Еліміздегі оппозиция өкілдері Қазақстанның Кедендік одақтан шығуы, атом электр станциясын салуға жол бермеу, жекешеленіп кеткен стратегиялық маңызды кәсіпорындарды мемлекетке қайтару, әкімдерді сайлау мәселелері төңірегінде жалпыұлттық реферундум өткізуге тырысып жатыр. Егер Орталық сайлау комиссиясы қол қою парақтарын берсе, референдум өткізу үшін 200 000-нан кем емес қол жиналуы керек екен. Сіз қол қояр ма едіңіз?
АЭС салына берсін, Қазақмыс қайтарылмасын, солай ма? Біздегі оппозицияның қуыршақ оппозиция екенін білемін. Бірақ «Менің үйім жар жағалауында» деп отыра беруге бола ма?
егер біздегі саясат құрылымын білсем, онда қоғамдық ұйым құру керек және оның өкілеттіліктері барлық аймақтарда, аудандарда (әрбір ауылда болуы шарт). Әр азаматтың екеуінің бірі сол қоғамның мүшесі болсақ үкімет бізді тыңдар еді. Мысалы муфтият дегеніміз, кәдімгі қоғамдық бірлестік, сенбесеңіз кез-келген мешіттен барып жарғысын (устав) сұрап көруге болады. Франция мемлекетінің тәртібінен көшірмелер бар секілді, қысқасы капитализм. Барынша қоғамның көп мүшесіне бай, жағдайы жақсы болғанды қалайтын жүйе деседі. Опшым түсінген шығарсын
Опиктердің артында түрлі түсті төнкерісшілер тұрса, керек емес. Әзірге солтүстік көрші не айтса со болады бәрібір. Тәуелсіз (барлық планда) кадрың болу керек, әйтпесе Мағрибте не болғанын көрдік. Барлығын тап-тұйнақы өткізіп болып, өзгерістерден кейін не болғанын түсінбей жүрген қырғыздарға да қарасақ болады. Қысқасы, елдегі адам ресурстарымен қай жерге баратынымыз белгілі. Қазіргі шарттарды оңтайлы қолдана алу керек. Уақыт жоғалту, империалистердің ауыздығын тағу деп түсінетіндер де бар шығар. Бірақ, қара халық дайын емес, имхо.
Қол қоюын қоярмыз. «38-ң» қолы іспетті жеме-жемге келгенде бастаушылардың өздері бытырап қашпаса болғаны. Бастама жақсы. Кедендік одақ деген — үлкен дарияның жанынан арық қазу сияқты. Дария тасығанда жанындағы арық қосылып кетеді емес пе.
12 пікір