Бостон жарылысы қойылым ба?

Кеше интернетте түрлі сайттардан қызық фото-анализдер көрдім. Соларға қарап шыныменде Бостондағы жарылысты АҚШ өздері қолдан жасаған ба деген ойға келдім. Қарап көріңіздер, пікір жазыңыздар.

Анализ №1 — Алғашқы фотолар бойынша


Кішкене ғана жарылыс дауысы және көп түтін ғана болды. Ал негізінде кем дегенде 20м радиуста бәрін қиратуы керек еді.


Рольдерге арзан актерлар алынған. Капюшондағы жігіт әріптесіне ыңғайланып жатып алған, теңіз жағасында жатқандай.
Әрі қарай

Хард-әдебиет. Стратиллат Меңдешев. "Соңғы кеш"

...7 жұлдызды «Шератон» отелінің швейцары есік алдына келіп тоқтаған «шестерка „Жигулиге“ баруға ықылас таныта қоймады. Сосын ба, ол мәшинеден де ешкім шықпай, қақшиған күйі тұра берді. Күзетке хабарлап, қуып жіберсем бе екен деп ойлады швейцар. Сол-ақ екен, отельден администратор жүгіріп шығып, швейцарды жағадан алды:

— Не қарап тұрсың сен! Оңбаған! Бар, аш есігін!

Швейцар құлықсыз ғана, қолдарын салбыратып, еріне-періне машинаға келіп, артқы есігін ашқаны
Әрі қарай

Транс-талпыныс: жанрлардың құбылуы


«28 аптадан кейін», «Аптап», «Лашықтан шыққан миллионер» секілді атағы алысқа кеткен туындылардың авторы Дэнни Бойл қайталанбас сценарийға деген сүйіспеншілігімен («Жағажай»), болмас жерден бадырайтып белді туынды жасап шығаратын ерекшелігімен («127 сағат») танымал. 57 жастағы маманның бар-жоғы толықметражды 11-ақ фильмі бар, алайда олардың әрқайсысы дерлік көзден таса, көңілден былай қалған емес.
Әрі қарай

Жолдар, жолдар...



Жолдар, жолдар… сен — көнекөз қария,
Ойларыңды айта алмайсың жария.
Жырлар болсаң там(ы)ры терең тарихты,
Жанардан жас ағар бейне дария.

Екі бөлек бұрынғың мен бүгінің,
Оның да бар шығар бәлкім сыры мың.
Шаршатты ма сені көлік дыбысы,
Сағындың ба тұлпарлардың дүбірін?
Әрі қарай

Тәтті сезім...

Әдетте сезімнің тәттісі де, кермек тартқаны да болады. Оны «дәмін» көргендер ғана біледі… Ал, менің татқаным тәтті сезім ғана…
Блог жазуыма бір себеп — өзіммен — өзім сырласудан құтылу ғана. Кейде, бостандықта жүріп те жалғызсырайтын сәттер болады. Қиын шақ осы шығар бәлкім. Ол менен алыста болса да, біздерді сағыныш сезімі жақындастырады. Сағына отырып, қадірімізді білеміз. Сағына отырып жылаймыз. Сағына отырып сырласамыз. Сағынысып барып, кездесеміз…
Соңғы кездесуіміз бірнеше күнге созылғанымен, сағыныш басылмай кетті. Жүректе сағыныштың сарқыншақтары қалды. Кейде сол дұрыс па деп қаламын… «Сағыныш» атты сарғайған гүл қайта гүлдемесе, алыстаған кезеңде тамырына су жетпегендей болып, сезімнің "қурап" қалмасына кім кепіл?
-Қоштаспаймыз кездесеміз.
-Әрине!
Жол үсті. Ойланып келем. Мен жерде, ол әуеде. Ойымыз мүмкін бір жерде… Нәзік сезімімді аялай білген асыл жан сонысымен де бағалы, сонысымен де қымбат. Сол үшін де менің сезімім тәтті...
Әрі қарай

Мені көрген блогкэмп. ИМХО

Бұл жазбаны ешқандай конкурсқа ұсынбаймын. Блогкэмптегі әсерім ғой. Алда-жалда жүлдеге лайықты деп жатсаңдар, үшінші орынды бере салыңдар
Кіріс*
Басында Шымкентке бармаймын деп ойлаған едім. Ауылға барып наурыз өткізу, көмектесу тәрізді жұмыстар блогкэмпке баратын жолымды жапқандай көрінген. Наурыз мерекесі күні таңертең қым-қуыт басталды да, ештеңе ойлауға мұрша болмады. Бір қарасам ұялы телефоныма хабарлама келіп түсіпті. «Наурыз құтты болсын!» Кобус Блок. Әлі ешкімге хабарласпағаным, оның үстіне алғаш болып шетелдік мені құттықтағанына ұялып кеттім. Бірден телефонға жармасып, «А» әріпінен басталатын контактілерге қоңырау шала бастадым. Аты «А»-дан басталатын блогшылар көп екен менде. Олардың дауыстарынан-ақ блогкэмптің аурасы, құрылтайдың қызықты өтетіні бірден сезілді. Соған дейін «барайын ба, бармаймын ба?» деген сұрақ ойландырып келсе, блогшылармен сөйлескеннен кейін нақты шешімге келдім. Барамын! Аман-есен наурызды өткізгесін, 23 күні таңертең «Шымкент қайдасың» деп тартып кеттім.
Әрі қарай

Референдум керек пе бізге?

Еліміздегі оппозиция өкілдері Қазақстанның Кедендік одақтан шығуы, атом электр станциясын салуға жол бермеу, жекешеленіп кеткен стратегиялық маңызды кәсіпорындарды мемлекетке қайтару, әкімдерді сайлау мәселелері төңірегінде жалпыұлттық реферундум өткізуге тырысып жатыр. Егер Орталық сайлау комиссиясы қол қою парақтарын берсе, референдум өткізу үшін 200 000-нан кем емес қол жиналуы керек екен. Сіз қол қояр ма едіңіз?
Әрі қарай

Кесіртке адамдар


Кесіртке деген бауырымен жорғалаушының өз құйрығын тастап кете алатынын білетін шығарсыз? Егер көрмеген болсаңыз қысқаша тоқтала кетейін.

Бала кезімізде қызық көріп кесірткені аулайтынбыз. Қызығы сол – құйрығынан ұстасаң болды, кесіртке құйрығын үзіп тастап өзі құтылып кетеді. Әрине бізге ермек болғанымен, бұл олар үшін басын аман сақтаудың амалы ғой. Мен мұны не үшін айтып отырмын. Бүгінгі таңда дәл осы кесіртке іспеттес адамдар көбейіп бара жатыр. Ашып айтсам, қара басын қорғау үшін қарамағындағыларды шыңырауға итере салатын басшылар жайлы.

Олай дейтінім, кейінгі кездері бір мекемеде былық шықса, көп жағдайда басшысы емес, қарапайым қызметкер бәлелі болатыны әдетке айналғандай. Қаражат жөнсіз жұмсалса есепші кінәлі, мемлекет қаржысы жымқырылса күзетші ұры атанады. Әйтеуір басшыдан басқасы айыпты. Тек жұлып тастайтын «құйрық» табылмаса ғана басекеңдер тұтылуға мәжбүр. Ықлым замандарда бастың қылмысы үшін мойын байғұс айбалтаға түсетін еді. Қалай дегенде де бас пен денені дұрыс жалғамағаны үшін осылай жазалау жөн шығар. Бірақ бүгінгінің «құйрық лақтыру» әдісі қай жағынан алсаң да ақылға сыйымсыз. Өйткені, құзыреті шектеулі жұмысшының биік секіре алмайтыны бесенеден белгілі. Жоғарыдан бұйрық келмесе бас изегіш бағыныштының мұндай қадамға бара қоюы екіталай. Тіпті, бұйрықсыз өз құлқынын толтырды десек те, басшы қайда қараған деген сұрақ қажайды-ау!

Бүгін қазақ контентін дүр сілкіндірген "ҚазПочта" менеджерінің қазақ тілін суахили тіліне теңеуі де осындай жағдай. Тек менеджер-құйрық үзіліп түсіп қалатын сыңайлы. Оны жұмысқа алған басшы қайда қарады екен.

Түйіні сол, Абылай ханның түсіндегідей, «жәндік ұрпағының» дәуірі келгені да. «Бастан құлақ садаға» деген заманда, мойын – салғырт, бас – миқұрт болған кезең келгендей ме, қалай?
Әрі қарай

Ұлтты сақтап қалу не үшін қажет?

Жә, сабыр. Ашуланбай тұра тұрыңыз. Біреудің жынын келтірейін, болмаса, мағынасыз жанжал тудырайын деген ниетім жоқ. Шын сұрақ.
Қазақ ұлтының сақталып қалғанына мүдделі адамдардың бірі мен. Осы уақытқа дейін ұлт, тіл туралы біраз әңгіменің басын шалыппын, жалпы, бәріміз сөйтіп жүрміз ғой. Енді, қызықты қараңыз. Жақында бір қарындас: "Ұлтты сақтап қалудың қажеті қанша",- деген сұрақ қойды. Әуелі абдырап қалдым. Өйткені бұл туралы ойланып та көрмеппін. Содан соң бар ойымды жиып, мейілінше түсінікті, пафоссыз, ұрансыз жауап беруге тырыстым. Жауабым қаншалықты қанағаттарлық шықты, білмедім. Енді сізден сұрап отырмын.
Ұлтты сақтап қалу не үшін қажет?
Әрі қарай

8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні құтты болсын!!!

Құрметті ақ жаулықты әжелер, ардақты аналар, қаракөз қарындастар! Сіздерді жыл мезгілінің ең көрікті де қуанышты мезгілі көктемнің алғашқы мерекесі – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Осынау жарқын мерекенің біздің барлық үміттеріміз бен армандарымызды тығыз байланыстыратын көктемнің алғашқы айының басында келуі, жақсылықтың нышаны болса керек. Қашаннан бергі дәстүріміз бойынша біз бұл күні Сіздерге – аналарымыз бен апа-қарындастарымызға, қыздарымызға ең ыстық құттықтауларымыз бен ең ізгі тілектерімізді жолдаймыз.
Әлемде нәрестеге өмір сыйлап, оны алғашқы қадам басуға үйрететін қасиеттеріңізге тең келер адам жоқ. Сіздердің төзімділіктеріңіз бен махаббаттарыңызға алғысым шексіз!
Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан біздің елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша маңыз беріледі.
Алаштың ұлтжанды азаматтары, ұлттың да, ұрпақтың да бесігін түзейтін, тілімізді де, діңімізді де, ділімізді де ана сүтімен санаға сіңіретін, қазақты тәрбиелейтін қыздарымыз. «Бәрі де адамның өз қолында, ал адам әйелдің алақанында» деген сөз әлемді билейтін де, тербейтін де әйел екенін білдіреді.
Тәуелсіз еліміздің бүгінгі күнге нығайып, әлем таныған абыроймен жетулеріне асыл аналарымыз, ардақты жеңешелеріміз бен апа-әпке, сіңлілеріміздің өлшеусіз үлес қосқандығы ақиқат. Отбасының күнбе-күнгі шаруасын, бала тәрбиесін және қоғамдық жұмыстарды қоса атқара жүріп әйел заты біздің қоғамдағы тұрақтылық пен ел бірлігін сақтау мәселесінде шешуші рөл атқарып келеді.
Ерекше төзімді кәдімгі қазақтың Ұлт аналарына деген құрметімді білдіріп, қолымды жүрегімнің тұсына қойып, иіліп тәжім етемін.
Сіздерге сәттілік пен шаттық көңіл серік болсын. Ер азаматтардың сыйластығы мен құрметіне бөлене беріңіздер.
Көктемгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, әрдайым әдемі, жылы жүректі аналық абыройлы атақтарыңыз биіктей берсін. Зор денсаулық, мәңгі жастық пен сұлулық тілеймін!
Отбасыларыңыз бен өздеріңізге амандық, дендеріңізге саулық, ұзақ әрі шаттыққа толы ғұмыр, шаңырақтарыңызға құт-береке тілеймін. Өңір халқының әл-ауқатын жақсарту жолында атқарып жатқан еңбектеріңізде табыстарға жетіп, үлкен биiктерден көрiнулерiңiзге шын жүректен тілектеспін.
«Күннің шуағы – жылы,
Ананың құшағы – жылы», – дегендей, дүниеде ананың балаға және барша азамзатқа деген мейірімі мен махаббатынан асқан құдірет жоқ. Ананың аялы алақаны мен жылы құшағын сезініп өскен сәбидің арманы не?! Сіздерге биылғы жылы да қуанышы мен қызығын ала келген төл мерекелеріңізді шадыман көңіл күймен қарсы алып, құшақтарыңыз гүлге толсын деген ақжарылған тілегімді білдіремін.
Әрі қарай