайықшы» деп жалыну, күнделікті жоғалтып жіберіп жаңадан бастау, айына бір рет келетін кезекшілікті айтсаңызшы. «Жүгірме! Жазып аламын» деген сөз жиі есіме түсіп тұрады) Мұғалімдердің «Сен оқысаң оқитын баласың, просто жалқаусың» деген сөздері де есімде) «Мұғалім осы жолы 4-ке қортыңызшы, келесі тоқсаннан бастап оқимын» деп жүргенде 11 жыл өтіп кетіпті ғой. Мен мектеп бітірген жылдары сыйлығыңыз бар, рестораныңыз бар барлығын қосқанда 50 мыңның шамасында жыйнайтынбыз. Бүгін, бір танысым 180 мыңнан жиналып жатырмыз дегенде жағамды ұстадым. Жаға ұстатты деген осы шығар) Айналайындар-ау ата-аналарыңды да ойласаңдаршы! Масқара ғой) Грант ұтып алатыныңа да сенімді емессің ғой…
Блог - ErzhanKhamitov: Келесі тоқсаннан бастап оқимын
ҰБТ-дан өтпей қаламын деп қорқып жүрген оқушылар, УАЙЫМДАМАҢЫЗДАР! 1 жылдан кейін қай пәннен қанша бал алғандарыңызды ұмытып қаласыздар. Барша жас түлектерге сәттілік! Жолдарыңыз болсын!
Әрі қарай

Стақан соғыстыратын "бәжөк" керек (кәрі қыздарға көөп көңіл бөлінеді)

Оқу бітіруге таяған сайын жеңгелер баяғы әдетімен күйеу бала бар ма дей бастайды, ал жезделер «бәжөк» қайда стақан соғыстыратын деп қоймайды. Қайдағыыы,,,, ешкім жоқ. біреуі тым оқымысты, біреуі футбол ойнай алмайтын лох, біреу щешесс ден басқа сөз білмейтін мияу. Оларға қайдан қарайсың, ЖОО бітіріп алып щешесс деп жүрейін сол. Жә, оларды қойшы. Қоғамда негізі кәрі қыздарға көөөп көңіл бөледі. Олар кіріп келсе бәрі жалт қарайды, күлімдеп, мейірлене қалса біреуді тапты ма екен деп, ватцабына намек видео, фотолар жібереді, құрбы, құрдастары тек соны ғана әзілге тығып, күлдіріп отырады. Тағы сондай нәрселермен кәрі қыздарды «жұлдыз» қылып қояды. Содан кейін сол «жұлдыз» борлып ырбиып жүре бергің келеді, әрине. Мысығымен бірге мияулап жүріп, уақыт қалай өткенін білмей қалады. Сөйтіп, көзіне жас алып, мысығын жерлеп, заттарын жинап, өзі қарттар үйіне қарай асықпай аяңдайды.
Ал былай болса ше, кәрі қыздарға обращение азайтсақ ше, (олар да адам) бірақ отбасы болып, бала туғаны жақсы ғой. Достарыма айтып қойдым, отырып қалып жатсам менімен араласпай кетіңдер, сонла күйеуге тиіп кетем, ең болмаса араласатын орта табу үшін деп ))))) «КӘРІ ҚЫЗ» атану тағдыр емес, ол диагноз!!!Блог - Nura: Стақан соғыстыратын бәжөк керек (кәрі қыздарға көөп көңіл бөлінеді)
Әрі қарай