Kazboxing.kz - қазақ боксының сайты



Kazboxing.kz — қазақ тіліндегі алғашқы бокс сайты. Журналист Жанкелді Қаржан жүргізетін бұл сайтта тек бокс жаңалықтары ғана емес қызықты сұхбаттар, фото, видео және бокс туралы басқа да мәліметтер таба аласыздар.

www.kazboxing.kz
Әрі қарай

Нағыз еркектерге қандай аксесуарлар тағуға болмайды / ТОП 3/



Сырға немесе пирсинг

Бұл бәленің тарихы тым тереңде екен. Осыдан 7 000 жыл бұрын Азияда арнайы ерлер үшін сырға жасайтын ұсталар болған көрінеді. Ал ежелгі Египеттіктер мен Ассириялықтарда бұл әлеуметтік жағдайдың жоғарылығын білдіретін белгі болыпты. Римдіктерде құлдарға тағатын болса, гректерде жезөкшелікпен айналысатын ерлер тағып жүрген көрінеді.
Әрі қарай

Тіл ащы да болар, тәтті де болар, жұмсақ та болар, қатты да болар

Мынау не Америка ашып отыр деп айып етпессіздер, бірақ сізбен бөлісуді жөн көрдім. Бәріміз де қазақ тілін жетік білгенімен кейбір сөздер тап болғанда мағынасын тіпті болжай алмайтын жағдайлар болады. Әңгіме, повесть оқығанда сөздік қорымыз біртіндеп баи беретіні рас. Бірақ бәрінің де оқып, оны сүзіп отыратын уақыты жоқ қой. Сондықтан қысқаша…
Қалиқан Ысқақовтың «Бөде» атты әңгімесі бар. Бөде деген не екен деп ойланып қалған боларсыз. Ойланып қалдыңыз ба?
Әрі қарай

Үрей мен үміт


Хабар-ошарсыз жоғалып кеткен 19 жасар Гүлсезім Бақытжанованың ата-анасы дәл осы сезімдерді кешіп жүрген күйі бар. Жоғалған қыздың соңғы хабары бойынша ол Атырау қаласында фотомодельдер байқауына қатысайын деп жатқан.
Әрі қарай

Студенттер күні құтты болсын!

Бүгін студенттер күні. Осы күнде өзіміздің студенттік кезімізді еске түсірейік. Студенттік шағымыздағы фотоларды ілейік. Жанына қай жыл және қай жер екенін де жазуға да болады.


2000-шы жылдардың басы. Бірге оқитын қыздар Нихаль мен Элифпен бірге.
Әрі қарай

Қалай байқамай келгенбіз! Батыстық мультфильмдер сексті насихаттап жатыр екен...

Қазақ аниматорлары сұрықсыз бейне – Спанч Боб туралы мультфильмді балаларға түбегейлі көрсетпеу туралы бастама көтеріп жатыр. Айтуларынша бұндай анимациялық фильмдер ұрпақ болашағы үшін қауіпті әрі отандық мультфильмдердің көрсетілуіне кедергі келтіріп отыр.
Әрі қарай

» 26-ШЫ ҚАЗАН – ҚҰРБАН АЙТТЫҢ БІРІНШІ КҮНІ

Ай тізбесі 29 немесе 30 күннен ғана тұрады. Құрбан айт – Зулхижжа айының 10-ы. Осы айдың алдындағы Зул-қағда айының 29 күнмен аяқталып немесе 30 күнге созылатындығы әдетте 29-шы күні күн батқаннан кейін айдың туғаны немесе тумағанына қарап анықталады.
Кеше 15 қазанда яғни, Зул-қағда айының 29-ы кешкісін Сауд Арабиясының «Уақыптар және дін істері министрлігі жаңа айдың тумағандығын, яғни зул-қағда айының 30 күн екенін анықтап, Зул-хижжа айының 10-шы жұлдызына сәйкес келетін 26-қазанды Құрбан айттың алғашқы күні деп белгіледі. Мұсылман елдерінің көпшілігі Сауд Арабиясының осы ресми дерегіне сүйеніп, 26-шы қазанды Құрбан айттың бірінші күні деп жариялады.
16-ыншы қазан Зул-қағда айының соңғы күні, ал 17-ші қазан келесі Зул-Хижжа айының алғашқы күні болмақ. Сол себепті 25-ші қазан арафа күні, 26-сы Құрбан айттың бірінші күні.
Әрі қарай

Сосед украл болгарку...

Менің «тұзым жеңіл». Бірдеңеге ұрынып кетпесем жүре алмаймын. Өз-өзімнен, әлде өз-өзінен бірдеңеге ұшыраймын да жүрем. Бұл оқиға ертеректе, менің 25 жасымда болған еді, қазір 28 демін.
Обшым, үйге қонақтар келе қалды аяқ астынан. Марқұм қайнағам(ол кезде тірітін)жанында екі кластасы бар. Содан, ет жеп сорпа ішіп дегендей, кеу-кеу әңгіме айтылып жатыр. Есіктің қоңырауы қытайдың әуенін ойнап қоя берді бір кезде. Көршім екен. Есіктерін аша алмай жатыр.
Әрі қарай

Сағат неше болды?


Әйел болған соң асүйде сағат тұрғаны жақсы. Күйеуіңнің жұмыстан келетін уақытын есептеп тамақ пісіресің, анау-мынау ұсақ-түйек шаруаларды уақытпен реттеп жүресің дегендей…
Бірақ ешқашан сағатты алға жылжытып қою деген ойыма келмепті. Бір құрбымның үйіне барып сағатының озық екенін көзім шалды да, онсыз да уақыт деген жел сияқты, алға жылжытпаса да болады ғой деп ойлағам. Одан сұрағанымда «жақсы ғой, сағат алда болса жұмыстарым ертерек бітіп жатады, тамақ қамына ертерек кірісіп, басқа шаруаларымды уақытынан бұрын реттеймін» деген жауап алдым.
Әрі қарай