Бізде кешкі он, ал сен жақта кешкі бес.
Бізде ұйқы – сенде оқумен кескілес.
Сабақтамын деп жазған жалғыз сөзіңнен
Дауысыңды сездім естілер де естілмес…
Маған бастық, саған ұстаз қайғысын
Тапсырмамен артып қойған, неғылсын…
Сағындым сені деп жазған жалғыз хатыңнан
Бейнеңді көрдім тым ыстық маған ай мүсін…
«Библиотека ФСБ. Успешные оперативно-тактические мероприятия спецслужб мира. Поимка MIT Абдуллы Оджалана». Тәлібтің, бұ енегіңе дәрі керек болса да таптырмайтын кітаптың тағдыры қызық. Оны 2005 жылы ФСБ академиясында оқитын бір псих кадет, сканерлеп Инетке салжіверген. Сыртында «Только для пользования в спецшколах» деген
Уа, жамағат!
… Нұрғиса ағам эстафета таяқшасын бергенде, ойланып қалдым. Бұрын-соңды тек тасада тұрып тас пікір атып, (оның өзінде қайбір жетіскен пікір болсын! ), ұнағанға +қойып, ұнамағанды сөгіп үйреніп қалған маған бұл «оңай тимеді». Не де болса, жазуға тырысып көруге бел байладым.
Кәдімгі Нұр Мұқасан: біреуі томпиып тыныш тұратын, біреуі томпиып тыныш тұра алмайтын Нұрлан Мен Мұқасан ше…
Соның Мұқасаны сәлем айтып жатыр, КерекИнфоға
Бірнеше ай болды Блогкемптың логотипі секілді қызылды-жасылды өмір сүргенімізге. Екі күндік шара ептеп түсімізге кіріп, есімізден енді айырып бара жатыр еді, Құдай оңдап өтіп тынды. Еңбегіміз ел қатарлы сіңе қоймаса да, ертеңді-кеш тілеуін тілеп, тақымымызды қысып жүрген соң, құрылтайдың қисаймай, аман-есен өтуін шын көңілден тіледік. Тілегіміз орындалған секілді. Әйтеуір, мен сөйлескен жұрт ырза.
Иә, қанша уақыттан бері асыға күтіп жүрген Блогкэмп-2011 2-ақ күнде зу етіп өте шықты. КИМЭП-тің абыр-сабыр холлы, қызықты да көңілді жүздесулер, жаңа танысулар (Айкона, Алтыградус, Қисық, Қуаныш, Розатай, Талғат т.б.), презентация алдындағы толқу, блогшылармен мафия ойнау, Қалдықыздың қазысы, Айконың моншасы — бәрі де артта қалды.
Өзім қатысқан презентациялардың арасынан Өркеннің блогты танымал ету жолдары туралы айтқандары, Патиктің киноға рецензия жазуға қатысты кеңестері және Ақзеренің «Арулар.кз» сайтын таныстыруы ұнады. Ақзереге айтарым, орамал байлаудың бір әдісін білуші ем, соны видео ретінде сайтыңа тарту етем болашақта)))
Қостанайда блогшыға арналған ескерткіш бар екендігін Бальзаминкадан естіп, таң қалдық. Қуаныштың интернет арқылы ақша табу әдістерін тыңдап, "лібә, оңай байып кетуге болады екен ғой" деген ой туындады)))
Айтпақшы, өз жобам бойынша біраз тартымды идеялар жинақтадым.
Сағат түңгі 1:54. Блогкэмп өткен үш күнде қатты шаршадым. (Наз айтқаным емес, ерікті шаршау ))) Бағана блогшылар отырысынан да ертерек қайтып, басты мақсатым — қанша күн үйге тек түнде келіп жүріп, ата-анамды дұрыстап хабардар етіп, ертерек демалу болып еді. Келе сала, досыма хабарласып, Блогкэмптен қайтқандағы шаттық сезімімді жеткізіп, жаңалықтармен бөлісіп жатқанымда, ол өз тарапында орыс тіліндегі блог-платформада бір қызға сын айтылып жазылғанын ескертті. Көңілім су сепкендей басылып қалды, өйткені сөздің мен жайлы болғанын шырамыттым.
Биыл 81-лердің орда бұзар жасы. Иә, бізге енді «молодежный» билет сатпайды, үкіметтің де жастарға арналған бағдарламаларына ілікпейміз. Өйткені біз биыл отыздамыз. Орда бұзамыз! Орда бұзушылар қатарына бүгін Асылбеков Нұрғиса да қосылып жатыр. Құттықтап қоялық.
Інім дейтін Нұрғисам бүгін қайтадан құрдасым болып жатыр. Жұбайы Кәмшат екеуіне ұзақ өмір, үлкен махаббат, бақыт, денсаулық және сәттілік тілеймін.