Шымкент IT-Астана бола ала ма?
Биыл Шымқалаға 2 рет бардым. Шымкенттік жігіттермен де биыл жақын таныса түстім деп ойлаймын. Соңғы рет TechX форумында айтқанмын «Шымкент — еліміздің IT-Астанасы» деп. Неге бұлай ойлайтынымды айта кетейін.
Ұйымдастырушы және тех күш
Шымкентте ІТ саласында еңбек етіп жүрген біраз жігіт бар. Қазнетке қосып жатқан үлестерінен бөлек ұйымдастыру жағынан да белсенді екендерін көріп жүрміз. Биыл 2 шара өткізу оңай емес. Белсенді блогерлерге де бай қала. ІТ-шілер мен блогерлардың тандемы мықты.
Жергілікті басшылықтан қолдау
Шымкенттік жігіттер облыс және қала әкімшілігімен тығыз байланыста. Қос әкімдіктің баспасөз қызметі де белсенді. Наурызда өткен Блог құрылтайға облыс әкімі Асқар Мырзахметов қолдау көрсетіп, өзі де келіп, құрылтайға қатысушыларға "қош келдің" айтқанын білеміз. Ал TechX форум Шымкент қалалық әкімдігінің демеушілігімен өтті. Қала әкімі Дархан Сатыбалды форумнан бір күн бұрын блог-тур ұйымдастырып, кешкісін қатысушыларға дастархан жайды. Оның әңгімесінен үлкен мегаполиске айналатын қаланы ІТ саласымен де байланыстырғысы келетінін ұқтық.
География және экономикалық жағдай
Қыс-күз мезгілдерінде де іс-шаралар өткізуге қолайлы қала. Көлік қатынасы жағынан да ыңғайлы барлық аймақтар үшін. Қаладағы бағалар шынымен арзан басқа қалалармен салыстырғанда. Демалысқа арналған қала деуге болады.
ІТ университет мүмкіндігі
Форум барысында естігеніміздей Шымкентте жеке университет салынбақшы. ІТ-ға арналған техникалық университет болады деген жорамал бар. Егер солай болатын болса ол университетке Орталық Азияның басқа елдерінен де студенттер келіп оқиды. Бұл университет Шымкенттің ІТ-Астана болуында басты фактор болады деп те айтуға болады.
деген пікірім, Даниярға бағытталған ед, не болд, сонша ақталып, а?