«Тоқылған камасутра» немесе тоқыма туралы қызықты деректер
Тоқыма тоқу апа-әжелердің ісі деймісіз? Жо-жоқ. Бұл жасарып келе жатқан бүгінгі заман тренді. Бос уақытты тиімді өткізумен қатар, адамның физикалық және психологиялық денсаулығына өте пайдалы іс екенін естісеңіз, таңқалмаңыз. Ендеше, тоқыма тоқу туралы қызықты фактілердің топтамасын назарларыңызға ұсынамын.
1. Бұл қолөнердің қашан пайда болғанын нақты ешкім айта алмайды. Бірақ, кілем тоқудан бұрын, мата жасаудан кейін пайда болғаны белгілі.
2. Инстаграмда #knitting хештегі — 3 296 390 рет, #вязание хештегі -1 001 014 рет, #тоқыма хештегі — 340 рет қолданылыпты.
3. Тоқыма қолөнері араб әлемінде пайда болып, Еуропаға крест жорықтары арқылы таралды.
4. Тоқыма тоқу қан қысымын төмендетеді. Сондықтан, артериялдық гипертензияға шалдыққандарға пайдалы.
5. Жүннен, жібектен, мақтадан және басқа да мата талшықтарынан жасалған бұйымдар шіру процессіне қатты бейім болғандықтан, оның тарихын зерттеу қиын. Ал ине мен біздерді жануар сүйектерінен, шаш қыстырғыштардан ажырату мүмкін емес.
6. Әлемдегі ең жылдам тоқитын нидерландылық Мариям Тегел, ол минутына 118 ілмек (петля) тоқиды.
7. Ағылшын сөздігіне «кnitting», яғни «тоқу» термині 1440 жылы ғана енгені белгілі.
8. 4 000 жыл бұрын тоқылған шұлық Мысырда, перғауындар мазарынан табылған.
9. Төрт ғасыр бұрын тоқу үшін жүннің орнына жібек және мақта талшықтары қолданылған.
10. Алғашқы уақытта тоқыма тоқу тек ерлердің кәсібі болды. 1527 жылы Париждегі ерлер тоқыма гильдиясы әйелдерді бұл кәсіпке жолатпапты.
11. Орташа алғанда секспен 6 минут айналысқан адам 21 калория, ал жарты сағат тоқыма тоқыған адам 55 калория жұмсайды.
12. Тоқыма станогын 1859 жылы Уильям Ли атты гальвертондық дін қызметкері ойлап тапты. Оның 2500 механикалық құрағыштары болды.
13. Сандра Буллок, Вайнона Райдер, Камерон Диаз, Голди Хоун, Джулианна Мур сиақты шетелдік жұлдыздар тоқыма тоқудың фанаттары, қазақстандық жұлдыздар ше?
14. XVI ғасырда билік еткен шведтік патша Эриктің 27 жұп тоқылған шұлығы болған. Олар Испаниядан алынып, біреуінің бағасы сарай уәзірінің жылдық жалақысына тең болыпты.
15. Тоқыма тоқудың екі түрі бар. Бірі еуропалық, екіншісі – ағылшындық. Қытайда — ағылшындық, Жапония мен Түркияда – еуропалық. Ал, Қазақстанда ағылшындық техника көбірек қолданылады.
16. Тоқыма тоқу Тұманды Альбион еліне XIII ғасырда ғана барды. Тоқу үшін қолданылтын ине-біздерді темірен құю қымбат әрі қиын іс болғандықтан, Англияның матростары мен жауынгерлерінің тоқылған киімдері болған жоқ.
17. Америкалық Линда Бенне соңғы он жыл бойы тоқыма тоқу жылдамдығы бойынша чемпион. Ол 3 минутта 253 ілмек тоқиды.
18. 1946 жылы Америкада өткен тоқыма тоқу байқауын ер адам жеңді. Ал, басты бәйгені Есте Лаудердің өзі табыс етті.
19. Жүкті әйел тоқыма тоқыса – бала мойнына кіндігі оралып туады деген аңыз бар. Бұл жайт ұзақ уақыт қозғалыссыз отыру – екіқабат әйелдерге зиян дегенді ғана білдіреді.
20. АҚШ, Англия, Швеция, Финляндия, Норвегия елдерінде 2005 жылдан бастап, Халық алдында жаппай тоқу мейрамы өтеді.
21. Тоқтаусыз тоқу – көздің көру қабілетін төмендетеді.
22. «Ярнбомбинг» көшедегі ағаштар, орындықтар, қақпаларды тоқыма бұйымдармен көмкеру. Ол — шет елдерде дамып келе жатқан жаңа стритарттың түрі. Мақсаты — әлемді түрлі бояуларға бояу.
23. «Тоқылған камасутра» ағылшындық Джеральдин Уорнердің қуыршақтарды тоқу бойынша әдістеме-оқулығы. Ол үнді секс-өнерінің 12 позасын тоқылған қуыршақтар арқылы көрсетіп, «өз камасутраңды тоқып ал» деп ұран тастаған.
Еуропада депрессияға ұшыраған, жүйке-жүйесі сыр берген адамдарды емдеуде тоқыма терапиясы көптеп қолданылып жатыр. Тоқыма тоқу миды демалтып, көптеген стресстік жағдайлардың алдын алуға көмектеседі. Сондықтан оның пайдасы йогамен айналысумен пара-пар. Көптеген қыз-келіншектердің ермегіне айналған бұл қолөнердің қызықтарынан біраз сыр шерттік. Алып-қосарларыңыз болса, мархабат.
P.S. Суретте мүсінші Ерик Равелоның инсталяциясы.
қисын №1: Уорнер өте толық адам болған, калория шығынын арттыру мақсатында секстің орнына сексті тоқып кеткен…
Қисын №2: Уорнер сексте жолы болмаған адам… Ноу комментс...)))))))))))
Пы.сы. иә, жазар көбейсін, айтпақшы)))))))))))))))