Тіл ащы да болар, тәтті де болар, жұмсақ та болар, қатты да болар

Мынау не Америка ашып отыр деп айып етпессіздер, бірақ сізбен бөлісуді жөн көрдім. Бәріміз де қазақ тілін жетік білгенімен кейбір сөздер тап болғанда мағынасын тіпті болжай алмайтын жағдайлар болады. Әңгіме, повесть оқығанда сөздік қорымыз біртіндеп баи беретіні рас. Бірақ бәрінің де оқып, оны сүзіп отыратын уақыты жоқ қой. Сондықтан қысқаша…
Қалиқан Ысқақовтың «Бөде» атты әңгімесі бар. Бөде деген не екен деп ойланып қалған боларсыз. Ойланып қалдыңыз ба? «Қазақтарда бұрын күйеуін таңдауға қыздың еркі болмаған екен» деп жатады немесе «бұл жабайылар қыздарын сатқан екен» деп. Ал мен «біздің халық не деген дана еді» деген ойға келдім осы әңгімен оқығаннан кейін. Негізі бой жеткен қыз күйеуін таңдау үшін «бөде үй» тігілген екен, содан соң оны бүкіл елге хабарлайтын салт болған. Бөде дегеніміз пәк, қалыңдық дегенді білдіреді екен. Содан қалыңдық іздеген жігіттер сол үйге ат басын тірейді екен, қалыңдық келген жігітпен сұхбат құрады сол үйде (ол отауда жігіттер қонады деп ойлап қалмаңыздар). Содан ұнатқан жігіт болса, қыз әкесіне соны білдіретін көрінеді. Солай қыздың келісімін алып, құдалар оған сырға тағып, қыз ұзатылады екен.
Тағы бір әңгімеде жемелек деген сөз кездесті. Ол не десем, кәдімгі қыздардың шашына қосып өретін не болмаса бұрымының ұшына байлап қоятын лента екен.
Кеше тағы бір әңгіме оқып отырып жөйт деген сөзге түсінбедім. Содан түсіндірме сөздігін шарладым, онда да жоқ екен. Сөйтсем жөйт деп қазекең яхудилерді, яғни еврейлерді атайды екен.
Осыкүні борщ пісіргенде, түрлі салат дайындағанда қосатын фасольді солай атай береміз ғой. Сөйтсем оны қазақша лобия деп атайды екен. Керекшілер, сіздер де осындай қызық деректермен бөлісе отырыңыздар.
Бөлісу:

15 пікір

neoaskar
Иә, автобуспен (Алматыда) "Әли" саяжайына бара жатып, жолда тоғанна түсіп қалатын болдым да, автобус шопырына «Тоғаннан тастап кетіңіз» десем «Ол не дейді». енді түсіндіріп айтасам: «Платина деп айтпайсың ба» деп отыр.
«Тыма» деген де бар. Бірақ ол тоғаннан кішкентай, адамдар екі-үш үйлік жерді қоршап су жинайтын орынды айтады.
omarbirat
«Тұма» деген нұсқасын көп кездестіріппін. Біздің ауылда «тома» дейді
Abilakim
ия,«Тұма» сөзі біздің жақта да көп қолданылады. Жер асты суларының жердің бетіне тым жақын орналасатын жерлері-ау деймін. Бұлақтардың маңайында былқылдақ жерлер болады. Батут секілді. сондай жерлерді «тұма» дейді
Aldeken
«желтасақ» деген сөз бар, мағынасын Marco дан сұраңдар.
bizbike
қиыла қияыла сұраймыз, мағынасын жазыңызшы
Aldeken
Марко жаза жатар…
А так, этимологиясын саралағанда «жел» сөзін зат есімнен гөрі сын есім ретінде қабылдасаңыз, дұрыс бағытта келе жатқаныңыз дер едім, төмендегі сарапшыларға…
ken
Атбасар деген жер бар. Соның мағынасы не? Орекеңнің біреуі сұрап еді, айта алмадым.
bizbike
аттың тұяғы басатын жер болар енді
ken
мен ат ұрланатын жер ма деп болжағанмын
izbasar
Желтасақ қазнетте тек қана Керекинфода ғана кездеседі екен)))))))
bi2
Желтасақ? Қызық… Желдің несі бола ма сонда?
bizbike
желден тасаланатын жер емес пе екен?
сосын мына сөздердің мағынасын білмедіңіздер ме?
Гүлқайыр (өсімдіктің бір түрі, нақты не екенін таппадым), биесау (шөп сияқты, нақты не екен), боғат («мешіттің боғаты» деген тіркес)
Ereke
Бөде үй жақсы екен
Basic
тағы жазыңыздаршы.