Шыршалар қанша тұрады?

Блог - Daniar-Alan: Шыршалар қанша тұрады?

Өткендегі Керекудегі шудан соң осы тақырыпқа қызығушылығым артты. Сұрастыра бастадым. Әріптестерімнен сұрай отырып толық болмаса да біршама облыстардың жаңа жылға әкімшілік қанша қаржы құйғанын анықтағандай болдық

Алдымен Кереку

… Ия, ия сол алдымен шу шығып, соңыра жанама болса да әкімнің кетуіне себепкер болған шырша бағасы бәріңіз білетіндей 38 млн теңге тұрады екен. Кейінірек, тиісті адамдар ол сома 38 млн емес, 16,7 млн екенін, үстіндегі жұлдызы — 600 000, Аяз ата ескерткіші — 400 000, «механизмдерді басқару» — 1,5 млн теңге тұратынын айтты. Қызық, не механизмдер?

Ақтау қаласы — шыршаға 15 млн шамасында ақша жұмсапты. Жалпы қала бойынша 21 шырша тігіледі екен. Аз ақша емес… Алайда, 38 млн-ның қасында құдайға қараған әкімшілік екен деген ой келді.

Қарағандыда осыдан 2 жыл бұрын 8 млн-ға сатып алынған шырша тігіледі. Тәуелсіздік алаңына орнатылатын шыршаның биіктігі — 25 метр. Биыл реставрацияға — 700 000 теңге жұмсалыпты. Ресми ақпараттарында — 700 000-ға алғандай қылып көрсеткен әрине… Бірақ… шындықтан алшақ емес қой…

Ақтөбе қаласындағы ең биік шырша биыл Тұңғыш Президент паркіне орнатылды. Биіктігі 30 метр. Диаметрі 13 метр. Жұлдызшаның биіктігі 1,5 метр. Құны 7 миллион теңге. Демеушілердің қаржысына 2012 жылы алынды. Биыл да сол шырша орнатылады. Жаңасын алған жоқ. Бюджеттен қаржы кетпеген… Құптарлық іс…

Бюджеттен қаржы кетірмей жаңа жылды тойлау тағы бір өңірде бар. Атырау әкімдігі шыршаға ақша шығарып шашылмайды екен. Биыл қалаға 22 шырша құру жоспарланған. Оның 20 сы көшеде, алаңдарда, 2-і Жайық өзенінің үстінде, бірақ мұз әлі қалың қатпағасын құрмаған, оны желтоқсанның соңғы күндері де құрады. Ал, осы 22 шыршаға қаржы бөлушілер, осы Атырауда қызмет етіп жатқан Шетелдік және Отандық ірі-ірі компаниялар мен кәсіпкерлер.

Қостанайда да осыдан 1 жыл бұрынғы шыршаны қойыпты. Тек бикітігін 1 метрге өсірген. былтыр шамамен 5-6 млн-ға жуық ақшаға сатып алынған деді.

Орал — 1 млн қаржыға осыдан 3 жыл бұрын сатып алынған шыршаны пайдаланбақшы. Ең үнемшіл қала Орал? Ары қарай кеттік…
Блог - Daniar-Alan: Шыршалар қанша тұрады?
Бірақ, рекорд Шымкент қаласында. Bag.kz биыл — 270 000 теңгеге тәп-тәуір шырша тігіпті деп жазса, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтындабюджеттен шығындалмадық депті. Ашылуына 500-ге жуық Аяз ата мен Ақшақар қатысыпты. Дереккөз ретінде әлбетте ресми сайтты пайдалану керек шығар…

Ал шет елдерде?

Блог - Daniar-Alan: Шыршалар қанша тұрады?
Украйнаның Харьков қаласында да бюджеттен қаржы жұмсамаған. Биіктігі 36 метрлік (былтырғысы — 30 метр) шырша тіпті Мәскеудегі шыршадан да биік екен.

Блог - Daniar-Alan: Шыршалар қанша тұрады?
Петербургте де қымбатқа түсіпті. Шамамен 67 млн-ға түскен (13,5 млн Ресей рублі). Ол қалада тіпті «тірі» шырша ма жоқ әлде жасанды шырша тігіле ме деген сұраққа біршама дау туып, әлеуметтік желілер арқылы дауыс берілген. Жасанды шырша үшін — 10 092, «тірі» шырша үшін — 6 635 адам дауыс берген. Шырша бағасы туралы сол жердің блогшылары тиынына дейін есептеп, мұнан әлдеқайда арзанға алуға болатынын айтуда.

Өкінішке орай, Мәскеу шыршасы туралы ақпарат таппадым. Алайда azattyq.org-тың айтуы бойынша, Мәскеу шыршасына 30 млн, Киевте — 50 млн теңге шамасында қаржы жұмсалған екен.

Жалпы тапқан мәліметтерім осы болды
Қызық… Астана мен Алматы қалалары қанша жұмсап жатыр екен?!..
Әрі қарай

Аналар үшін

Аналар үшін

Анам бар жүрегінде нұр аунаған
Қадіріне бас имей тұрар ма адам.
Көңілінен кілдей кір таба алмайсың,
Мейіріне жылынған мынау ғалам.

Әжем бар тарихтың куәсіндай
Жоймаған құдіретін бір ғасырдай.
Немере, шөберенің қорғаушысы,
Кеудесіне күллі адам сиятындай…
.
Әрі қарай

Тегін 86 Элегант тема!

Wordpress: Тегін 86 Элегант тема!

Elegant Themes атты студиядан 1 жыл бұрын абоненттік алған едім. 1 жылда 86 Wordpress темасын тегін түсіріп алуға мүмкіндік берді. Енді сол темаларды сіздерге ұсынамын. Wordpress-пен жасалған жобаларыңызға қолдана аласыздар.

Темаларды мына жерден қарап көрулеріңізге болады: elegantthemes.com/gallery

Барлық 86 теманы түсіріп алу үшін мына жерді басыңыз.

Егер рахмет айтқыңыз келсе осы посттың сілтемесін әлеуметтік желілерде бөліссеңіз болғаны
Әрі қарай

1941-45 жылдардағы моторлы ұрыс техникалары сериясы. Хермания. "Tiger"

Июль айының тасында Порше мен Адерс шұғыл түрде Куммерсдорфқа жетіңдер нақ деген бұйрық алды. Тура машинаның алдында оларды майданнан жарты сағатқа келген Гудериан күтіп алды да, әлдебір ангарға апарды.

– Ал, мырзалар мынаған не айтасыңдар ептібайымайдтар? – Гейнцтің дауысы сондай бір, әлгі екеуіне жағымды естілді. — Donnerwetter!(шешессс) – Адерстің көті шарасынан шықты, Порше тасын ұстап отыра кетті. Ангардың қақ ортасында сауытталған, шынжыртабаны жоқ, ай бедерін ұқсататын қақталған темір құбыжық тұрды. – Бұл не нақ? – Поршенің құмыққан үні зорға шықты. — Бұл ма? – Гудерианның дауысы тіпті балдай еді. – О-о-о, бұл өте қызық зат епті. Бұл орыс танкісі. Оны 6-дивизияның жартысы атқылады, ал ол оның жанармайы таусылғанда ғана бірақ тоқтады лібәдтың. Леебтың аузынан сөз шықпай, тасы алқымына келіп, қояншығы ұстап кетті…

Ал ендеше керек болса!!! Ангардағы температура он градусқа күрт түсіп кетті. Адерс көзінің қиығымен Манштейнді іздеді… әзірде ғана тілінен бал тамып тұрған Гудерианды Шпеер мен Тодт әзер ұстады. Ол жұлқынып шығып айқайға басты: — Arsch mit Ohren!!!(Бұтақбастар) Бұл Bierfickeren(тура аудармасы – сыра сіккірлер ) төрт жыл бойы шынжыр табанды тыштырма істейд де, оны майпаздап ауыр танкі деп атайды лібәдтар! Mit solchen Arschlocher werde ich bald fertig!.(бұл сопақбастардың түбіне жетем жақында) Тодт сукі, жібернақ мен олардың arsch(көтін) айырам! Неміс халқы аса мәртебелі фюрердің тасшылығымен… Осы сөздер айтылып жатқанда Тодт пен Шпеер «Хайль Гитлер» деп тікесінен тұра қалып Гудерианды жіберіп алды, ол әлгі қайғы конструкторларды біраз жәукемдеп алды. Біраз тепкілеп сілесі қатқан ол бешпетін жөндеп былай деді: Arschlochen(Бұтақбастар) былай нақ. Орыс танкісін көрдіңдер. Егер менің қырандарымда дәл сондай жарты жылдың ішінде тура сондай танк болмаса, мен екеуіңнің де тастарды жұлып көздеріңнің орнына салам лібәдтар. Егер жасай алмасаңдар Гимлерге екеуің де жасырын жөйт екендеріңді айтам нақ!

Қарулар: 1941-45 жылдардағы моторлы ұрыс техникалары сериясы. Хермания. TigerТап осы охуйғадан кейін кеңес жауынхерлері атын естігенде, бұтына жіберетін әйгілі «Tiger» ауыр неміс танкісі екінші дүниежүзілік соғыс есігін теуіп кірді.

Келесі жазбамызда бу темір тажалдың техникалық мүміндіктертін егжей тегжейлі қарастырамыз. Нақтың.
Әрі қарай

Шаянды өлтіремін деп өзі майып болған көкқұтан

Баяғыда шаянды өлтірмекші болып, бір көкқұтан ұясын балығы мол, шөбі қалың шалшыққа салады. Сол жерде тұрып өмір сүреді, қартайып аң аулауға жарамай қалады. Сонымен ол аштықтың азабын шегеді де, мұңайып отырып қулық айла іздейді. Шаян оны алыстан көріп, бірте-бірте жуықтап қасына келеді де: «Бұл қалай? Сені қайғы-қасірет билеп отыр ғой!»- дейді. Сонда көкқұтан: «Мені қайғы-қасірет қалай билемесін. Осы уақытқа дейін мен балық аулап күнелтуші едім, күніне бір балық, кейде екі балық ұстап, жеп, өмір сүруші едім, оған айтарлықтай балық та азая қоймайтын. Бүгін сонда екі балықшы келді, олардың біреуі екіншісіне бұрылып: „Менің байқауымша, мұнда балық көп көрінеді, біраз күн осында болып балық аулайық“,- дегенде, оның жолдасы тұрып: „Алдымызда тағы бір жер бар, ең әуелі сол жерден басталық, онан босанған соң, әбден балығын тауысқанша осында болалық“,-дегенді айтты. Егер барған жерінен осында қайта оралса, онда бұл шалшықта олар ұстамаған бір де балық қалмайды. Ал, шынында, жағдай осылдай болса, онда мен үшін бұл өлім ғой»,-дейді.
Балықтардың жиналған жеріне барып шаян осыны хабарлайды. Сонда балықтар көкқұтанға келіп, кеңес сұрады.
«Біз сенен нұсқау алғалы келдік. Кеңесіңді, ақылыңды айт. Ақылға бай дұшпанның да кеңесін елеусіз тастамаған дұрыс, өйткені берген кеңесіңнің маңызын ол толық ұғынады, сондықтан оған пайдалы ма, зиянды ма — бәрібір ойға қонымдысын айтады. Сенің ақылың бар ғой, өзің үшін де, біздің мақсатымызға да сай кеңесіңді айт!»-деді. Көкқұтан: «Балықшымен қидаласып, соғысарлықтай менде ешбір сылтау жоқ, ал менің мынадан басқа білетін шарам да жоқ — бір жерде маған мәлім бір қара су бар, оның суы таза, әрі мол, өзінің төңірегінде қамыс өседі. Егер соған жете алсаңдар, онда өздерің емін-еркін дәурен сүрер едіңдер, әрі жақсы да болар еді».
Сонда балықтар: «Біз ол жерге тек бір сенің ғана көмегіңмен жете аламыз ғой?!»-дейді.Көкқұтан: «Біраз күйбең сергелдеңі болар, сонда да мен сендерге көмектесейін, тасып бітіргенімше балықшылар да мені ұстап ала қоймас»,-дейді. Сонымен көкқұтан күніне екі балықтан алып кететін болды. Ол әлгі балықтарды бір төбенің басына алып барып жеп жүрді, басқалары бұл туралы еш нәрсе сезбеді. Бірақ бір жолы шаян тұрып оған: «Мен осы жерден қатты қорқам, сен мені де сол қара суға алып баршы»,-деді. Көкқұтан оны алып ұшып, өзінің балықтарды жеп жүрген жерінен өтіп бара жатқанда, шаян толып жатқан балықтардың сүйегін көреді, бұған айыпты көкқұтан екенін түсінеді, өзінің де осындай күйге ұшырайтынына көзі жетті, сонда ол: «Егер ежелден әйгілі дұшпаның осы арада өлтіреді-ау деп жүрген жерінде кездестірсе, екі қолын қусырып көне кету, енжарлық істеу адамгершілікке жатпайды, арпалысқан жөн, қорғану ардақты іс»,-деп өзін-өзі қайрайды. Осыдан соң шаян қышқаш сирақтарын көкқұтанның мойынына қарай созып, қылқындыра қысты, көкқұтан жерді құшты, шаян онымен бірге құлап жерге түсті. Көкқұтан мерт болды, ал шаян көрген-білгендерін баяндады.
Әрі қарай

Түрме үшін 305 мың фунт стерлинг

Біздің теңгемен алсақ 70-80 миллион шамасында. Осыншама қыруар ақшаны Әділет министрлігінің жауапты хатшысы Марат Бекетаев өз қалтасынан бөліп отыр.
Блог - torgai: Түрме үшін 305 мың фунт стерлинг

Осы ақпаратты оқып бастағанда, «Шенеунікке мұндай ақша қайдан келді?» деп ойладым бірден. Жымысқы ойдың келгені де рас. Сөйтсем, бұл көкеміз үкіметтің шешімімен 2008 жылдан бері ENRC-дің (Eurasian Natural Resources Corporation Plc) директорлар кеңесінің мүшесі болып белгіленген екен. Содан бергі алған жалақысы осы.
«Адал мемлекеттік қызметкер ретінде бұл табысымды өз қажетіме жарата алмаймын. Қайырымдылыққа беруім керек. Балалар үйі немесе басқа да қайырымдылық қорларына берсем болар еді. Алайда, әйелдер колониясына көңіл бөлінуі тиіс.» Бұл – Марат Бекетавтың өз қадамына қатысты айтқан пікірі.
Шынына келсек, құптарлық бастама. Абайсызда шалыс басып, тағдырдың тәлкегінен абақтыда отырған нәзік жандар қаншама? (Осы жерде мүмкіндігінше мына материалды қарап алуға кеңес берер едім.)
Біреулер «Өздеріне сол керек» дер бәлкім. Аяйтындар да табылары сөзсіз. Осы орайда, әйелдер түрмесіндегі ахуалды жақсарту реформасы қолға алыныпты. Ал аты аталған шенеуніктің аударған ақшасы елдегі тек 2 колонияға жұмсалмақ. Соның бірі Атыраудағы жалпы режимдегі әйелдер абақтысы. Бөлінген қаржының арқасында 232 әйел жазасын өтеп жатқан осы мекемеде медициналық қызметті жақсарту жоспарланған.
Европадағы түрмелердің бірінен алынған сурет Блог - torgai: Түрме үшін 305 мың фунт стерлингТіпті, жұмыс орындарын көбейтіп, мамандыққа даярлау көзделген. Екінші нысан Алматыдағы 107 адамға арналған балалар колониясы. Қысқа қайырғанда, түрмені тек жазалау орнынан, қоғамға бейімдеу нысанына айналдыруға басымдық берілмек.
P.S: Сонда да «Бұл деген артық табысыңды көрсетпеу үшін жасалған көзбояу» деген арам ой кетпей отыр. Қалай дегенмен, ақша бөлгені рас болса, өз мақсатына жұмсалса екен деймін.
Әрі қарай

Қазақтар нағыз "НАЦИКТЕР"

Блог - KazaXXX: Қазақтар нағыз НАЦИКТЕР
"Қазақтардың бір-бірін көре алмаушылықтың сыры неде" деген сұраққа ойлана келе осындай тұжырымға келдім. Неге дейсіз ғой?! Түсіндіріп көрейін… Алдымда 2л кола мен парламенттің бір пашкесін қойып алып, арзан пәлсәпаға кірістім.
Әрі қарай

Мен сені жек көремін, АҚША!

Пойызға мініп, Алматыға жол тарттық. Пойыздың терезесінен телміріп тұрып сары даланың сұлулығын көзбен көріп, ішпен сездім. Түйгенім- тау көзіңнің алдын көлегейлеп тұрады екен. Ал далада шексіздік бар. Шексіздік тұнған сұлулық. Арқаның даласын көргенде пойыздан секіріп түсіп, жүгіре жөнелгің келеді.
Таңға жақын ұйқымнан ояндым. Алматыға жетіп қалыппыз.Терезеге қарасам далам қоқыстың арасында жатыр. Қайран да қазақтың даласы! Қадіріңе жете алмай жүрміз-ау…
Алматы. Әсем қала. Алатауды көріп шуласып кеттік. Жанталасып, суретке түсіріп сұлулығына тамсанып қарап тұрдық. Армандардың орындалуы. Тезірек жетуге асықтық. Алматының вокзалынан түсіп, жан-жағыма таңырқай қарап тұра бердім. Кенеттен «Такси, такси» деген ағайлардың даусынан құлағым бітіп қалды. Егде біреуіне жақындап «Ағай, Қаскелеңге»деп едік, бізге қарап 20 000 теңге дегенде бір түрлі үрейленіп қалдық. Әрине қарапайым студент үшін бұл қомақты ақша ғой. «Қымбат қой» деп едік, «Бармасаңдар өздерің біліңдер» деп суық жауап берді. Жанымызда бізді бастап келген апайымыз да бар. Біраз тұрып едік қасымызға жүргізушілердің барлығы топырлай жиналып қалды. «Қаскелеңге дейін 20000теңге, біреуі 18000 теңге, жоқ мен сіздерді 17000-ге апарам» деп шуласып кетті. Біз қайсысымен баратынымызды білмей, шатасып қалдық. «Құдайым-ай, артқа Қарағандыма қайтқым келіп кетті»- деп қасымдағы құрбым «аһ ұрып» қалды. Біз біраз шегініп тұрдық. Бір ағаймен келісіп, тек бізге фискальный чек керектігін айтып едік, ол кісі мен де ондай жоқ деп тұра қашты. Қасымызға келіп біреуі өзімізді машинаға қарай итермелеп, біреуі қолымыздағы сөмкелерімізге таласты. Ондайды көрмеген біз абдырып қалдық. Одан кейін олар бізге таласып өзара жұдырықтаса кетті. Бір-біріне боқ сөздер айтып, бізді балағаттай жөнелді. Шашына ақ түскен, аппақ сақалды атаның айтқан «жаман сөздерін» естігенде біз жағамызды ұстап қалдық. Басқасы басқа осы кісіден мұндайды күтпеп едік. Ішіндегі ең салиқалысы осы ма деп тұрғанда әлгі сөздерінен кейін ойымыз күрт өзгеріп кетті. Әке-аталарымызбен жасты ағайлардан мұндай қорлық көреміз деп мен ешқашан ойламап едім. Алматыға асыққан көңілді су сепкендей басып тастады.
Иә, ақша не істетпейді?! Ақша үшін бұлар бәріне дайын. Менің жүрегіме тигені осы. Орыс немесе басқа ұлттар болса мен таңғалмас едім, бірақ елім сенген азаматтарымыз осылай істегеннен кейін заманның, адамның бұзылғанына ішің ашиды. «Азғындалып кеткен. Ардан безгендер. Көкейлерін ақша тесіп бара жатыр бұлардың. Қыздарыңдай қыздарға сонша дауыс көтергендерің не? Не үшін жаға жыртысып жатырсыңдар?» деп өткен-кеткеннің барлығы ауыр сөздер айтып кетті. Ақша мен дүниенің адамды осындай күйге душар еткізетіндігі, қоғамды ақшаның билеп алғандығы заманның алай-дүлей ағысы сағыңды сындырады.
Арыстандай ағаларым-ау, сіздерге не болған өзі???
Подробности

Қазақша сөйлемесем ше?

Бүгінгі күн дүйсенбі болған үшін бе, күллі әлемге негатив шашып, улағым кеп тұр. Бүкіл өткен-кеткен реніш-өкпемді жинастырып, еске алып, өз-өзімді аяп, өзімді сондай бір әділетсіздіктің құрбаны сезінгім кеп отыр — деп күлкім кеп кеткені)))

Көпшіліктің сөзін сөйлеп, ығына көшіп немесе көпшілікке қарсы шығып, атым шығару мақсат емес. Дұрыс/бұрыс болсын тек өз ойымды айтқым келеді. Біреу түзелер, не мені түзер. Себебі, қоғамда менің қауашақ миыма симайтын құбылыстар көп. Соның бірі — қазақ тілі мәселесі. Нақтырақ айтқанда, бүкіл ФБ толған “қазақша сөйле” деген лозунгтар.

Бұл сөзді қазақ қазаққа айтып жатса қабылдауға болады. Бірақ, бұйрық райдан гөрі “Ана тілің арың бұл” деген сөздер жақсы әсер етеді ма деп ойлаймын. Өзге ұлттарға қазақша сөйлеуін талап ете алмаймыз. Біріншіден, менің тілімде сөйле деп ешкімге бишара болмайықшы. Екіншіден, адам өзге тілді, көбіне, тек қажеттілік болған соң ғана үйренеді. Неге ауылдағы орысың да, кәрісің де қазақша сөйлейді? Неге қаладағы қазақ орысша сөйлейді? Себебі, бізде қала мен ауылда екі тілдің сұраныстары бірдей емес.

Осы ғана ғой, мәселенің басы. Керек болса, орысың қазақтан бетер сайрап кете алады. Олай болса, әрбір өз ана тілін құрметтейтін қазақ жүрген жерінде өзгелерге үлгі болу керек. Қазақша сөйле, тарихыңды біл, ұлттық құндылықтарыңды жеткіз. Шу шығарып, даурыққаннан нақты істермен мақсатқа тезірек жететін сияқтымыз. Бізде, әсіресе, тағы да бір жыным келетіні — бірдеңе жасау керек болса, міндетті түрде мемлекет оған ақша бөлу керек. Бәрін жоғары жаққа ысыра салады. “Балық басынан шірейді” деген мақал билік басындағыларға ғана арналмаған. Сонда елім-жерім, тілім деп еңіреп жүрген патриоттығымыз қайда қалды?

Мемлекеттің қаржыландыру саясатын былай өзгертсе екен: бірінші мемлекетке қарызға істейсің, бәрі ойдағыдай шықса — мемлекет ақшаңды қайтарады. Міне, осы кезде нағыз бір-біріне бәсеке жобалар шығар ма еді. Нағыз елдің қамын ойлағандар мен өз қарнын ойлағандардың арасы ажырар ма еді. Әйтпесе, “аспандағы айды әперем” деген жобалар біршама уақыттан соң беті бүлк етпей, банкрот болып жатады. Не деген жауапсыздық бұл?(((

Мәселенің шешімі қаражатқа емес, адамдардың патриоттығына тірелуі керек. Рас, елім деген азамат елі үшін тегін еңбектенуден таймайды. Қажет болса, бірігіп күш жинайды. Мемлекетке тіреп қою — ол жалқаулардың, қорқақтардың, аузымен орақ оратындардың, ақша жасап қалғысы келетіндердің, т.с.с. далбасамен айналысып жүргендердің ісі.

Жақында елбасы мемлекеттен қаржы бөлу кезіндегі олқылықтар жайында сөз сөйлеген болатын. Бұл мәселенің елбасыға жеткеніне қуаныштымын. Келер жолы қатты қаралатын болар деп сенемін.

Уффф, кеттім, суып кеткен әбетімді ішейін…
Дереккөз
Әрі қарай

Ауылдағы "гулянка"

Ауылдағы сыныптас досым той жасаймын, той жолдас бол деп қолқа салғаннан кейін ауылға тойға барып қайттым. Ауылдың тойы өзіндік ерекшеліктерімен қызық және есте қаларлық. Әсіресе «гулянкасы»!
Блог - Arys_arlany: Ауылдағы гулянка
Блог - Arys_arlany: Ауылдағы гулянка
Блог - Arys_arlany: Ауылдағы гулянка
Блог - Arys_arlany: Ауылдағы гулянка
Блог - Arys_arlany: Ауылдағы гулянка
Блог - Arys_arlany: Ауылдағы гулянка
Блог - Arys_arlany: Ауылдағы гулянка
Блог - Arys_arlany: Ауылдағы гулянка
Блог - Arys_arlany: Ауылдағы гулянка
Блог - Arys_arlany: Ауылдағы гулянка
Блог - Arys_arlany: Ауылдағы гулянка
Мұның барлығы дайындық жұмыстары. Қызықтың барлығы жолғы шыққанда басталды. Той жолдас болып лимузинде отырғанымды қайтейін, артымдағы «лицензиясы» жоқ шопырлар арсың-гүрсің, алдына шығуға таласып, тар жолда жарысты бастап жіберді.
Бізде ауылда, гулянкаға баратын жер біреу-ақ, ол Сырдың жағасы және Сырға салынған көпір.
Блог - Arys_arlany: Ауылдағы гулянка
Блог - Arys_arlany: Ауылдағы гулянка
Блог - Arys_arlany: Ауылдағы гулянка
Блог - Arys_arlany: Ауылдағы гулянка
Биледік, күлдік кеш болды. 15 машина барлығы. Енді қайтуы бар. Шопырлардың барлығымен сөйлесіп шығуға тура келді, «жәй жүріңдер, Құдай үшін» деп. Сөйтіп жайғастық машинамызға.
Блог - Arys_arlany: Ауылдағы гулянка
пысы. бір күн, бір сәттік ғұмыр осылай өтті.
Әрі қарай