Америкалық балуан шолақ

Ник Ньюэлл — жеңіл салмақта өнер көрсететін америкалық жекпе-жекші. 1986 жылдың 17 наурызында Коннектикут штатындағы Милфорд қаласында дүниеге келген. Бойы — 178 см. Салмағы — 70 кг. ММА рекорды — 10 жеңіс (2 рет нокаутпен, 7 рет қарсыластың берілуімен, 1 рет төрешілер шешімімен) — 0 жеңіліс — 0 итжығыс.
Былай қарасаң, аралас жекпе-жектерде жолы жақсы болып келе жатқан көп файтерлердің бірі сияқты, бірақ Ньюэллдің басқалардан айырмашылығы — оның қолы тумысынан шолақ. Сол қолы шынтағынан төмен қарай жоқ. Сонысына қарамастан осыншама жетістіктерге жетіп отыр.
Спорттағы жолын мектеп кезінде күрестен бастаған екен. Бірнеше күннен кейін-ақ тастап кеткісі келген екен, бірақ шешесі оған жол бермепті. Содан бастап әбден артын терлетіп тұрып жаттыққан. Мектеп пен колледжде оқып жүрген кезінде 300-ден аса белдесуде жеңіске жетіпті
Колледжде жүргенде UFC ұйымдастырып жүрген The Ultimate Fighter сайыстарын қызығып көреді екен. Содан бері ММА-мен айналысуға бел буыпты.
Әуесқой жекпе-жектерде 2 рет жеңіп, 1 рет жеңілген екен. Қарсылас табуда қиындықтарға кездесіпті: көбі мұның қолы шолақ екенін көріп, төбелескісі келмейді екен. Тіпті біреуі салмақ өлшеу рәсіміне келмей қойыпты.
2011 жылы XFC промоутерлігіне кіріп, ол жерде чемпион атанған. Кейін тек бұрынғы UFC жекпе-жекшілерімен төбелескісі келетінін айтып, өзіне ұсынылған қарсыласымен чемпиондығын қорғаудан бас тартқаны үшін чемпиондық белдігін алып қойыпты.
2013 жылдың 28 мамырында World Series Of Fighting (WSOF) промоутерлігімен келісім-шартқа отырып, қазір сонда өнер көрсетіп келеді.
Ник Ньюэллдің хайлайты:
Мынау — жақында ғана өткізген жекпе-жегі:
Опшым, осындай жігіт!


10 пікір