Қазнет тарихындағы ең жылдам өткен байқау қорытындыланды
Бүгін Астанада Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен, «Современный город» атты үкіметтік емес ұйым өткізген «Интернет-дода» байқауы қорытындыланды.
Байқауда лауреаттар қатарында орын алған сайтымыз КерекИнфо бұл туралы қорытындыдан 2 күн бұрын хабар алды. Ешқандай қатысуға өтініш білдірмесек те орын алыппыз және біз сияқтылар жалғыз емес. Лауреаттардың көпшілігі бұл байқау және нәтижелері туралы 2-3 күн бұрын ғана білген.
Тіркелген күні 11 қазан 2013 болғанымен алғашқы жаңалығын 16 қыркүйекте жариялаған байқау сайтынан қатысу туралы өтініш формасын, қатысушылар тізімін, әділ қазылар алқасы тізімін таба алмадық.
«Современный город» үкіметтік емес ұйымының сайты да, олар туралы басқа ақпарат та интернет желісінде табылмады. Алайда тапсырыс беруші Білім және ғылым министрлігінің сайтында бұл байқау туралы хабарламаның конкурстық құжаты табылды. Бұл ақпаратқа сенсек «Интернет-дода» байқауына министрлік тарапынан 6250000 теңге қаражат бөлінген.
Ал конкурстың техникалық спецификациясы мынадай:
Бұл жерден байқағанымыз техникалық талаптарға соңғы пункт сай. Бірақ бағалы сыйлық ретінде берліген Нокиа 105 телефонының қазіргі нарықтағы бағасы 3100 — 3689 теңге.
Жеңімпаздарға берілетін арнайы диплом ретінде берілген сертификатта тапсырыс беруші мекеменің аты толық жазылмаған және ешқандай мөр басылмаған.
Сонымен түсініксіз өткен байқау түсініксіз аяқталды. Мұның есебін енді кім түсіндіреді?

Ұйымдастырушылардың ішінде интернеттегі қазақ тілді ортамен тығыз байланыстағы біреу бары анық.
Осы түсініктен шығуы үшін «АҚПАРАТТЫҚ ШУДЫ» жақсы жасап, к@ттерін ойнату керек. Келесі жолы ойланып қадам басады, дұрысы санасады.
Әрине мұндай байқаулардың ұйымдастырылуының өзі алға жылжу, қуануға болады. Олардың тек өздеріне қажетті ақшаны шығарып алуы үшін Қазақша сайттарды пайдаланып отырғанын елемесек.
Данияр брат, мені толғандыратыны — былық-шылығы бар-жоғы әзірге беймәлім байқаудың жеңімпазы болған Massaget.kz сайтына, оның блогерлеріне тіл тигізу болмаса екен деймін. Өзімізді бұл байқауға ұсынбадық та. Телефон соғып, марапаттауға шақырды. Қазақ интернеті үшін жүргенімізді "қомақты" ақша алатынымыз бүркемелеп жүрген сыңайлы. Осы ғой.
6250000 теңге жалпы конкурстың бюджеті
жеңімпаздар саны — 20
марапаттау құны күмәнді сертификат пен Сатыбалдының «Тәубетьюб» стиліндегі қарабайыр тілипон — шамамен 4 мың теңге
марапаттауға кеткен шығын — 80 мың теңге,
ұйымдастыру шығындарынан бізге белгілісі конкурстың сайты — бізге белгілі кәсіптік деңгеймен алғанда Аршатқа шамалас келетін белгісіз сайт жасаушының 2 литр сыра, тіскебасарымен және бір қорап темекісімен, мүмкін бір күндік түскі асымен және өзіне қажетті конкурсқа қажеті жоқ интернет материалдарды (ПОРНОСЫ, ӘНЕГІ, т.б. қоса алғанда) жүктеуге кеткен интернет-трафигімен, онымен келісуге қолданылған ұялы байланыс шығындарын қоса алғанда — әрі кетсе 20 мың теңге.
сонымен 100 мың теңге жұмсалды. қалғаны 6150000теңге.
6150000теңгені 20 жеңімпазға бөлгенде әр жеңімпаз сайттан 307500 теңге
бүгінгі күнгі валюта бағамымен есептегенде (1 АҚШ долларына — 153,75 теңге) — 2000 АҚШ доллары
20 жеңімпаздан 40 мың АҚШ доллары есебінде таза пайда.
Мысалға егер бұл доданы Нұрғиса ұйымдастырса, астындағы елулік Камриін тегін алып, оны тума-туыс, дос жаран, осы доданың жеңімпаздары, басқа да, тегін ас пен ішімдікке кетәрі емес, интернетпайдаланушыларымен қосылып, жууға жететін ақша артылатын еді. Ал, сендер, (оның ішінде біздер де бармыз құрметті сайттастар) 4000 теңгенің сыйлығын алып, белгісіз біреуге әрқайсысың 2000 доллардан сыйлық бердіңдер.
Қорытынды: Қазнеттің қазақтілді сайттары әлі лузерлік деңгейдеміз. МОЙЫНДАЙЫҚ!
Пы.сы. ҚАЖЫДЫМ, ӘНАССССС…
Пы.сының. Пы.сысы. Арчи, тілипоныңды жумайсың ба, нақ?
Рекоменделеді: бір стақан ыстық сүт, бір ас қасық бал, бір тал круассан және «Наверное Боги сошли с ума» комедиясы.
Пу.си: Алдеке, маған жасалған реферансты ұғыңқырамадым, бірақ, жалпы, кәуап таяғының ешбір ұшы маған тимеген сияқты
Мурат Абенов Ақпараттарың өте пайдалы, рақмет. Жастар саясатымен айналысатын комитет төрағасы Ғ.Оспанкуловқа жеткіземін. Жылдың соңында осы жобаларды «актымен» қабылдайтын комитет мамандары дұрыстап қарау керек. Жасалмаған жұмысты жасалды деп бағалау және оған мемлекеттің қаржысын берү- ол қылмыс. Биыл қазақ тілін IT саласында дамытуға арнай бірнеше (20 млн астам қаржыға ) жоба жоспарланды. Бірақ өкініштісі оларды іске асыруға, осы тақырыпты бұрын көтеріп жүрген, жастардың арасында танымал азаматтар тартылмады. Ал жақсы идея үшін емес, тек ақша табу мақсатымен жасалған дүние осылай болады. Маман ретінде жобаны мықты іске асыратын емес, тек конкурс құжаттарын сапалы жасауға үйренген ұйымдар утатып алды (көбісін ешкім танымайды, жақында құрылған ). Оларды тек жылдың соңында осындай нәтижесін бақылап анықтамаса — басқаша ұстатпайды (құжаттарында кемшілік жоқ ). Өткен жылдың жастар саясатына жумсалған қаржыны игерү нәтижесін тескерү барысында, тапсырылған шараны сапалы атқармай тек «есебін» ғана «жақсы» берген бірнеше ұйым анықталды. Прокуратура қызметкерлері миллиондаған қаржы заңсыз жұмсалғанын дәлелдеп, Қаржы полициясы комитет қызметкерлеріне іс қозғап, кәзір тергеу шаралары жүріп жатыр. Биыл, мен байқадым, бастарына тимеді — ұтып алғандардын арасында тағы да «пысықтар» көп. Ал оны тек осындай қоғамдық бақылаумен анықтауға болады. Реті келсе, тек сын пікір айтып қоя салмай осылай көтерген дұрыс. Ал бей жай қарамайтын қоғамдық ұйымдар атынан ресми хат жолданса — заңды түрде тексеруге негіз болады. Солай…
БҒМда бұл алғашқы скандал емес сияқты. басқа косяктар да шығып жатыр
бір еврей бір шаруадан есек сатып алмақшы болады. есектің ақшасын, яғни 100 долларын шаруаға төлеп, одан есекті ертең үйіне әкеп тастауын сұрайды. ертеңіне шаруа еврейге келіп тұр екен.
— есек өліп қалды
— жарайды. өлігін үйіме әкеп таста
— оны қайтесің?
— ұтысқа шығарам
— өлі есекті ме? кімге керек ол?
— мен оның өлі екенін ешкімге айтпаймын ғой, хехехе.
арада біраз уақыт өтеді. шаруа мен еврей тағы ұшырасады. шаруа:
— иә, ұтысың не болды?
— айтқандай, есекті ұтысқа шығардым — бағасы 2 долларлық 500 лоторея билетін сатып, таза табысым 898 долларды құрады
— қой-ей! қалайша? сонда ешкім ештеңе демеді ме?
— деді ғой. ұтысты ұтып алған адам шағымданды, есегінің өлі болып шыққанына. мен оған оның 2 долларын қайтарып бере салдым. сонымен шаруа бітті.