Қоржын қоламен толысты


Грек-рим күресінен 84 кг-ға дейінгі салмақта отандасымыз Даниал Гаджиев олимпиаданың қола медалін тағынып, қоржынымыздағы алты алтынның қатары қола медальмен толықты. Еліміз өз алдына, Даниал үшін бір қуансам, Марат Тұрлыханов үшін тағы қуандым. Керемет ұнайды өзіме…

Алты алтынның алтауында да жар салып, сүйіншілеткен Керегім бүгін үнсіз, Асауға не тұсау болды екен деп отырмын күтіп… Сосын "Қой, бұл отырыс жарамас!",- деп, сүйіншіні өзім сұрамаққа бел будым. Алтынға дәнігіп алғанымыз соншалық, анау-мынауды місе тұтпайтын болғанбыз ба, қалай өзі?! Әрине, әзілім ғой…

Ал құтты болсын! Жеңіс жалғасын тапсын!
bk
Бөлісу:

58 пікір

edige
Өліп кетейін дедік телебзорға кіріп кетейін деп… Гүржі балуанымен шыққанда ғой дауысымнан көршілер оянып кетіпті. Лақтыратын біреу, Ұпай біреуге жазылған кезде…  Жарайсың сабаз!!!
satibaldi
дауысымнан көршілер оянып кетіпті.
Әлі LG Flatron-ның қорабында тұрып жатырсың ба? Ең болмаса пенопластын тастамасаң нетті.
Gulistan
Қасында тұрған Икан ба? Тұрлыхановтар нешеу өзі?
Алтыннан еш кемдігі жоқ қоламыз құтты болсын!

Аршаттың Фейсбуктағы жазбаларына сенсек, Вольнова «жыртады». Содан алтын күтем.
alisha
Құдай көпсінбесін, бар

Қайрат, Дулат, Дәулет, Талғат, Қуат, Гүлнәр, Марат, Гүлмира, Қанат, Жанат.

Қысқасы, кілең ат
mercedes
епті қазақтар үшін катастрофа олимпиада екеніне тағы көзім жетіп жатыр))) Кеше медаль алат деген басты фаворит қазақтар Алмат пен Нұрмахан ұшып кетіп, медаль күтпеген дағыстандығымыз медаль алып берді. Бұл бір шынында да Қазақстан үшін сәтті, қазақтар үшін катастрофа олимпиада болып тұр))))
alisha
Бүгін осындай бірдеңе айта бастап ем, қасымда отырған жұмыстасым Дычко да алтын алады дейді

Серік бар ғой… қоймайды екен дейді, бүгін көреміз ғой енді, венесуэллалық па еді қарсыласы?
Gulistan
asaubota
шынымды айтсам Сапиевтен чемпион бола алатындай ұшқын байқамадым. Даниярдан күтемін, сол балада бірдеме бар.
alisha
Ия, Даниярдан да дәме зор. Қолдары ұзын, қимылы ширақ екен… Сонда да Серікке сенемін. Бәстесеміз бе?
asaubota
ал бәстесейік
alisha
Жолың да, жасың да үлкен, сен белгіле бәсті!!!
asaubota
қыздармен бәстеспейтін едім, ал былай бәсқұмар адаммын ғой. сенімен жәй бәстесейік (бәрібір Сапиев чемпион болмайды ғо)
alisha
Қайдан білесің, болып қалар Айт деймін, қысылма!
Zhan
Бәстеріңді «1000 бірлік» деп тым арзандаптпаңдаршы)))
alisha
Ең болмағанда 100 долларға бәстесейік дегім келген, қап, қоймауым керек еді
Zhan
Данияр жеңеді, допустим жеңіліп қалған күннің өзінде о балада дұрыс айтасың, жалын мен ынта бар. Ішкі стержені күшті, ал Сәпиевтің рухы басылып қалған сияқты. Анау "Қазмұнайгаздың" рекламасында да бір жарқырап тұрғанын көрмейсің.
alisha
Мақтанудың жасырын формалары болатыны сияқты, рухтың да жасырын түрлері болатынына сенемін
Gastarbaiter
Емельяненко да дабыл ұрып, раунд басталғанша бір сиырды жайлауға шығарып сап келген момақан ағай сияқты көрінетін. Ондайлар да бар бірақ))
kokbori
Сәпиевке АЛЛА жар болса, АИБА да жар болуы мүмкін., себебі Серік соның жобасына кіргелі отыр ғой Лондон олимпиадасынан кейін
Janasil
Екеуі де алса болмайды ма?
alisha
Мен солай ойлаймын, Данияр да, Серік те алады
alisha
Даниярды уайымдап отырмын, италиянецті қайтер екен?
mercedes
Серіктен алтын дәмеленбей-ақ қой. Ол финалға шығып жатса, украин Тарас Шелестюктен жеңіліп қалады. Өткен жылғы әлем чемпионатының финалында да жеңілген содан.
alisha
Биылғы олимпиадада бірқатар действующий чемпиондар ұшып жатыр ғой… Бағына қарайды ғой енді.
alisha
Шелестюктерің алтын түгіл, күміске зар болды ғой
StrangeR
Бокстан Данияр Елеусінов, Серік Сәпиев, Әділбек Ниязымбетов, еркін күрестен Дәурен Жұмағазиев, Ақжүрек Таңатаров, Ермек Байдуашев, қыздар күресінен Жұлдыз Ешімова спортшыларымыз кем дегенде 2 алтын алады деп сенем.
alisha
Міне, міне, осындай дұрыс әңгімелер айтайықшы
VKM
Давайте бірнәрсеге бәстесіңдер, а то қызық емес. Неге тотализатор ұйымдастырмадық екен?
asaubota
Қазақстан арнасындағы Олимпиадаға арналған жүгірме жолдан үзінді:

Грек-рим күресі (66 келі салмақта, біліктілік) — Дархан Баяхметов

Сұрақ: біліктілік дегенді қалай түсінесіңдер?
Gulistan
мастерство емес пе?
asaubota
спорттан хабары бар адам бірден түсінер еді қандай сөзді аударғандарын
mercedes
Дархан шықты күресуге
mercedes
Дархан бірінші қарсыласын жеңіпті тәтессс
mercedes
Дарханымызы тышып қойды. Литвалықтан ұтылып қалды.
Abilakim
«Бір қазақ бір алтын алса екен» деп қаншама қазақ мойнына бұршақ іліп тілеп отыр екен,ә?
asaubota
мен танитын қазақтардың көбі солай деп отыр. толеранттық деген қыршыған әңгіме ғой, қазақ негізі толерант емес.
Gastarbaiter
Мен толеранттымын))) Бірақ паспортымда ұлтым; қазақ деп тұр))
Adiletshu
Дәруішөлгеннің тумасы, кейін Ресейге көшіп кеткен Иван Ухов биіктікке секіруден алтын медаль алды! Дәруішөлгендік амиголарды құттықтаймын!
Nurzika
Құтты болсын, құтты болсын, тоқтамасын жүлделер, ағыла берсін бізге қарай)!
aza
Урааааааааааааааааааааа, қола алдық па не?!!!
Уууууууууууууууууууууу, раааааааааа! Алла Тағала, Қазаққа бақ бер! Шүкір, Қола медаль қоржында!!!
Aldeken
журье, епті…
aza
Мен Рыпакованың алтынына қуануды кеше кешіргем бастан… Бүгін сол қолаға келіп жатырмын аяңдап))) Урааааа, қандай жақсы, қола бар бізде))) Мейлі, Нұрмахан, Максим алмай ақ қойсын, жарайды, бізге осы қола! Бәрімізге жетеді!
Aldeken
мына түріңмен, үйленгеніңді балалы болғаннан кейін жуатын шығарсың…
aza
Бұйырса))) Оразаға тұспа тұс кеп қалмаса, әрине)