Сәкенге: ұнайды/ұнамайды:

Сонымен маған:
-қазақ болу, Қазақ елі: жері, суы, ыстығы/суығы, туған ауылым, оқыған мектебім, футбол көру стадионнан, қазақтар жеңіп жатқан кез-келген спорт шарасы, Тоқтар Әубәкіров, Иманғали Тасмағамбетов, Ғалым Боқаш, балалық шақ, қойкезек, айдалада от жағу, жанған отқа қарап отыру, тезекке пісірілген тапа нанның астына салынған шұжық, дарияға шомылу, Керекинфо, электронды пошта, Нокиа телефондары, күләбі қауын, пунктуальдылық.......................ҰНАЙДЫ!

-мәңгүрттер, олардың өз ана тілін білмеу айыбын білімділіктерімен жуып-шаймақ болған тірліктері, менің елімнің ішкі ісіне сырттағылардың араласуы, көлік тығыны, МАИ, трамвай жолдары, Алматыда әлі күнге дейін төбесі жабық стадион болмауы, құрама командамыздың ойындарын қақаған суықта Астанада өткізуі, Бибігүл Төлегенова, Бақыт Сыздықова, оның твиттердегі жазбалары, темекі шегетіндер (қызы болсын, еркегі болсын бәрібір), даңғырлақ музыка, асылған жүгері,… ҰНАМАЙДЫ!
Бөлісу:

26 пікір

araika
асылған жүгері маған ҰНАЙДЫ екен
saken
соны жей алмадым дым.
izbasar
мүмкін суда қайнап піскен ЖүГеРі.
araika
ой-ой, екеуі бір емес пе?
saken
опшым суда қайнатылып асылған жүгері ұнамайды )))
Altygradus
Бибігүл апамыз не жазды аа Сәкен
жанған отқа қарап отыру
темааа
saken
лұтшы ештеңе жазбай-ақ әнін айтып жүре бергенінде ғой.
VKM
Сакен аға патриот! Респект!
Karakyz
жанған отқа қарап отыру
ауылда, қазандықты кеш батқанда жағып, арасында отынын салып қойып, қарап отырған маған да ұнайды, сосын сөне бастағандағы шоқтарының мың құбылғанын қарағанды ұнататынмын, сағынып кеттім
Zilola
Имангали мен тапа нан жагынан катты уксайды екенбiз )))
saken
машинаға қатысты бікүсіміз қатты ұқсайды екен негізі))) А8 әйбәт машина ғой, вмасле болса опшым деседе болаД ))
Zilola
онда ортадан акша эинап сатып алайык. мен демалысымда, ал сен мен вахтада болганда айдайсын
saken
))) даУай, кеттім онда ше дөңгелек кизетке мәшинә таңдауға.
Zere
Айттым ғой, Сәкен, сенің патриоттығыңмен бір мемлекет құруға болады )))
madlen
көлік тығыны жағынан сізге ұқсайтындар көп шығар.
saken
қыркүйек айынан бастап тіпті көбейіп кетті ғой машина легі.
balzaminka
даңғырлақ музыка ұнайда екен деп жүрсем
saken
баяу әуендердің фанымын ғой.
AKA
тезекке пісірілген тапа нанның астына салынған шұжық
шұжықты білмедім, бірақ тапа нан ұнайды, нағашыларымның ауылында тек осындай нан пісіреді  сосын, шоққа аунатып пісірген картоп та күшті
Zhan
шоққа аунатып пісірген картоп та күшті — газға духовкаға пісірп жеуге болады екен. бірақ ауылда шоққа күйдіріп пісіргенге жетпейді бәрібір.
izbasar
-мәңгүрттер, олардың өз ана тілін білмеу айыбын білімділіктерімен жуып-шаймақ болған тірліктері
Келісемін.
Xansha
Ууу!!! Менің ағам НАҒЫЗ ТАЗА ҚАЗАҚ.
satvaldo
мәңгүрттер, олардың өз ана тілін білмеу айыбын білімділіктерімен жуып-шаймақ болған тірліктері
одан да оларды ая, ал әке-шешелерін атып тастасаң да болады.
менің елімнің ішкі ісіне сырттағылардың араласуы
кем дегенде 20-30 жыл ұнатпай жүре тұрасын.
Бақыт Сыздықова, оның твиттердегі жазбалары
мен
командамыздың ойындарын қақаған суықта Астанада өткізуі
осыған мен де қосылам…
MamaAya
)))Талғамы мықты екен!
«Шұжық нан» деген тәтті нан болатын ыстық кезде жеп қою керек біздің кішкентай кезімізде… Тапада пісірмесек те духовкада қазіргі кішкентайларға пісіретін екен...)))
saken
миәәә… өткенді еске салып