Нұрғиса да орда бұзар жаста
Биыл 81-лердің орда бұзар жасы. Иә, бізге енді «молодежный» билет сатпайды, үкіметтің де жастарға арналған бағдарламаларына ілікпейміз. Өйткені біз биыл отыздамыз. Орда бұзамыз! Орда бұзушылар қатарына бүгін Асылбеков Нұрғиса да қосылып жатыр. Құттықтап қоялық.
Інім дейтін Нұрғисам бүгін қайтадан құрдасым болып жатыр. Жұбайы Кәмшат екеуіне ұзақ өмір, үлкен махаббат, бақыт, денсаулық және сәттілік тілеймін.
Туған күн құтты болсын! Бақытты бол, брат.
Артта қап балдырған шақ, балауса күн,
Отызың құшақ ашты – алау шағың.
Алатау аясында жүйрік мініп,
Жүйткіген күндеріңді көп аңсадың.
Туған күн,
Өткен дәурен түседі еске,
Бәрі айналғандай түс — елеске.
Өрлесең өркен жайып қия, шыңға,
Ардақты әкеміздің күші емес пе!
Қаумалап айналаңды қызың, ұлың,
Балынан таттық тірлік қызығының.
Құлыны орда бұзар жасқа жетіп,
Анаңның жайнай түсті жүзі бүгін.
Өмірдің мәні алға ұмтылуда,
Талпындың мақсат – тауға бір шығуға.
Бақыттың кілтін бәлкім таппас па едің,
Кезінде кездеспесең бір сұлуға.
Өзіңді жүреміз біз арқаланып,
Жетеді жақсы ісің жұрт тамсанарлық.
Жүзге жет,
Жүзің жарқын, денің сау боп,
Оны да аман-есен қарсы алалық!
ДЕГЕН ЕКЕН БІР АҚЫН!
Осыған қосылып бар жақсылықты тілеймін! Алла тағала екі дүниенің бақытын берсін!
Ал құрдас, туған күніңмен.Ұзақ өмір мен баянды, бақытты күй, саналы ұрпақ пен тағылымы мол өмір жолын салатын Алланың сүйіктісі бол. Дегеніңе жет. Аман бол!
Нұрғиса аға, сен Мелих бола алсаң мен Али Ыхсан болайын! Кәмшат екеуіңіз бақытты ғұмыр кешіп, үбірлі-шүбірлі болыңыздар!
Керекинфо дерт негізі.
Ілтипатқа мол алғыс,
Болып қалдым сеп-семіз :)
Сөзі қылыш, отты қыз.
Бұл өмірде көп отыз,
Бірі болып отырмыз…
14 қазақша ғашықтар күнде туылғансыз ба? :)
Ғашықтар күнін қайдам, бірақ батысым көрісіп жатыр бүгін. «Бір жасыңмен» деп қояды тағы :)
құры көрседі ме екен, әлде подаркта бар ма)))
Орда бұздырған қазекем.
Тілеймін бір-ақ бес отыз
Төрт отыз, әйтпесе аз екен.
Туған күнің құтты болсын,
Қажырлы, қайратты бажекем! :)
Сүбелі сөздің мұжығы.
Құттықтап жатыр түгел жұрт,
Бастайм-ау орда бұзуды :)
Осы жердегі өзара сыйластыққа, үлкен достық пен қарасу, үндесу мен ниеттестікке ұйытқы болып отырған админ баланы жақсы көрем. Махаббатым шексіз :) Ол махаббат 2005-те басталды, қателеспесем. Қалжыңдасар, сырыңды бөлісер, қуанышыңды бөлісер ондай құрдастардың көптеу болғаны жақсы! Мәментті пайдаланып, ең ізгі, кір шалмаған ітипатымды білдіріп қойғым келеді Ораздың Аршатына. Мың жаса, Әминнің әкесі!
көктемнің әдемі, айрықша кунінде дүниеге келген екенсіз,
өміріңіз де сондай әдемі, көктемгі күннің шуағындай жарқырай берсін!
"Қырықтың бірі Қыдыр" деген ғой, мына айтылған мол тілектердің тым болмаса бесеуі орындалсын:)))
Саған берген жасты бізге де берсін, инш! :)
Ай мен гүлі, ажары.
Рақмет ықыласыңа,
Базуканың қазағы.
Төрлете түс, мархабат.
Құшақ-құшақ келіпсің,
Тілеуіңді арқалап.
Мәнді ғұмыр кешпекке
Бәрімізге бар талап.
Ұйыса алсақ шаттықпен
Құлпырады шартарап.
Саған, Зере, мың алғыс,
Дер бұл ағаң жар салад!
Нұреке туылған күніңізбен! Әрдайым еңбегіңіз жемісті, табысты, берекелі болсын! Үйіңізден мереке үзілмесін!
Үнемі белсенді болудан танбайтын қабілетіңізге бас иіп құрмет ;)))
Кешігіп қалғандарға штрафной құятындар бар ма?
Біздікі халал отырыс боп жатыр еді ;) Не ғой, анау ет медальондары жақсы, алдымен пиязды қызартып ап, мына балауса етті жұмсартып жариттеп ем. Гарнирге орташа туралған картоп пен болгар бұрышы, дәмдеуіштерді өз қалауыңша қосарсың, бро ;) Төрлет! :)
Teriskei жақсы бала.
«Король сөйлесін» жақсы фильм.
Әйтпесе, sammita ойлы комментші.
sigma мықты физик.
Асар тауың да сенің арманыңдай асқақ болсын!
Оған қажырлы қайрат тілеймін!
Құдай тағала сол биігіңді берекесімен безендіріп, өміріңді мейрімімен жылылыққа бөлеп, несібеңді арттырсын!
Отбасыңа амандық, татулық берсін!
Көптің тілегі қабыл болсын, досым!
Осындай жауһарларды жайшылықта да бір-бірімізге көбірек айтсақ, негативтер бәсеңдер ме еді… :) Ниетте екен ғой бар мәселе.