Жігіттің жүрегін жаулау оңай! :)

Блог - aikarakoz: Жігіттің жүрегін жаулау оңай! :)
Мысалы, satibaldi ұнап қалды делік саған. Бірақ, оны өзіңе ғашық қылудың жолын таба алмай, дал болсаң, мына аздаған айла-тәсілге назар аудар  

1. Анда-санда болса да жаралы, қорғансыз қыздың кейпіне ен.
Жігіттер ақылды қыздың қасында өзінің кемшіліктерін байқап қалудан қашады. Жігіт еркек екенін, қызға қорған болатынын, қызға керек екенін сезінгенді қалайды.

2. Еркіндікте қалықтасын.
Қайда болғанын, кіммен, қалай уақыт өткізгенін сұраудың қажеті жоқ, анда-санда болмаса. Оның жүріп-тұрғанын білгің кеп, ішіңді құрт тесіп бара жатса да, тілдің ұшын тістей тұру керек. Кейін қолына кісен салып, жекеменшік күйеуің қып алғанда-ақ ізін лупамен аңдуға үлгересің  Қоңырау шалып, іздеме. Ол «неге іздемейді» деген сұрақпен басын қатыруы керек.

3. Оның пікірімен де санас.
Болмашы нәрсеге қатысты да оның ойын сұра, кеңес, ақыл қосқанын сұра. Бірақ, өзі ештеңе шеше алмайтын ақымақ қыздың кейпіне еніп кетіп жүрме

4. Сағындыр.
Өзіңе ғашық қылам деп, оның айналасынан шықпай қоюдың қажеті жоқ. Ол кезде кері әсер беруі мүмкін, жалықтырып аласың. Кейде жоқ боп кет, жауап берме. Іздесін, қызғансын.

5. Өзгеріп отыр.
Үнемі киіміңді, шашыңды өзгерт. Көңілді жүр. Жігіт басқаға ғашық боп қалмады ма деген оймен қиналып қалар, бәлкім

6. Комплимент айт.
Жігіттің жақсы жағын, саған ұнайтын тұстарын өзіне ашып айтудан қорықпа. Тек ол комплимент пен мақтау сияқты көрінсін. Еркектердің бәрі өзін құрметтегенін, бағалағанын қалайды.

7. Достарымен аралас.
Оның достарының арасында сыйлы болуға тырыс, әзілдес, сөз таластыр. Өзіндік ойың бар екенін көрсет. Достары сен жайлы жақсы пікірде болсын. Жігіт бәрібір достарының сөзіне құлақ түреді.

8. Екеуіңе ортақ хобби тап.
Қызығушылығың ортақ болса, тіптен жақсы. Бірлесе атқаратын әрі екеуіңе де ұнайтын іспен айналысу керек.

9. Бірінші кездесуде-ақ өзің жайлы сырдың бәрін ақтара салма.
Өткенің туралы мүлде сөз қозғама. Өзі сұрағанның өзінде аз-маз ғана жауап бер. Ол үшін жұмбақ бола тұрсын. Жігіттер қыздың өткенінде де, болашағында да бірінші боп қалғысы келеді.

10. Жасандылық болмасын!
Өмірде қандайсың, сол қалпыңды көрсет жігітке. Жасандылықпен қасыңда ұзақ ұстай алмайсың.

Осыларды үнемі есте ұстасаң, satibaldi да саған ғашық боп қалады  

Ал, сәттілік!
Бөлісу:

131 пікір

Aikona
 2- пункттен ғана ақсап тұр екем
AKY
Ақыл сұрау білмеймін ))
dark_nazgul
 ииии, қағидамен өмір сүргенді қашан қоясыңдар?
Aidakonya
Конға қойылған ер азамат үшін ұстануға болады
aza
Мынаны оқығаннан кейін, қыздың жүрегін жаулау оңай боп кеткен сияқты.
konvict
Тезірек мені біреу өзіне ғашық қылып алса екен

Мына әдістің біреуі де маған өтпейді екен.
aza
Соны айтам… Қайта керісінше, мындай жағдайлар кездесіп жатса, "һа" деп бір күліп қойып отыра бересің ғо
torgai
Негізі кім болса да қиналатын тақырыпты қозғайды ғой. Мұндай қағида көп негізі. Бірақ, соны ұстанып жатқандарды көргенім жоқ. Бастапқы 1-2 пункті істесе болды.
aikarakoz
Негізі кім болса да қиналатын тақырыпты қозғайды ғой.
Мынау дәл мен қиналатын тақырып емес енді
Іні-қарындастарыма айтыватқан кеңесім ғо енді
torgai
Қиналмасаңыз тіпті қауіпті.)))
dark_nazgul
Сатыбалдыны ғашық қылып қойғам уже дейсің ғой
asaubota
жүріп жүрген қыздан құтылу үшін жігіттер осындағыларды керісінше істеулері керек
dark_nazgul
Жоқ, керісінше, осыларды дәл осы қалпында жасау керек.
ofnur
Жігіттер ақылды қыздың қасында өзінің кемшіліктерін байқап қалудан қашады. кемшілік?????????? Қашпаймыз, қаштырамыз)
aza
Мен қасымда тек ақылды қыздың жүргенін қалаймын. Кемшіліктерін байқап қалу деген қыртылдаған әңгіме, несі бар, ақылды болса айтсын ақылын. Жөнге келетін ақыл болса, неге алмаймын, бір бастан екі бас әлдеқайда жақсы!
Aldeken
кечна, сен қыз түгіл қасыңдағы еркек кіндікті біздер бірдеңе айтсақ та, ыдырынып, ақиланып шыға келесің ғо, на…
abzalsariyev
 Керекинфоны 2-ге бөлу керек негізі: женский мужскойға. Мынау пост женскийде тұрса керек шамасы…
asaubota
олай бөлуге болмайды. мен мысалы бұрын қыздарды жақсы түсіну үшін женский журналдарды оқитынмын
abzalsariyev
енді, тығылып, ешкімге айтпай кіріп тұрармыз арасында немесе "қыздардың болмесіне 2 сағатқа кіру" атты аламан жүлде тағайындалса, жігіттер жағы барын салар ма еді))
dark_nazgul
аха, пәтердің бұрынғы тұрғынынан қалған бір стопка «МенсХэлзды» оқып, менің де көзім ашылған.
Tyulpan
асаубота, сонымен, қыздарды түсіне алдыңыз ба? )) түсінсеңіз маған да түсіндіріп жіберес па? өзімді өзім түсінби қала берем а то ))
Соңғы түзету:
asaubota
IQ дәрежесі менен де жоғары Айнштайн да түсінбей өтіпті бұл өмірден. бір түсінгенім — қыздарды түсініп керек емес, олар жұмбақ болып қалғаны жақсы
Tyulpan
дегенмен білесіз өзіңіз
Daniar-Alan
мыналарың 22-жасқа дейінгі дрочерлерге арналған ақылдар ғо
Abilakim
бұл жүрек деген қиын ғой. Көшеде кетіп бара жатқан, бұған дейін көрмеген, бұдан кейін көру-көрмеуің екі талай жанға да жаулана салады. Оған ешқандай қағиданың керегі жоқ
dark_nazgul
Қайран Сатекемнің жүрегі… бала-шағаға ойыншық болған…
Abilakim
Сатекеңе«Жігіттер» квартетінің «Жүрегім» атты әнін соткасына қосып алса да болады мынадан кейін
dark_nazgul
«МузАРТ» емес пе?
Abilakim
ән менен әнші көп қой)))
Emilia
Бір нәрсе қосайын ба?
Daniar-Alan
түһ, сыпайысын… Керекте рұқсат сұрамайды. Жаза бер.
Emilia
Қыз қамалы тез берілмеуі тиіс
Sashok
Үндемей-ақ қойғаның дұрыс ед.
Emilia
Төменде ашық айтылып жатыр екен ғой. Мен сызылып отырсам жұмбақтап
torgai
Ұяттан 1 ай бұрын туғандар отырады ғой мұнда
dark_nazgul
kerekinfo.kz/blog/8459.html

мына жердегі соңғы пікіріңе қарап… әй, жорта жұмбақтап отырсың ба деп қалдым.
Daniar-Alan
Жалпы қиын ғой қыздарға. Егер тез берілсе, жеңіл жүрісті деп ойлайды. Егер тез берілмесе тормыз дейді  Екеуінің ортасындағыны сақтап отыру қиын. Еркек болып жаралғаныма қуанамын
Aldeken
Жалпы қиын ғой қыздарға.
аха, «біздің кедей болғанымыз соншалықты, егер мен ұл болып туылмағанда, кішкентай кезімде немен ойнайтынымды да білмес едім» дейтін сақалды әнек бар ед… сооол…
a63a1
ихххххооооооо-хооооооооооо
Aya
Біліп жүргеннің артықтығы жоқ. Бірақ осындайды жаттап алып істейтіндердікі кейде шынайы көрінбей қалып та жатады.
Tyulpan
осы ВКМ көрінбейді ғой. тұрмысқа шығып кетпеді ма екен? ))
Armanjan
мыналар тіпті жігіттің бір емес, екі қызбен қатар жүруіне толық жағдай жасайтын ақыл екен.
satibaldi
1. Анда-санда болса да жаралы, қорғансыз қыздың кейпіне ен.

Жұрт біледі, күледі,
Сұрқия тілдің жаманын,
Қошеметшілердің амалын.
Сонда да солар қайда жоқ?
Ептеп айтса, ересің,
Саның соғып артынан
Өкінгенмен пайда жоқ… ©Әбөк Ванядан тігіп кеткен
dark_nazgul
ооо. Трофейдің өзі келді.
MadinaTomash
Жігіттің жүрегін жаулау оңай, қыздың жүрегін жаулау қиын. Жігіттер, майыса бермеңдерші, өтініш) Әйтпесе, қыздар қыз екенін ұмытып кетер.
torgai
Қыздың жүрегін жаулау да оңай
aza
Қыз жүрегін жаулау… Смотря, қандай қыз… Ашып жазу керек та… Қазір онша қиын емес қой.
Rozatai
Запросто!  Бастысы, жасандылықсыз қалпыңды ұнатуы керек
dark_nazgul
Ох. Шетінен әйел кейпіндегі Дон Жуан, Казанова әйтеуір.
Aidakonya
aikarakoz екінші пост күтсем бола ма жігіттен құтылу (отшить) әдістері
asaubota
ондай болған сияқты еді, әлде қыздан құтылу жолдары ма еді?
Aidakonya
білмеймін, болса да қазір жігіттер өзгерген шығар, әдістер де өзгерген болар
Aldeken
Daniar-Alan уішівөл!!!
Aidakonya
оған еш қатысы жоқ
Aldeken
неге? деееееееееп па?
Aidakonya
ол Үйленген Еркек, Әке ал мен жігіттер туралы айттым ғой))
Aldeken
Абай, Абай дим, әкесі өлгенді де естіртеді дид, бекем бол бауырым, қолыңа біраз күш түсетін түрі бар…
Daniar-Alan
Daniar-Alan уішівөл!!!

Алдеке менің құрығыма түскен қыз, өрмекшінің торына түскен шыбын секілді екенін әлі білмейсіз бе?!.. 2-жыл болды таныс-біліспіз  Тартылған сайын орала беретінін қайдан білсін
Aldeken
ақталмаш, нақ…
Daniar-Alan
ақталмаш, нақ…
ақталған емес… шындық сол
Aidakonya
Да что вы говорите!
Daniar-Alan
ешкімге бермим ғо сені гүжігім
Aidakonya
нууууууу, егер менің барлық қажеттіліктерім мен талаптарымды орындай алсаңыз
Daniar-Alan
барлық қажеттіліктерім мен талаптарымды
огго барлық дегеніңізге қарағанда талап пен қажеттілік үлкен секілді ғүӘ
Aldeken
задный қоспашиш на!
Aidakonya
ол жөнінде әңгіме болып еді ғой уже)) Рафаелло ағай бір газет жариялағанда, барлығын түсіндірген сияқтымын сонда
Daniar-Alan
200 000 у.е. туралы ғой айтып отырғаның  Қойна ғо, Цотоноға келем десең табамыз. Отызға толғамыз жоқ әлі
Aldeken
Даник, байқа, басыңды штрафной соққандай қылып, қадапцтап жүрсе, прикинь…
Daniar-Alan
қадапцтап жүрсе, прикинь…
Алдеке бізде группада бір қыз болды. Универді ұстады. Төртбақтау келген, жауырынды… қорқасың очм. Тіпті соның жылағанын көрдім  Дұрыс подход, әдемі сөз. Шиншаллоң чемпион емес, қойныңдағы мысығың
Tyulpan
бияхта не бовжатр өзі? ))
Adiletshu
Аузыңдағынды шайнап алып сөйлеші
Tyulpan
адилетшу, елді сынағаннан басқа ештеңе білмисз ба не? аяхта не бовжатр дим?
Daniar-Alan
ііі… сол жыныстар қақтығысы баяғы
Tyulpan
Данияр-Алан, сәттілік онда ))
Daniar-Alan
2-жыл болды таныс-біліспіз
… негізі мынау Алдекеңе арналған…
asaubota
«Дос болып қалайық» де, болды, өзі тайып тұрады.
dark_nazgul
«Бермеймін» дегенді қазір осылай жұмбақтап айтатын болған ба?
asaubota
білмедім. бұрын бізге «Жүрмеймін» дегенді солай айтатын. үндемей кетіп қалатынбыз.
Aldeken
«шықпаймын» дегенді де осы контекстпен естігендерді білем.
dark_nazgul
«Жүрмесең жүргізем» деп ерегесу жоқ па еді?
Aidakonya
вот, вот, осыларда проблеманың бәрі
Aldeken
кетч, ондай да бар ма, не?
dark_nazgul
білмим, сондай бар деп естігем...
Aldeken
«Бермеймін» деген негізі қазір тіке, еш жұмбақсыз айтылады.
Әуелі беріп, сосын жүргендерді де көрдік…
torgai
Солай үйленіп, бақытты болғандар да бар
asaubota
эххх, заман-ай! біздің кезімізде Беру деген сөз бұлай ашық айтылып, ашық жазылмайтын. ол сөз боқтық сөздермен тең дәрежеде болатын…
Aldeken
қартаяйын дедік-ау дим, ия, сүйіс күні туған құрдас?
asaubota
сендерге сүйіс күні шығар. бізде просто 14 февраль
Aldeken
ақталмаш нақ, бырат
asaubota
өзімше болыватырғаным ғо, дәм болсын
Aidakonya
«Беру» — білуімше қарапайым етістік, оны боқтыққа теңеп
Aldeken
кідәй жүрек, бейкүнә қарапайым болуға тырысқаныңнан сол…
Tyulpan
Алдекен,


кідәй жүрек, бейкүнә қарапайым болуға тырысқаныңнан сол…

ма-маааа  апат айттыңыз ғоййй
Соңғы түзету:
Nodar
Менің миым қабылдай алмайды: қалайша сен сені сүймейтін адамның жүрегін жаулайсың? И одан өзіңді жаммман сезінбейсің ба?
dark_nazgul
Сүйетін болса оның жүрегін жаулаудың қажеті болмас еді.
a63a1
— ит болып кетсем нетер едің?
— қаншық болып соңыңнан ерер едім
a63a1
ііі блогқа жаңа жазба жазылды дейді
satibaldi
Кәдімгі гуппи бар емес пе, ең арзан аквриум балығы? Соның үш шабағын алып (15 теңгеден шығар әрі кетсе), бір жыл асырап көріңдерш, өлтіріп алмай. Сосын суретін салып жбіеріңдер маған, мен де сендердің адам жанынан беретін репортаждарыңа со кезде сенейін, білгіштер нақтың.
Kipshakkyzy
Меніңше, бұл әдістер қызға кетәрі емес жігітті әрі-сәрі етудің амалы сияқты. Түк қызығушылығы жоқ жігітті я болмаса қызды не істесең де қызықтыра алмассың. Ары кетсе дос болуға мүмкіндігің бар.  десең
AKY
Неге олай дейсің, мен бәрін жасап көрдім, нәтижесі шығып жатыр
Aldeken
бәсе, Конвиктке бірліктеріңді беруіңде бір гәп барын сезгем… дееееееп па?
AKY
Дұрыс сезгенсің
mercedes
kariim ше?
AKY
ииим ғой ол
torgai
Бәрі содан басталады. Жігіттер де "қарындасым" деп жүріп білмей қалады
Kipshakkyzy
солай ма, тек теоретик болып кеттік қой. Отырып алып топшылай беретін. Тәжірибе жасап көру керек онда.
dark_nazgul
Не болды сонымен? satibaldi келіп, осы бір аптаның ішінде жүрегін қанша қыз жаулап алғанын айтып кетсе болар еді.