Илья Ильин Әлемнің үш дүркін Чемпионы!!!

Жарыс біткенше толқығаннан орын таппай кеттім. Жеңді ғой, әйтеуір! Әлемнің үш дүркін чемпионы болу Қазақстан үшін үлкен жетістік! «Бұл жеңісті Қазақстанның 20 жылдығына арнаймын!» деп ұрандатқан азамат нағыз ерлік жасады. Жарайсың, Илья!!!
Әрі қарай

Ең алғашқы тамағым - Сатыбалды

«Палау — кімге тамақтың, ал кімге — мемлекеттің аты шырағым». © Күмісхан апай, жағырапия мұғалімі.

«Рашки». «Рожки». Суретін салмағаным сол: оны, ол пісірілген табаның кескіні қасіретті мұң назымына жетелеуі мүмкін. Сондай сұрықсыз таба мен — Зевстің өзі кешірсін — тамақ.
Очм, бір күні жынды қарын ашт нақ. Ашқанда сұрама. Өзім байқадым: мына істің басын, ана істің аяғын шалып, айқай-шумен жүріп, адам қарны ашқанын білмейді екен. Ал тап сол күні баратын жер таусылып, істейтін іс бітіп
Әрі қарай

Қызығушылық ("Өзге тілдің бәрін біл")


Бала кезден арманым – көп тіл біліп, дүниежүзін шарлау еді. Бүгінде сол арманымның бастапқы сатысындамын. Өзім қытай тілін оқып жүрсем де, каникул кездері өз бетімше өзге тілдерді үйреніп жатырмын. Әрине, инет арқылы. Соның ішінде корей тіліне деген қызығушылығым корей сериалдарын көруден басталғанын жасырмай-ақ қояйын. Әсіресе, «Ыстық ұя», «Жүрегімде қалған күз», «Кешір, мен сені жақсы көрем», «Жумонг», «Баянсыз махаббат», «Жасыл қырат жақта» сериалдарын көріп фанат болмаған жастар аз шығар.
Әрі қарай

Жапония күнделігінен: Сапар соңында Ноко аралы



Мынау — балмұздақ! @satibaldi "Қайтем, нақ!" деуі мүмкін, бірақ сіз дәмін көрмеген боларсыз, бал! Ал дайындалу жолы? — сырты кәдімгі блинымен қапталған, оны сатушы көзіңше дайындайды, ең бастысы арнайы каталогтан және витринадағы суреттерден қалағаныңды меңзесең болды, ол лезде ожауымен арнайы қамырды жалпақ пешке құйып, жұлынбаған, жыртылмаған әп-әсем блиныды дайындап шығып, дайын өнімді қолыңа ұстатады.
Әрі қарай

Вааааааааллллииии!!!

Осынау қоқыс престеуші роботтың қылықтарына таң қаласың. Ешкімге де керегі жоқ жұмысын мүлтіксіз орындап жүр. Адам секілді. Тек көп сөйлеп білмейді. Асыранды қоңызы бар.

Фильм сюжеті бойынша жерде қоқыс-қалдықтардың көбеюіне байланысты, ауасы улы газға толып, тіршілік жойылып кеткен. Ал Жер өмір сүруге жарамсыз болғаннан кейін адамдар алып кемеге отырып, ғарышқа ұшып кеткен. Валли есімді робот қана өмір сүреді планетамызда. Күнде таңертең тұрып, жұмыс орнына барады да, қоқыс жинайды. Оларды престеп, үйеді. Қоқыс арасынан тауып алған кейбір ескі заттарды үйіне тасиды. Ал кешке теледидар қосып, романтикалық кино көреді. Өмір осылай жалғаса берер ме еді, егер…
Әрі қарай