Қазнет тарихындағы ең жылдам өткен байқау қорытындыланды

Бүгін Астанада Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен, «Современный город» атты үкіметтік емес ұйым өткізген «Интернет-дода» байқауы қорытындыланды.

Байқауда лауреаттар қатарында орын алған сайтымыз КерекИнфо бұл туралы қорытындыдан 2 күн бұрын хабар алды. Ешқандай қатысуға өтініш білдірмесек те орын алыппыз және біз сияқтылар жалғыз емес. Лауреаттардың көпшілігі бұл байқау және нәтижелері туралы 2-3 күн бұрын ғана білген.

Тіркелген күні 11 қазан 2013 болғанымен алғашқы жаңалығын 16 қыркүйекте жариялаған байқау сайтынан қатысу туралы өтініш формасын, қатысушылар тізімін, әділ қазылар алқасы тізімін таба алмадық.

«Современный город» үкіметтік емес ұйымының сайты да, олар туралы басқа ақпарат та интернет желісінде табылмады. Алайда тапсырыс беруші Білім және ғылым министрлігінің сайтында бұл байқау туралы хабарламаның конкурстық құжаты табылды. Бұл ақпаратқа сенсек «Интернет-дода» байқауына министрлік тарапынан 6250000 теңге қаражат бөлінген.
Блог - asaubota: Қазнет тарихындағы ең жылдам өткен байқау қорытындыланды

Ал конкурстың техникалық спецификациясы мынадай:

Блог - asaubota: Қазнет тарихындағы ең жылдам өткен байқау қорытындыланды

Бұл жерден байқағанымыз техникалық талаптарға соңғы пункт сай. Бірақ бағалы сыйлық ретінде берліген Нокиа 105 телефонының қазіргі нарықтағы бағасы 3100 — 3689 теңге.

Блог - asaubota: Қазнет тарихындағы ең жылдам өткен байқау қорытындыланды

Жеңімпаздарға берілетін арнайы диплом ретінде берілген сертификатта тапсырыс беруші мекеменің аты толық жазылмаған және ешқандай мөр басылмаған.

Блог - asaubota: Қазнет тарихындағы ең жылдам өткен байқау қорытындыланды

Сонымен түсініксіз өткен байқау түсініксіз аяқталды. Мұның есебін енді кім түсіндіреді?
Әрі қарай

Кездесу

Астананың әр шаршы метріне миллиарттаған теңге құйылған әсем көшелерінің бірін бойлай әдеміше келген қазақ келіншек екі жастағы баласын томпаңдатып жетектеп бара жатты. Кенет балақай кілт тоқтап қарсы жаққа қарап таңырқап тұрып қалды. Қарсы алдында өзімен қатарлас, жұпыны киінген сыған баласы күлімсіреп қарап тұрған еді.

Блог - Albatros: Кездесу
Осы сәттегі екі баланың ойын әсемдеп жеткізе алатын жан бар ма? Кішігірім бақылау жұмысы болсын.
Әрі қарай

Талмұт

Кештің бірінде көшеде үлкен ошақ болып от лаулап жанғанын көруге болады. Ошақ қасында төбе болып кітаптар үйіліп жатыр. Әртүрлі ғылым жазылған сан-алуан кітаптар. Кітаптармен лаулаған ошақ ортасында кәрі адамның отырғаны байқалады. Ол кітап үйіндісіне қолын созып іліккенін қолына алады. Кітапты қақ ортасынан жарып қос бет парақтағы жазуларға көзін жүгіртеді. Одан кейін кітап беттерін жауып отқа лақтырады. Осылайша кітаптар отқа түскенде бір — ақ сөз қайталанады:
-Талмұт!, — деп.
Отың жарығы жетпеді ме, көздің өткірлігі кетті ме белгісіз. Маңыздысы — шал кітап бетіндегі жазғанды оқи алмапты.
-О қараңғы шал! Не істедің?, — деп оны аяма, сұра ма. Шал болса әр кітаптың бетінде жазылғанын жатқа білетін. Жатқа білгенімен анда-санда қайталап оқитын. Осы жолы да қайталап оқығысы келді. Бірақ кітаптардағы жазулар оқылмады өйткені сөздер — сөздердің үстіне шыққандай, сөздегі әріптер өздігінен орнын ауыстырғандай көрінді.
Әрі қарай

67 жасар такси жүргізуші апа

Асығыс болған кезде үйге шақыртатын немесе көше бойында тұрып тоқтататын такси жүргізушілері әдетте ер адамдар болып келеді. ШҚО, Аягөз қаласының тұрғыны, 67 жасар Оразхан Манабаева апамыздың такси жүргізушісі болып жүргеніне отыз жылға жуық уақыт өтіпті.


Блог - ademi_alem: 67 жасар такси жүргізуші апа — 1984 жылы Аягөздегі автомектепті «В» категориясы бойынша бітірдім. Күндіз жұмыс істеп, түнгі ауысымда оқыдым. Жүргізу куәлігін алғаннан бері көлік жүргізіп келем. Ол кезде қазіргідей көліктің түр-түрі болған жоқ. «Жигули», «Запорожец», «Москвич», «Волга» және тағы да басқа шектеулі ғана түрі болды. Шаруашылық меңгерушісі маған «Запорожец» көлігін берді. Елдер жаяу келгенше, мен машинамен екі бөшке сыра сатып, жоспарды жақсы орындап жүрдім. Өкімет құлаған жылдан бері таксист болдым, — дейді Оразхан апа өткен-кеткен күндерін есіне алып.
Әрі қарай

Тауық сою

Тауық асырап көрген адамсыңдар ма өздерің? © Сатыбалды


Блог - Korkem: Тауық сою

Шын, мен тауық сойып көрмегенмін соятын да ойым жоқ, бірақ сойватқан кезде ұстап тұрғаным рас еді. Басын балтамен шабайын деп тұрып, маған «жіберіп қойма!» деп ескерткен. Бәлеге ма, балтамен аямай-ақ «тарс» еткенде шошынғаннан жібере салғанмын. Сосын анау басы жоқ тауық ойбайлап қашсын, сол бойы ұстатпай қойды. Міне, саған «тауық сорпа!»
Әрі қарай

Хайфаның «Маккабиі»

Футбол, тек қана футбол!: Хайфаның «Маккабиі»Қазанның 3-і күні Астанада қарағандылық «Шахтер» мен «Маккаби» (Хайфа) клубтары кездеседі. Бұл Еуропа лигасының топтық кезеңінің екінші тур ойындары. «Шахтердің» Еуропа лигасының топтық кезеңі аясында Қазақстанда өткізетін алғашқы матчы.

Хайфаның «Маккабиі» Қазақстанға осымен екінші рет келмекші. Оның алдында 2009 жылы Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде «Ақтөбемен» кездескен еді. Ақтөбеде өткен ойын 0:0 болып аяқталса, Израильде 4:3 есебімен хайфалық жігіттер басым түскен болатын. Матчтың алғашы 15 минутында үш доп соққан Муханов шәкірттерін ойынды тамашалап отырған көрерменнің ешқайсысы жеңіледі деп ойламаған шығар. Бірақ, сол ойында Сидельников қақпасынан төрт доп алып шығуға мәжбүр болды. Демек, бұл команданың кездесудің соңына дейін табандылық танытып оңайшылықпен берілмейтіні көрініп тұр.

Бірінші турда «Шахтер» ежелгі Эллада еліне барып, ПАОК-тан соңғы минутта өкінішке қарай ұтылып қалды. Тағы да сол соңғы минуттар синдромынан құтыла алмай келеміз…

Ал «Маккаби» өз алаңында АЗ (Голландия) клубына 0:1 есебімен жол берді.

Хайфаның «Маккаби» клубы 1913 жылы құрылған. Израилдың 12 дүркін чемпионы. Бес рет ел кубогында жеңіске жетккен. Сондай-ақ, төрт рет Израиль лигасының кубогын олжалаған.

УЕФА Чемпиондар лигасының 2002/03 жылғы маусымында «Маккаби» алғаш рет аталмыш турнирдің топтық кезеңіне жолдама алды. Осылайша Израиль футбол тарихында Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққан алғашқы команда ретінде тарихта қалды. Сол жылы хайфалықтар бүкіл әлемді таңқалдыратын сенсация жасады. Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің дебютаны «Маккаби» аузын айға білеген, Сэр Алекс Фергюсен жаттықтыратын «Манчестер Юнайтедті» 3:0 есебімен ойсырата ұттты.

Соңғы 10 жыл көлемінде Израиль чемпионатында 7 рет жеңіске жетіп, 2 рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алған. Сондай-ақ, 4 рет Еуропа лигасының топтық кезеңінде өнер көрсеткен. 2007 жылы ширек финалға дейін жетті.

Чемпиондар лигасының 2009/10 жылғы маусымында топтық кезеңде бірде-бір кездесу жеңіске жетпеген әрі бір голда соқпаған алғашқы команда ретінде тіркелді. «Маккабидің» тобына сол жылы «Бордо», «Ювентус», «Бавария» сияқты ең мықты командалар түскен болатын.

«Маккабиде» кезінде Йосси Бенаюн, Олег Кузнецов, Якуби Айегбени сияқты танымал футболшылар өнер көрсеткен.

«Шахтер» Еурпа лигасында өнер көрсетіп жүрген командалардың ішінде ең шығысында орналасқан. Хайфа мен Астананың арасы 3600 шақырым.

Қарағандылық клуб биылғы жылы еуродода аясында Қазақстанда өткізген үш кездесудің ешқайсында өз қақпасына бірде-бір гол жіберген жоқ. Бұл жолы да солай болса, қоржынға алғашқы үш ұпайды салуға тамаша мүмкіндік туып тұр.

Израил біріншілігінің соңғы турында «Маккаби» «Бней-Сахнин» клубымен 0:0 есебімен тең тарқасты.
Әрі қарай

Шымкент IT-Астана бола ала ма?

  • KazNET
KazNET: Шымкент IT-Астана бола ала ма?

Биыл Шымқалаға 2 рет бардым. Шымкенттік жігіттермен де биыл жақын таныса түстім деп ойлаймын. Соңғы рет TechX форумында айтқанмын «Шымкент — еліміздің IT-Астанасы» деп. Неге бұлай ойлайтынымды айта кетейін.

Ұйымдастырушы және тех күш
Шымкентте ІТ саласында еңбек етіп жүрген біраз жігіт бар.
Әрі қарай

Кім кімді таңдайды?

Жалпы, жігіттер мен қыздардың көбісі таңдалғанды емес, таңдағанды жақсы көретіні баршамызға да белгілі. Бірақ бір-бірін бірдей таңдау жағдайлары өте сирек кездеседі. Қарым-қатынаста кімнің кімді таңдағанын кімнің кімге керегірек екенінен түсінуге болатын шығар. Ал кімнің кімге керегірек екенін байқау қиын емес. Сонымен, көп жағдайда кім кімді таңдайды деп ойлайсыз?
Бір сұрақ: Кім кімді таңдайды?
Әрі қарай

Өлсем де бұлай...

Киімді не үшін киеміз? Онсыз да түсінікті нәрсеге түсіндіретін коммент беріп мыжғым кеп тұрған жоқ. Бірақ, рамкадан шығып кететін де кездер бар, оны мынадай түсініктегілер жасай ма сонда?

Менде бір керемет сюжет бар...: Өлсем де бұлай...Апамыз ниче қартайдым деп тұрған жоқ
Әрі қарай

"Динамо" - "Ақтөбе" 5:1


Сонымен «Ақтөбенің» Еуропа Лигасы серуені де аяқталды. «Динамодан» кеше 5:1, жалпы 8:3 есебімен жеңіліп, Еуропа Лигасы топтық кезеңіне шыға алмады. Енді тек кішкентай ғана үміт қалып тұр. УЕФАдан дисквалификация алған Фенербахченің орнына баратын команда бүгін жеребе арқылы анықталады. Кеше жеңілген 30 команда бүгінгі лотереяға қатысады.
Әрі қарай