Ел жаққа барған соң ауыл тірлігіне араласпасаң тағы болмайды. Екі қолды желкеге қойып, екі тістің арасынан «шырт» түкіріп жататындарды ол жақта ұната қоймайды. Сондықтан да айт алдында ауылға барған мен ауыл тірлігіне бел шеше кірісіп кеттім. Ағамның жаз бойы шапқан шөптерін тасыдық.
Бүгін дәрісте Түркия мемлекетінің реформаторы, әскери қолбасшы, мемлекет қайраткері, Түркия Республикасының негізін қалаушы тұлға және оның тұңғыш президенті Ғази Мұстафа Кемал Ататүріктің балалық шағынан бастап оның қайраткерлік қызметі, жеке өмірі, қайтыс болған шағына дейін баяндалған көркем фильм көрдік. Фильмнің аты «Қоштасу». Мелодрама жанрында түсірілген.
Менің таңқалатыным, түрік тарихында көптеген билеуші сұлтандар бар. Алайда Мұстафа Кемал Ататүріктің орыны түрік бауырлар үшін орыны ерекше. Қай жерге барсаң да Ататүрік ескерткіші, Ататүрік суреттері. Лауазымды адамдардың кабинетімен мемлекеттік мекемелерді санамағанда әр дәрісханада, әрбір жатақханада, жатакхана комендантының кабинетінде де Ататүріктің суреті мен оның түрік жастарына қалдырған өсиетін және әнұранды көруге болады. Көпшілігінің жалпы осыған дейін там-тұмдап болса да Ататүрік жайында хабарымыздың болғаны анық. Оның тізбектеп толық өмірбаянын айтып отырмай-ақ қояйын. Алайда өмірде болған оқиғаның желісі бойынша түсірілген бұл фильмнен көп мәлімет алуға болады. Оқиға барысы бала кезінен бері келе жатқан жан досының хатқа түсірген жазбалары бойынша баяндалады.
Бала Мұстафаның әкесі Әли Риза Ефенді ерте өмірден өтіп, анасы Зүбейде ханым екінші рет басқа біреумен тұрмыс құрады. Анасына өкпелеген Мұстафа үйден кетіп қалып Манастрде әскери мектепте оқиды.
Көркем фильм Мұстафа Кемалдың соғыс жылдарындағы қайраткерлік қызметін барынша көрсетуге тырысқан. Жан-жақтағы шегір көздер мен жегір көзді жаудың ортасында қалған Түркияны азат етудегі ерлігі мен ескі дәстүрді дәріптеген Османлы империясының ыдырауы кезіндегі оқиғалар тізбектеледі.
Галлиполи операциясы кезінде дивизия командирі қызметін атқарған Мұстафа Кемал өзін дарынды қолбасшы ретінде көрсетеді. Кейінірек ол Анадолы және Палестина майдандарында әскери ұрыс қимылдарды сәтті орындап Бірінші Дүниежүзілік соғыс қарсаңында атақ-даңққа ие болады. Осман империясының соғыста жеңіліп, ақыр соңында ыдырайтынын әлдеқашан болжап қойған еді. Антанта тарапынан империяны әлсіретіп, ел іші бөлшектене бастағаннан кейін Мұстафа Кемал Түрік ұлттық қозғалысын құра бастайды. Ол кейін Түрік тәуелсіздік соғысына ұласады. Анкарада уақытша үкімет ұйымдастырып, ол Антанта мемлекеттері жіберген әскерлердің бетін қайтарып тастайды.
Фильмде Мұстафа Кемалға ғашық болған Фикрие ханымның рөлі өте сәтті шыққан бейне. Фикрие – Мұстафа Кемалдың анасы Зүбейде ханымның екінші жолдасы Рагып мырзаның бауырының қызы. Ағалы-қарындас болып жүрген екеуінің арасында кештің бір күнінде түсініксіз сезім оянады. Сол күннен бастап Фикрие «ағаның» орнына Мұстафаны «пашам» деп атайды. Түбіркүлезге шалдыққан Фикрие Мюнхенге емделуге кетеді. Ататүріктің Ләтифе деген әйелге үйленгенін естіген Фикрие Ататүріктің үй-жайына оралады. Алайда Ләтифе Мұстафа Кемалге кездестірмей үйдегі қызметшілерге бұйрық беріп қуып шығады. Алайда Фикрие Мұстафа Кемалдың үйінің алдында өз-өзіне қол жұмсайды. Мұстафа Кемал бұл оқиғаға көп уақытқа дейін қайғырып жүреді.
Еуропаша білім алған Ләтифаға үйленуге Мұстафаның анасы әу баста қарсы болған еді. Уақыт өте келе бұған өзінің де көзі жете бастайды. Небәрі үш жыл ғана отасып ол әйелден ажырайды. «Ұлы адамның үйіне барма, үнін есті» деген сөз осындайдан шықса керек.
Ататүріктің ұрпағы неге жоқ? Әлде көптеген ұлы адамдардың артында ұрпақ қалмайтыны өмірдің заңдылығы ма екен. Бақытсыз неке, уақытылы отбасын құрмау, қайраткерлік қызметте жүру дейміз бе. Мен оқытушыдан сұрағанымда ол былай деп жауап берді: «Ататүрік – түм түріктің идеалы. Егер оның артында ұрпағы қалса, бүгінгі күні оның ұрпақтарына сын көзбен қарайтын еді». Бұл сөзден Ататүріктің балаларды қаламағанын түсінесің. Шынайы өмірде жеті қыз бен бір ұл асырап алғанын тарихи деректер растайды.
Мұстафа Кемал Ататүріктің арманы – Түркия мемлекетін осы заманғы, демократиялық және зайырлы ұлттық мемлекет етіп құру болатын.Оның бұл арманы орындалды.
Егер қызықтап қараймын десеңіздер, интернетте орысша субтитрмен берілген нұсқасы да бар.
Atkritka.com сайтының базасында өзімше мемдер жасап көрдім. Асығыстау болды деп сөкпеңіздер. Дайын ештеңе болмағасын бұрын жазғандарымды қоя салған едім.
Ауыр, артық ойлар адамның еңсесін де, денесін де басып тастайтын сияқты. Таңда бетім ісіп, умаждалып оянатын әдетім 3-4 күннен бері азайып барады. Жеңіл қимылдаймын. Шынымен, арқама көрінбейтін қанат біткен сияқты Күлмеңіздер, сау күйімде жазып отырмын
Литвалық дизайнер Юлионас Урбонас жеңіл, ешқандай ауырсынусыз және әдемі түрде фәни өмірден бақи өмірге аттандыратын америка қырлары (американские горки) аттракционының жобасын жасап шығарыпты. Техникалық сипаттамалары
Ұзындығы… 7544 м
Жоғарыға шығу биіктігі… 500 м
Құлдилау биіктігі… 510 м
Көтерілу уақыты… 120 с
Құлдилау уақыты… 10 с
Ең жоғарғы жылдамдық… 100 м/с
Сақиналар саны… 7
Ең жоғарғы жүктеме… 10 g
Асқынған жүктеме уақыты… 60 с
Жолдағы уақыт… 200 с Әрекет ету принциптері
Эвтаназиялық қырлардағы вагонетка жарты шақырымдық биіктікке баяу көтеріледі де, қарқынды түрде төмен құлдилап, кезекпен жеті сақинадан өтеді. Тартылыс күшінің есебінен қозғала отырып, адам ағзасына әсер ететін жүктемені аса қауіпті 10 g көрсеткішіне дейін жеткізеді. Америка қырларында әдетте ең жоғарғы жүктеме 4-6 g шамасында және олардың ұзақтығы бірнеше секундтан аспайды.
«Америка қырларына 24 адамды мінгізіп, олардың барлығы өлі күйінде келсе, бұл америка қырларының ең идеал түрі болар еді. Білесіз бе, мұны ұйымдастыруға болады.». ДЖОН АЛЛЕН — Әлемдегі америка қырларын шығарушы Philadelphia Toboggan Company, компаниясының бұрынғы президенті.
Сезімдер
10 g көлеміндегі жүктемені жоғарғы пилотаж фигураларын орындау барысында ұшқыштар сезінеді. Осындай аса жоғары жүктемені біршама уақыт (ал эвтаназиялық қырларда бұл уақыт толық бір минутты құрайды) басынан өткерген адам басында эйфориялық сезімде болады. Бұл ретте, еркін құлдилау барысында вагонетка жүрек арқылы өтетін вертикалды ось бойымен айналуының нәтижесінде одан кейінгі адамға әсер ететін негативті сипаттарды басатын анестезиялық әсерге бой алдырады, яғни адамның көз алдында күлгін мұнар (Эльвираның күлгін көзілдірігіне кандидат ) пайда болады, жан-жақты көруі жоғалуына байланысты тек туннельді көз көру (туннельное зрение) орын алып, адам есінен айрылады (G-LOC, аса жоғары жүктеме әсерінен есінен танып қалу), содан соң өмірмен қош айтысады. Өлім себебі Церебралды гипоксия — аса жоғары жүктемелер әсерінен миға оттегі бармай қалады, опшым.
Ғылыми негіз
Жобаның кеңесшісі Лондон Империялық колледжі жанындағы Кеңістіктегі бағытсыздану зертханасынан вестибулярлық аппарат қызметінің бұзылуларымен және көлікте бас айналу проблемаларымен айналысатын Майкл Грести болды. Статистика
Ойын-сауық парктерінің ірі операторларының бірі Six Flags жүргізген зерттеулерге сәйкес америка қырларында өлімге алып келетін жарақаттар алу мүмкіндігі 1:1 500 000 000 көрсеткішін құрайды, яғни шезлонгтардың аяқ асты жиналып қалуы мен гольфке қарағанда анағұрлым төмен. Алайда, АҚШ тұтынушы тауарлар қауіпсіздігі бойынша комиссиясының мәліметтеріне сенсек, апаттарды есепке алмағанда жылын аттракциондарда 2 адам өліп, жүзден астам адам ауруханаға түседі екен. Қолданылуы
Дизайнердің бастапқы ойына сәйкес бұл құрылғы эвтаназия үшін және гуманды өлім жазасы үшін қолданыла алады. Автор, америка қырлары жоғарғы жүктеменің күшімен адам өлтіру үшін ең қолайлы құрылғы еместігін мойындайды, бұл ретте центрифуга бұдан тиімдірек. Алайда, америка қырлаы эстетикалық тұрғыдан жеңіп тұрғаны сөзсіз.
Кешегі ойынның қорытындысы, алғашқы ұпай жоғалту… Ия, түбі болу керек нәрсе болды. Кешегі өткен матчта тұрақты ойынын таба алмай келе жатқан Мадридтіктер Барселонаны 2 ұпайға алға жіберіп алды. Ұтылу себебіне «ФИФА вирусының» және Вильярреалдың жақсы форма да екенін айтуға болады. Сонымен:
Чеховтың "қысқалық — таланттың әпшесі" дегенін Мастұр батыр жарықтық: «ал қисын — мақаны» деп қайырған болатын көті тірісінде. Және ультрадәл айтқан болатын. Себебі, қысқалықтың соңына түсіп кетіп, жазбаның қисынды келбетінен айрылуға бір-ақ қадам жетеді.