«Тоқылған камасутра» немесе тоқыма туралы қызықты деректер

Блог - ZhanarSabi: «Тоқылған камасутра» немесе тоқыма туралы қызықты деректер

Тоқыма тоқу апа-әжелердің ісі деймісіз? Жо-жоқ. Бұл жасарып келе жатқан бүгінгі заман тренді. Бос уақытты тиімді өткізумен қатар, адамның физикалық және психологиялық денсаулығына өте пайдалы іс екенін естісеңіз, таңқалмаңыз. Ендеше, тоқыма тоқу туралы қызықты фактілердің топтамасын назарларыңызға ұсынамын.

1. Бұл қолөнердің қашан пайда болғанын нақты ешкім айта алмайды. Бірақ, кілем тоқудан бұрын, мата жасаудан кейін пайда болғаны белгілі.
2. Инстаграмда #knitting хештегі — 3 296 390 рет, #вязание хештегі -1 001 014 рет, #тоқыма хештегі — 340 рет қолданылыпты.
3. Тоқыма қолөнері араб әлемінде пайда болып, Еуропаға крест жорықтары арқылы таралды.
4. Тоқыма тоқу қан қысымын төмендетеді. Сондықтан, артериялдық гипертензияға шалдыққандарға пайдалы.
5. Жүннен, жібектен, мақтадан және басқа да мата талшықтарынан жасалған бұйымдар шіру процессіне қатты бейім болғандықтан, оның тарихын зерттеу қиын. Ал ине мен біздерді жануар сүйектерінен, шаш қыстырғыштардан ажырату мүмкін емес.

6. Әлемдегі ең жылдам тоқитын нидерландылық Мариям Тегел, ол минутына 118 ілмек (петля) тоқиды.
7. Ағылшын сөздігіне «кnitting», яғни «тоқу» термині 1440 жылы ғана енгені белгілі.
8. 4 000 жыл бұрын тоқылған шұлық Мысырда, перғауындар мазарынан табылған.
9. Төрт ғасыр бұрын тоқу үшін жүннің орнына жібек және мақта талшықтары қолданылған.
10. Алғашқы уақытта тоқыма тоқу тек ерлердің кәсібі болды. 1527 жылы Париждегі ерлер тоқыма гильдиясы әйелдерді бұл кәсіпке жолатпапты.

11. Орташа алғанда секспен 6 минут айналысқан адам 21 калория, ал жарты сағат тоқыма тоқыған адам 55 калория жұмсайды.
12. Тоқыма станогын 1859 жылы Уильям Ли атты гальвертондық дін қызметкері ойлап тапты. Оның 2500 механикалық құрағыштары болды.
13. Сандра Буллок, Вайнона Райдер, Камерон Диаз, Голди Хоун, Джулианна Мур сиақты шетелдік жұлдыздар тоқыма тоқудың фанаттары, қазақстандық жұлдыздар ше?
14. XVI ғасырда билік еткен шведтік патша Эриктің 27 жұп тоқылған шұлығы болған. Олар Испаниядан алынып, біреуінің бағасы сарай уәзірінің жылдық жалақысына тең болыпты.
15. Тоқыма тоқудың екі түрі бар. Бірі еуропалық, екіншісі – ағылшындық. Қытайда — ағылшындық, Жапония мен Түркияда – еуропалық. Ал, Қазақстанда ағылшындық техника көбірек қолданылады.

16. Тоқыма тоқу Тұманды Альбион еліне XIII ғасырда ғана барды. Тоқу үшін қолданылтын ине-біздерді темірен құю қымбат әрі қиын іс болғандықтан, Англияның матростары мен жауынгерлерінің тоқылған киімдері болған жоқ.
17. Америкалық Линда Бенне соңғы он жыл бойы тоқыма тоқу жылдамдығы бойынша чемпион. Ол 3 минутта 253 ілмек тоқиды.
18. 1946 жылы Америкада өткен тоқыма тоқу байқауын ер адам жеңді. Ал, басты бәйгені Есте Лаудердің өзі табыс етті.
19. Жүкті әйел тоқыма тоқыса – бала мойнына кіндігі оралып туады деген аңыз бар. Бұл жайт ұзақ уақыт қозғалыссыз отыру – екіқабат әйелдерге зиян дегенді ғана білдіреді.
20. АҚШ, Англия, Швеция, Финляндия, Норвегия елдерінде 2005 жылдан бастап, Халық алдында жаппай тоқу мейрамы өтеді.
21. Тоқтаусыз тоқу – көздің көру қабілетін төмендетеді.
22. «Ярнбомбинг» көшедегі ағаштар, орындықтар, қақпаларды тоқыма бұйымдармен көмкеру. Ол — шет елдерде дамып келе жатқан жаңа стритарттың түрі. Мақсаты — әлемді түрлі бояуларға бояу.
23. «Тоқылған камасутра» ағылшындық Джеральдин Уорнердің қуыршақтарды тоқу бойынша әдістеме-оқулығы. Ол үнді секс-өнерінің 12 позасын тоқылған қуыршақтар арқылы көрсетіп, «өз камасутраңды тоқып ал» деп ұран тастаған.

Еуропада депрессияға ұшыраған, жүйке-жүйесі сыр берген адамдарды емдеуде тоқыма терапиясы көптеп қолданылып жатыр. Тоқыма тоқу миды демалтып, көптеген стресстік жағдайлардың алдын алуға көмектеседі. Сондықтан оның пайдасы йогамен айналысумен пара-пар. Көптеген қыз-келіншектердің ермегіне айналған бұл қолөнердің қызықтарынан біраз сыр шерттік. Алып-қосарларыңыз болса, мархабат.

P.S. Суретте мүсінші Ерик Равелоның инсталяциясы.

Блог - ZhanarSabi: «Тоқылған камасутра» немесе тоқыма туралы қызықты деректер
Блог - ZhanarSabi: «Тоқылған камасутра» немесе тоқыма туралы қызықты деректер
Блог - ZhanarSabi: «Тоқылған камасутра» немесе тоқыма туралы қызықты деректер
Блог - ZhanarSabi: «Тоқылған камасутра» немесе тоқыма туралы қызықты деректер
Блог - ZhanarSabi: «Тоқылған камасутра» немесе тоқыма туралы қызықты деректер
Блог - ZhanarSabi: «Тоқылған камасутра» немесе тоқыма туралы қызықты деректер
Әрі қарай

Ауылдың қызы туралы қалалықтың ойы

10-сыныпты бітіріп бүкіл жазғы демалысымды ауылда өткіздім. Күз білініп, сабақ уақыты жақындаған шақта тісім сыр беріп ауыра бастаған соң, Түркістандағы тіс емханасына барғанмын. Ол жақта алдын ала хабарласып уақыт белгілеу деген жоқ, қалай келесің солай жұрттың соңынан ұзынсонар кезекке тұрасың. Бір апта бойы ауылдан қалаға солай қатынап жүрдім. Кезекте тұрғанда арасында кітап оқып аласың немесе жаныңда отырғандармен əңгімелесесің. Əйтеуір солай уақытты өткізудің амалын табасың. Бір күні кезегімді күтіп отырғанда дəлізде танысып тұрған қыз бен жігіттің əңгімесін құлағым шалып қалды.Шалмағанда, кəдімгідей танысып отыр. Ол күн менің есімнен ешқашан кетпейтін шығар, бəлкім.Əлі күнге дейін екеуінің сөздері есімде сақталып қалыпты.
Əлгі екеуінің танысуы ұзаққа созылған соң əңгімеге кірісті.Сабазым айтады:
— Ауылдың қыздары тəрбиелі, қарапайым. Маған сондай қыздар ұнайды. Ауылдың қыздарын алғым келеді.
— Қоойш, тегі ауылдың қыздары қап-қара болады ғой, сосын олар таза жүрмейді, дымды білмейді, е мода дегенді түсінбейді, дұрыс киінудің ретін де білмейді. Иə, əлгі қалалық қызым дәл солай айтып отыр. Бірақ жігіт сөзінен таяр емес, қайта- қайта айтып, түсіндіріп те жатыр:
-Кім айтты, сен өзің ауылдың қыздарын көріп пе едің? Олар қазақы тәрбиемен өседі. Бəрі қара емес қой.Сен олай бәріне бірдей күйе жаға салмасаңшы.
— Енді сондай болады ғой, олар тек ауылдың ішінде жүреді.Малдың арасында сыртта, дым көрмеген, дым білмейді, солай қап-қара болып жүреді,-деп бой берер емес. Осылай оны-мұны айтып ұзақ əңгімелесті. Екеуі де өз ойларын өзгертпейді, бір-біріне бой берместен əңгімелерін жалғастыра берді.
Қалада білім алды демесе балалық шағымның көп бөлігін ауылда өткіздім ғой. Ауылда кіндік қаным тамып, иісі мен шаңына қанып өскен сол жерде отырған мен де ауылдың қызы емеспін бе. Иə, барып ана қыздың шашын жұлмай не істеп отырмын. Қалалықтың бетін тырнап бəрін айтқым келді. «Ол ойың дұрыс емес, мен де ауылдың қызымын, сен айтқандай қызға ұқсаймын ба?» деп бар сөзімді жайып салып түсіндіргім келді. Қаланың мəдениетіне жараспайтын сөзді айтуымен қоймай, бүкіл ауылдың қыздарына тіл тигізіп отыр ғой. Өз басым ауылда өскенім үшін Жаратқанға алғыс айтамын. Ауылда өспегенде салт-дəстүр мен əдебиетке қанып, қазақылықпен сусындалып өспес едім ғой. Шыдай алмай жаңағыларға қарай түрегеліп енді беттеп жүре бергенімде артымнан есіктің ашылған үні естілді. Кішкентай ғана денелі қара торы келген тіс дəрігері:
-Нұрхан Гүлбаршын, кіріңіз! -деп шақырмасы бар ма.
"Əттең бағанадан бері отырып, тура сол кезде шақырғанын қарашы" деген күйі ішімнен кіжініп амалсыздан ішке кірдім. Тез кірмесем менен соң тізіліп тұрған кезектегілер бажылдап шыға келеді емес пе.
Бірақ не керек əлгі қыздың ұсқынын көріп үлгердім. Сəннің сырына терең болмасам да аздап хабарым бар ғой, айтқан сөзіне қарап ойлап едім қаланың сəнқойы деп. Өзі ситиде тұратын адамға ұқсап көкірегін сонша кердеңдетуін. Бірақ соңынан ойладым, мен бәрібір оған сол кезде айтқаныммен түсінігі жоқ адамдарға жетпесе қиын ғой. Ер адамның сөзін құлаққа аспаған, менің сөзімді қайтсін. Бəрі адам санасының деңгейіне байланысты екенін түсіндім. Ауылда өс не қалада өс адамның адам болуы тәрбие мен санаға тікелей қатысты екен. Оның тұрған жері осындай деп қазақтың алтын бесігіне солайша күйе жақпас керек. Айналайындар, осыны оқып отырғандарда да сондай түсінік қалыптасса, өзгертіңдерші бұл пікірлеріңді. Сонда түсінік деген жоқ па, əлде өзін тым жоғары санай ма? Ауылдың қыздарын сыртынан көрмесе де естігенімен не көпіріп отыр деп қатты таң қалдым. Өмірде неше түрлі адамдар бар екен ғой.
Ее, қазір сол қыз не істеп жүр екен, бәлкім ойы өзгерген болар деп ойлаймын сол оқиға əр кез есіме түскен сайын. Кім білсін…
Әрі қарай

Бәрімізге керек 13 қулық

Қулықты ақылды адамдар ғана жасай алады. Алаңғасарлардың қолынан ол келмейді. Нақты 13-ін жасап көрмесем де, бір-екеуін жүзеге асырып қарадым. ;) ;) ;) ;) ;) ;) ;) Негізі, қызық. Барлығыңызға ұсынамын. ;)

1. Біреуге көңіліңіз кетіп, оның сізге деген көзқарасын біле алмай дал болып жүрсіз. Әлгі жанды сырттай бақылап, айтатын бір сөзін таңдап алыңыз. Сол сөзді немесе синонимін пайдаланған сайын басыңызды изеп, жымиғанын байқайсыз.
Блог - BalgynBalgyn: Бәрімізге керек 13 қулық

2. Егер айтып отырған сөзіңізді өзгелер қалжыңсыз қабылдасын десеңіз: «Әкем осылай айтқан еді»,-деп қосып қойыңыз. Адамдар ата-ананың кеңесін бейсаналы түрде дұрыс деп қабылдауға бейім.

3. Құрбы-құрдас, әріптестер «Тас, қайшы, қағаз» ойнап жатады. Ойында әрдайым жеңімпаз болудың да құпиясы бар. Бәс басталардың дәл алдында қарсыласыңызға кез келген сұрақты қоя салыңыз. Сұрағыңызбен ойы шашырап тұрған ойыншы міндетті түрде «қайшыны» көрсетеді.
Блог - BalgynBalgyn: Бәрімізге керек 13 қулық
4. Әңгімелесушіңіз сізді мақұлдасын десеңіз, сұрақ қоя отырып басыңызды изеңіз. Басты изеу тек шындықты айтып тұрғаныңыздың белгісі ретінде қабылданады.

5. Таңғы сағат 8-де қоғамдық көлікте тірі жан болмаса екен деп армандадыңыз ба? Адамның ең көп шоғырланған жерінен кері бағытқа қараңыз. Барлығы екіге жарылып сізге жол ашып тұрғандай көрінетіні таңғалдырмай қоймас. Мұның сыры қарапайым: адамдар топырлап тұрған кезде олар басқа жүргіншілердің қайда бара жатқандығын ұғыну үшін көзіне қарап, оған соғысып қалмайын деп ығысумен болады екен.
Блог - BalgynBalgyn: Бәрімізге керек 13 қулық

6. Күні бойы бір әнді қайталап айта берсеңіз, өлеңнің соңын еске түсіріңіз. Адам санасы аяқталмаған істі жаттап қалады. Сондықтан ән сөзінің соңын ойласаңыз, ол өзінен өзі тоқтайды.

7. Балаңыздың брокколи жегенін қалайсыз ба? «Саған брокколи салайын ба?»,-деп емес, «Қанша брокколи салайын, екеу ме, бесеу ме?»,-деп сұраңыз. Олар үшін брокколиді сіз таңдап қойдыңыз. Бірақ балалар сұраққа жауап беру арқылы оны жеуді өздері қалағандай күй кешеді. Бұл қулықты өмірде кездесетін басқа да жағдайларда пайдалансаңыз болады.

8. Егер сізді біреу аңдып жүргенін байқасаңыз, жай ғана есінеп тұрып айналаңыздағыларды көзбен шолып өтіңіз. Есінеу қаншалықты әсерлі болса, қыр соңыңызға түсіп жүрген жанды соншалықты тез табасыз.
Блог - BalgynBalgyn: Бәрімізге керек 13 қулық
9. Танысыңыз заттыңызды керек жеріне жеткізіп тастасын десеңіз мынадай әдісті пайладаныңыз. Мәселен, әңгімелесіп тұрып, қорабыңызды оның қолына ұстатыңыз. Адамдардың дені мұндай алдаусыратуды байқамай, жауапкершілікті өз мойнына алып алады. Дегенмен сақ адамдардан абай болыңыз. Өзіңізді ұялтып тастауы мүмкін.

10. Қол алысып амандасу қажет екендігін біліп тұрсаңыз, алақаныңыздың қызып тұрғанына көз жеткізіңіз. Қолдың жылылығы достық пейіліңізді және елгезектігіңізді білдіреді. Суық алақан жек көрініш сезімін тудырады екен.

Блог - BalgynBalgyn: Бәрімізге керек 13 қулық
11. Өзгелер сізге көмектессін десеңіз өтінішіңізді: «Маған сенің көмегің керек...»,-деп бастаңыз. Адамдарға өзін айыпты сезіну ұнамайды. Сондықтан қол ұшын беруден бас тартуы неғайбыл.

12. Әңгімелесушіңіздің айтып отырған кей сөзін қайталаңыз. Сонда өзін мұқият тыңдап, түсініп отырғандығыңызға сенеді. Бірақ тым шектен шығып кетпеңіз.
Блог - BalgynBalgyn: Бәрімізге керек 13 қулық
13. Кімде кім сізді жақтырмай жүрсе, одан қарындаш сұраңыз. Бір жағынан, адамдар өздері жек көретін жанға көмектескісі келмейді, бір жағынан, бұл – бас тартатындай үлкен өтініш емес. Осылайша, кімнің қандай көңілі барын аңғаруға болады.
Әрі қарай

Klout: амбицияны қалай қанағаттандырамын?

Қазір әлеуметтік желі бұрынғыдай қызық емес ия? Бұрын рақат еді ғой, аузыңа келгенді оттайсың, то есть жазасың, өзіңнің эгоңды қанағаттандырып тихий маньяктар сияқты смартфонның бетіне қарап ақсия күліп аласың да ары қарай тағы біреулерді мазақ қылуға көшесің. Ол сатыбалдыщина заманы болатын. Ия, жасыратын несі бар, болды лайкқұмар бәз біреулер. Бірақ ондай «эльвиризмге» ұшыраған жандар ауруын алапестен қатты жасырып, әрбір лайкты кешке көрпесінің астында жатып санайтын. Аз болса фэйктері бар, соларды көмекке шақырады, тіпті ол болмаса екіұдай (сексуалды нышандағы) посттар жазып, тіпті тірідей көрге де көміліп көретін.
Әрі қарай

Оксфорд сөздігіне енген жаңа сөздер

Пайдалы сайттар: Оксфорд сөздігіне енген жаңа сөздерАтақты Оксфорд сөздігіне редакторлар уақыт сынағынан өткен, яғни тілдік қолданысқа дендеп кірген сөздерді енгізіп отырады. Және әр үш сайын осы жаңа сөздер туралы өздерінің блогында шолу жариялап отырады.
Әрі қарай

Шахматтағы ат өмірдегіден кем емес

Ат туралы жазам деп жоқ болып кеттім де, соның сәтін бүгін таптым. Ат — ерекше фигура шахматтағы. Көптеген жаттықтырушылардың айтуынша аттың сын-сипатын түсіндіріп беру қиын екен. Бірақ мен әңгімемді өз тәжірибемнен өрбітейін. Өйткені сүйеніп отырған дерек көздерім жоқ.
Жас-кәрі демей тақтада тұрған фигуралардың ішінде аттың сымбатына бәрі қызығады. Сол сәтті пайдаланып алдыңа келген оқушыға сабақты ат туралы бастап кетсең де қателік емес. Ең ерекше жүрісті қызығып отырып, түсініп алған болашақ чемпион әрі қарай біркелкі жүрістерді тез меңгереді.
Ал кеттік. Шахмат тілінде «ат» атауы сирек қолданылады. Көбіне «конь» деуге аузымыз дәнігіп алған. Ат қалай жүреді? Г әрпіне ұқсайтын із салып жүреді. Өзінің тұрған орнын қосқанда бір жүрген 4 шаршыны басып өтеді. Бұл аттың басты ерекшелігі. Оның басты қасиеті де осы жүрісінің арқасында дамыған. Дебют кезінде басқа фигуралар алды ашылмай орнынан қозғала алмаса, ат ойынға бірден араласа алады. Блог - aizat: Шахматтағы ат  өмірдегіден кем емес
Сонымен қатар ат бір мезетте шах пен гарде (қауіп) қоя алады. Бұл аттың бірден-бір пайда әкелетін қасиеті.Блог - aizat: Шахматтағы ат  өмірдегіден кем емес
Және бұл "қу фигураның" үлкен қызметін рокировка яғни, қорғаныста тұрған патшаға мат қойғанда көреміз. Блог - aizat: Шахматтағы ат  өмірдегіден кем емес
Ат жайында сөз етілген де піл (слон) мен аттың дәрежесі тең, екуінің құны да 3 бала (пешка) деп түсіндіреміз. Алайда ат пен піл жекпе-жекке шығар болса, ат басым түседі. Өйткені пілдің құдіреті тек қана бір түсті клеткалар мен қиғаш жүруге ғана жетеді.
Осы жазғандарымды түйіндеу үшін А.Карповтың партияларынан үзінді берейін. Карпов аттың G флангісінде кермет «движениелер» арқылы мықты көрсеткен. Егер шахматтарыңыз болса, тақтада талдаған да түсініктірек.
1. Kg2! 2.… g4+ 3.Kr:g3 Kre6 4. Kf4+ 5.Krd6…
Бұл миттельшпиль, дебюттен кейінгі әркет. Партия толық жазылмаған соң түсініксіз болуы мүмкін.
21. Ке5+ Крс3 22.Кg6 Krc4 23. Ke7 Cb7 24.Kf5 Cg2 25. Kd6+ Krb3 26. K:b5 Kra4 27.Kd6 қара берілді. Мұны «аттың айналма шабуылды жеңісі» деп атуға болады.
Шахматта парития және қорғаныстардың өзіндік атаулары бар. Соладың ішінде, аттың алғашқы жүрістерде көрінуі, сосын қорғаныс жасауы бүгінгі күнге дейін маңызын жоймай, сол қалпында келеді. Мысалы, итальян партиясы, француз қорғанысы, король гамбиті.
Әрі қарай

1981 жылдың сән әлеміне саяхат

Блог - ademi_alem: 1981 жылдың сән әлеміне саяхат
Сән үлгісі — ережесі үнемі өзгеріп тұратын ойын. Сол ойында Сіздің орныңыз қандай? Кейбіреулер қолды бәріне бір сілтеп, өзін қандай киімде ыңғайлы сезінеді, сондай киім киіп жүре береді. Егер киген киіміңіз дене бітіміңізге сай келмей тұрса,
Әрі қарай

Байқоңыр тарихи мұражайы

— Іһқее-хеһе-х! — деп Алматыдан бөлем хабарласты. Жазда қыдырып келгенде күннің 40 градус ыстығында қаланы көрсеткен едім. Ал қазір Байқоңыр суық. Бұл жүгермекке енді қайтпек керек? Жұмаділдаев болғанын қайтейін, бұл өзі тарихқа, ескерткіштерге қызығатын адам. Міне, Байқоңыр қаласының тарихи мұражайы бар екенін кеше ғана білдім.
Керек тілші: Байқоңыр тарихи мұражайыҚала мұражайы Мәдениет сарайында орналасқан. 1967 жылы қарашаның жетінші күнінде құрылған. Мұражайда 4 зал бар. Қала тұрғындарының айлықтан айлыққа әзер жететіні себеп болар, оған қоса рубльдің теңгеге деген «шезлонг» қатынасы бар — осыған сәйкес мұнда көбінесе қонақ боп сырттың адамдары келеді. Мұражайға 40 рублімді төлеп кірдім. Иә, мұнда суретке түсіруге болмайды. Жоқ, болады. 50 рубліңді төле де, суретке қалағаныңша түсіре бер. Жалпы, бұдан басқа мәліметті мұражайдың сайтынан іздесеңіз болады: www.museum-baikonur.ru

Ерлік және Еңбек даңқы залы

Мұражайдың ең алғашқы залы. Кеңес Одағы тұсындағы Байқоңырдың тарихы осы залда тұнып жатыр.Керек тілші: Байқоңыр тарихи мұражайыКерек тілші: Байқоңыр тарихи мұражайыКерек тілші: Байқоңыр тарихи мұражайыКерек тілші: Байқоңыр тарихи мұражайыКерек тілші: Байқоңыр тарихи мұражайыАлғашқы құрылысшылардың марапаттары осында жиналған. Дауылбаев көкеміз де бар екен.Керек тілші: Байқоңыр тарихи мұражайыЖо-жоқ, Сталинның шинелі емес. Бұл Байқоңыр ғарыш айлағы құрылысының басшысы болған генерал-майор Г.М. Шубниковтың жеке заттары ғой.Керек тілші: Байқоңыр тарихи мұражайыКерек тілші: Байқоңыр тарихи мұражайыКерек тілші: Байқоңыр тарихи мұражайыКерек тілші: Байқоңыр тарихи мұражайыКерек тілші: Байқоңыр тарихи мұражайыСынақтан өткен зымырандар да көздің жауын алып, көңілімді сергітті.Керек тілші: Байқоңыр тарихи мұражайыКерек тілші: Байқоңыр тарихи мұражайыТелеметрические датчики. Артемизайос деген шешесі өзбек грек жігіті Төретамның базарында қасапшы ғой. Сол жігіт телеметрияны "қашықтықты өлшеймін" деп жүр. Телеметрия телемеханиканың әдіс-тәсілдері арқылы бақылаудағы нысанның параметр өлшемі (кернеу, тоқ, қысым, температура т.б.) бойынша ақпарат алу болып табылады.Керек тілші: Байқоңыр тарихи мұражайыКерек тілші: Байқоңыр тарихи мұражайыКерек тілші: Байқоңыр тарихи мұражайы

Зымырандық-ғарыштық техниканың даму тарихы және ғарыш кеңістігін игеру залы

Керек тілші: Байқоңыр тарихи мұражайыКерек тілші: Байқоңыр тарихи мұражайыКерек тілші: Байқоңыр тарихи мұражайыКерек тілші: Байқоңыр тарихи мұражайыКерек тілші: Байқоңыр тарихи мұражайыКерек тілші: Байқоңыр тарихи мұражайыКерек тілші: Байқоңыр тарихи мұражайыКерек тілші: Байқоңыр тарихи мұражайыКерек тілші: Байқоңыр тарихи мұражайыКерек тілші: Байқоңыр тарихи мұражайыКерек тілші: Байқоңыр тарихи мұражайыКерек тілші: Байқоңыр тарихи мұражайыКерек тілші: Байқоңыр тарихи мұражайыЖапонияда, Үндістанда, Францияда, АҚШ-та да ғарыш айлағы бар екен.Керек тілші: Байқоңыр тарихи мұражайыКерек тілші: Байқоңыр тарихи мұражайыАл бұл Байқоңырда 1960 жылы 24 қазанда континентаралық баллистикалық Р-16 зымыранын алғаш рет сынақ ретінде ұшыруға дайындық кезінде орын алған апаттан қаза болған адамдардың құрметіне қойылған ескерткіш. Батыста бұл апат Nedelin catastrophe деген атпен белгілі.Керек тілші: Байқоңыр тарихи мұражайыҒарышкерлер мұражайға құр алақан келмейді. Міне, мұражайға жасаған сыйлықтары осы.Керек тілші: Байқоңыр тарихи мұражайыКерек тілші: Байқоңыр тарихи мұражайыКерек тілші: Байқоңыр тарихи мұражайыКерек тілші: Байқоңыр тарихи мұражайыҒарышкердің ішіп-жемін «Ну, погодиден» көрген едім. Енді мұражайдан көрдім.Керек тілші: Байқоңыр тарихи мұражайыКерек тілші: Байқоңыр тарихи мұражайыАл мына дүниені көрген кезде астроном болсам деген бала арманы көп оқушы кезім есіме түсті.Керек тілші: Байқоңыр тарихи мұражайыКерек тілші: Байқоңыр тарихи мұражайыКөзі жоқтың өзі жоқ деп үн-түнсіз мына кереметті видеоға түсіріп алдым:



Керек тілші: Байқоңыр тарихи мұражайыКерек тілші: Байқоңыр тарихи мұражайыКерек тілші: Байқоңыр тарихи мұражайыКерек тілші: Байқоңыр тарихи мұражайыКерек тілші: Байқоңыр тарихи мұражайы

Этнографиялық зал

Иә, қазақтың дүниесін көргенімде қуанышымда шек болмады. Зал іші жүйелі түрде сапаның сәнін мұрныңа тақап та көрсетіп тұр.Керек тілші: Байқоңыр тарихи мұражайыКерек тілші: Байқоңыр тарихи мұражайыКерек тілші: Байқоңыр тарихи мұражайыКерек тілші: Байқоңыр тарихи мұражайыКерек тілші: Байқоңыр тарихи мұражайыКерек тілші: Байқоңыр тарихи мұражайыКерек тілші: Байқоңыр тарихи мұражайыКерек тілші: Байқоңыр тарихи мұражайыМұражайдың мына дүниесі тіптен ұнады.Керек тілші: Байқоңыр тарихи мұражайы

Көрме залы

Бұл зал шағын болғанына қарамастан қымбат дүниелерімен артық.Керек тілші: Байқоңыр тарихи мұражайыКерек тілші: Байқоңыр тарихи мұражайыКерек тілші: Байқоңыр тарихи мұражайыАл мына бір дүниеге қызықпай өте алмадым. Алыстан қарағанда түкке тұрғысыз сурет секілді көрінді.Керек тілші: Байқоңыр тарихи мұражайыКерек тілші: Байқоңыр тарихи мұражайыКерек тілші: Байқоңыр тарихи мұражайыКерек тілші: Байқоңыр тарихи мұражайы
Мұражай дәлізі де әдемі безендірілген екен. Бұл жердің де тынысы ерекше. Тіпті, облыс әкімінің мұражайға деген сыйлығы осында ілулі тұр.Керек тілші: Байқоңыр тарихи мұражайыКерек тілші: Байқоңыр тарихи мұражайыКерек тілші: Байқоңыр тарихи мұражайыМұражай ұжымы интернет деген қу дүниемен таныс екен. Рас-ей, «брат братом силен!»Керек тілші: Байқоңыр тарихи мұражайы
Алдағы уақытта қонақ боп келетін бөлем өзін не күтіп тұрғанын да білмейді. Сонымен қатар мұражайда ғалымдардың дәрістері, ғарыш саласына қатысты фильмдер бар екен. Осындай дүниенің «дәмін» келесіде бөлеммен бірге "өле жегенше бөле жеп" көрермін. Оқырман, сізді де Байқоңырға қонақ болуға шақырамын. Бірге шәй ішеміз… :)
Әрі қарай

ТиынTube

youtube.com да канал ашып аз-маз ақша табудың жолдары.
Екі жолы бар екен (мен білетін).
Бірінші google.com мен тікелей келісімге отыру арқылы. Бұл жерде гуглдың Google AdSense қосымшасы арқылы жұмыс жүргізесіз.
Екінші жолы партнерлік компаниялар арқылы.
Мысалы:
www.air.io/
Алдымен бірге жұмыс жүргізуге ұсыныс тастайсыз. www.air.io/?page_id=1432
Оларға қызығы сіздің каналдағы тұрақты көрермендер саны, бір күнде қаралу саны, жаңа видеолардың жүйелі түрде жүктеліп отыруы. Бастысы авторлық құқықтың сақталуы. Егер үстіңізге шағым түссе сол каналға жұмсаған еңбегіңіз еш кетті дей беріңіз.)
Талаптарына сай келіп келісімге отырып жатсаңыз, сіздің олардың талабына сай келген видеоларыңыздың жанына $ белгісі шығып ақша түсіру басталып кетеді.

air.io сіздің видеоларыңыздың жанына, астына жарнамалық баннерлерді шығарып отырады. Бұл компания сізге жарнамадан түскен табыстың 70% аударады.

Менің практикамда 1 200 000 нан астам қаралымға таза 90 $ аударылды.

Егер сізге басқалардың қанша пайда тауып жатқаны қызық болса socialblade.com/ арқылы біле аласыз.
Мысалы мынау Жайдарманның ресми каналы:
Блог - Janasil: ТиынTube
Жайдарман

youtube.com да каналман жұмыс жасау, пайда табу жөнінде орыс тілінде ақпараттар жеткілікті. Сондықтан мыжып жазып отыру қажет емес шығар.

Шынымен қызығушылығыңыз болса мына видеоларды асықпай қарап шығыңыз:

www.youtube.com/channel/UCUnapro0qELV-TNQi6QUt_g

www.youtube.com/playlist?list=PLstGO9wcIpEbWCfvYIOikHVLRpbNyGneU

AIR Support
www.youtube.com/channel/UCfzaH_fgpUU-ixhME-cPyEA
Әрі қарай

1-тур қорытындысы

Керек тілші: 1-тур қорытындысы
«Керек тілші» конкурсының алғашқы туры Салауатты өмір салты тақырыбына арналған болатын. Конкурс форматы репортаждар болғандықтан мұндай форматты аздап жатырқау байқалды. Дегенмен суырылып шыққан 3 үздікті атауға болады, олар конкурс соңында арнайы сыйлықтармен марапатталады. Алғашқы үштікті өкшелеп келе жатқан топ та анықталды. Қатысушыларды сәтті бастамаларымен құттықтаймын. Жарыстың бәрі әлі алда. Сәттілік!

qonyrbai — 9,75
ademi_alem — 9,50
Aya — 9,25
tomarlik — 8,75
AydosRymkul — 7,25
ErbolAliaskaruly — 7,25
Maqta_qyz — 7
AlmasNakhypbek — 5,50
Sunshine — 5,00
FaraOn1 — 5,00
tauewki — 2,00
Kuralayka — 1,75
DinarNahypbek — 1,50
NazerkeAbibulla — 1,50
Әрі қарай