Қазнет тарихындағы ең жылдам өткен байқау қорытындыланды

Бүгін Астанада Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен, «Современный город» атты үкіметтік емес ұйым өткізген «Интернет-дода» байқауы қорытындыланды.

Байқауда лауреаттар қатарында орын алған сайтымыз КерекИнфо бұл туралы қорытындыдан 2 күн бұрын хабар алды. Ешқандай қатысуға өтініш білдірмесек те орын алыппыз және біз сияқтылар жалғыз емес. Лауреаттардың көпшілігі бұл байқау және нәтижелері туралы 2-3 күн бұрын ғана білген.

Тіркелген күні 11 қазан 2013 болғанымен алғашқы жаңалығын 16 қыркүйекте жариялаған байқау сайтынан қатысу туралы өтініш формасын, қатысушылар тізімін, әділ қазылар алқасы тізімін таба алмадық.

«Современный город» үкіметтік емес ұйымының сайты да, олар туралы басқа ақпарат та интернет желісінде табылмады. Алайда тапсырыс беруші Білім және ғылым министрлігінің сайтында бұл байқау туралы хабарламаның конкурстық құжаты табылды. Бұл ақпаратқа сенсек «Интернет-дода» байқауына министрлік тарапынан 6250000 теңге қаражат бөлінген.
Блог - asaubota: Қазнет тарихындағы ең жылдам өткен байқау қорытындыланды

Ал конкурстың техникалық спецификациясы мынадай:

Блог - asaubota: Қазнет тарихындағы ең жылдам өткен байқау қорытындыланды

Бұл жерден байқағанымыз техникалық талаптарға соңғы пункт сай. Бірақ бағалы сыйлық ретінде берліген Нокиа 105 телефонының қазіргі нарықтағы бағасы 3100 — 3689 теңге.

Блог - asaubota: Қазнет тарихындағы ең жылдам өткен байқау қорытындыланды

Жеңімпаздарға берілетін арнайы диплом ретінде берілген сертификатта тапсырыс беруші мекеменің аты толық жазылмаған және ешқандай мөр басылмаған.

Блог - asaubota: Қазнет тарихындағы ең жылдам өткен байқау қорытындыланды

Сонымен түсініксіз өткен байқау түсініксіз аяқталды. Мұның есебін енді кім түсіндіреді?
Әрі қарай