Тауық сою

Тауық асырап көрген адамсыңдар ма өздерің? © Сатыбалды


Блог - Korkem: Тауық сою

Шын, мен тауық сойып көрмегенмін соятын да ойым жоқ, бірақ сойватқан кезде ұстап тұрғаным рас еді. Басын балтамен шабайын деп тұрып, маған «жіберіп қойма!» деп ескерткен. Бәлеге ма, балтамен аямай-ақ «тарс» еткенде шошынғаннан жібере салғанмын. Сосын анау басы жоқ тауық ойбайлап қашсын, сол бойы ұстатпай қойды. Міне, саған «тауық сорпа!»

Айтпағым бұл емес еді негізі. Менің бір жеңгем ағама 31 жасында екінші әйелі болып, қыз күйінде тұрмысқа шықты. Сол жеңгем орысша оқыған, тік мінезділеу еді. Барды «бар!», жоқты «жоқ!» деп бетке тіке айта беретін. «Адам біреуді емес өз-өзін әбеспечит ететін болғандықтан істеп жүрген жұмысынан ұялмау керек. Главное, адал ақша тап!» дейтін, ол бір мекемеге басшылық жасайтын да, арзымайтын ақша арыға да, беріге де жетпейтін болғасын түстен кейін бір жекеменшіктің полын жуып қосымша ақша табатын. Ол үшін намыстанып жатпайтын да.

Мен ес жиып, етегімді жапқалы байқағаным біздің айналамыздағы көршілеріміздің бәрі орыстар болатын. Орыс балалармен ойнап өстім. Өзіммен қатар өскен сол балалар, біз оқу бітірген соң оқуға түсіп те жатпады, қатарымнан қалдым деп мұңайып та жатпады. Таня есімді бір көршіміз ауруханаға уборщица болып орналасты. Сол Таняны ауруханада пол жуушы десе ешкім сенбейтін. Себебі ол онда пол жуғанымен жұмыстан шыққанан кейін олигархтың әйеліндей жүруші еді, қолдарын да күтіп ұстайды, киінгені қандай?!

Менің ағайын аға-әпкелерімнің бәрі де орысша сауат ашқан, орысша ойлайды, орысша сөйлейді. Егер бір ойын жеткізу керек болса алдымен орысша ойлап, одан кейін барып қазақша жеткізеді. Солардың бәрі де бір-бір мекеменің бастығы, үлкен қызметтің иелері. Қара жер хабар бермесін, қайбір кездері бір ағамыз жылы орынынан түсіп қалды да, табылған қара жұмыс істеуге намыстанды. Оның түсінігінше «Бастық бастық болып қалу керек!». Келесі бір «жылы» орынды күткен күйі отбасына сыйымсыз болды. Әрине, отбасын асырай алмайтын еркек кімге керек? Сол күйі арақпен достасты да, зейнеткерлікке ілінем дегенше қайтпас сапарға кете барды.

Құдайдың құдіретімен алда-жалда Абай Отар үйіңізге газет әкеп тұратын почтальон болса бірден не ойлайс?
Блог - Korkem: Тауық сою

Орныңыздан түсіп қалсаңыз отбасын асырау мақсатында кез-келген қара жұмысқа көндіге аласыз ба? Мысалы, компьютердің алдынан бір жола түсіп, стройкаға кетсеңіз?

Қазақ десе өзіңе тиеді, айтпақ ойым орысты ақтап, қазақтарды даттау емес. Абайдың өзі "өнер-орыста" деп кеткен. Орыстың тілін емес, дінін емес, арағын емес өнерін, сабырын, жақсы жағын жұқтырсақ қайтер екен?

Осы шынымен-ақ тауық асырап, сойып көріп пе едіңіздер? Немесе жұмсақ креслодан жерге түсіп, тауық сою қиын ба?
Бөлісу:

10 пікір

Korkem
Сурет Абай Отардың рұқсатымен қойылды)))
Daniar-Alan


пост жақсы  бірақ жоқ  мен қазақ екенмін
Anar70
Қазақ десе өзіңе тиеді, айтпақ ойым орысты ақтап, қазақтарды даттау емес. Абайдың өзі "өнер-орыста" деп кеткен. Орыстың тілін емес, дінін емес, арағын емес өнерін, сабырын, жақсы жағын жұқтырсақ қайтер екен?… сол жақсы жағы жұқпай тұр ғой, ол пәлелер де біледі, қай жағын жұқтыру керек екенін, бірақ оларды сабырлы деп айта алмас едім.
Тауық асырағам, сойып көрген жоқпын))) себебі, үлкендердің «тауықты ер адам сою керек, обал болады» дегені санамызға сіңіп кеткен, қорқынышты) ал Абай үйімізге газет әкелі тұрса «не деген пысық бала» дер едім!
Жалпы, жұмсақ креслодан жерге түсіп, тауық сою қай халыққа болсын оңай емес)
konvict


Тауық та, қой да, сиыр да, жылқы да сойғанмын. Соңғы екеуін бауыздап көргенім жоқ бірақ. Стройкі де істегенмін, сыболыш
Korkem
 қайта оралғың келмей ме?
Arys_arlany
  мектепті бітірген кезде банкеттің қойын сойғаным есіме түсіп кетті
MERmukhanov
Тауық асырадық. Тезек бастық. Сиыр саудық. Далаға пеш жақтық. Қора салдық. Жар майладық. Аяққа айыр тықтық. Сепаратор бұрадық. Малина ұрладық.
Әтештің басын балтамен шапқан кездер де болды.
konvict
Әтештің басын балтамен шапқан кездер де болды
 басы жоқ тауықтың секіргеніне қызыға қараған кез болды
AknietTanirbergenkyzy
Пост жаксы жазылган, дегенмен, биік лауазымнан тускенді тауык сойганмен тенегенініз дурыс болмады.
Adiletshu
Бала-шағаны асырау үшін кез-келген нәрсені істейсің ғой.

Қолдан келсе стройка деген жақсы. Әсіресе евроремонтты. Евроремонт жасайтын адамдарды итпен іздеп таппайсың, сұраныс көп.