Кедендік Одақ қалай іске қосылды, шетелдік машиналарды елге әкелу қиындап кетті. Кедендік баж салығы бірнеше есеге артып, көлік әкелудің мәні қалмады. Есесіне Ресейдің «унитаздары» көптеп келе бастады. Әрине, ВАЗ-дың соңғы «Гранта», «Приоралары» сапасы жағынан біршама жақсы дегенді айтады таксиші қауым. Тіпті биылдан бастап автоматты беріліс қорабы бар «Гранталар» сатылымға шығады деп жатыр. Бірақ олар туралы анекдоттық стереотип бәрібір сақталып қалды, оның үстіне зауыттан келетін ақаулар да аз емес екен. Сондықтан, қазақстандық автосүйерлер бәрібір ескі де болса «шетелдікке» мінгенді жөн көреді.
Режиссер: Сет МакФарлейн; Рольдерде: Марк Уолберг, Мила Кунис, Сет МакФарлейн, Джоэль МакХэйл, Джованни Рибизи, Патрик Варбертон, Мэтт Уолш, Джессика Барт, Аэдин Минкс, Билл Смитрович және басқа да өте белгілі актерлер.
Фильмнің қысқаша мазмұнына келсек: Жаңа жыл. Кішкентай Джонның жан досы болмағандықтан, ол ұйықтар алдында Аяз Атадан өзінің досы — ойыншық аюына жан беруді тілейді. Келесі күні тілек орындалады және Джон оның есімін «Тэд» деп қояд. Жылдар өтеді, Джон да, оның қонжығы да есейеді, бірақ екеуі де сол кішкентай кездеріндегідей найзағайдан қатты қорқад. Джон дискотекада Лори деген қызбен кездейсоқ танысып, ғашық болып, онымен кездесіп жүреді. Алайда олардың қарым-қатынастарына қонжық араласа береді және бұл Лориге ұнамады. Өйткені Тэд бойдақтың өмірін кешіп, Джоннан айырылмай қояд. Міне, бар қызық осы жерден басталады.) Өз басыма фильм ерекше ұнады, сіздерге де қарауға кеңес беремін!!!
Бүгін ұлттық мәдениет пен әдебиеттің, білім мен ғылымның туын көтерген, жұртшылықтың санасына демократиялық ойлар сіңіріп, алға жетелеуге ұмтылған зиялыларымыздың бірі Ахмет Байтұрсыновтың туған күні. Алайда, бабамыздың туған күніне қатысты да нақты ақпарат жоқ. Осыған дейін барлық жерде Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы 18 қаңтарда қазіргі Қостанай облысының Торғай өңіріндегі Сартүбек деген жерде дүниеге келді деп айтылып келді. Енді бір тарихшы, зерттеуші ғалымдарымыз оны осы 5 қыркүйекте туылды деп жатыр. Бұған Ахмет Байтұрсынұлының
НКВ-ды тергеушілеріне берген түсініктемесінен қалған құжатты дәлел ретінде ұсынуда. Онда туылған күнім 5 қыркүйек деп көрсеткен екен. Жалпы менің айтпағым қай күні туылса да осындай халықтың зердесіне сәуле түсіріп, санасын оятуға ұмтылыс жасаған бабамыз туралы еске ала кету.
"Қолаң деген шаш кемінде тізеден төмен түсіп, тобыққа оратылып тұру керек" демеңіздер. Мен Лондон олимпиадасында 75кг салмақ дәрежесінде әйелдер арасындағы бокстан сынға түскен Марина Вольнова жайлы айтып отырмын. Осының алдындағы кездесуінде алтыннан дәмелі ұлыбританиялық Саванна Маршалды сабалап жүріп жеңген соң жерлесімізден біз де алтын күттік. Дегенмен, Марина (Бақ кз-тіктер жазғандай Наталья емес) қоржынымызға екінші қоланы салды. Ал, құтты болсын! «Еркексің Терешкова!» деген сөзді осындайда айтса керекті.
Грек-рим күресінен 84 кг-ға дейінгі салмақта отандасымыз Даниал Гаджиев олимпиаданың қола медалін тағынып, қоржынымыздағы алты алтынның қатары қола медальмен толықты. Еліміз өз алдына, Даниал үшін бір қуансам, Марат Тұрлыханов үшін тағы қуандым. Керемет ұнайды өзіме…
Алты алтынның алтауында да жар салып, сүйіншілеткен Керегім бүгін үнсіз, Асауға не тұсау болды екен деп отырмын күтіп… Сосын "Қой, бұл отырыс жарамас!",- деп, сүйіншіні өзім сұрамаққа бел будым. Алтынға дәнігіп алғанымыз соншалық, анау-мынауды місе тұтпайтын болғанбыз ба, қалай өзі?! Әрине, әзілім ғой…
Уа аман-есенсіңдер ме әлде аршатсыңдар ма ғақлия мүккәмәл мүміндер!
Өткендегі айтқан СексАуылдың отаны, менің де Теріскей амигоның да тумаса да тұрған жері Созаққа барып қайттым. Таңғы алтыда Шымкентке түстік інім екеуміз пойыздан. Тұрмыз. Мазаламайық деп жора жолдастарға хабарласпағанбыз. Қайда барамыз… Не істейміз… Сонааадайда маңдайшасында «кафе» деген жазуы бар ғимарат тұр. Барсақ — ашық. Түнгі 12-де қуып шығатын Асцотононың кафелерін бір боқтап алдық… Екеуміз тойып тамақтанып алып бағасын сұрасаң мұндағы бір адамның тоймай тамақ ішетін тамағының бағасын сұрайд… Рәхәт. Қаланы аралауға кірістік. Әжептәуір шырайланыпты. Тал астына кезекке тұратын Асцотодай емес жан-жақтың бәрі тал, көк шөп, көлеңке. Такси ұстайсың да қаланың арғы басындағы әдрісті айтасың. -Қанша? — Бес жүз. — Үш жүз. — Кеттік. Рәхәт!! Сол күні түске таман — Созаққа тарттық. Рахат қо шіркееееен ауыл деген, айран, сүт, талдың астында жатеееееп ұйықтайсың… Қуанышымыз ұзаққа созылмады. Келгенімізден кейін 4-күні ағам "қонақ — үш күн қонақ, онан соң… қонақ емес" деді да, қолымызға шалғы берді, -Шөп орыңдар бар… Кеттік сомен… шөп ору, жинау, кесек жинау… уопшым қалған 5-күніміз ақсаусақ болып қалған бізге әжептәуір қиындықпен өтті. Күндізі әрине. Кешке ауылдың аңқылдаған жігіттері келіп тұрад. — Кеттік. Қайда деп сұрамайсың. Онсыз да белгілі. Анооооо бас жақтағы Сәлимәнің кафесі. Шымкенттік пибің ағыл-тегіл… Рәхәт … Жағдайы жақсы ауылдың. Уран шығаратын зауыттары бар ғой. 91-жылғы брәтішкә 60 000 айлықты менсінбей отыр. 120-150 болса дид. Бір жолдас бала отпускнойына 850 000 алыпты. Айлығымен қосып миллион. Рәхәт . Созақтан ары Мойынқұм мен Бетпақтың қосылар тұсында, Шу өзенінің аяғы Тасты деген ауыл бар. Тамалар жері. Онда да болдық. Жолай соғылған ғимараттар, кафелер, мектеп, Мешіттерді, Кесенелерді көріп көңілің кәдімгідей көтеріледі… Бері келе жатып Шымкентте жаттық 1-күн. Ескі қала үстіндегі паркті қатырып салып қойыпты. Жынды енД. Мұнда да сол арзаншылық. Шашлығың 150, пибің де 150 теңге… Рәхәт … Қимай-қимай қоштастым Шымкентіммен. Бұйырса айналып қазығымызды табармыз…
Кеше кешкісін ноутбук алдым. DELL n5110 деген. Сөздің шыны керек алдын ала интернеттен қарап, оны мұныларды есептеп деген сияқты дайындық жұмыстары болған жоқ. Конфигурациясы ұнағасын алдым.
Ішінде алдын ала орнатылған жүйесі жоқ деп ескертті әрине сатушы. Бірақ -Бәрібір виндоус болмайды- деген ниетпен оған пысқырғаным жоқ. Айдап үйге келе қорабынан шығарып, оны мұны-дискілерімді алып, адам (ноутбук) қалпына келтіруге кірістім.
Үйреншікті Убунту 10,04-ті басжібердім. Керемет отырды.