Байдың нәскиі

Өте бай кісі өлімінің жақындағанын сезгенінде баласын жанына шақыртып ең маңызды өсиетін айтыпты. «Балам мені мазарға шұлығыммен көміңдер!» депті. Баласы түсінбегенімен жарайды деп қабыл етеді. Әкесі қолына тағы бір хат береді. «Мен өлгеннен кейін бірінші қиналған кезіңде хатты ашып оқы!» дейді.
Күндер өтіп ажалы келген әкесі жан тапсырады. Ал бұл кезде баласын бір ой мазалап жүреді. «Мен енді әкемді шұлықтарымен бірге қалай көмемін...» Қанша молдаға, имамға барса да алғаны бір жауап «жоқ, дінімізде ондай нәрсе болмайды!». Бала шарасыз отырғанда есіне әкесінің «бірінші қиналған кезіңде ашып оқы» деп берген хаты түседі. Дереу хатты тауып оқиды. Хатта былай жазылған болады:
«Балам байқағаныңдай мен мұнша бай болсам да өзіммен бірге бір шұлықты да алып кете алмадым. Енді қалғанын өзің ойлан...»
Сілтемесі осы
Бөлісу:

29 пікір

satibaldi
Басқа дінге көшкенінде, шұлық түгілі, комбинезонын арқалап кететін еді. Жәй, тірісінде ойланбаған ғой.
Onlasyn
Әкете бересің ғой, бірақ ол жақта оның пайдасы бола ма?
Esmeralda
Жақсы әңгіме екен.
know_how88
Ілтипәтыңызға рахмет!
balzaminka
дегенмен де, байлықты алып кете алмайды екенмін деп шашудың да қажеті жоқ, ұрпақ несібесі үшін қайта еселеп табу керек
know_how88
Артық байлық адамды аздырады… «Семіздікті қой ғана көтереді...» «Көйлегі көктік, тамағы тоқтық — аздырар ұрпақ-баласын...»
Мақал да мақал, мақал — қақал!
Gastarbaiter
Сей рыцарь просто напрашивается на пресловутое: «Шопағымды жеп қақал!»
balzaminka
Adamdy azdyratn jalkaulyk, napsikumarlyk t.c.c

Sol siyakty artyk bailyk bolmaidy, ewkawan.
Onlasyn
Барлық нәрседе орта жол жақсы ғой
Aqiqat
Ежелгі Египттіктердің діні қандай екен?
Gastarbaiter
Что сука характерно, Ежелгі Египеттіктер ежелгі египеттік көпқұдайшыл дін ұстанған екен, біләд 5-ші сыныптың тарихын оқы, неуч епті
Aqiqat
мадис, адам боласың!
Gastarbaiter
Зато сен адам болмайсың мына түріңмен
blackbeard
Күн құдайы РАңдысссс, Исида епт
Aqiqat
Пыросто, шешесстердің діні құлдарымен қоса жерлеуге рұқсат берген ғой
Gastarbaiter
Бізде Ежелгі Египет болғанда, сені клондарыңмен қоса банндаушы еді.
nurbergen_makym
Осындай әфсаналар толып кетті ғой, қазір. Жұрт аузында онсыз да «бәрімізге бұйыратыны 2 метр жер мен 20 метр ақмата» деген сөз бар. Әйтпесе, мынадай ахлақтарды әжетханасының жарына жазып қойсаңыз да, жүрегіне иман ұяламаған адамның ойлана қоюы неғайбыл. «Көп ішсе, сүт те харам» демей ме. Мұндай әңгімелерді көп жаза бермеу керек деп, ойлаймын…
satibaldi
Иә, мен де аздап түсініңкіремей, тосылып қалғаным. Жаман әфсана деп кесіп айтып, жаңадан қанат бітіп келе жатқан жеткіншектің тамырына балта шапқым келмейді әрине, бірақ бізді қапшыққа жасыра алмайтынымыз сияқты, әңгіменің көрінеу жұпынылығы бәрібір көзге ұрып тұрғандай әсер қалдырады.
Abilakim
«Мұсылман болу әсте-әсте, кәпір болу бір пәсте» демейтін бе еді атам қазақ. Осылай-осылай үйреніп кетеді ғой.
qisyq
Әй, қайдам, қанша жерден көңіліміз осы тектес аңыз-әфсаналара күпті болса да, түптің түбінде, жеме-жемге келгенде ақиқаттығына сеніп, аңыраярымыз анық. Ноу-хау88-дың сылап отырып айтқан әңгімесі сайтымыздың бағыт-бағдарын түзіп, бейнесін анықтауға сәл де болса өзіндік үлесін қосады деп сенемін. Ендеше, көп жазылып қойды деуге келмес, естір құлақ бар екеніне мұндағы «аузы ашылған, көзі жұмылған» пікірлер дәлел.
satibaldi
Иә, мұныңыз да дұрыс: кейде қанымызға сіңді һәм ана сүтімен берілді дейтін ақиқат алдымыздан шыға келгенде күмілжіп қаламыз. Сөйтсек: ол ақиқатты тек біледі екенбіз-дағы ал өмірде кездестірмеген екенбіз ғой!
qisyq
Міне, міне, ащы шындықтың беті ашылды, ауыр жараның аузы тырналды, қанша жерден көпті көрген кемеңгерміз деп кердеңдегенімізбен, күйкентайдың көлеміндей қиыншылыққа кезіксек, қипақтап-ақ қалатынымыз бар.
Gastarbaiter
Тақырыптағы мәселені әр адам әртүрлі жермен сезіп, әр түрлі жерінен өткізуіне байланысты, қорытындысы да әртүрлі болуы мүмкін шығар, ә мырзеке?
qisyq
Әбден мүмкін. Кез келген жағдай-жайт, дүние-мүліктің екі немесе одан да көп жағы болады. Бұл әңгіменің де ғибраты тек біреу деп айту қателік болар.
Qosay
Айрыларсың бір күні
Пайдасыз жанға малыңнан…
Ақылы бар жігіттер,
Шайтанның сақтан құлқынан.
Адам болып біз жүрміз
Атамыз Сафи Адамнан.
Он сегіз мың ғаламның
Нәсібі жерге шашылған,
Бір Алла деп сөйлесе,
Ер талабы ашылған.
Тәуекелсіз, тәубесіз,
Ер қырсыққа шатылған… (Аралбай Оңғарбекұлы)
SaryQazaQ
Осындай әфсаналар көп айтылғаны жақсы. Өмірдің өткінші екенін ұмытып кетіп жатамыз
111
егер қателеспесем бұл оқиға бұлай болған:
әкесі қарапайым намазына бекем адам болады, ал оның ұлы ауқатты адам болса керек. Дүниеге жақындау жан болған екен.
Әкесі өлер алдында баласына өсиет айтады. Өлген кезде аяғымдағы мәсіні ешкімге шешкізбе деп. Сосын қолына хат береді.
Әкесі өлген соң баласының мәсіні шешпе дегеніне ешкім құлақ аспайды. Әкесін арулап қабіргесалады. Баласы әкесінің соңғы өсиетін орындамағанына қынжылып хатты қолына алады екен. Сонда әкесі былай жазған екен хатта: балам мына өмірде маған аяғыма киген ескі мәсімде бұйырмады, ақыретіңді ойла деген екен.
Осы оқиғадан ғибрат алу керек, акесі-шешесі демей…