"До" дегенде келетін "О"

Бала кезімнен бір естелік жазғым келіп отыр. Әкемнің інісі Мағауияның жанына жатып, тракторының алдынан жүгіріп шығатын болыппын кішкене кезімде.Бұл, шамамен 3-4 жасымда. Әріпті бес жасымда танығанымен, үш жасымда кей сұрақтарды меңгереалмайтын болыппын. «А» дегеннен басталатын сөз айтшы дегендерге «Аптобыс» деп мәз қылып жүрсем керек. Әріптер кезегі «О»-ға келгенде «До» дегенде келетін «О» деппін…
Әрі қарай

ҚАЗАҚСТАН – АВСТРИЯ 0:0. АВСТРИЯНЫ АЛЫП ҰРУҒА НЕ ЖЕТПЕДІ?


Футболдан Қазақстан құрамасы өз алаңында Австриямен тең түсті — 0:0. Ойын өрнегі халыққа тағы сеніп ұялады. Жеңіске жетпесек те ойын өрнегі халыққа қуаныш сыйлады. Бізге жеңістің ауылы жақын еді. Бірақ Гридин, Мұжықов, Мұхтаров, Остапенколар тамаша мүмкіндіктерін голға айналдыра алмады. Жеңіс біздің ауылда қалу керек еді. Жігіттерге дәлдік жетіспеді. Сонымен, біз үшін Еуропа біріншілігіне іріктеу сыны аяқталды. Бір жеңіс, бір тең ойын қоржынымызда. Нәтижені сараптау бапкерлер тобы мен федерацияға қалдырармыз. Бірақ бізде мүмкіндік көп еді. Мәселен, Түркиямен тең түсер сәтті уыстан шығарып алдық. Ал бүгін біз Австрияны ұтуға мүмкіндік мол еді. Болмады
Әрі қарай

4 ең

Ең бірінші интернетте хат алысуым. 1997 жылы республикалық олимпиадада танысқан қыздармен мектептегі интернет-класстағы интернет байланысы бар жалғыз компьютер арқылы хат жазысатынмын. Ең қызығы, жазатын мәтінімізді алдын-ала қағазға жазып әкеліп, компьютерде қайта теретініміз және келген жауап хаттарды міндетті түрде принтерден басып шығарып, сақтап қоятынымыз еді… эпистолярлық жанрыңдыссс…

Ең бірінші орысша сөйлеуім. Шамамен 1985-86 жылдар… Ақтөбенің базарында (сол баяғы колхозный ғой) балмұздақ сатып алу. Әкем Ақтөбеге барғанда мені ала кететін, қалаға келген бойда сол базардан балмұздақ сатып алатынбыз. Сол кезде кезекте тұрғанымызда әкем қолыма бірсомдық ақшаны ұстатып, «кезек келгенде, четыре по сто пятьдесят» деп айтсаң, ана орыс апаң балмұздақ береді» дейтін. Содан сол сөзді айта алмасам, балмұздақ ала алмайтындай көріп, кезегім жеткенше дұға жаттағандай қайталап тұратынмын. Қызығы, «четыре по сто пятьдесят» деген сөзді аудармасын 2-классқа өтіп, шашымызға кекіл қойып, бәтеңкенің тазалығына өзім жауап беретін кезде ғана білген болатынмын…

Ең бірінші ұялы телефон. 2002 жылы ғайыптан тайып, Алматыда бір жастардың басқосуында сыйлық ретінде су жаңа «Siemens A35» телефоны бұйырған. «Келіннің бетін кім ашса, сол ыстық » дегендей, нөмірі де жатталып қалыпты-ей, 8-300-365-8671 деген…

Ең бірінші көлік жүргізуім. 14 қыркүйек 1991 жыл. Бұл күні апам тұрмысқа шығып, құда бала екеуміз кешкі тойға әкелерімді алып келуге Алғадан 40 шақырым жердегі Қарабұлақтан совхоздың бас экономистінің УАЗымен шыққанбыз, содан жол бойында «машина айдай алам, папамның машинасын айдаймын» деп бөсіп келе жатқанмын, бір уақытта құда балам машинаны токтатты да, «мә, айдашы» деді. Опшым, не керек, сөйтіп, 29 км машина айдау құқығына ие болып, ол кейін, 29 ай бойы мақтанып, балалардың алдында понт лақтыруға себеп болған-ды…
Әрі қарай

Енді істемеймін...

«Керектегі» жұрттың бәрі "Ұнайды, ұнамайды" эстафетасынан кейін, «Ең, ең»-ге көшті. Мен керісінше өмірімде «Енді осылай жасамаспын» деген нәрсеге пост жазуды ұйғардым.
Студент кезімде рожки мен вермишельді күн сайын жегенім соншалық, оқу бітіргеннен кейін екі жыл вермишель мен рожки жемеспін деп жыларман боп өзіме уәде бергем. Соны орындадым сөзімде тұрып.
Екі жылдан кейін...
Бір күні түсте обедке үйге келдім. Газдың үстінде тұрған қазанды ашып қарасам мама рожки қуырып кетіпті. Екі жыл бойы жемегенім есіме түсіп, әлгі тамақты соғып алдым. Бір қызығы, рожкиді сағынып қалыппын. Мамам да ондай тамақты сирек жасайтын.
Сосын газет жинайтын әдетім бар. Оны да енді істемеймін деп, 2010 жылы жинаған газеттерімнің бәрін мусорға тастап кеттім.
Сосын бастыққа сөз қайтарып, ойымда не тұр, соны лақ еткізіп айтып салып ылғи таяқ жеп жүремін. Соны енді істемеспін деп жүремін… Бірақ кейде бастықтардың кейбір қылығына шыдамай кетіп айтып қоя жаздаймын да… Қазір типа бастыққа сөз қайтармай үндемей құтылуға үйреніп жүрмін.
«Мой мирде» жыныма тиетіндерді «енді сенімен сөйлеспеспін» деп игнорға жөнелтем.
Компьютерімде кейбір материалдарды «ескі, керек емес» деп корзинаға, корзинадан мәңгі бақиға өшіріп тастамауды үйреніп жүрмін. Қанша материалымды өзім өшіріп тастап, соның кейін керек болғанын көріп, «енді өшірмеспін» деп шештім. Сосын біреуге қарыз беріп алып, енді саған бермеспін деп жүретінім. Әлгіден ақшаңды сұрауға өзің ұяласың, бере қояйын деген ол да табылмайды. Кейбірі үзіп-жұлып қайтарады, кейбірі сол күйі лақтырып кететінін қайтерсің… Кейде әлгі қарыз алып күйдіретін адамға тағы да қарыз беретін кездерім болған. Қазір енді солай істемеуге тырысып жүрмін. Сосын «енді косметика сатып алмаспын» дегенді де үйреніп жүрмін. Ол да бір ақшаның жұты. Сосын кока-кола ішуді мүлде доғардым. Бұл мен үшін үлкен бір жетістік болды.
Әрі қарай

Әлемнің ең жылдам голы

Ресейдің екінші дивизионында ойнайтын Новосибирскінің МИТОС командасы мен Геленджиктің «Олимпия» командалары арасындағы ойында футбол тарихындағы ең жылдам гол тіркелді. Голды МИТОС ойыншысы Михаила Осинов ойынның басталғанын білдіретін ысқырықтан кейін бірден ортадан теуіп кіргізді. Матч 11 қыркүйекте болған.

Әрі қарай

Байдың нәскиі

Өте бай кісі өлімінің жақындағанын сезгенінде баласын жанына шақыртып ең маңызды өсиетін айтыпты. «Балам мені мазарға шұлығыммен көміңдер!» депті. Баласы түсінбегенімен жарайды деп қабыл етеді. Әкесі қолына тағы бір хат береді. «Мен өлгеннен кейін бірінші қиналған кезіңде хатты ашып оқы!» дейді.
Күндер өтіп ажалы келген әкесі жан тапсырады. Ал бұл кезде баласын бір ой мазалап жүреді. «Мен енді әкемді шұлықтарымен бірге қалай көмемін...» Қанша молдаға, имамға барса да алғаны бір жауап «жоқ, дінімізде ондай нәрсе болмайды!». Бала шарасыз отырғанда есіне әкесінің «бірінші қиналған кезіңде ашып оқы» деп берген хаты түседі. Дереу хатты тауып оқиды. Хатта былай жазылған болады:
«Балам байқағаныңдай мен мұнша бай болсам да өзіммен бірге бір шұлықты да алып кете алмадым. Енді қалғанын өзің ойлан...»
Сілтемесі осы
Әрі қарай