Америкалық балуан шолақ

Төбелес клубы: Америкалық балуан шолақИнтернетте респектке лайық адамдар туралы небір мотивациялық посттар, суреттер, видеолар, т.б. материалдар көп қой. Бірақ басқа тілдерде. Мен де осы бір жігіт туралы қазақша жазайын дедім. Таныс болыңдар:

Ник Ньюэлл — жеңіл салмақта өнер көрсететін америкалық жекпе-жекші. 1986 жылдың 17 наурызында Коннектикут штатындағы Милфорд қаласында дүниеге келген. Бойы — 178 см. Салмағы — 70 кг. ММА рекорды — 10 жеңіс (2 рет нокаутпен, 7 рет қарсыластың берілуімен, 1 рет төрешілер шешімімен) — 0 жеңіліс — 0 итжығыс.

Былай қарасаң, аралас жекпе-жектерде жолы жақсы болып келе жатқан көп файтерлердің бірі сияқты, бірақ Ньюэллдің басқалардан айырмашылығы
Әрі қарай

Адам үшінші, төртінші көргеннен ғашық болады деген қағида жоқ

Бұл менің сөзім емес. Бүгін ғана премьерасы болған «Жаужүрек» спектакліндегі Ерлан Біләлдің сомдауындағы Балуан Шолақтың орыс оязының қызы Татьянаға айтқаны.

Премьераға әріптестерім жүр-жүрлеген соң,  театрдың ауасын жұтып келейік деп жүріп бергем.  Көріп шыққан соң көңілге келген ойды блогқа бағыттауды арасында езуімізге күлкі мен ой үйірген соң осы сөзден бастауды жөн көрдім. Әсия әріптесім сияқты майын шақпаспын. Бірақ осы қойылым туралы аз-кем әңгіме.
Әрі қарай