4 ең
Ең бірінші интернетте хат алысуым. 1997 жылы республикалық олимпиадада танысқан қыздармен мектептегі интернет-класстағы интернет байланысы бар жалғыз компьютер арқылы хат жазысатынмын. Ең қызығы, жазатын мәтінімізді алдын-ала қағазға жазып әкеліп, компьютерде қайта теретініміз және келген жауап хаттарды міндетті түрде принтерден басып шығарып, сақтап қоятынымыз еді… эпистолярлық жанрыңдыссс…
Ең бірінші орысша сөйлеуім. Шамамен 1985-86 жылдар… Ақтөбенің базарында (сол баяғы колхозный ғой) балмұздақ сатып алу. Әкем Ақтөбеге барғанда мені ала кететін, қалаға келген бойда сол базардан балмұздақ сатып алатынбыз. Сол кезде кезекте тұрғанымызда әкем қолыма бірсомдық ақшаны ұстатып, «кезек келгенде, четыре по сто пятьдесят» деп айтсаң, ана орыс апаң балмұздақ береді» дейтін. Содан сол сөзді айта алмасам, балмұздақ ала алмайтындай көріп, кезегім жеткенше дұға жаттағандай қайталап тұратынмын. Қызығы, «четыре по сто пятьдесят» деген сөзді аудармасын 2-классқа өтіп, шашымызға кекіл қойып, бәтеңкенің тазалығына өзім жауап беретін кезде ғана білген болатынмын…
Ең бірінші ұялы телефон. 2002 жылы ғайыптан тайып, Алматыда бір жастардың басқосуында сыйлық ретінде су жаңа «Siemens A35» телефоны бұйырған. «Келіннің бетін кім ашса, сол ыстық » дегендей, нөмірі де жатталып қалыпты-ей, 8-300-365-8671 деген…
Ең бірінші көлік жүргізуім. 14 қыркүйек 1991 жыл. Бұл күні апам тұрмысқа шығып, құда бала екеуміз кешкі тойға әкелерімді алып келуге Алғадан 40 шақырым жердегі Қарабұлақтан совхоздың бас экономистінің УАЗымен шыққанбыз, содан жол бойында «машина айдай алам, папамның машинасын айдаймын» деп бөсіп келе жатқанмын, бір уақытта құда балам машинаны токтатты да, «мә, айдашы» деді. Опшым, не керек, сөйтіп, 29 км машина айдау құқығына ие болып, ол кейін, 29 ай бойы мақтанып, балалардың алдында понт лақтыруға себеп болған-ды…

ең алғашқы нөмірім есіме түсті 83004392999))
Ақмолада биологиядан, Оралда сол жылы қазақ тілі-әдебиетінен өтті.
Интернат болса ол облыстық интернет, сол жылдары жылу-свет жоқ қиын болған. Мен онда сол қалада студент едім
айтар көбейсіннен басқа жазарым жоқ… ))))))))
ойланасың ғой, сонда да сенім жоқ