Мен ұсынатын үш кітап

Уа, жамағат!
… Нұрғиса ағам эстафета таяқшасын бергенде, ойланып қалдым. Бұрын-соңды тек тасада тұрып тас пікір атып, (оның өзінде қайбір жетіскен пікір болсын! ), ұнағанға +қойып, ұнамағанды сөгіп үйреніп қалған маған бұл «оңай тимеді». Не де болса, жазуға тырысып көруге бел байладым.


1. Сәуірбек Бақбергенов «Он үшінші ойыншы» (повесть)
Сірә, бұл авторды естігендерден естімеген көп шығар. Өзі аз жазады, дегенмен шығармалары тартымды, тілі жатық. Бала кезімізде үй сөресінде толып тұрған кітаптардың ең арт жағында тұратын осы көнетоз, мұқабасы аздап жыртылған қоңырқай кітап мені қатты ынтықтырды.
Оқиға шындық өмірде болған екен. 1968 жылы ауыл, облыс, республика тұрмақ одақ көлеміне жетіп, жүлдегер болған «Шалқар» футбол командасы жайлы. (Ал, сіз мұны естіп пе едіңіз?)… Кеңес кезіндегі ауылдың қара сирақ қарадомалақтарының кешқұрым жиналып алып, шаңды аспанға көтеріп, футбол ойнауы, оларды жиі қадағалап жүретін ауыл мектебінің дене шынықтыру мұғалімі… Олардың қара күшін босқа зарықтырғанша, әлгі мұғалім балалардың үздіктерін жиып, команда жасақтап, түрлі жарыстарға қатыса бастайды. Оқиға осылай басталады. Жалпы повесть бас кейіпкер Айдардың өмірімен қатар өрбіп отырады. Футболға деген қызығушылық, қызу еңбек, қатал жаттықтырушы… Кейінірек үлкенді-кішілі жарыстарға да шыққан сәттегі баланы толқынысы, жеңіске деген құштарлығы, анасына, туған жерге, сүйген қызына деген сағыныш…
Бізден бір дерек: Мен бала кезімде повестің бас кейіпкерінің прототипімен жолыққам, (өмірдегі шын аты Аманғали Аймұрзаев — қазір ауылдағы (ОҚО, Созақ ауданындағы) атқамінерлердің бір) ол сәтте бұл шығарманы оқыған жоқ едім. Шіркін, енді ауылға бір жолым түссе, жақсылап әңгіме-дүкен құрар едім…



2. Роза Мұқанова «Мәңгілік бала бейне».
«… О, жарық ай! Мүсіркеме сен мені! Мен күнәсіз қыз боламын, Сезімім бүтін, ақылым дұрыс. Алайда, мен өзіме адам сияқтымын, басқаларға адам емес, адам пейілін тәубаға түсіретін мүгедекпін. Қарауылдың адамдары мені көрген сайын: «Мұны Алла тағала адамдар тәбасына келсін, қол аяғының саулығына, он екі мүшесінің дін амандығына шүкір етсін деп жаратқан»- дейді. Солай ма, сен айтшы, жарық ай?!.»
Тура осылай сай жағалап, тасада тығылып, аймен сырласатын мүгедек Ләйлек қарғыс атқыр полигонның құрбаны. Бұл шығарманы ұсынуымның бір себебі — адамдықтан безінген қоғам осыны оқыса екен, бір ойланса екен, деніңнің саулығы барда шүкірлігі жоқтар ойланса екен деген ой еді… «МӘҢГІЛІК БАЛА БЕЙНЕНІ» мен ең алғаш киносынан көрген ем (Сатыбалды Нарымбетовтың «Қызжылаған» фильмі — www.kino-teatr.ru/kino/movie/post/8497/annot/). Одан соң әкемтеатр сахнасынан да көрдім (драмалық нұсқасын). Соңында кітабін (дәлірегі әңгімесін) оқыдым. Айтар ойы бір болғанымен, үшеуі үш түрлі дүние. Ешкім де жанын түсінгісі келмейтін мүгедек Ләйлек, жоқшылықтан безінген тәтесі Қатира, Ләйлектің арманына айналған Құмар, Ләйлек секілді мүгедек болса да, жанын әнмен жұбатқан Болтай, жынды Шөміш негізгі образдар осы! Жасы өссе де, дене тұрқы мен ойы әлі балаң қалпында қалған Ләйлектің тағдыры кімді де болса, ойлантпай қоймасы анық. Әсіресе, сайлау кезінде ауылға келген депутаттар Ләйлекті жұрт алдына шығарып, полигон құрбандарына қорған боламыз деген желеумен қызды көндірмекші болғанымен, ол ойларынан түк шықпайды. Алайда, оның жанына жақын тек Құмар екендігін біліп,Құмарға қызды көндірсе, ақшасыз қалмайтындығын айтқанда, Құмардың арсыздығы – заман шындығы! Мұның барлығы да соңында мүгедек қыздың ішқұсалықтан өлуімен бітеді…
Ал, киносында Құмардың Ләйлекті зорлауы, соңында мүгедек Ләйлектің ана атануы – бұл да бір режиссерлік шешім шығар, дегенмен, кино онша көп әсер ете қоймады.
Бізден бір дерек: Бұл әңгімені оқып болған соң, пьесасын және киносын көруге кеңес берем. :) Киносы жайлы дерек қойғым келген, техникалық сауатсыздықтың кесірінен (видеосын қоя алмадым) «жоспар» орындалмады.



3.Дулат Исабеков «Қарғын» романы
«Қарғын». Шығарма совхоз басшысының әдемі де ақылды қызы Бағила мен сол кездің дүркіреген жазушысы Жасын Мәдиев хақында.
Жас қыз қалаға арман қуалап, университетке түсуге келеді. Әкесі пойызда бір купеден орын алған жас жігітті өзге купеге ауыстыртып жібереді. Алайда, жігіттің жатқан жастығының астынан бір жапырақ қағаз шығады. Воооот, барлық қызық осы жерден басталады. Бағила расымен де әлгі бейтаныс жігітке ғашық боп қалғандығын сезбейді. Алматы асып, университет табалдырығын аттап, әдеттегісінше оқудан қайтып келе жатып баяғы бейтаныс жігітке тағы да ұшырасады. Жасынның жазушы екендігінен хабарсыз Бағила оның сөз саптасына, өзін өзгелерден айрықша сезінуіне қатты таңғалып, «ғашықтық ғаламатын» бастан өткере береді. Жасын жазушымыз болса, әйелі, екі баласы бар отағасы еді. Уақыт өте қыз барлық нәрседен хабардар болады. Сезім қашанда адам санасын жеңеді емес пе, Бағила ол ойынан бас тарта алмайды.
Очм, не керек, соңында екеуі қосылады…
Бізден бір дерек: Бұл шығарманың прототипі (Өткен жолы Өркен мырза аты мен шығармасын тілге тиек еткен) — Асқар Сүлейменов.(Мұны Дулат Исабековпен болған әңгімеден естігем.) Ал, мен бір қызық айтайын, бұл шығарманың дәл қазіргі прототипі Сатыбалдыны аңғартады (иә, иә, дәл түстіңіз, өзіміздің Кербебааев). Мен Сатыбалдыны дәл осылай елестеткен ем. Өздеріңіз де оқып көріңіз, сонда түсінерсіз.

Эстафетаны беру уақытын кешіктіргенім үшін кешірім сұраймын, мен таяқшаны SAMMITA МАДЛЕН ханымға беремін. МАДЛЕН ХАНЫМ, ІСКЕ СӘТ!
Бөлісу:

109 пікір

Abilakim
Үшеуі де жақсы шығармалар
edige
Жақсы кітаптар. Осылай кете берсе мен оқыған кітаптар таусылып қалады ау.
/Саммита + қойды да үндемей қойыпты. Ханымша, сізді тыңдаймыз енді/
Расы, каментті тасада отырып тас атқандай жазудың оңай екенін түсіндім
TERISKEI
мен де қатты сезініп отырмын соны, енді байқап-байқап «ататын» болам:)))
sammita
пікір жазыңдар кітап туралы ойларыңды. Қызжылаған фильмін көргем. Қалған екеуін білмейді екем:((
Маған алаңдамаңдар, таяқтың қатты тигенін жасыра алмаймын. Күтем десеңдер күтіңдер, пока ақша іздеймін, сосын кітап алу керек арзанын тауып, сосын оқу ..:))))
TERISKEI
соңғы кезде оқып жүрген кітаптарым дін жайлы еді, оларды жаза қояйын десем, бунт боларын сезем, одан да бұрынғы сүйікті әдеби шығармаларды қайта бір қарап, жариялайын деген шешімге келгем.
sammita
«бунт боларын сезем»
дұрыс жасамадың, сендер қатты қызу таласпен пікірлесіп жатқанда, мен уақыт ұтатын ем:))
TERISKEI
біреуге мал, біреуге жан қайғы деуші ме еді? :)))
sammita
әркім өз жарасын өзі қасиды дейді:)
Abilakim
Роза Мұқанованың шығармасын фильм барынша аша алмады деп есептеймін.
ПыСы: Роза Мұқанова Әкім Таразидың қатыны.
TERISKEI
ал, үшінші кітапта басты кейіпкер Асқар болса, Бағиланың прототипі Әлия Бөпежанова дейді мына жақтағылар. (Әлиясы кім тағы? ааа,Әлия — әдебиет сыншысы, Асекеңнен екінші әйелі):))))
sammita
ПыСы: екіншісі.
TERISKEI
пы.сы. түсіне алмай қалдым:)
sammita
Роза Әкімнің екінші әйелі дегенім ғой.
Abilakim
Мен ендеше Әкім Розаның екінші еркегі деп қабылдадым)))
qisyq
Кеше Теріскейге күліп отыр ең…
«Ерні тілім-тілім, кеберсіп кеткен. Жадап-жүдеген. Дәл осы кейпіне қарап, алдыңда тұрған адамның кезіндегі атақты Саммита ханым болғанына сенбейсің, сене де алмайсың. Айналасына сүлесоқ көз тастайды. Жағына пышақ жанығандай арық. Үстіндегі киімі оның әлдебір алыс сапардан келгенінен хабар беретіндей. Мені басында танымады. Сәлден кейін барып… „Қисық?“, — деді. Таңданыстан аузымнан сөз шықпады. Саммита „Теріскей… Теріскеей“ деп жылап жіберді».
Аффтор Гюго. «Саммита ханым» романынан үзінді. Үшінші кітап, екінші тарау.
TERISKEI
уа ха ха! Осындайды қайдан тауып аласыңдар ей:))))
sammita
әлден кейін барып… „Қисық?“, — деді. Таңданыстан аузымнан сөз шықпады. Саммита „Теріскей… Теріскеей“ деп жылап жіберді де қос қолымен менің жағама жармасты:
-Құлдығың болайын, Қисық! Құтқаршы, ақша берші?!
omarbirat
«Мәңгілік бала бейне» театрдың сыртындағы тақтада жазулы тұрғанын талай көргенмін. Бірақ "Қызжылаған" фильмі екеуі бір шығарма екенін білмеппін.
satibaldi
Очм, не керек, соңында екеуі қосылады…
Екі баланы шырылдатып тастап, не бақыт тапты десейш! Жарасың сен, Дулат амиго, дерменеңдісс!!!
Abilakim
Дерменедегі торғайдың жұмыртқасын жейтін қудың прототипі кім екен?
TERISKEI
соны бір кездескенде сұрау керек еді:)))
Zere
adebiet.kz-те "Қарғын" бар екен. Ура!
edige
көшіріледі ма екен бул жерден АҚЗЕРЕ
TERISKEI
… пунктуацияны ойлап тапқан адам ызадан жарылардай боп, шетте темекі шегіп тұр! :))))
madlen
Osy estafeta bastalgannan beri usynylgan kitaptardyn iwindegi en uzdikteri :) birinwi ret ewkaisysyn okymaptym dep, uyalyp turmyn :(

Rahmet sizge, magan jazbanyz katty unady, +1! Mindetti turde izdep karaimyn usynylgan kitaptardy! Tagy da rahmet!
Gastarbaiter
ешқайсысын оқымаппын.(
Ottegin
Мен де…
Ең жақсы көреті кітабым Сайын Мұратбековтың «Жабайы алмасы», Төлен Әбдіковтың "Өліарасы"
AKY
Қарғынды оқығам. Прям қосылмайды ғой олар.
«Алматының арзан карамелі секілді езіліп тұр» ©
Aikona
Алдыңғы екеуін оқымаппын. Бірақ оқуға құлшынып отырмын. Қарғынды оқығам, менің сүйікті шығармаларымның бірі. Негізі эстафета келсе жазам ба деген кітаптарымның бірі еді :))) Үлгеріп кеттің. негізі Қарғындағы кісілердің протипі кім екенін білгім келмеп еді…
Abilakim
Бәріміздің қорқынышымыз сол… кітап қалмай қала ма деген қорқыныш
TERISKEI
… негізі Қарғындағы кісілердің протипі кім екенін білгім келмеп еді… — айым сорри :(
asaubota
Қарғынды оқығым келіп кетті.
VKM
Бірақ менің түсінгенім, бас кейіпкерден үлгі алмаңыз)))
TERISKEI
расымен, үлгі алмау керек, дегенмен, айтқан пәлсапалық сөздеріне үнсіз келісетін тұстарымыз көөөөөөөп!:)
meirzhan
проотипі Сатыбалды дегенің қызық бопты. расында да сол Шығармада Жасын Мәдиев әжуалап отыратын және қатты айтатын да. Поездда әкесінің сөздерінен кейін сол қыз туралы айты еді ғой қадап. Мәдидің де сөздерінде шындық жоқ емес, ойландырып жібереді.
asaubota
жарайды, оқымайтын болдым.
TERISKEI
нәзік сезім мен астарлы өрбитін махаббатизацияны аңсайтындарға рекөмендеймін:)))
madlen
Nege «Qargyn» dep atalady?
TERISKEI
вооот, мәселе қайда, Мадлен жерлес! Оқыған адам түсінеді (десең иә?). Өзім де анық білуге ұмтылғам, алайда жауабын таба алмадым:(
madlen
Qargys degen siyakty estiledi eken…
aktobe88
Менің ойымдағы прототиптен соның себебін сұрағам, сонда сол қардың суы дегеннен шыққан деді. Ана қыз жігіттің жан дүниесін қардың суы секілді ерітіп жіберіпті-міс
madlen
qar suyi = qargyn? qyzyq eken
TERISKEI
кстати, мен де сондай бір жауап естігем, алайда оған қардың суының не қатысы бар деп көңіл аудармағам.
Rozatai
Ағасы, мен ұяттымын. Мыналарды маған бере тұрыңызшы, а бірер күнге. (Бірер күнім бірер аптаға, тіпті бірер айға созылуы ғажап емес :) )
aktobe88
Иә, "Қарғын" өтттттте күшты кітап! мен жақсы көрем! негізі, кейбір шығармалардың мені басқа дүниеге алып кеткенін айтатын едім бұрыннан, "Қарғын" да солардың біреуі. Жасынның прототипі Асқар Сүлейменов екенін білмеппін, маған басқа бір журналистің (...) прототипі секілді елестеген.
Осы шығарманы қоярда қоймай бір құрбыма оқытып едім, ол «Унесенные ветромға» қатты ұқсайды екен деген.Әсіресе Жасын Ретт Батлерге.
TERISKEI
"… кейбір шығармалардың мені басқа дүниеге алып кеткенін айтатын едім бұрыннан" — ооо, біздің постқа ана дүниеден де пікірлер жазылып жатыр екен ғой, Аллам жар болсын!!!:))))
aktobe88
кетчі бар.
ал анау журналистің кім екенін білесің ба?(маған басқа бір журналистің (...) прототипі секілді елестеген)
TERISKEI
ішім бір бәлені сееееезееееді, Ғалеке-ау! әшки киген демеші тек, өтінемін:)))
aktobe88
оңбаған, басқа баламамен айтсаң нең кетед, ия, соның дәл өзі. еще бір күні менен Бағила деген қызды сұрамай ма сол. Есіме бірден Жасын түсті. Сосын сразу "Қарғынның" неге "Қарғын" аталғанын сұрадым. жауабы жоғарыда
aktobe88
А, айтпақшы, сосын Сафуан Шаймрденовтың «Мәжнүн талын» оқығандар бар ма, Мәжнүн талдағы қыз бен Бағила образы қатты ұқсайды.
TERISKEI
оны саған әлдекімнің басынан асыра лақтырған таяғы тиген кезінде айтасың :))) алайда іздеп көру керек екен.
Пс.сы, Сенің диплом жұмысың Сафуанға қатысты емес пе еді осы?
aktobe88
сол таяқ әзір тимейін деп тұр ғо. оған дейін әрине оқығандарымызды еске түсіру керек боп тұр.
TERISKEI
бәсе демеймін бе баяғы, неге Сапыуан Сапыуан дей қалды десем, кезегің тигенде дипломыңның кіріспесін көшіре сал :)))))
Zere
Эстафетаның жалғасын күтеміз. :))
sammita
ұмытып кетпейді екенсіңдер дә:)))
Шыдай тұрыңдаааар менің оқырмандарым:)))
qisyq
«Саммитаның ұйықтамағанына бүгін үшінші күн. Екі кітапты оқып бітірді, үшіншісіне енді кірісті. Бітірмесе болмайтын түрі бар, керекинфолықтар бір жағынан, ар-ұяты екінші жағынан жанын жеп барады. Саммита ауыр күрсінді. Ішінен „қайдан ғана тіркеліп едім осы сайтқа“ деді де, екі жүз беттік салмақты кітапты құшақтаған күйі жата кетті...»
Аффтор Гюго. «Саммита ханым» романына үзінді. Үшінші тарау, бірінші бөлім.
sammita
:)))))
«Саммитаға оқу үйреткен таяқ» болдеее:)
edige
тікелей эфир пікірлерде «sammita → Мен ұсынатын үш кітап» деп тұрғанға «УАУ» десем жанында «Блог — TERISKEY» деп тұр ғой
sammita
көздің жазығы жоқ, оқиды. Проблема мида болып тұр ғой:)
madlen
sonwa asyktyryp ne boldy? biraz pauza bolgan da jaksy goi :)
sammita
себеп: бәрі оқымысты, білімге сусаған жандар ғо:))
madlen
ol degen jaksy ma, jaksy emes pa?
Ottegin
себеп: бәрі оқымысты, білімге сусаған жандар ғо:))

оқымысты болса, білімге сусағандары қызық екен)))
edige
Ощым, мен бір кітап оқыдым: Атын білмейм бірақ түсінгенім: Король Филип, онын любовницасы Диана, Филиптин кызганышын тудыру ушин граф Монтгоммеримен журеди, ал ол акымак оны катты жаксы корип калады, Биликти жаксы коретин Диана Филип олген сон онын орнына баласы король болатынын билип, енди онын баласы Генрихти айналдырады... деп менің подружкам сияқты қуып кетпей асықпай оқы Саммита :)
madlen
wynymen de okyp ketsem…
sammita
Теріскей, өтініш, кезекті басқа қолданушыға ұсыншы. Менен әзірге қайыр жоқтығын ұяла отыра хабарлаймын:(((
TERISKEI
Ағаййеееееннн! Хабарландыру! Эстафета таяқшасын МАДЛЕН ХАНЫМға беремін! Қайталаймын: Эстафета таяқшасын МАДЛЕН ХАНЫМға беремін!.. Ал, жерлес, қамшы бас!!! Гарри Поттерлер ме еді, не еді әлгі, ощым солардан қане бір партия! :))))
sammita
сөйтіңдерші:)) рахмет саған:)
madlen
magan baaaa? :)))
sammita
Рахмет Теріскейіме:)
Эстафета саған:)
TERISKEI
шар үрлеген сары Исмайл:)))
edige
:))))))) Жарыл жарыл
madlen
tuu, Sammy hanym, sagan da dei salmaisyzba, a to konilim tusip otyr edi :)))
Abilakim
Мадлен, ерніңнен сүйгізсең саған 3 кітап емес 33 кітапті тізіп беретіндердің мына жерде көп екенін білесің бе сен?
madlen
33 kitapty ozim de okyganmyn, angime okymagandykta emes koi :) jaza almagandykta…
Abilakim
Жекеге шық)))) десең, я)))
TERISKEI
ық-ық!.. жекеге шықтары дайын тұрадкен да :))))
qisyq
Ерін жағы не болды? Давай, енді күтеміз 3 кітап))))
madlen
sizderge erin i t.d. jagy gana qyzyq :) al ozderiniz meni esterinizge de tusire almaisyzdar, tak 4to taqyryp jabyq!
ok, skoro budet koi!
Abilakim
Сені менен басқаларының елестетіп отырғанына күмәнім бар)))
TERISKEI
Мадлен лақап атыңыз ба,әлде шын атыңыз ба?
madlen
jok, arine, wyn atym emes. Kezinde Madina jane Lena degen eki kasipkoi aielder shyraily Shymkentte Madlen degen kofeinya awypty :) Sol kofeinyaga Banana Split jeu uwin kop baratyn kyz bolypty…
TERISKEI
ааа, иә, Шымкентте оқығанымда мен де көп баратынмын. Жаңылмасам, Алматыда да бөлімшесі ашылған-тын. тәәәәәк, блогкампта болдыңыз ғой, неге еске түсіре алмай жатырмыз а? вроде суретін қарасақ, көрген секілдіміз
madlen
Almatyda, Astanada, Kyzylordada. Almatydagysy Shymkenttikine jetpeidi: servis nawar, bagasy kymbat, t.s.s. Astanadagysy bolady endi, jaksy jerde ornalaskan.
blogcampte passiv bolgam goi, Saltanattyn artyna tygylyp :)
TERISKEI
әрине, Шымкенттікі суппер ғой, сөз жоқ оған! Ол жақтағы адресі өзгерген жоқ па? Бұйырса, барғанда рахаттанып отырмасақ! Қап ай ә! Салтанат-Балғырған қыз ба? Құрбыңыз ба сонда? Сырошно хабарласу керек болдеее
madlen
adresi ozgergen jok, kalada 4 madlen bar negizi, katelespesem…
iya, Balgyrgan4ik koi :) ogan habarlasyp bereke tappaisyz, jumysta basy kalyp ketti :)))
qisyq
Еске түсірсек не болады? Гарри Поттер туралы жазасың ба?
madlen
eske tusirseniz esiniz jaksy jumys jasaidy eken :)))
arine jazam :)
qisyq
«Gunes and roses»-та қызық болды негізі Тағы қандай кітаптарды жарыққа шығарасыз әлде құпия ма?
madlen
bingo!

jarykka wygyp okylyp, okylyp betteri sargayip ketken kitaptardy jazam. Klassikany jaksy korem :)
sammita
сен сияқты ұлы адамдарға бала-шағаның ортасы лайық емес тағы эстафета таяғына арқаңды тоссаң болады.
madlen
Sammita, mynany kimge jazdynyz?
sammita
сен ұлы адамсың ба?
madlen
ozin uly sanaityn adamdardy korip turgan jokpyn… prosto tusinbei otyrmyn…
sammita
пікір жазылған адамға хат барады.
TERISKEI
Мәәәә, TERISKEYден ұят болды, әп-әжептеуір жазған постын офф-топ қылып кеттік, кешір,TERISKEY! :))))
madlen
kewire goiwy endi :)))
TERISKEI
ерін мәселесін тағы қозғасам ба екен әрине кешірем, Мадлен ханым! :))))
madlen
boldy men kettim myna jerden, erten jazbamen birak kelem :)))
Zere
"Қарғынды" оқып біттім. Шын айтсам, әрең тауыстым. Бір кірісіп оқитын емес екен. Оқиға желісі ішті баурап алатындай емес. Очм, көп сын болып кетті-ау, шын айтсам көп нәрсе күткен сияқтымын содан болар.
Айтпақшы, осы эстафетаның жалғасы бола ма? Біреуің бастап жіберсеңші, оқырмандар?
satibaldi
Эстафета @AKY -мен бітті ме дейм, ал ол Ақтөбеге билет алып қойыпТ.
AKY
Қойнақ. Эстафаны күтіп-күтіп ішіміз көгеріп кетті ужы. Ақтөбеге де барып-келіп қойдым. Енді сейсенбіде Хохляндияға кетем.