Керектің акулалары жайлы

Гаста Венераның «Анкета» атты постында «Талай қыздар өстіп сызылып бастап еді Қазір бір-бір акула))» — депті

Тек қана осылай емес, бетпақ деп те, көк деп те атап жатады осында қыздарды. Админ шырақ қыздарды тупица десе, Нұрғиса тістеп қалуға даяр. Сатекенің жөні мүлде бөлек, ол ген тұрғысынан жек көреді. Айта берсе, көп-ақ

Ойлаймын да, соншалықты бізді жек көретіндей не істедік екен деп. Осы жердегі жігіттерге сен езсің, оңбағансың т.с.с ешнәрсе айтқанымыз ол жоқ. Сонда да, қыздарға деген негатив бар.

Жәй, ойлаймын да, неге осы қыздарды еркелетіп отырмасқа?! "Қарындас" деген қандай жылы естіледі. Ұра берсең, қорқақ та батыр болады деген. Қыздар мынадай, андай деп осы жерде тиісе бергенге, әрине қыздар лайықты жауабын береді. Содан келіп, тағы да қыздар кінәлі болып шығады.

Шөбі шүйгін жердің ешкісі мен тақыр жердің ешкісі екі түрлі болады. Алғашқысы мамыражай болса, екіншісі бақырауық.

Бізді еркелетпейміз десеңдер де ешкім ренжімес, тек ер аттарыңа лайық болып, өздеріңді биік ұстаңдаршы, жігіттер!
Бөлісу:

190 пікір

ken
байқағаным, соңғы кезде сіз жиі осындай мазмұндағы каменттер жазып жүресіз.
meirzhan
Мен де байқадым :) Жоқ жерден кекету сияқты нәрселерді іздейтіндей
balzaminka
Мейіржан, өзге-өзге, бірақ дәл сенен осындайды күтпеппін, өкінішті :(
VKM
Бальзаминка, күшті пост… суықтық бар, мен ғана сезінемін бе десем)))
Aizhantabyn
маған пофиг))) өзгенің жігітінен (күйеуінен) жылулық сұрайтындай емеспін)))
Ағам да қоя бер, Бальзик, ол неисправим))) Қалғандары женатые, у них свои приколы.
ken
+1.
осылай жазуға тура келді. мені біреулер әбден минустап тастаған екен, плюс қоя алмай жүрмін.)))
Ottegin
Жүрекке жақын қабылдау өмірге қауіпті, жалпы алғанда, өмір сүру-қауіпті нәрсе, біреудің бірдеңе дегеніне бұртию әйел баласына тән дегенді кеше мастер-класс жүргізген психологтың аузынан естідім, өз басым келіспеймін, бірақ мін жерде сол психологтың сөзі тірі ме деп отырмын.
balzaminka
мда, постта мен өзге нәрсені айтқан едім.
Ottegin
Өзге нәрсені көре алмай отырмын, ренжіме, детсадта, ер балаларға ренжіген қыздың сөзін ғана көріп отырмын.
balzaminka
реніш емес, түсінбеушілік.
Ottegin
Бальзаминка, түсінудің де қажеті жоқ, кіршіктерден тазарған жауап іздеудің қажеті жоқ, егер осы жердегінің бәрі бізге түсінікті болса ортаның өлгені.
Altygradus
домбырам не дейд қобызым:))))
meirzhan
Негізі интернеттің өзі цинизм ортасы деп жатады ғой. Қандай топқа байланысты да цинизм бар.
Сатыбалды гендік дәрежеде Қилызаманды жек көруші еді. Ал қыздарды қателеспесем билогиялық түр ретінде ұнатпайды.
Ottegin
Соңғы кезде өмірдің өзі сондай боп кеткендей, ана жерде жарылыс, мына жерде жарылыс, аңысы белгісіз үрей де бар секілді, бір жағынан 20 жылдық мерекенің ұрандары, жетістіктер туралы атойлаған Нұр отардың атқамінерлері, артын бағып біз отырмыз…
balzaminka
түбі жақсы болсыншы, аман болалық!!!
a63a1
Төңкерістің ұшы қылтың-қылтың, қылтың-қылтың етіп, босаға жақтан сығалап тұр
saken
сайлауда жақындап қалды…
Zere
Цинизм басым. Қатты білінеді. Сырттан көп адам ортаға сіңісіп кете алмауы да осыдан деп ойлаймын.
dark_nazgul
Өйткені Гастарбайтер мен Сатыбалды өздерін ништяг эксперт санайды. )))
Zere
Әрқайсы бір төбе ғой несін айтасың )))
Daniar-Alan
Өйткені Гастарбайтер мен Сатыбалды өздерін ништяг эксперт санайды
оогггооо на те заявление
dark_nazgul
«Амиголармен» стақан соғыстырғанға дейін ғо бұл.
Daniar-Alan
егер реалда жүздеспесек мен де бәрін басқаша ойлап жүрер едім
meirzhan
Цинизм жалпы интернетте басым. Мүмкін айтқың келгені басқа сайттардан да цинизм бұнда басым шығар.
Zere
Өз ойыңды маған тықпалай бермеш )))
konvict
Сіз осылай ойлайсыз. Менің сіздерге деген ақ адал көңілімді көрмейсіз бе? әлде, новичок деп менсінбейсіз бе? (ашуланып тұрған асқабақтың смайлы)
balzaminka
наурызда тіркеліпсіз, әлі өзіңізді новичок санап жүрмісіз :)
konvict
Бұрыннан жүрген Қисық, Патиктер новичок саналғанда менікі қайда, тәйірі
qisyq
Түш, түш, апай-ағайлар ұрсысып жатыр, көздеріне түсіп қалма…
dark_nazgul
Қазір Сатико келеді де, бәріміздің пәщақ-пәщағымызды шығарады.)))
araika
«Біздің бұл шынайы бет-бейнеміз» деген кісілер қыздарды еркелету, "қарындас" деген жылы сөзді өмірде қолданбайтын сияқты :)
madlen
Akulalarga kimderdi jatkyzady eken, kyzyk…
asaubota
менің ойымша ешқандай мәселе жоқ. тек бұрынғы звездаларғa қазір бұрынғыдай назар аударылынып, көңіл бөлінбеуде. pенжіп жүpгендеp де сoлap.
Gastarbaiter
Негізі «акула» деп мен «акулы шоу бизнеса» деген мағынада, жазып едім.
Бальзаминка өзің рухани кризисте жүрген соң, бәрі қап-қара боп көрінеді.
Өмір тамаша.
ПС. Сен акула емессің қорықпа. Акула деп сөздің жақсы мағынасында, Саммита, Алишаларды айтуға болады. Саған қаа-айда:)))
balzaminka
дәл осылай таяз ойлайды деп ойламаппын сені, судың бетіндегіні көріп, тұнығында не жатқанын байқамайтын. Әлде, өзіңе керек кезде ғана ма солай?

ПС: баға сұрағым келсе хабар беремін, уақытынан бұрын сөз шығындап қайтесің, даладағы шаң көтерген желдей болмағын :))
Aizhantabyn
минус қойған мен. Не потому, что сен Бальзаминкамен сөз таластырып, как всегда умное лицо жасап жатсың.А потому, что сен айтып аласың, сосын я это имел ввиду, я то имел ввиду деп сытылып шығып кетесің. Тенденцияң сондай сенің. Бір рет болса да: Да, мен солай ойлаймын! Это мое мнение демейсің.
Ойлап отырған шығарсың қыздар капец ренжіп, переживают деп. Көбіне давно и глубоко пофиг))) Керек деген не? Бар болғаны блог. А скольк значимости придаешь)))
Gastarbaiter
:)))) Айжана бұрыңғы обидаларыңды қалқып шығып жатыр ма:))) ӘЛде саған да тиіп кетті ме. Ашуларыңды менен алып жатқандай-ақ.
ПС. Мен шынымен де еш негативсіз, достық шаржбен жаздым. Не ойлап, не қойғанымды табуға тырыспай-ақ қой.
Aizhantabyn
да не, саған ренжитіндей не істеп қойып ең)) маған уже еш нәрсе тимейді))) Мен ашуымды алып жатқан жоқпын, просто сказала то, что думаю по этому поводу.
Ты всегда няшка такой, аж приторный)))))
asaubota
Айжан, сен маған пофиг, маған тимейді деп керісінше сол кемшіліктеріңді жабуға тырысатын сияқтысың :))
Aizhantabyn
менде не кемшілік? расымен пофиг. АЛЛА көріп тұр ғой))) жалпы, ренішіңді түсінетін, еркелігіңді көтеретін адамға ренжіп, еркелеу керек. Әр қайсың бір шаңырақтың отағасы, отцы, некоторые уже в квадрате))), ешқандай арада достық та, қастық та жоқ. Сәлеміміз түзу болса и то хорошо)))
sammita
үшбұрыш дегенді білеміз, квадратың қызықтырып тұрғаны)
Aizhantabyn
екі еселенген дегенім ғой)))))
Gastarbaiter
Бальзаминка екеуіңе пофигу болғаны соншалық, негатив тақырыптарда ең белсендісіңдер.
Әбдраштың ертегісіндегідей, мен сияқты байымайтын ептілердің қыртпағын бағып, жақсы адамдардың тірлігін бір сөз қылмайсың.
Aizhantabyn
саған тиісіп қалмасам, ас батпайды))) ренжімеші, няшкасың ғой))
sammita
акула?:))
Gastarbaiter
Ия, сендерді акула дедім:) Біреу плюс қойыпты. Қашайын деп тұрған киіктің артына сол таяқ болып тиіпті:)
sammita
мен қойдыем ғо.
тақырып дұрыс қозғалған, бар көңілге тиер жайттар.
Gastarbaiter
Саған тиген жерім болса кешір.
sammita
әлде сөзіңді елегім келмейді әлде шынымен ондай жағдай болмады білмеймін, еш өкпем жоқ екен сенсең.
Aikona
не ғой Гаста, сен жалықпадың ба осы қыздардың көңіліне тиюден, осы жердегі барлық қыздарды бір ренжітіп шыққан шығарсың
Gastarbaiter
Жоқ жалықпадым:) Қызық қой. Ренжіткенде ғана, кімнің жұбатуға тұрарлық екенін білесің:)))
balzaminka
әркім өз ойынан осылай хабар береді
timurrr
Дұрыс қой енді… Қанша дегенмен «нәзік жанды» атауы бар…
e_zhalgas
Миру мир?! :)
VKM
Войны не надо....))))
e_zhalgas
әйтпесе, шекарасыз соғыс басталатын түрі бар ғой ;)
balzaminka
Жалғас батыр десе, неге соғыс басталуы керек? Соғысты жақсы көретіндерден емеспін :), бірақ…
izbasar
Керектің акулалары жайлы Неге акула?
balzaminka
Гастадан сұрау керек :))
izbasar
Ол акулама не, мен Баха құрдым акула екен деп жүргемін.
balzaminka
Гаста біледі, содан сұрап көргін
VKM
www.kerekinfo.kz/blog/narrator/1247.html осы жердегі акула)))
izbasar
Оны неге одан тусинбедім
VKM
Жәй, есіме түсіп кетті. Акула дегенде.Сатыпалдының тақырыптарын оқып отырып,қыздарға жазған өлеңдерін тауывалдым)))
izbasar
ммм, қатты ренішін барау Саутыпалдыға.
VKM
Жооооқ, мен ол кісіні жақсы көрем)))
balzaminka
таааааак, осы жерден ашып айтсаң :)
VKM
Талантты ғой, сосын оқығаны, білгені көп.Вредина болмаса… бірақ онда Сатыпалды болмас еді))) Жоқта өсектеп алмасақ:)))
balzaminka
өзі жоқ болғанмен, көзі осында ғо :) Ай, өсектесек өсектейікші, аман болсын, ол кісі болмаса бұл сайт маған дым қызық дееееееп мен де өз Одамды бастап кетелін :))
Simona
:))) ха ха ха, бетбақ акулалар өңшей :)) Акула десін, бетбақ десін, қызықтырмайды. Мүмкін сол контекстте солай да шығар?!

Менің жиі байқайтыным, ол қыздарды кекетіп-мұқататын пікірлер. Соңғы рет әлгі «солақайларға арналған шыны» суретіне жазылған комменттер. Қыздар тумысынан топастау келетін, ойлау қабілеті еркектерден әрқашан бір саты төмен сияқты сипаттайтындар бар.
Кей қыздар сол бейнеге бейімделіп, білсе де білмеген боп, да аңқау/топас сияқты назданып жазады. *басын кірпішке ұрып жатқан смайли"
Zilola
Ия, ол рас. Бiр жiгiт кекетiп бастаса, калгандары коштап кетедi. Бiреуi догарайык демейдi, керiсiнше оршiте туседi. Катырдык деп ойлайды, шынын айтканда олар оздерiне деген сыйластыкты жогалтып жатыр.
a63a1
не дүмпу бұл? Іштерің пысқан-ау айнооолоооойын қыздарым
balzaminka
цыц, тыныш десей :)
a63a1
Жаман күнде жатып тыныш тап
balzaminka
не мағынада айтылған?
a63a1
мағынасы бетінде қалқып тұрғой
Zilola
Жiгiттердiн кекету-мукатуларынан полный зб уже!
a63a1
әәә, бұл жерде еркек, әйел, үлкен, кіші, қазақ, қазақ емес, ру, жүз, ит адам — хайуан деген ұғым жоқ едіғой.
Zilola
Ары карай отiрiк диалог жургiзiп ауре болма. Менiн ойым озгермейдi.
balzaminka
менің меңзегенім сол болатын :)
a63a1
meirzhan
Аяқ киім жақсы екен. Әбілкәкімнің базарда қалған туфлиі осындай болған.
Gastarbaiter
Әжес, восстание обезьян фильмы есіме түсіп кетті.
Кеттім, барикада құрып тастайын, айқыш ағашқа керілмей тұрғанда:)))
asaubota
пост мақсатына жетті. назар аударылмай жүрген қыздарға шамалы болса да назар аударылды :)

жеке өзіме қатысты бөлігіне камент айта кетейін, ешкімді топас демедім. жазғандарым тек әйел логикасымен еркек логикасының айырмашылықтары туралы ғана. сол туралы ғана әзілдеймін. ешқандай қыз-келіншекпен конфликтім жоқ деп есептеймін. керісінше осындағы біраз қыздармен жақсы араласатын сияқтымын. тек көбінесе өзіммен қатарлас Қаламқас, Анар (Гүлстан), Назгүл, Жансая, Динаралармен көбірек араласатын шығармын. тап осы посттың авторына көп пікір жазғаным есімде емес, өйткені оның жазбалары мен үшін қызық емес.
balzaminka
Осы пікірдің авторы, бұл посттың авторы сенің назарына, болмаса басқа жігіттердің назарына зәру емес еді, былай аспаннан жерге түссең қалай болады, қатты түспей, жәймендеп, тағы майып болып қалып жүрерсің.

Бұл посттың мақсаты соғыс ашу болмаған. Көп қыздардың ойын білдіру, сол арқылы шектеп шығып бара жатқан сендерді осы жердегі қыздарды түсінуге шақыру болатын. Осында жазылған қыздардың комментін оқып шық, түсінуге болатын қарапайым тілмен жазылған.

Егер осы пост арқылы мен өзіме внимание тартып рахатқа бөленіп отыр десең, ол сенің өз ойың, менікі емес. Керісінше, жұрт назарынан тыс болуды қалайтын жанмын, ондай да кісілер болады, түртіп қой.

Ұрсысып ешкімге қадірлі болмассың деген, ұрсысу емес мақсат, осыны да түртіп қой түртіп қойғың келсе.
asaubota
жазбаңда да каментіңде де пафос көп :)
balzaminka
не десең де өз еркің, Сатеке аман болсын. Осы керекті ұйытып отырған сол кісі, жеке өз көзқарасым
Gastarbaiter
Диагноз был страшен как метеор среди ясного неба:
Хронический недотрахит:)))
Пс. Ал минустаңдар:)
patick
балақтан кетті :)
asaubota
Хронический недотрахит

осы аурудың атын біле алмай жүр едім. жаттап алайыншы енді :)
balzaminka
еее, енді өзіңді әйеліңмен жарнамалауға көшкен екенсің ғо, ерте кетіпсің, Алла жар болсын :)
asaubota
Гастаның тарихи диагнозы!
Daniar-Alan
Диагноз был страшен как метеор среди ясного неба:
Хронический недотрахит))
 білуімше бұл диагноздың ең алғашқы айтылуы осында болған
sigma
Сайтымыз өз шарықтау шегіне жетті ме деп отырмын. Ендігі қолданушылар кетпесе келмейтін сияқты.
asaubota
керісінше жаңа толқынды ескі толқын жатырқап, қабылдай алмай осындай бүліктер шығып жатыр :)
sammita
жаңа толқын датасы бойынша қашаннан басталады:)
asaubota
ескі толқын: солайде, жастарбиз, блогосфера.
sammita
жаңа толқынды ескі толқын жатырқап, қабылдай алмай
кассетаны аудара салдың:) орындалып жатқан ән, кей жігіттердің қыздарға дөрекілік көрсетуі, аз болса да сыйластықтың жоқтығы жайлы.
Ал жалпы өмірде инеттен де маңызды дүниелер барын (шүкір) ескеремін де, мән бермеуге тырысамын.
Әзілмен қабылдауға, қалжыңмен жауап беруге тырысамын, онымды біреулер Абзал айтпақшы, жайдақ суға балап асыра пайдаланып жатады.
Ал біреуді менсінбеу, жаңа келгенді түртпектеу ойым жоқ өмірдегі мінезім сол ұнамағанды айта салам. Жаман шығармын сондай.
Ұнамаса кете салармыз, керек болған соң жүрміз ғой)
balzaminka
сұмдық десе, адам ойына келмеген нәрсені өз ойыңмен жаба салу қандай керемет.
Abilakim
өмір осымен тоқтап қалған жоқ деуші ме еді…
AKY
Ия, енді оқиғаның шешімін күту қалды, әдебиталдауынсс
asaubota
аха
sigma
Екі жылдан соң?
asaubota
шарықтау шегі болмайды ау деймін, бір түсіп, бір көтеріліп отырады
Abilakim
Қыздарды ешкім кемсітіп жатқан жоқ секілді.«Шашы ұзын ақылы қысқа» деген мақалды кей кезде өздерің дәлелдеп бересіңдер.Оған мысал анау солақайларға арналған шәшке және осы ашылған пост
balzaminka
Осымен тақырыптағы пікір жазу тоқтатылады. Өкінішті, жігіттердің бұл постты соғыс алаңы деп көріп, білек сыбана кіріскендері.

Жаңа апта, алғашқы күн, жұмысқа ауырлығы тиіп жүрер. Терең тыныстап, еркін болыңдар!
balzaminka
Кешірім сұраймын, бірақ ашуға тура келді :)
madlen
Аршат, сіздер шынымен түсінбей жатырсыздар.
Гүлшаттың айтқанының жаны бар. Осындағы көп қыздармен былай, керектен тыс, араласып тұрамыз ғой. Әр кездесуде немесе әр агенттегі обсужденияларда қыздардың бір рет те болса сіздерге ренжігендерн айтпаған күн болған емес.

Айжан рас айтады. Мұндағы қыздар сіздерге ренжитіндей, еркелейтіндей сіздерге ешкім де емес. Сол үшін де көбісі үндемей-ақ қояды. Айтқанымен, бәрі бір түсінбейсіздер ғой.

Мен өзім бұл жағдайға көңіл бөлмеуге тырысам. Көбісі Гастаны жек көріп жатса да, у меня к нему особая любовь :) Просто шектен тыс болып кетеді да. Акула туралы ойнап айтқанын білемін. Бірақ, қыздарды акула деген обидно естілетін болып тұр ғой. Қай мағынасында айтса да.

Болмашыға ренжитін нәзіктерді акула демек түгілі, «керекте қыздар қаптап кетіпті» дегенді естігенде селк ете түстім. Ауыр естіледі, сеніңіздер.

Осыдан соң барлықтарыңыз жақсы болып кетіңіздер демейміз. Тек Бальзам жазған затты дұрыс түсініңіздерші.
Abilakim
Акула сөзінің орнына Овчарка сөзін қолданса да дәл осылай ренжір ме едіңдер?
Gastarbaiter
Бальзаминка негізі ренішін по факту, жеке менің пікіріме жазуы керек еді. Әйтпесе, тым жақсы Омар бырат, Сәкен сияқты джентелмендерге де тиіп кетіп, жалпылама жынысаралық қақтығыс болып кетті.
madlen
Гаста еще акула деп айтып алады да, әрқайсысымыз өзімізді акула қосыватсақ, сен акула емессің дид. Ол да обидно)))))))
Jacqabaies_Chirac
жынысаралық қақтығыс? О'Шива!!! квест құрысын лібә біраз нәрседен құр қалыппын нақ
balzaminka
іш пысты, ойын басталмай жатыр, қайтеміз енді :))
Aizhantabyn
минустар жауыны басталыпты)))) как всегда, біреудің ашып айтуға әлі жетпейді)))) прикольно, все такие зврослые, а детство еще основательно играет в пятой точке!
a63a1
қанның виртуалды көрінісі)))
meirzhan
Минустың бәріне, әсіресе Әбіләкімге қойылып жатқанын ескере кетейік
Abilakim
Жігіттер мен қыздар өзара минустар соғысын бастағандай ма? Айтпақшы сізге бір минус менен ойыңды қазақша жеткізе алатын қызсың, орысшаны көп қоса бересің.Байғұс Айгөлек қазақша жазып отырып қазақ әріптерін қолданбағаны үшін минусталып еді.Сізге бұл минус әділ деп білемін
Aizhantabyn
керек десеңіз, ваще минустап тастаңдар) можете весь рейтинг взять) оған қарап отырған мен жоқ. Просто интересно, как юзеры такого масштаба мелочатся адамды минустап.
Қалай сөйлегім келсе, солай спикинг делаю)
Abilakim
өз еркіңіз ғой. Дегенмен, мынау қазақ тілділердің еркін блогы емес пе?
Сіздің рейтінгіңіздің өсуі мен өшуінен маған келіп кетер пайда мен зиян жоқ.
Aizhantabyn
тем более))) еркін дегеннің астын сызып қойыңыз, ағасы. Мүлдем қазақ тілін қоспай сөйлеп жатқан жоқпын же) МАҒАН, жеке қара басыма қалай ұнайды, солай жазам. Оставалось только сізден рұқсат сұрап жазу))))
Ottegin
Айжан-ханум, қазақ тілін араластырып жазғаныңыз ерекше көрінеді екен)))
madlen
Айжануля, шектен шықпаш, давай жайырақ айқайлаймыз.
Aizhantabyn
Маржанчик, мен вовсе айқайлап жатқан жоқпын)))
ken
қыздар енді бір-бірімен "ұрысайын" деді)))
Aizhantabyn
вы что! Мен Маржанда души не чаю)
ken
сен ба минустаған?))
тырнақшаға әдейі алғанмын, «бұл — әзіл» деп.
Aizhantabyn
жоқ, қайта барып рейтінгіңді көтеріп келдім))) мен бостан бос минус қоймаймын))
madlen
қыздарды дым да түсінбейді екенсіздер. Несіне мыжыватырмыз :))))
Abilakim
қойыңыз енді.Менен рұқсат сұрап жазыңыз дегенім жоқ қой. Ешкім керосин, бензин әкелмей тұрғанда екі жаққа кетелік.
ken
менің жағдайымды айтсаңдаршы, әсіресе.
әбден минусталғаным сонша, не плюс қоя алмайм, не минус қоя алмаймын. қолдарыңды байлап тастағандай әсер етеді екен.
AKY
Не дейді, құдай-ау… Ескі толқын, жаңа толқын… Ондай да түсініктер бар екен. «Ескі» толқын «жаңа» толқынға кедергі болып жүрсе, онда «ескі» толқын жоғалсын! «Жаңа» толқынмен рахаттаныңдар:)))))))))))))
a63a1
«Жаңа» толқынмен рахаттаныңдар
өртейсің ))))))
Қалай? ақылсыз пендеге бағыт-бағдар беріп жіберіңізші
AKY
кайфуееем, сегодня мы с тобой кайфуееем… деп отырасың:))))
balzaminka
қай толқынның өкілісің? :))
AKY
жағаға шығып қалған баклашка толқыны:)))
Abilakim
Қой, қарындас бәріміз бір толқынбыз ғой. Ешкім жоғалмай-ақ қойсын
Aikona
Мен ойымды жаза кетейінші, біздер бір нәрсені ұмытып кеткен сияқтымыз.
1. Интернет ол нейтрал әлем, блогсфера ол әркімнің өз ойына не келсе соны жазатын парақшасы. Демек ненні қалайды соны жазады, сенің жазбаң онша емес мені қызықтырмады деп пікір айты жазған посттарына қарап сен ақымақсың или андай мындайсың деу ол адами тұрғыдан алғанда өзіңнің төмендігіңді көрсетеді. Саған қызық болмаса, өзгеге қызық. Жарайды тіпті ешкім оқымай-ақ қойсын, зато ол өз ойын жазды бөлісті.
2. Жігіттер біз сіздермен қаншама жыл бірге келе жатырмыз 4- жыл аз уақыт емес, 3 күненен соң көрге де үйренесің сондықтан да сіздердің жазу, пікір айту стильдеріңізге үйреніп қалғанбыз.
3. Жаңа толқынды біз ешқашан сыртқа теппедік, сіздер ғой алалап отырған.
Осыдан кейін, қазақтар қашан бірікпек?
balzaminka
Айкона, рахмет пікір білдіргеніңе. Керемет айттың, тек тағы теріс бұрмалап жібермесе екен :)
sammita
жөн-ақ, ескі/жаңа адамдар жайлы ойланбаппын өзім.
Ottegin
Ондайы бар ма еді, ортадағылар, ескі емес, жаңа емес, толқын арасындағылар дегендер бар ма?
balzaminka
админнен сұрамасаңыз, сол кісі енгізген ол терминдерді :) Анықтамасын да береді ғой дим, салдарымен қосып :)))
qisyq
«Ескі толқын»… «Жаңа толқын»…
Өзімді өліара кезеңнің өкілі сезінемін, себебі мен келгенде Админ ағай, Жанна апайлар ардагер болды. Қатарым сирек болған сияқты, ал кейінгі кезде жаңадан келдік дегендердің саны біршама көрінеді.
Abilakim
Алдыңғы толқын ағалар, кейінгі толқын інілер… Біз неменеміз дейсің ғой?!
sammita
сыңсымай шабаданды жи. Төркінге алып кетеміз)
qisyq
Құдайым-ай… Құдай-ааааай… Не жаааааааздымммм… Құдааааай-аааай…
balzaminka
Қисеке, білемісіз, мен өзімді еш толқынға жатқыза алмайды екенмін :) Себебі, пікір білдіруші жаңадан келсін, бұрыннан келсін пікірімен құнды, уақытымен емес. Бұрыннан жүргендер болады бір пікір білдіретін, тіптен көңілге жақпайтын. Жаңадан келген кісінің пікірі болады, алғашқы айқаны болса да садақтың оғындай, жетер жеріне жететін :))) Сондықтан Аршаттың «толқын» туралы айтқаны мені жаймен ұрғандай болды.
gunner
Көп кірмейм сайтқа, көбіне сырттай оқитынмын, соңғы кездері аз кіріп жүрмін десе де болады.Менің пікірім төмендегідей:
gunner
Барің жақсысыңдар, қырлыспаңдар
Балзаминка, Симона ақылсыз болса Индияда, Германияда оқып жүрмес еді. Симона мына жерде отырған көп ерлерге фора береді ақыл жағынан болсын, білім жағынан болсын. Зиола, техникалық мамандық бітіріп сол салада жұмыс істейді инетке жазғандары бойынша)), демек бас істейді).Дарк Назгул кітап коп окыганы көрініп тур. Зере адекватная. Айжантабын да мықты, ешқандай комплекс жоқ, өлең жақсы аударады, пікірлері де мықты.Саммита, Мадлен, АКҮ тағы басқа қыздардың барінде өздеріне тән жақсы қасиеттер көп.

Ал енді жігіттер жағына сын айтайын )), сен кімсің сын айтатындай десеңдер де )). Пафос бар, көп пафос)). Байқағаным сол, мақтанатын ештеңе болмаған соң еркек болғанды мақтан тұтып кететіндер де бар )), әйел логикасы анау мынау деген әңгіме көп, хотя Айжантабын или Симона көбіңді логикадан айдап алады )) Жалпы көп мақтанасыңдар, қазақтар мынандай, түк істемейді қазақ үшін деп баріне топрақ шашасыңдар, ал біз болсақ сайт жасадық дейсіңдер. Рахмет сайтқа, бірақ қайта қайта олай айта бермеңдерші жасағандарыңды Тұрар Рысқұлов немесе Б. Момышұлы болсаңдар да. Білетіндер көрсе ұят болады, проперти файлдарды қазақшаға аударып, настроика жасауды сайт жасадым деп мақтанбаған дұрыс меніңше. Сен соны да жасамадың дерсің, ия жасамадым, бірақ мен жасаған үшін емес, мақтанған үшін сынап отырмын.

Маған бәрібір минус па плюс па, бәрібір көп кірмейтін болдым соңғы кездері, не қойсаңдар да қойыңдар, бірақ менің ойым осы.
sammita
ай да пікір!
AKY
Жынысы кім?
Abilakim
«Жынысымда жұмысың болмасын» деген екен біреу
AKY
"Әккуімде жұмысың болмасын" дегенді де көрдік :))))))))))))))))))
sammita
ұяттан жерге кіруге болады.
balzaminka
Гуннер, пікіріңізге рахмет :) Қайдан білейін, қасқа басым, жақсы көңілмен, сыйластығымыз артсын деген ойым осылай боларын.
monti
Постпен пікірлерді оқып шықтым. былай қарасаң үлкен адамдарсыз, кішкентай адамдар сияқты :) осыншама жерге барыпсыздар ғой :( осыншама негатиф, ажь сөзім жоқ. Негізі алдында Гастенің Айжантабынға жазған пікірлерін көріп шошығанмын((( бірақ бұрынан танимын, массағанан депті(бір жерде), онда да оқып отырған адамға бір түрлі((( шын, танып, біліп реалда арласқан жандармыз қанша мәрте. танып біліп отқанда адресімізге осыншама сөздер түсіп жатса, танымай аноним отсақ онда бір бірімізді атып тастайтындаймыз ғо тура :)

ал постың маңызды, маңызды емесіне келер болсам, Тап осы постың иесі Балзамның посты әр қашан маған қызық, басында блогқа шақырған адамдардың бірі едім. Мен үшін жазған пікірі мен посты қызық. Бұндай инфоны, Индиядан қазақ тілінде ешкім жазбайды, маған Индия қызық болған соң, сұрақтарымды басқа форумдарда қойып, солармен арласқан едім кезінде. Ал, Балзам жаза бастағанда қатты қуанғанмын.

Так что балдар нәзік жанды аруларымызды ренжітпейік ар қашанда, реалда өмір сүруміз маңызды. көбіне, көп адамдар инетке релакс үшін келеді, и так айналамызда, нагыз соғыс болып терактар орын алып атр, бұның жанында бұл жай нәрсе деп ойлаймын ;)
a63a1
сонымен солай дейік, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін сырттай бақылаушы Сатыбалды мен Қилызаман мырзаларға берсек:
Aizhantabyn
офф топ жазып кетейінші))) Қилызаман ағай мен Сатыбалды ағам Оводтағы кейіпкерлерді еске салады. Овод (никнэйм) деген фельетон жазатын супер жазушы бір епископты жамандап жазады, ал Аноним епископты мақтап жазады. Ақыры, екеуі де бір адам боп шығады)))
meirzhan
неожиданный конец
AKY
Олар мұнда араласа қоймас…
meirzhan
«Ярик, это не твоя война»
a63a1
Сонымен солай делік солай боларына сенелік! Бай қуатты болайық ағайын!
qisyq
Камера алдында қызылөңештеніп, дауыстары қарлыққанша айқайласып, бір-бірін түтіп жердей болған Әбіләкім, Айжантабын, Балзаминка, Аршаттар жүргізушінің соңғы сөзінен кейін бір-бірімен күлімдей сөйлесіп, әлгінде ғана болған дау-дамайды қарқылдай, сықылықтай күліп еске алысып, бір-бірін "Әй, сен ана жерде тауып айттың-ей", «Ох, оңдырмадың, оңдырмадың» деп қолпаштап студиядан шығып бара жатты…
sammita
:)))))))))) қалғаны қайда кетті?
a63a1
кастингтен өтпей қалғанғой
qisyq
Қалғандары студияға қонақ ретінде келіп, бағдарламаның «Ел не дейді?» деген бөлімінде жүргізушінің берген микрофонын алып сөйледі.
meirzhan
Студиялан қуылған шығар. эмоцияларсс
patick
Пікірлерді қайта-қайта оқимын. Анық түсіну қиын қыздардың ренішін. Қыздарға ұсыныс: Бізге қояр сауалдарың бар ма, қояр шарттарың бар ма, оларды НаҚты тізіп шығыңдаршы :)
VKM
3-ші дүниежүзілік соғыс бола жаздапты ғой бір кезде))))
ken
Бальзаминка, күшті пост… суықтық бар, мен ғана сезінемін бе десем)))
— деп жазыпсың 2011-жылы? Суықтық әлі бар ма?
Соңғы түзету:
AKY
бала болыппыз ғой ))
asaubota
соны айтам

кеше Гаста келіп еді ғо, біраз нәрсені еске алдық
AKY
Аттың басын жіберген шығарсыңдар )) қазір бәрі бір алыста қалған елес сияқты )) құрысын, қайталанбай-ақ қойсын бірақ )))
asaubota
әңгімелер қыздар туралы емес еді. жәй ғана өзіміздің "қанатты" сөздерімізді еске алып тырқ-тырқ күлдік
mercedes
күшті бопты ғо мұнда
Abilakim
Мақпал Жүнісованың орындауындағы "қайда сол күндер" атты әнді тыңдап отырып оқитын пост екен)))