Оң аяқ, сол аяқ...
Еліміздің кей аймақтарына қыс түсе бастады. Сәйкесінше адамдар әр жерде қалған қысқы киімдерін шығарып, я болмаса сатып алып киінуде. Айтпағым ол емес.
Сонымен, етік алдым. Киіп, жүріп көргендей болғанмын алар кезде. ертесіне жұмысқа киіп барғанымды қайтейін, бір жақ аяғымды қысатын кекілді ме бірдеңе. Осындай оқиғаларға басқалар ұрына ма? адамдардың екі аяғы екі түрлі болады ма? Әлде етік екі түрлі ме? Бір бұл емес, бұрындары да осылай болған секілді ұмытпасам. Барлық жағдайда оң аяғымды сәл қысатын секілді болады. Бір апта жүрген соң барып көзім ашылушы еді. Бір аяғыма 41, бір аяғыма 42 киіп жүрер болсам сырт көзге білінеді ме? Қалай ойлайсыздар?
Етікті киіп кеткен жерім

Аяқ киім алу маған да проблема болып кетті… 37 тарлау, 38 кең Ол ғана емес, киімдерім де сол, 42 тар, 44-ті тарылтып кимесе болмайды
біреуін шұлықсыз, біреуін шұлықпен киіңіз