Қызығушылық ("Өзге тілдің бәрін біл")
Бала кезден арманым – көп тіл біліп, дүниежүзін шарлау еді. Бүгінде сол арманымның бастапқы сатысындамын. Өзім қытай тілін оқып жүрсем де, каникул кездері өз бетімше өзге тілдерді үйреніп жатырмын. Әрине, инет арқылы. Соның ішінде корей тіліне деген қызығушылығым корей сериалдарын көруден басталғанын жасырмай-ақ қояйын. Әсіресе, «Ыстық ұя», «Жүрегімде қалған күз», «Кешір, мен сені жақсы көрем», «Жумонг», «Баянсыз махаббат», «Жасыл қырат жақта» сериалдарын көріп фанат болмаған жастар аз шығар. Мен де солардың қатарында сол фильмдерде ойнаған актерлер мен актрисалардың өмірбаяндарын оқып, суреттерін жинай бастадым. Сосын тілін білуге деген құштарлығым оянды. 4-6 маусым күндері Алматыда корей кинофестивалі өтті. Құрбыларыммен бірге «Цезарь» кинотеатрына барып, «Скандалисты», «В звездном свете» атты фильмдерін тегін тамашалап қайттым. Үйде де DVD дискілер көп жиналғаны сонша, қазір сұрағандарға таратып жатырмын. Сонымен… корей тілі жайлы жинаған азғана ақпаратым мыналар:
Корей тілінің грамматикалық ерекшеліктерінің қазақ тілімен ұқсас жерлері бар. Мәселен, оларда да баяндауыш міндетті түрде сөйлемнің соңында келеді. Бізде 42 әріп болса, оларда – 40 (19-дауыссыз, 21-дауысты дыбыстар). Дауысты дыбыстардың алдына жазылғанда міндетті түрде (о) деген дөңгелек белгі қойылады, ол ешқандай дыбысты білдірмейді, ол егер сөйлемнің соңында келсе біздегідей «ң» дыбысы болып оқылады. Сондай-ақ тағы бір ерекшелігі, сөзді қалай естісеңіз, солай жазасыз және қалай жазсаңыз солай оқылады. Оларда сөйлемдер әрқашан жалғау арқылы жасалады. Мысалы, «кету» деген етістікті алайық. Ол корей тілінде – «Ка» деген түбір етістік. Бірақ мұны осы күйінде айтсаңыз, мәдениетті корейлерді ренжітіп аласыз. Себебі ол «кет, жоғал» деген сөздермен бірдей боп шығады. Сондықтан оған міндетті түрде жалғау жалғап айтамыз, яғни етістіктің «да», «ё» — деген жалғауларын қоссақ, сыпайы түрде «ка-да», «ка-`ё» — «бара беруіңізге болады», «кеттік» деген сияқты мағына береді.
Корей тілінде көп сөздер ағылшын тіліндегі нұсқасымен бірдей айтылады: автобус – bus; балмұздақ – ice-cream; кездесу — date; кофе – coffee; телевизор – television т.б.
Сондай-ақ шығыс тілдерінде (жапон, қытай, корей) айтылуы бірдей сөздер бар. Мысалы шай-cha; кітапхана-tosoguan-tosogwan-tushuguan т.б.
Негізінде қытай тіліне қарағанда корей тілін үйрену жеңіл, өйткені мұнда иероглифтер жоқ, жазулары иероглифтерге ұқсас көрінгенмен, оның бәрі әріптер. Корей, қытай тілдерінде біздегідей жыл он екі айдың жеке аттары жоқ. Олар жылдың бірінші айы, екінші айы, т.б…… деп аталады. Бұл жердегі “wol” – ай деген сөз. Ал бірінші жолдағылар – сандар. Қаңтар: il-wol; Ақпан: i-wol; Наурыз: sam-wol; Сәуір: sa-wol; Mамыр: o-wol; Маусым: yuk-wol; Шілде: chil-wol; Тамыз: pal-wol; Қыркүйек: gu-wol; Қазан: sip-wol; Қараша: sip-il-wol; Желтоқсан: sip-i-wol.
Бір ғана әріптен қателессеңіз, сөздің мағынасы бұзылатын жағдайлар мұнда да бар. Мәселен,사랑 — «махаббат» – айтылуы «сараң» және 사람 — «адам» – айтылуы «сарам». Мұндағы екі сөздің аяғына қарасаңыз, соңғы әріптер дөңгелек және төртбұрышты болып ажыратылып тұрғанын байқайсыз.
Ал мынау ең көп қолданылатын және оңай жатталатын сөздер:
Аннен – салем;
Абоджи – әке;
Омони – ана;
Киджа –журналист;
Ппан — нан;
Камсамида – рахмет;
Чальга – сау бол.
Сіздер бұл алғашқы жазбам үшін «Камсамида» демесеңіздер де ренжімеймін, бірақ «Ка» демесеңіздер екен , өйткені келесіде араб және қытай тілінің негізгі ерекшеліктері жайлы жазсам деймін.
Нені біліп қойдым екеен деп ойланып отырмын Сізге ризамын біраз тіл біледі екенсіз!
Lachen
Керектің Дьяволы деңізші
Нигіңе қарағанда испан тіліне де қызығушылығың бар сияқты.
Өте керекті мағлұматтарды беріп жатырсың. Көп тіл білген өте керек қой.
Не ғо, міндетті түрде еркек кіндік болуы керек па?
Gefängniswärter бар ғой.
шымылдық ашылдыФлудпен күн көріп жүргендерміз ғо
Лібәә) Мынаны Өрімтал көрсе, Америкадан ұшып келіп сояды мені
Эсмеральда келесіде транскриацияларға көбірек мән берсең
пысы
пысы
жаңа көрінбей қапты
Мәтін: астында
ТАҚЫРЫП сосын ТІЗІМмен бір қатарда тұр қайшының белгісі, соны постыңда қиятын жеріне апарып басасың.Сонда жазған постың бүкіл бетті алмай, алғашы бетте щағын ғана боп көрінетін болады.Керек адам әрі қарай оқу деген кнопканы басып оқи береді.
Мұнда не флуд?
Айтпақшы үстіндегі суреттегі «Дворец» сериалын қарағансың ба? Маған бұл сериал ұнамады. Кішкене іш пысарлық болып көрінді. )
«Дэээ» деген сөз оларда «иә»(да) деген сөз, біз де кейде ештеңені түсінбегенде «иәәәә» дей саламыз ғой=)
Дұрыс айтасыз, «Дворец» онша емес, оқиғалары тым созылып кеткен, қазір TV-дан жұріп жатыр ғой, мен оны DVD дискідан көріп алғанмын, қалай аяқталатынын білемін.=)
Ана тіпті Ханадандікі (жігіт сарбаздары) онша болмаған. бәрі бір однообразный болған.Ал парадайз әні вааще отстой боп еді сонда
Қазақстандағы неміс диаспорасы осылай.
полиглот болған жақсы ғой, осындай қазақша форумда сіздердің жақсы комменттер жазғандарыңыз үшін рахмет. Өзім мысалы біраз неміс тілінің сөздерін біліп қалдым)
Күлу де жұқпалы екен ғойтұрақсыздық