Оксфорд сөздігіне енген жаңа сөздер

Сондай бірнеше сөзді жариялап отырмын. Бұлар жалпы қазіргі дәуірдегі адам өмірінің қалай өзгергенінен хабар береді деп ойлаймын.
Мәселен, hangry деген сөз бар екен. "Қарның ашқандықтан ашулы болу" дегенді білдіреді (angry мен hungry-дың бірігуінен туған). Немесе awesomesauce (таң қаларлық). "Nuff said" (қосып-алатын ештеңе жоқ), "brain fart" (мидағы глюк, бірнәрсе есіңе түсіре алмау), "bitch face" (адамның жүзінен көруге болатын менсінбеу, жиіркену немесе нейтрал эмоция, нақты бір нәрсеге қатысты емес, өзі ылғи сөйтіп жүреді), "manspreading" (қоғамдық көліктегі ер адамдардың екі аяғын айқара ашып, бұтын көрсетіп отыруы) дегендер де бар.
Beer o’clock пен wine o’clock деген де сөздер пайда болыпты. Бұлар осы алкогольды ішуді бастауға болатын сағатты (заңмен белгіленген, біздегі түскі 12:00-ден бастап деген секілді) білдіреді.
Redditor мен YouTuber дегендер де бар.
Brexit (British/Britain + exit) пен Grexit (Greek/Greece + exit) сөздерінің жөні бөлек. Ұлыбританияның Еуропалық Одақтан, Грекияның еуроаймақтан шығуына қатысты айтылады.
Айтпақшы, бұлардың көпшілігінің жанында "ауызекі" деген ескертпе бар.
Қызық, қазақ тіліне
Және
әр үш сайыносы жаңа сөздер туралы өздерінің блогында жариялайды.