Керек-Ринг ойынына сұрақтар қабылданады

Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг ойынына сұрақтар қабылданады

Керек-Ринг ойынына және жақында басталатын жаңа жобамыз IQas (Айқас) үшін сұрақтар қабылдаймыз. Яғни, сіздер жолдаған сұрақтарды ойыншыларға қоямыз. Сұрақтарыңызды iqas@kerekinfo.kz адресіне жібере аласыздар. Ол үшін аты-жөніңізді, қалаңызды, сұрақ мәтінін, жауабын, түсініктемесін және қайдан алынғанына сілтеме немесе ақпарат көзін (кітап/газет т.б) көрсетсеңіз болғаны. (Егер баспа өнімінен алынған сұрақ болса, кітап авторы, атауы, баспа, жыл, беті. газет-журнал: атауы, жылы, нөмірі, беті.)

Мысалы, былай:

Аршат Ораз (Астана)
Сұрақ: 20-ғасыр басындағы темекі фабрикасындағы жұмысшылар бейнеленген. Ортадағы мінберде Лектор деп аталатын қызметкер отыр. Лектор жұмысшылар монотон жұмыстан жалықпасын деп күнделікті жаңалықтарды оқиды. Алайда фабрика басшыларына лекторлардың солшыл бағыттағы саяси мәтіндерді жиі оқуы ұнамайтын. Сондықтан лектор мамандығы біржолата жойылды. Осылайша 20-жылдары лекторлардың орнына не келді?

Жауап: Радио
Түсініктеме: Радионың кеңінен тарала бастауына және ресми ақпарат таратуына байланысты фабрика басшылары жұмысшылар жалықпасын деп радио қоса бастады.
Сілтеме: www.lookatme.ru/mag/live/inspiration-lists/211631-jobs-obsolete

Керекрингке Астанада қатысып көрген адамдар сұрақ жолдамауы тиіс.
Сұрақтар білетін-білмейтін нәрседен емес, ойын барысында талқыланып жететін логикаға қүралған болуы тиіс, жалпы эрудиция тек ортадағы құрал ғана болып қалуы керек.
Сұрақтарды ойынға таңдау-таңдамау — редакторлардың құқығындағы нәрсе.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше