Ана тіліміз үшін күрес немесе көз бояушылық...

Достар, қазіргі таңда елімізде ана тілміздің мәртебесі жоғарлап бара жатқаны әрине сөзсіз. Неше түрлі нормативтік-құқықтық актілер қабылданып заңдық тұрғыда негізделіп келсе, қаржылық тұрғыда бөлінетін қаражат есебі де ұлғайып келеді.

Барлық мемлекеттік органдарда құжаттама ресми түрде қазақ тілінде болуын үкімет талап етсе, іс жүзінде өкінішке орай әлі ақсап жүрміз. Кейбір құжаттар мемлекеттік тілде жазылғанымен, көпшілігі орыс тілде жазылып, кейін ғана қазақ тіліне аударылып келеді. Ресми ақпараттар, құжат алмасу процесі толығымен мемлекеттік тілге ауысты дегенмен, дэ факто негізінде олай емес.

Теледидардан көрсететін бағдарламалар да әлі де болса толық тұрғыда, сапалы және мағыналы өнім шығара алмай отыр. Негізінен орыс немесе ағылшын тілінен аударылып көшірме жасаумен айналасуда. Таза түп тамыры қазақ тілінде шығарылатын өнімдер өте аз, оның өзі жеткіліксіз, қанағаттарлық сапаға жеткізе алмай жатыр.

Республика көлемінде симпозиум мен дөңгелек үстелдер, семинарлар мен үлкен жиналыстар мемлекеттік тілдің мәртебесін көтереміз деп сылтаулатып өткізіп жатыр. Оған былтырғы жылы 113 млн теңге жұмсалған екен. Бұл жалпы қазақ тілін дамыту үшін бөлінген қаражаттың 23,6% құрап отыр. Одан қандай нәтижеге жетті?! Ешқандай, тек ақшаны ауаға шашқандай болды.

Ономастика мен қазақ тілінде шығарылатын оқулықтар да мәселесі өзекті болып тұр. Оның сапасы мен іске асырылуы алға жылжи алмай жатыр. Көше атаулары қайдағы жоқ шетел азаматтардың атына беріліп жатса, басылып шығарылған оқулықтар мағынасыз.

Осының барлығымен қоса, енді бізге латынға көшу керек болып тұр. Бұл әрине қажетті әрекет деп санаймын. Бірақ түпкілікті қазақ тілінің мәртебесі көтеріліп, халық арасында,қоғамда сұранысқа ие болмағанша, латынға көшу қиынға соғар. Әрине, «Көш жүре түзілер» дегенмен, біз бар күш-жігерімізді бір жұдырыққа жұмылдырып, бар мәселелерге тойтарыс беруіміз қажет. Өз туған тілімізден желкенбей, достар арасында немесе жанұяда, жұмыста немесе қоғамдық орындарда ұялмай, көкірегімізді көтеріп сөйлеуге тырысуымыз қажет. Егер шала-пұла білсек, кейде қатемен жазып немесе сөйлеп жатсақ, бұл үшін ешкімнен қорықпай емін-еркін ойымызды жеткізе білейік. Осы ұсақ нәрселерден бастасақ, алға жылжуымыз тезірек болатынына сенемін.

Соңғы уақытта өкінішке орай еліміздің зиялы қауым атынан біраз ашық хаттар мен жолдамалар жазылып, басылып келеді. Дегенмен, бұл артық, қажетсіз әрекеттер деп санаймын. Халықты латын бізге керек немесе керек емес деп, іріткі салып, екі жаққа бөлгенше, барлығымыздың басын бір арнаға бұрып, қазақ тілінің дамуы үшін басқалай әрекеттер жасаса пайдасы көбірек болар еді. Жарқын болашағымызға үмітпен қарайық. Қазақ тілі жасасын!!!
Әрі қарай

Hatebook.org – хейтерлер мен мизантроптардың сайты

Ағылшын пәнінің мұғалімі Ұлжан апай айтқандай, «өмірде жаусыз қызық емес» деген сөзден бастағым келіп отыр. Өмірде де, әлеуметтік желілерде де біз дос жинағанды жөн көреміз. Ұнамағандарды жай ғана қара тізімге енгізіп қоя береміз. Мысалға, әлемге танымал әлеуметтік желі Facebook-те қолданушылар бір-біріне достық жібереді. Ал Хейтбук (www.hatebook.org) сайтында керісінше жау жинайсыз. Өзіңізге ұнамайтын, түсінбейтін немесе қабылдай алмайтын әрекеттер мен заттар туралы пікіріңізді жариялайсыз. Осындай антиәлеуметтік желі десек те болады. Біз үшін бір кемшілігі, сайт интерфейсінің ағылшын тілінде болуы, алайда ағылшын тілін осы сайтта өзіңіздің жек көретін нәрсеңіз туралы түсіндіруге немесе өзіңіздің жауларыңыздың жыны келетін нәрселерін түсінуге талпыну арқылы үйренуге болатындай.) Сыртынан болсын, көзінше болсын өсек айтуға да өте таптырмас құрал.
Әрі қарай

Naqyl.kz қазақ мотиваторлар сайты: мақсаты, қолдануы

Жақында 25 қаңтар күні Жаңа-Ой Орталығы naqyl.kz атты жаңа қазақша мотиваторлар сайтын аштық. Бұл сайтты ашуға себеп, өткен жылы zhanaoi.kz сайтын ақпараттық сайт ретінде ашқанда, мотиваторлар деген бөлім болушы еді. Сайтта онымен қоса IT, hi-tech жаңалықтар, бизнес пен психологияға қатысты блогтар, бағдарламалау тілдері сабақтары болса да халық көбірек осы мотиваторларға қызығушылық танытты және әлеуметтік желілерде көп таралды. Сол кезде мотиваторларға арнап бөлек сайт ашу керектігі жайлы жаңа ой пайда болды және ол сайтта тек сайттың әкімшілері ғана емес, кез келген қолданушы жасайтындай мүмкіндік болса деп армандадық. Сонымен 3-4 ай еңбектің арқасында осы сайт пайда болды.
Сайттың айдарларына шолу жасап, қалай қолдану жайлы толығырақ түсіндіріп кетсем деп едім. Себебі көпшілік әлі сайтты түсінбей жатыр.
Әрі қарай

Автоматтандыруға ыңғайлы латын әліппесі


Түбі латын әліппесіне көшуіміз анық болса қазірден дайындалуымыз қажет. Түрлі нұсқалар ұсынылуда. Мен Kerek News сайтында тұрған өз нұсқамды таныстырсам деймін.

Барлығы 34 әріп. Алдымен ешқандай талас тудырмайтын әріптерді қарайық.

Кирилл мен латындағы бірдей әріптер:
А, Е, І, О, К, М, Т.

Баламасы анық, ешқандай талас тудырмайтын әріптер:
B, D, F, G, H, J, L, N, P, R, S, U, V, Y, Z.
Әрі қарай

«1Q84»


Көркем шығармаларға қызығушылығым бала күнімде қалып қойғандай көрінетін. Әсіресе соңғы жылдары мамандығыма, сабағыма қажеті бар кітаптар ғана оқып жүрдім. Жақында қолыма Харуки Муракамидің кітабы тиді. Үш кітаптан тұратын роман.
Әрі қарай

Мұрат Өнал (видео)



Голландиялық қазақ футболшы Мұрат Өналдың биылғы ойындарынан топтама видео.

Биыл Қазақстанға келгісі келіп, басқа командалардың шақыруларынан бас тартқан Мұрат ұзақ уақыт командасыз қалып қойған еді. Кейін Финляндия 2-лигасындағы бір командаға өтіп, ол команданың 1-лигаға шығуына көмектесті. 12 ойында 7 гол соғып, 15 гол пасы жасаған.

Видеодан байқағаным Мұраттың техникасы және пас мәдениеті жақсы дамыған. Қазақстанға келсе немесе Ұлттық құрамаға алынса жақсы болар еді.
Әрі қарай

Оң аяқ, сол аяқ...

Еліміздің кей аймақтарына қыс түсе бастады. Сәйкесінше адамдар әр жерде қалған қысқы киімдерін шығарып, я болмаса сатып алып киінуде. Айтпағым ол емес.
Сонымен, етік алдым. Киіп, жүріп көргендей болғанмын алар кезде. ертесіне жұмысқа киіп барғанымды қайтейін, бір жақ аяғымды қысатын кекілді ме бірдеңе. Осындай оқиғаларға басқалар ұрына ма? адамдардың екі аяғы екі түрлі болады ма? Әлде етік екі түрлі ме? Бір бұл емес, бұрындары да осылай болған секілді ұмытпасам. Барлық жағдайда оң аяғымды сәл қысатын секілді болады. Бір апта жүрген соң барып көзім ашылушы еді. Бір аяғыма 41, бір аяғыма 42 киіп жүрер болсам сырт көзге білінеді ме? Қалай ойлайсыздар?
Етікті киіп кеткен жерім
Әрі қарай