4 тур. Ла Лига

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 4 тур. Ла Лига
Кешегі ойынның қорытындысы, алғашқы ұпай жоғалту… Ия, түбі болу керек нәрсе болды. Кешегі өткен матчта тұрақты ойынын таба алмай келе жатқан Мадридтіктер Барселонаны 2 ұпайға алға жіберіп алды. Ұтылу себебіне «ФИФА вирусының» және Вильярреалдың жақсы форма да екенін айтуға болады. Сонымен:

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 4 тур. Ла Лига
«Вильярреал» — «Реал Мадрид» 2:2 (1:1)

Голдар: 1:0 — Кани (21), 1:1 — Бэйл (39), 1:2 — Роналду (64), 2:2 — Дж. Дос Сантос (70)

Ассистенттер: 1:1 — Карвахаль

«Вильярреал»: Асенхо; Марио, Мусаккио, Дорадо, Х. Коста; Кани, Сориано, Тригерос (Пина, 71), Акино; Дж. Дос Сантос (Э. Перес, 75), Х. Перейра (И. Уче, 65)

«Реал Мадрид»: Д. Лопес; Карвахаль, Пепе, С. Рамос, Начо; Ильярраменди (Хедира, 62), Модрич; Бэйл (Ди Мария, 62), Иско, Роналду; Бензема (Мората, 73)

Арбитр: Ф. Тейшейра Витьенес

Ескерту: Акино (34), Начо (37), С. Рамос (57), Мората (77), Марио (78)

Матчтан қысқаша бейне шолу:


Ойынға өз шашымнан сараптама:
1. Анчелотти бапкер ойынға 2 дебютантты жіберді:
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 4 тур. Ла Лига
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 4 тур. Ла Лига
2. Тағы да қораныстағы жігіттердің нашар, құсық ойыны. Варанның жазылуын күтіп жүрмін, Пепе көп қателесетін болып алды…
3. Диего Лопестің шеберлігіне қошемет, Касильясты да аяйды екенсің, 17-сінде болатын ЧЛ-сында Касильяс ойнайтын болады айтпақшы. Мынау Диегоның қатарынан жасаған 2 сейві:
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 4 тур. Ла Лига
4. Негізгі құрамадан орын алған Бейлдің ойыны әзірге жаман емес. Нағыз ағылшын футболына лайық ойын көрсетті, голын көрген шығарсыздар, позицияны таңдауы, жылдамдығы керемет. Дебютті голы:
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 4 тур. Ла Лига
5. Үздік ойыншы ретінде Реал сапынан Модричты атар едім, пүздік ретінде Пепе

Басқа ойын нәтижелері:
Атлетико — Альмерия 4:2
Леванте — Реал Сосьедад 0:0
Барселона — Севилья 3-2 Ноу Кампта нағыз триллер болды, екінші рет қатарынан Барсалықтар осы есеппен жеңіп отыр…
Гранада — Эспаньол
Хетафе — Осасуна
Малага — Райо Вальекано
Бетис — Валенсия
Эльче — Вальядолид
Атлетик — Сельта

4-ші турдан соң Мадридтіктер турнир кестесінің 4 тұғырына жайғасты, көш шашында Барсалықьар. ЕнД, қызықтың көкесі басталатын ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫН күтеміз…
Бөлісу:

10 пікір

zholantai
ренжулімін бұл ойынға, қадады
Ispek92
Реалға жеңіс деп тігіп пе едің брат???
zholantai
иә, П2 деп алғам, жаман қадады
konvict
Үздік ойыншы ретінде Реал сапынан Модричты атар едім
Модрик тым сылбыр ойын көрсетті. Орталық алаңдағы көп жерде жеңіліп қалды. Илара да солай. Тек баскесер Хедира шыққан соң ғана тұрақталды ғой ойын. Матчтың ең үзді ойыншысы сөзсіз Лопес.

Бэйл гол соқты демесең, жарытып көзге түспеді. Айып алаңына асырған кроссының бәрі далаға кетті.

Лібәәә, «Ноу Камтағы» ойында жүрегім тоқтап қала жаздады. Алексис гол соққанда қуанғанымды көрсең. Соңғы рет дәл солай қашан қуанғаным есімде емес.
Ispek92
Лопес сейвтерімен құтқарып жатты әрине, бірақ орталықта Модрич ойқастайтын жерінде ойқастады меніңше. Хедира негізгі құрамадан айырылып қалды ма деймін, бірақ жап жақсы ойыншы, корпусы керемет, физика мықты. Иллараны түсінуге болады, алғашқы ойыны жарақаттан соң. Келесі де ұтамыз деп ойлаймын
konvict
Келесі де ұтамыз деп ойлаймын
Енді Хетафені өз алаңында ұта алмаса қайдам
Marco
Мынау құрамға Макелеле сұранып тұр екен, әкесстің!
Соңғы түзету:
Adiletshu
Зиданның орны ойсырап тұр. Шабуылға Рауль жетіспейді
konvict
Лібәәә, кеше Галатсарайды айырып кетіпті ғой Реал
Ispek92
Реалдың ЧЛ-дағы қонақтағы ең ірі жеңісі