Жер бетіндегі жұлдыздар...

Менің сіздерге ұсынайын деп отырған фильмім Үнді елінің туындысы. 2007-ші жылы көрермендерге жол тартқан екен. Көбіміз бұл елдің киноларын дікс-дікс музыкамен, бимен және діш-діш төбелеспен көз алдымызға елестетеріміз хақ. Бірақ, бұл елде кәдімгідей, көруге тұрарлық кинолар жеткілікті. Соның бірі, бірі емес-ау бірегейі«Звездочки на земле» фильмі.
Режиссері Аамир Кхан деген жігіт. Басты рөлдің бірін, яғни, мұғалімнің рөлін де өзі ойнайды.
Туынды мектеп, бала, ұстаз, ата-ана арасындағы оқиғалар желісінен құралған. БІр қарасаңыз оқушылар мен ұстаздар жайлы кинолар көп қой. Бірақ, бұл ол кинолардан мүлдем бөлек.
Сіз көретін бір кино: Жер бетіндегі жұлдыздар...8 жасар Ишан дислекция ауруымен аурады. Оған мектептегі бағдарламаларды игеру өте қиын. Бүгін үйренгенін бүгін ұмытып қалатын бала. Ишан (Даршил Сафари) мектептегі емтиханнан үшінші мәрте құлаған кезінде әкесі оны арнайы мектеп-интернатқа тапсыруды жөн санайды. (Айта кететін бір жайт бұл отбасының тұңғыш ұлы өте жақсы оқиды. Әкесі оны мақтан тұтады.) Бұдан, Ишанда барлығы жақсы болып кетті дей алмаймыз. Өзі екі сағаттан әжептеуір асатын үнді киносының 30 минутқа жуығы осы оқиғалармен өрбиді. Іш пыстырады деп айтпас едім дегенменен. 40шы минуттарда интернатта жаңа мұғалім пайда болады. Мұғалімнің өзге әріптестерінен ерекшелігі сол әр балаға жекелей назар аудара алатын. Ишанның біртоға, ешкіммен араласпайтынын көрген Рам бұның себептерін анықтауға кірісіеді.
Әрі қарай

Қазақстан азаматымен бір күн: Аршат Оразов (ВИДЕО)

  • KazNET


«Қазақстан азаматымен бір күн» айдарының қонағы белгілі IT маман, «КерекИнфо» блогтұғырнамасының әкімшісі Аршат Оразов.

Ол Қазақстандағы IT саласының жай-күйі, қазақ блогосферасы мен қазақ блогшылары және ҚазНеттің сапасы жайында айтып, алдағы 5 жылдықта ҚазНетті күтіп тұрған өзгерістер жайында әңгімелейді.
Әрі қарай

Америкалық балуан шолақ

Төбелес клубы: Америкалық балуан шолақИнтернетте респектке лайық адамдар туралы небір мотивациялық посттар, суреттер, видеолар, т.б. материалдар көп қой. Бірақ басқа тілдерде. Мен де осы бір жігіт туралы қазақша жазайын дедім. Таныс болыңдар:

Ник Ньюэлл — жеңіл салмақта өнер көрсететін америкалық жекпе-жекші. 1986 жылдың 17 наурызында Коннектикут штатындағы Милфорд қаласында дүниеге келген. Бойы — 178 см. Салмағы — 70 кг. ММА рекорды — 10 жеңіс (2 рет нокаутпен, 7 рет қарсыластың берілуімен, 1 рет төрешілер шешімімен) — 0 жеңіліс — 0 итжығыс.

Былай қарасаң, аралас жекпе-жектерде жолы жақсы болып келе жатқан көп файтерлердің бірі сияқты, бірақ Ньюэллдің басқалардан айырмашылығы
Әрі қарай

Маралбек САҒЫНҒАНОВ, «Еуразия Бірінші» телеарнасы жаңалықтар бөлімінің жүргізушісі: БІЗДІҢ ЖУРНАЛИСТЕР ЕШКІМНЕН КЕМ ЕМЕС

Блог - asaubota: Маралбек САҒЫНҒАНОВ, «Еуразия Бірінші» телеарнасы жаңалықтар бөлімінің жүргізушісі: БІЗДІҢ ЖУРНАЛИСТЕР ЕШКІМНЕН КЕМ ЕМЕСМаралбек САҒЫНҒАНОВ, «Еуразия Бірінші» телеарнасы жаңалықтар бөлімінің жүргізушісі:
– Алғашқыда репортаждарды тек қазақ тілінде жазып жүрдіңіз? «Өзімді екі тілді журналист ретінде сынап көруге бел будым» деген болатынсыз. Сынақтан өте алдыңыз ба?

– Қазақ және орыс тілді жүргізуші ретінде бір жылдай эфирде болдым. Орысша «акцентпен» сөйлейтінімді сынағандар да кездесті. Бірақ тап бұдан қысыла қойғаным шамалы. Бәрібір ана тілімде сөйлегендей сөйлей алмасым анық. Орыс тілінде жазуға келсек, қазір бір ақпараттық сайтқа материалдар беріп жүрмін. Редакторлар «қоя қой» деп жатқан жоқ. Көп мақтамайды да. Соған қарағанда әлі де сынақта жүрген тәріздімін.
Әрі қарай

PayPal электронды төлем жүйесі туралы

Блог - Nodar: PayPal электронды төлем жүйесі туралы

PayPal төлем жүйесінің клиенттерді қорғау жағы өте мықты, жан-жақты. 90% жағдайда клиент қашанда дұрыс деген оймен, талабыңызды қанағаттандырады. Мысалы:
Интернеттен алдыртқан затыңыз сапасыз, бұзық болып келді ма, дереу PayPal-ға арыз тастасаңыз, сапасыз заттың суретін, видеосын салып, тіпті жай ғана толық түсіндіріп дәлелдесеңіз-ақ ақшаңызды қайтарып береді.
Немесе тапсырысыңыз бірнеше апталап әлі жолда келе жатырса, келуге тиіс уақытынан кешігіп жатса, тағы да арызданып, ақшаңызды қайтарып ала аласыз.
Бір сөзбен, PayPal-мен ғаламтордан қорықпай, сенімді түрде тапсырыс бере беруге болады.
Ғаламтордағы қолданушылардың пікірлерінен оқығандарым да осыны дәлелдей түседі.
Әрі қарай

Мұқағали - ортанқол ақын. Мағауин эгоист. Ахмет, Міржақып - алақан жайғандар. 3 бөлім.

(Ертайы. Басы — мұнда)



Борхес – қазақтың Сегiз серiсi


Жас қазақ: Неге олай? Аргентин Борхестi оқысаңыз, эфталит, ғұн, галл мен гот секiлдi халықтардың ұрпағына мұра еткен тарихы жоқ, дәстүрлi тарих тек Өлi теңiз жағалауындағы халықтарда ғана бар дейдi. Олардың арабтар мен еврейлер екенi белiгiлi.

Өтежан Нұрғалиев: Борхес – бiздiң заманның Сегiз серiсi. Сендер оның атын ғана бiлесiңдер. Бүкiл қазақтың оңай өлең шығаратын, бес минутта бүкiл тарихты жырлап беретiн
Әрі қарай